|
|||
IV бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi, болу мерзiмiн қысқарту, қуып жiберуIV бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi, болу мерзiмiн қысқарту, қуып жiберу 25-бап Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық негіздері Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық, әкімшілік немесе өзге де құқық бұзушылықтар жасаған шетелдіктер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей негіздерде жауаптылыққа жатады. 26-бап Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзған, яғни тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұрған немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатқан, тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртiбiн сақтамаған, өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтарған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамаған шетелдiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. 27-бап Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған шетелдікке оның Қазақстан Республикасында болу жөнiнде белгiленген мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмi одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда да қысқартылуы мүмкiн.
|
|||
|