Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мәселелер мен симптомдарды көрсету



Мәселелер мен симптомдарды көрсету

Интерн сізден сұрауы мүмкін: «Сізде қандай шағымдар немесе мәселелер бар?»

Жауап:Менің басым ауырады, жалпы әлсіздік, сүйектегі ауру сезімі мазалайды, қандағы глюкоза деңгейі жоғары, ауыз құрғауы, менструалды циклдың бұзылуы.

Сізде 1.5-2 жыл бұрын анамнезіңізде бас ми жарақаты болғанын , содан кейін айқын бас ауырулары және антигипертензивті препараттармен басылатын артериялық қан қысымының жоғарлауы болғанын міндетті түрде айтуығыз керек.

Қойылуы мүмкін сұрақтар (кездесу кезіндегі науқас қоюы мүмкін сұрақтар): айтыңызшы, менің барлық шағымдарым өткерген бас жарақатына байланысты болуы мүмкін бе?

Қойылуы керек сұрақтар(кездесу кезіндегі науқас қоюы міндетті сұрақтар):

1) Мен неге салмақ қостым?

2) Неге менің сүйектерім қарт адамдардағыдай ауырады?

3) Неге маған антигипертензивті препараттар көмектеспейді және артериалық қанқысымын жоғары болып қалабереді?

4) Мендегі қант диабетінің пайда болу себебі қандай ?

Дайындалған жауаптар(егер қажет болса) -

1) Сіздің ата-аналарыңыздың біреуі гипертониямен ауырды ма?

Жауап: жоқ.

2) Сіздің ата-аналарыңыздың біреуі семіздіпен немесе қант диабетімен ауырды ма?

Жауап: Жоқ ,ешкімде байқалмады.

3) Осы шағымдар сізді бұрын мазалады ма?

Жауап: барлығы бас- ми жарақатынан кейін басталды.

 

Зертханалық көрсеткіштер:

Дипансерлік қарау кезіндегі науқасқа жүргізілген зерттеулер: ЭКГ,қанның биохимиялық анализі, гормондарға ИФА .Учаскелік дәрігердің айтуы бойынша, анализде анықталған ауытқулар: гипергликемия, гиперхолестеринемия, гиперкортизолемия, гиперпролактинемия, гиперкальциемия. ЭКГ дасол қарынша миокардының гипертрофиясы анықталды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.