Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





III. Рейтинг идеялары. IV. Рейтингті ұйымдастыру және өткізу



III. Рейтинг идеялары

3.1. Білім беру сапасын бағалаудың сенімділігін арттыру идеясы.

3.2. Білім беру жүйесінің жағдайы туралы мүдделі тараптар мен қоғамның хабардар болуы идеясы.

3.3. Рейтинг идеясы келесі критерийлерді қолдануды ұсынады:

 - оқыту мен тәрбие берудің сапалы нәтижесі;

 - заманауи білім беру технологияларын, оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны білім беру процесінде қолданудың тиімділігі;

- сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын дамытудың тиімділігі;

- білім беру ұйымдарының қызметі туралы ақпараттардың шынайылығы мен қолжетімділігі;

- білім беру ұйымдарына ата-аналардың (заңды өкілдердің), бітірушілердің қарым-қатынасы;

- педагогтардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру деңгейі;

- басқару тиімділігі.

 

IV. Рейтингті ұйымдастыру және өткізу

4.1. Жамбыл облысының білім беру ұйымдарында жүргізілетін рейтинг Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4.2. Рейтингті жүзеге асыру іс- шараларына аймақтағы білім беру жүйесінің барлық жалпы білім беру ұйымдары қатысады.

4.3.Білім басқармасының бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының даму деңгейлерін сараптау, сараптама жиынтығын жүзеге асыру үшін аймақтық эксперттік комиссия және білім беру ұйымының қызметіне сараптама жасайтын аудандық /қалалық/ рейтингтік комиссия құрылады. Комиссиялардың төрағасы мен хатшысы тағайындалады.

4.4. Аудандық /қалалық/ рейтингтік комиссиясы:

- білім беру ұйымдарының рейтингтік іс-шараға қатысу үшін ұсынған құжаттар жинағын тіркеуді жүзеге асырады;

- нақты критерийлер мен көрсеткіштерге сәйкес құжаттарды бағалайды, сараптама жүргізеді;

- іріктеу жүргізілетін мектептердің жұмыс деңгейлері бойынша аудандық /қалалық/ деңгейдегі рейтингтік бағалаудың қорытындысын жасайды және басқару шешімдерін қабылдау үшін білім басқармасына ұсынады.

4.5. Облыстық эксперттік комиссияның құрамына облыс әкімдігі білім басқармасының өкілдері, аймақтағы ЖОО-ның, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің өкілдері, директорлар Кеңесінің мүшелері, педагогикалық еңбек ардагерлері, жұртшылық өкілдері кіре алады.

4.6. Аудандық/қалалық/ рейтингтік комиссияның құрамына білім бөлімінің, аймақтағы ЖОО-ның, аудандық/қалалық/ оқу-әдістемелік кабинетінің, білім қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитетінің өкілдері, жергілікті қауымдастық мүшелері, педагогикалық еңбек ардагерлері кіре алады.

4.7. Рейтинг ағымдағы оқу жылы аяқталғаннан соң жылына бір рет тамыз айында өткізіледі.

4.8.Білім бөлімдері міндетті:

Ø құрамы 7 адамнан тұратын рейтингтік комиссияны құруға;

Ø рейтингті өткізуге  қажетті ақпараттарды жинауды, өңдеу мен шынайылығы мен нақтылығына жауап беруді  аудандар мен Тараз қаласының әдістемелік кабинеттеріне міндеттеуге;

Ø барлық білім беру ұйымдарының басшыларына мектептердің рейтингісі туралы Ережені хабарлауға;

Ø рейтингті өткізу үшін қажетті  материалдық-техникалық жағдаймен қамтамасыз етуге.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.