Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





зін ұстауы



Өзін ұстауы

Сіз қабылдау бөлімінде кушеткада отырсыз. Алаңдаулы, қобалжулысыз. Сіз өз денсаулығыңызға алаңдайсыз және госпитализация жасау керектігінен қорқасыз. Ентігу мазалауына байланысты сұрақтарға аздап қиындықпен жауап бересіз. Сіз дәрігер көмектеседі деген үміттесіз. Дәрігермен сөйлескенде алаңдап, қорқып отырсаңыз да, дәрігерді дұрыс тыңдайсыз.Стационарға госпитализация жасауға дайынсыз.

Ойлары:

• Мүмкін мендегі барлық мәселелер бас-ми жарақатына байланысты шығар. Неврологиялық емді бұрын алмағаным дұрыс болмаған сияқты. Қазір сау болар ма едім.

 

Алаңдаушылық:

· Менің қан қысымым осындай сандарға дейін жоғарлайды екен ғой , демек менде кез келген жағдайда жүрек инфаркты немесе паралич болуы мүмкін ғой.

· Егер менде асқынулар болатын болса, мен өмір бойы инвалид болып қалуым мүмкін ғой.

· Онымен қоса , қант диабеті бар.

Күтеді:

· Дәрігер маған көмектесіп, аурудың негізгі себебін табады деп сенемін.

· Мен міндетті түрде дәрігердің ұсынымдарын орындаймын.

Сезімі:

· Өз өмірі мен денсаулығына деген алаңдаушылық пен қорқыныш.

Стандартизирленген Науқасты оқыту / Ойынбойынша инструкция:

Ойынбойынша инструкция:

Ø Киімі – күнделікті; көңіл-күйі– алаңдаулы, жағдайы нашар, айқын ентігу бар, дәрігерді мұқият тыңдайды, барлық ұсынымдарды орындайды.

Ø Эмоционалды тақырыптар мен сұрақтарға қалай жауап беру керек – науқаста айқын ентігу және бас ауруы болуына байланысты жауаптар қысқа; инсульт немесе инфаркт дамуымүмкіндігінеалаңдайды,госпитализация жасау туралы шешімді аурудан сауығамын жеген үмітпен қабылдайды.

Ø Науқастың ауруына қатысты , науқасты көндіруге қатысыт және қорқыныштары мен алаңдаушылықтары туралы сұрақтарға қалай жауап беру керек – асқынулардың алдын алу үшін дәрілерді уақытымен қабылдау керектігіне көндіру

Ø Ойынға арналған физикальды симптомдар – бұл жағдайда басы қатты ауырып отырған, тыныс алуы қиын, ентігуі бар және айқын әлсіздігі бар науқасты ойнай білу керек.

Физикалық көрсеткіштері:

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Бойы 167 см, салмағы 92 кг. ДСИ 33 кг/м2. Дене бітімі гиперстениялық, теріасты май қабаты кеудесінде, ішінде жауырын аймағында артық жиналған. Аяқ-қолдары жіңішке. Айтәрізді бет, беттері гиперемияланған. Тері қабаттары құрғақ, бетінде бөрітпелер, қолтықасты аймағында,бет, іш аймақтарында «минус тінді» қызғылт-қызыл түсті стриялар. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді, аорта астында ІІ тонның акценті. АҚҚ - 160/100 мм сын.бағ. ЖЖЖ- 90 рет мин. Зәршығаруы жиі, оңай. Перифериялық ісіктер жоқ.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.