|
|||
V. Рейтингтік комиссияға ұсынылатын құжаттардың тізімдемесіV. Рейтингтік комиссияға ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі 5.Рейтингтік комиссияға ұсынылатын құжаттар: 5.1. Рейтингтің критерийлері мен көрсеткіштері негізінде білім беру мекемесінің өзін-өзі зерттеу материалдары; 5.2. Білім беру ұйымының жылдық жұмысының сараптамасы; 5.3. Авторлық, дидактикалық, әдістемелік материалдар, басылымдар (комиссияның сұрауы бойынша); 5.4.Білім беру ұйымының бұйрықтары ( комиссияның сұрауы бойынша); 5.5 Ата-аналар мен оқушылар арасында жүргізілген онлайн дауыс берудің нәтижелері. ҮІ.Білім беру ұйымдарын кластерлік топтарға бөлу. 6.1. Өткен оқу жылындағы қызмет нәтижелері көрсеткіштерінің жиынтығы негізінде әрбір білім беру ұйымының жұмыс жағдайын нақты анықтау үшін облыс мектептері келесі деңгейлер бойынша іріктеледі: І. Инновация режиміндегі мектеп; ІІ. Даму режиміндегі мектеп; ІІІ. Жұмыс режиміндегі мектеп; ІҮ. Кризистік режимдегі мектеп; Ү. Жұмыс істеу режимін (тоқыраудағы) тоқтатқан мектеп. 6.2.Кластер негізіне (білім беру ұйымдарының топтарға-кластерлерге бөлінуі) топтарды жинақтайтын параметрлердің үш блогы жатады: 1 . «Процесс» сипаттамалары (оқыту процесінің сипаттамасы). 2. «Нәтижелердің» сипаттамалары (оқыту процесінің қорытындысы). 3. Білім беру процесінде оқыту технологиялары мен әдістерін 3. Мектептердің білім беру үрдісіне әлемдік білім беруде жетекші тренд болып табылатын инновациялық технологиялар мен оқыту әдістемесінің «енгізілуі» және «енгізілу жағдайының» сипаттамасы 4. Оқыту нәтижесі бойынша ата- аналардың қанағаттанушылық сипаттамалары.
VIІ. Мектептердің рейтингісінің қорытындысын рәсімдеу 7.1. Рейтингтік зерделеудің қорытындысы диагностикалық диаграммалармен талдамалық анықтама ретінде рәсімделіп, ОББ-ның алқа мәжілісінде қаралады және білім басқармасының сайтында жарияланады. 7.2.Білім беру ұйымдарының даму деңгейлері бойынша жүргізілген іріктеу нәтижесі мектептердегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша басқару шешімдерін қабылдау үшін аудандық /қалалық/ әкімдіктер мен білім бөлімдеріне ұсынылады. 7.3.Рейтингтің нәтижесі бойынша аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдері мектептердегі білім беру қызметінің деңгейін арттыруға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын жасап, күнтізбелік жылдың 15 қыркүйегіне дейін білім басқармасының Эксперттік кеңесіне ұсынулары тиіс. 7.4.Білім басқармасының Эксперттік кеңесі рейтингтің нәтижесі негізінде қорытынды шығарады. Қорытынды білім сапасын қамтамасыз етуге бағытталған облыс мектептерінің жұмыс жағдайын бағалап қана қоймай, білім беру қызметінің деңгейін арттыру бойынша жүйелі ұйымдастыру іс-шараларын қабылдау үшін білім бөлімдеріне арналған ұсынымдарды да қамтуы тиіс.
|
|||
|