Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап Ар-ождан бостандығы. бап Некелiк және отбасылық қатынастар. бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк. бап Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тx



13-бап Ар-ождан бостандығы

Қазақстан Республикасында жүрген шетелдiктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей ар-ождан бостандығына кепiлдiк берiледi.
Дiни нанымға байланысты дұшпандық пен өшпендiлiктi өршiтуге тыйым салынады.

14-бап Некелiк және отбасылық қатынастар

Қазақстан Республикасындағы шетелдiктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей некелiк және отбасылық қатынастардағы құқықтарды пайдаланады және мiндеткерлiкте болады. Z990387, Z980292, Z980311

15-бап Тұрғын үйге, жеке басының ары мен намысына тиiспеушiлiк

Қазақстан Республикасындағы шетелдiктерге тұрғын үйiне, жеке басының ары мен намысына тиiспеуге кепiлдiк берiледi.

16-бап Қазақстан Республикасының аумағында жүрiп-тұру және тұрғылықты жер таңдау

Шетелдiктер Қазақстан Республикасының шетелдiктердiң болуына рұқсат етiлген аумағында еркiн жүрiп-тұра алады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер, бұл мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен адамгершiлiгiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасының бұған уәкiлеттiк берiлген органдарының актiлерiмен белгiленедi.

17-бап Салықтар мен алымдар

Егер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасындағы шетелдiктерге Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей негiзде салықтар мен алымдар салынады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.