баллдары
СӨЖ сапа критерилері
| 0 балл
| 2 балл
| 3 балл
| 4 балл
| 5 балл
|
1. Ауру тарихы белгіленген форма бойынша жасалған
| Үлгі бойынша жасалмаған
| Бөлімдердің бір бөлігі жоқ
| Бөлімдер талап бойынша ретпен берілмеген
| Жеке бөлімдерде мәлімет толық емес
| Ауру тарихы белгіленген форма бойынша жасалған және барлық бөлімдері бар
|
2. Науқастың шағымы ретімен, анық жазылған
| Шағымдар ретсіз жазылған
| Шағымдар аз берілген
| Шағымдар көпсөзді және қайталанады
| Шағым жүйелі, нақты, бірақ артық берілген
| Науқастың шағымы қысқа, әрі анық жазылған
|
3. Өмір тарихында барлық қажетті мәлімет бар
| Өмір анамнезі нашар жиналған
| Маңызды мәлімет жоқ
| Науқасқа қатысы жоқ фактілер кездеседі
| Өмір анамнезі қажетті мәліметтің бәрін береді
| Өмір анамнезі қысқа әрі толық берілген
|
4. Anamnesis morbi аурудың клиникалық көрінісі ерекшеліктерін және дамуын, басталуын анық көрсеткен
| Нашар жиналған
| Ауру дамуы туралы толық мәлімет жоқ
| Артық айқын және жүйесіз берілген
| Ауру анамнезі ретімен, бірақ артық нақтыланған
| Ауру анамнезі аурудың дамуы және басталуы туралы толық мәлімет береді
|
5. Объективті зерттеу және қосымша зерттеу әдістері аталған нозология туралы толық мәлімет береді
| Жиналған мәліметтер қажетті ақпаратты бермейді
| Берілген мәліметтер аталған нозология туралы толық ақпарат бермейді
| Физикалық зерттеу әдістерінің нәтижесі осы нозологияға бағытталмаған
| Физикалық және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижесі осы нозологияға бағытталған
| Объективті зерттеу және қосымша зерттеу әдістерінің нақтылығы диагноз туралы дұрыс қорытынды жасауға жол береді
|