Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





МЕКТЕПТЕРДІҢ РЕЙТИНГІСІ ТУРАЛЫ



 

                                                                                                                                                            Жамбыл облысы әкімдігі

                                                                                                                                                      білім басқармасының

2020  жылғы  21  мамырдағы  №130-Ө  бұйрығына

                                                                                                                                        1 ҚОСЫМША

 

МЕКТЕПТЕРДІҢ РЕЙТИНГІСІ ТУРАЛЫ

 ЕРЕЖЕ

 

I. Жалпы ереже

1.1. Рейтинг – ранг, білім беру мекемесінің қызметін бағалау білім беру ұйымының құжаттарын талдау, әлеуметтік сауалнама алу, өзін-өзі тексеру негізінде шығарылады.

1.2. Рейтинг мәліметтерді жинайды, оған талдау жасайды, қорытындысы бойынша рейтинг шығарады.

1.3. Білім беру жүйесіндегі рейтинг қазіргі кезеңдегі білім беруді жетілдіру жолдарының бірі болып табылады.

1.4. Рейтинг білім беру мекемелерінің қызметін тиімді бағалау құралы ретінде саналады.

1.5. Рейтинг зерделеу процесін демократияландыруға мүмкіндік береді.

1.6. Рейтинг қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарға, тұжырымдамаларға, республикалық, аймақтық деңгейдегі әдістемелік материалдарға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

II. Рейтингтің мақсаты және міндеттері

2.1. Рейтингтің мақсаты білім беру мекемелері қызметтерінің тиімділігін бағалау, білім беру сапасын арттыруға ынталандыру, облыс тұрғындарының Жамбыл облысының білім беру жүйесін дамуы жөнінде халықтың біртұтас көзқарасын қалыптастырады.

2.2. Мақсатты іске асыру барысында келесі міндеттер шешіледі:

- білім беру ұйымдарының қызметтері туралы шынайы және сенімді ақпарат алу;

- аймақтық білім беру жүйесінде білім беру ұйымдарының рейтингісін анықтау;

- аймақтағы мектептерді басқару, әдістемелік және оқу-тәрбие қызметінде жаңа педагогикалық идеялар мен инновациялық көзқарасты анықтау;

- әлеуметтік әріптестікті дамыту, білім беру ұйымындағы кәсіптік қауымдастық желісін құру;

- жалпы орта білім беретін ұйымдардың қызметіне сапа менеджменті жүйесін енгізу;

- педагогикалық ұжымдардың табысты тәжірибелерін тарату;

- көпшілікті маңызды әлеуметтік институт ретінде білім беру мекемелеріндегі білім беру сапасын бағалауға қатыстыру.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.