Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Клиникалық тапсырма. курс интерндеріне арналған «Терапия» мамандығы бойынша. орытынды мемлекеттік аттестация. Клиникалық тапсырманың нөмірі: _____



Клиникалық тапсырма

7 курс интерндеріне арналған «Терапия» мамандығы бойынша

Қорытынды мемлекеттік аттестация

Клиникалық тапсырманың нөмірі: _____________________

Клиникалық белгілері:

Сізкезекшідәрігерсіз.Қабылдау бөліміне 39 жастағы әйел келіп түсті. Салмақ қосуға,ауызының құрғауына, жиі бас ауыруына,терідегі созылған сызықтардың пайда болуына, сүйектегі ауру сезіміне, АҚҚ жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Ауру анамнезі:Өзін соңғы 1,5жылдан бері ,бас миының шайқалунан жарты жыл өткеннен кейінгі АҚҚ 170\100 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауынан, бас ауыруы,салмақ қосуынан бастап аурумын деп есептейді.. Артериялық гипертензия бойынша терапевтте емделген, нәтиже болмаған. Содан соң қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы, сүйек ауруы, терідегі созылу сызықтары мазалай бастаған. Жағдайының нашарлауына байланысты учаскелік терапевтке қаралып, тексеруден өту үшін және ем алу үшін стационарға жолдама алған.

Өмір анамнезі:Эндокринологта есепте тұрады, 1000 мг метформин қабылдайды.

Тұқым қуалайтын аурулары жоқ. 1,5-2 жыл бұрын жабық бас-ми жарақатын алған, неврологиялық терапия қабылдамаған. Басқа аурулары жоқ. Банкте менеджер болып жұмыс жасайды. Жұмысы стресстік факторлармен байланысты. Тұрмыста, екі баласы бар. Алкогольды көп қабылдамайды. Темекі шекпейді. Соңғы жылда менструалды циклы бұзылған.

Науқас күйеуімен бірге келген. Қобалжулы. Ентігуге байланысты контактқа аздап қиындықпен түседі, сұрақтарға адекватты түрде жауап береді. Дәрігермен сөйлескенде қорқып, қобалжып отырғандығы байқалады, бірақ анық тыңдайды, аурудан жазылатындығына үмітпен қарайды.

Объективті:Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бойы 167 см, салмағы 92 кг. ДСИ 33 кг/м2. Дене бітімі гиперстениялық, теріасты май қабаты кеудесінде, ішінде жауырын аймағында артық жиналған. Аяқ-қолдары жіңішке. Айтәрізді бет, беттері гиперемияланған. Тері қабаттары құрғақ, бетінде бөрітпелер, қолтықасты аймағында,бет, іш аймақтарында «минус тінді» қызғылт-қызыл түсті стриялар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, аорта астында ІІ тонның акценті. АҚҚ - 160/100 мм сын.бағ. ЖЖЖ- 90 рет мин. Зәршығаруы жиі, оңай. Перифериялық ісіктер жоқ.

Қанның биохимиялық анализі:

Жалпы белок 71 г\л 70-90 г\л
Холестерин 7,5ммоль/л <5,2 ммоль\л
Глюкоза 11,2 ммоль/л Норма 4,2-6,0ммоль\л
Натрий 150 ммоль/л Норма 135-152 ммоль\л
Калий 3,2 ммоль/л 3,5-5,5 ммоль\л
Ионизирленген кальций 1,8 ммоль/л 1,15-1,31ммоль/л
Билирубин 11, 5 ммоль/л 8,5-20,5 ммоль\л

 

ИФА: Гипофизарлы- бүйрекүсті безіні жүйесінің гормондары:

АКТГ 51 нмоль\л норма 0-22 нмоль\л
Кортизол 1400нмоль\л норма 200-700 нмоль\л
Пролактин 13,1нмоль\л норма 0-10нмоль\л

Бүйрекүстібезінің компьютерлік томографиясы:

Бүйрек үсті безінің қалыңдығы және ұзындығы бойынша 3.5 см дейін үлкеюі және деформациясы.

Бас миының магнитті-резонансты томографиясы:

Түрік ершігі арқасының остеопорозы, басішілік гипертензия және түрік ершігі өлшемінің үлкеюі.Қорытынды: Гипофиздің микроаденомасы.

ЭКГ: Синусты тахикардия, ЖЖЖ-95 рет мин. ЖЭО солға жылжуы. Т тісшесі амплитудасының төмендеуі. Сол жаққарыншаның гипертрофиясы.

Тапсырма:

1. Өзін таныстыру дағдыларын қолданып науқастың шағымдарын, ауру анамнезін, өмір анамнезін жинау.

2. Науқастың психологиялық жағдайын ескере отырып, науқаспен әңгімелесу және көзбен контакт орната отырып,сұрау нәтижесі бойынша қорытынды жасау.

3. Тексеру нәтижелерін науқасқа түсінікті тілде интерпретациялау.

4. Болжама диагноз қою.

5. Зертханалық-аспаптық зерттеулер тағайындау және науқасқа не үшін қажет екендінгін түсіндіру.

6. Зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелерін түсінікті түрде жеткізу.

7. Дифференциалды диагностика жүргізу.

8. «Жаманхабардыжеткізу» дағдысын қолдана отырып диагноз қою .

9. Есептеу және резюмирлеу дағдыларын қолданып науқасты жүргізу тактикасын анықтау.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.