Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Асан Қайғының нақыл сөздерінің мағынасын ашу



Асан Қайғының нақыл сөздерінің мағынасын ашу

Өлеңдері Нақыл сөздер Мағынасы
1. Таза, мінсіз, асыл тас, Су түбінде жатады. Таза, мінсіз, асыл сөз, Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады. Таза, мінсіз, асыл сөз, Ой түбінде жатады. Ой түбінде жатқан сөз, Шер толқытса шығады. Жырау бұл тәсілді тек көркемдік үшін ғана қолданбаған, сол арқылы терең ой түйіндеген, сөз өнерінің қадірін білдірген, сөз жалаң дүние емес, адам жанының ішкі толғанысының, жан сырының көрінісі екенін тамаша өрнектеген
2. Ойыл деген ойынды, Отын тапсаң тойыңды... Елбең-елбең жүгірген Ебелек отқа семірген Екі семіз қолға алып, Ерлер жортып күн көрген... Ойыл деген – ойыңды, Отын тапсаң – тойыңды. Ойыл оймауытпен ағып жатқан өзен, айналасы от, өрісін таңдай білсең, малыңа да құтты жер болғаны ғой. Ел аузында ежелден келе жатқан аңыздардың бірі де осыған меңзейді.
Арғымаққа міндім деп,   Достарыңмен санаспа! Артқы топтан адаспа!     Ғылымым жұрттан асты деп, Күніңде өзім болдым деп,   Кеңессіз сөз бастама! Кең пейілге таласпа!       Жеңемін деп біреуді Артық үшін айтысып,     Өтірік сөзбен қостама! –   Арғымаққа міндім деп,   Достарыңмен санаспа! Артқы топтан адаспа!        Жеңемін деп біреуді Артық үшін айтысып,       Өтірік сөзбен қостама Өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінгілерге де үлгі-өнеге. Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.   Біреуден асамын деп, өтірік,қулық-сұмдыққа барма.
4. Бұл заманда не ғарып? Ақ қалалы боз ғарып, Жақсыларға айтпаған Асыл шырын сөз ғаріп, Замандасы болмаса, Қариялар болар тез ғаріп; Қадірін жеңе білмесе, Бойға жеткен қыз ғаріп. Бұ заманда не ғаріп – Ақ қалалы боз ғаріп, Жақсыларға айтпаған Асыл шырын сөз ғаріп.   Адамның бір атаның баласы екені рас болса, белгілі бір заманның баласы екені де даусыз.
Адам әзіз айтар деп, Көңіліңді салмағыл. Нәпсі алдаушы дұспанның Насихатын алмағыл. Бақыты оянған ерлердің Әрбір ісі оң болар, Бақыт қонған ерлердің Әрбір ісі оң болар, Дәулеті күнге артылып, не қылса да мол болар. Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
Залымдардың белгісі, Бейбіттің малын ұрласа. Надандардың белгісі, Білгеннің тілін алмаса. Надандықтың белгісі, Білгеннің тілін алмаса. Надан адамның ең жаман қасиеті- өзгенің тілін алмау.
Алғаным асыл ару деп, Күн шығарып жатпаңыз. Атамның малы көп-ті деп, Атты басқа тартпаңыз. Атадан алтау тудым деп - асқынып жауап айтпаңыз, Атамның малы көп-ті деп - атты басқа тартпаңыз. Аз адам атқа міндім деп, қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?!
Атамның малы көп-ті деп, Атты басқа тартпаңыз. Есеніңде, тіріңде Бір болыңыз бәріңіз. Есеніңде,тіріңде Бір болыңыз бәріңіз. Тірлікте сыйласу болу керек. Адамдар бұл дүниеде бір-біріне қонақ, тірлігіңде сыйласқанға не жетсін.
Тұйғыныңды жамандап, Сұңқар қайдан табарсың. Көлдің суын жамандап, Еділ қайдан табарсың. Көлдің суын жамандап  Еділ қайдан табарсың, Әкіміңді жамандап, Әділ қайдан табарсың, Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды. Өзіңнің ішіп отырған құдығыңа түкірме, барыңды қадірле, ақылына ақыл қос.
Жөнге баспай тырысып, Орынсыз жерде жем болма. Ашу-дұшпан, артынан, Түсіп кетсең қайтесің, Түбі терең қуысқа! Ашу – дұшпан: Есептесіп қуыспа, Түсіп кетсең қайтесің, Түбі терең қуысқа. Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады. Шалдуарлық теріс мінездерден сақтандырады
Әділдіктің белгісі, Біле тұра бұрмаса. Ақылдының белгісі, Өткен істі қумаса. Жамандардың белгісі, Жауға қарсы тұрмаса; Әділдіктің белгісі – Біле тұра бұрмаса, Ақылдының белгісі – Өткен істі қумаса. Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
Арғымағың жамандап, Тұлпар қайдан табарсың, Тұйғыныңды жамандап, Сұңқар қайдан табарсың. Көлдің суын жамандап, Еділ қайдан табарсың. Арғымағың жамандап, Тұлпар қайдан табарсың, Тұйғыныңды жамандап,  Сұңқар қайдан табарсың. Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл.Өмір тәжірибесінен түйген парасатты толғам-танымы, философиялық терең ойлары бүгінге үлгі.  
Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа, Мінезі жаман адамға, Енді қайтып жуыспа, Мінезі жаман адамға,  Енді қайтып жуыспа, Тәуір көрер адаммен жалған намыс қуыспа. Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден.Жақын тартқан адамыңа сатқындық жасама.
Көлде жүрген қоңыр қаз Қыр қадірін не білсін Қырда жүрген дуадақ Су қадірін не білсін, Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не білсін. Көлде жүрген қоңыр қаз Қыр қадірін не білсін Қырда жүрген дуадақ Су қадірін не білсін, Санасы жоқ жамаңдар Ел қадірін не білсін. Елге сыйлы, қадірлі болу адамның өзіне байланысты. Жігіт қадірі — өнерімен өлшенер болар. Ғибратнамалық ойлары тереңділігімен ерекшеленеді.
Өз барыңды жамандап, Асыл қайдан табарсың. Ақ тоныңды жамандап Атлас қайдан табарсың, Өз басыңды зорайтып, Теңдес қайдан табарсың. Ақ тоныңды жамандап  Атлас қайдан табарсың, Өз басыңды зорайтып, Теңдес қайдан табарсың. Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.Өз басыңды елден жоғары қойма.
Ердің құны сөз емес, Есебін тапқан сабазға. Төрден орын тимейді, Патша болсын малы азға. Мойнын бұрып сөз айтпас, Көңілі қалған аразға. Ердің құны сөз емес, Есебін тапқан сабазға, Мойның бұрып сөз айтпас, Көңілі қалған аразға. Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда деген мағынаны білдіреді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.