|
|||
Орал Камила Бекежанқызы. Асан Қайғы толғауларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні. Секциясы: қазақ әдебиеті. АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ӨМІР СҮРГЕН КЕЗЕvСтр 1 из 8Следующая ⇒
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы «Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Орал Камила Бекежанқызы 10-сынып Асан Қайғы толғауларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
Бағыты:«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциясы: қазақ әдебиеті Ғылыми жетекшісі:Б.Е.Бекматова қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Ғылыми сарапшы: Ж.Т.Қадыров М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ филология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор.
Петропавл, 2018 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 1.АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ ӨМІР СҮРГЕН КЕЗЕҢІ 1.1. Ғалымдардың зерттеуі 2.РУХАНИЯТ ҚАЙНАРЛАРЫ 2.1Асан ҚайғыныңЖерұйықты іздеуі 2.2 Асан Қайғының толғаулары 2.3 Асан Қайғының нақыл сөздері 3. ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ 3.1 Туған жер, атамекенге арналған нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні ҚОРЫТЫНДЫ ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аңдатпа Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» арқылы ұлттық идеологиялық бағытымызды айқындап берді. Рухани жаңғырту кезеңде халық тағдырының шынайы көрінісін, ұлттық мүдде мен болмыс-бітімін айшықтап берер әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін қайта сын елегінен өткізу қазіргі таңда әдебиеттің тарихын, қазақ поэзиясын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Соның ішінде арнайы қарастыруды қажет ететін мәселенің бірі – жыраулар поэзиясындағы ұлттық құндылықтар, өсиет, нақыл сөздер, ұлттық бірігу идеясы. Зерттеудің мақсаты: Ø жастардың бойында ұлттық қазақстандық патриоттық сезімдерді қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу. Ø жыраулар поэзиясы арқылы халқымыздың тарихын, ата - бабаларымыздың биік мақсат - мұратын таныту. Зерттеу міндеттері: Ø руханияттың қайнар көзі- ата-баба ерлігін, көне тарихын, шежіресін дәріптеп, ұлы тұлғалардың мәңгі жасайтындығы арқылы оқушыларда ерлік және елжандылық қасиеттері қалыптастырады. Ø Зерттеу нысаны: қазақ әдебиеті тарихындағы XV- XVIII ғғ. Асан Қайғы жыраудың ел мүддесін толғайтын толғаулары, арнау жырлар алынды. Зерттеу жаңалығы мен дербестік мәні: Ø XV-XVIII ғғ. өмір сүріп, жырымен халықты бірлік пен ұйымшылдыққа шақырып жұмылдыра алған Асан Қайғы жыраудың жырларына талдау жасалды. Ø жаһандану жағдайында оқушыларға ұлтжандылық тәрбие беруде ата-бабалар шежіресі анықталып, ғылыми-әдістемелік негіздері көрсетілді. Зерттеудің ғылыми болжамы: Ø егер халқымыздың ерлік, елжандылық тәрбиесі негіздерін игерер болсақ, оның тұтас ғылыми жүйесін жасауға болады. Ø сол мұраларды саралап бүгінгі талап тұрғысынан пайдаланғанда ғана жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың мәңгілік жасайтындығын түсінетін дүниетанымы мол ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудің мүмкіндігі туады. Зерттеу әдістері: баяндау, сипаттау, талдау, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Практикалық маңызы: Ø жұмыс нәтижелерін шешендік өнер, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты факультатив сабақтарында, элективті пәндерге материал ретінде қолданауға болады. Күтілетін нәтиже: 1. Бүгінгі жас ұрпақты сонау заманнан жинақталған ата - бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату- біздің міндетіміз; 2. Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздерді бойларына сіңдіру; 3. Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп,оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды, жас ұрпақ сол аманатты сақтауға тиісті. 4. Бабалар рухына бас ие отырып, егемендікті сақтау, тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңнен бекіту- қасиетті борышым.
|
|||
|