Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





бап Қазақстан Республикасынан кету



23-бап Қазақстан Республикасынан кету

Шетелдiктер қолданыстағы шетелдiк паспорттар немесе Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген кету визалары болған жағдайда сол паспорттарды алмастыратын құжаттар бойынша, егер тиiстi елмен жасалған келiсiмде өзгеше тәртiп белгiленбесе немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгеше тәртiп белгiлемесе, Қазақстан Республикасынан кетедi.
Қазақстан Республикасынан кету шетелдікке мына жағдайларда:
а) егер оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса - iстi жүргiзу аяқталғанға дейiн;
б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сотталған болса — оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға дейiн;
в) егер ол өзiне сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтаратын болса - мiндеттемелер орындалғанға дейін рұқсат етілмейді.
г) Алынып тасталды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
Шетелдiктiң Қазақстан Республикасынан кетуi ол Қазақстан Республикасы азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың елеулi мүдделерiмен байланысты мүлiктiк мiндеттемелердi орындағанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап Транзиттiк жүрiп өту

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүрiп өтушi шетелдiктер белгiленген маршрут бойынша Қазақстан Республикасынан кетудiң шекаралық мекенiне транзиттiк жүрiп өту ережелерiн сақтай отырып барады және Қазақстан Республикасының бұған уәкiлдiк алған мемлекеттiк органдары берген рұқсат болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында тек Қазақстанның транзиттiк визаларында көрсетiлген мекендерде ғана аялдай алады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.