Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан тарихының дербес пәнге айналуы



Қазақстан тарихының дербес пәнге айналуы

 

 

80-жылдардың аяқ кезiнде КСРО-дағы қайта құруларға байланысты Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енгiзiлдi. Бул тәуелсiздiктiң жемiсi едi. Қазақ халкының, Қазақстанның тарихы тұңғыш рет жалпы бiлiм беретiн мектептерде дербес пән болып оқытыла бастады. Мұның өзi бiлiмдiк, тәрбиелік жағынан да, саяси жағынан да және де елiмiздiң келешегi үшiн де маңызды оқиға болды. Осыған байланысты Республиканың Халыққа бiлiм беру министірлігі пәндi оқытуды жақсартуға бағытталған бірқатар шаралар белгiледi: бағдарламалық топ, факультативтік курстардың бағдарламалары мен оқулықтарын дайындайтын авторлар тобын құрды және де Қазақстан тарихынан кажеттi оқулықтар тiзiмi жасалып, олардың авторлары белгiлендi. 1992 жылы алғаш рет дербес Қазақстан тарихы пәнiнiң бағдарламасы дайындалып, ол дүние жүзi тарихы бағдарламасымен бірге жеке кітапша болып басылды . Алғашқы жылы оның құрамында 5 сыныпқа арналған жаңа бағдарлама болған жоқ. Бұл бағдарлама келесі жылы дайын болып, екiншi басылымында енгiзiлдi. Қазақстан тарихының осы бағдарламасы мектептерде он жыл бойы өзгерiссiз пайдаланылды.

 

Дербес те, көлемді оқу пәнінің тұңғыш бағдарламасы - бiлiм мазмұны болғандықтан, оны толығырақ, әрi жеке сыныптар бойынша талдауды қажет етедi. Мұның өзi, бiрiншiден, оның кұрылымы мен мазмұнын толық елестетуге мүмкіндік берсе, екіншіден, келешекте жасалатын бағдарламаларды жетiлдiре түсуге пайдалы болмақ.

 

Бұл тақырыптарда да бұған дейiн жасырылып келген мәселелер: мәдени құрылысқа партияның басшылық етуi және ондағы асыра сілтеушілік, ұлт зиялыларын жазықсыз жазалау, жазықсыз жазалау - кұрбандарын ақтау, 1979 жылғы Целиноград оқиғалары, Семей полигоны сияқтылар қамтылған.

 

"Өзгерiстер жолында" такырыбына 80-жылдардың екiншi жартысындағы

болған өзгерістердi негiзiнен қамтитын қайта құру және оның барысында кездескен қарама-қайшылықтар, демократия мен жариялылық, кооперативтік қозғалыс, әлеуметтік-экономикалық жағдай, Қазақстанның сыртқы экономика байланысының ұлғаюы сияқты мәселелермен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан, Жаңаөзен оқиғалары, Қарағанды шахтерлерінің ереуілі сияқты мәнi бар оқиғалар да ендiрiлген. Сонда тақырыпта Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейiнгi экономика саласындағы түбiрлi өзгерiстер нарықтық экономикаға көшу, жекешелендіру, еркiн баға, сондай-ақ халыктың әлеуметтік жағдайы, тiлдер туралы заң, Республиканың сыртқы саясатының қалыптасуы, т.б. мәселелер қамтылган.

 

Бұлармен қатар аталған бағдарламалар өтпелі кезеңге арналғандықтан қазiргi талаптарға толық жауап бере алмайтындығы, олқылықтары бар екендiгi, сондықтан жетiлдiру қажеттiгi айкындала бастады. Олардың қатарына төмендегілер жатады.

 

 

1. Бағдарламалардың қолжазбалары негізінен 1992 жылдың бас кезiнде дайын болған, ал одан берi Қазақстан тарихы ғылымына жаңалықтар қосылуда. Әсiресе кейін ашылған археологиялық ескерткіштер, қазақ халқының калыптасу эволюциясы, оның этникалық құрамы, монғол үстемдiгi кезiндегi Қазақстан, Қазақстанның Ресей империясы қоластында болуы, XIX және ХХ ғасырлар аралығындағы демократиялық қозгалыс, оның көрнекті өкілдері өлкенiң көп ұлтты аймаққа айналуы сияқты мәселелер, халық алдындағы қоғамдық қызметi ендi ғана анықтала бастаған жеке кайраткерлер, Тәуелсіз Қазақстанның iшкi, сыртқы жағдайына қатысты басқа да бiрқатар материалдар мектептiк пәннiң бiлiм мазмұнын әрi толыктырып, әрi нактылай түсер еді.

 

2. Бағдарламалардың түсiнiк хатында пәндi окытудың мақсат-міндеттерi туралы қысқаша да болса айтылғанымен, білім мазмұнын анықтауда басшылыққа алынған негiзгi ұстанымдар көрсетiлмеген. Ал, олар мұғалімдер үшiн өте қажет, өйткені жеке тақырыптарды оқытудың максат-мiндеттерiн анықтауда методологиялық басшылық табылады. 3. Жеке пәндердiң оқу бағдарламалары мұғалiмдерге шын мәніндегі ғылыми-әдістемелік басшылық болу үшін, олардың құрылымы казiргi кезде қалыптасқан талаптарға сай болуы керек. Бұл талаптар бойынша ендiгi бағдарламалар құрамдас бөлімнен: түсінік хат, мазмұндық бөлім, дидактикалық-әдістемелік нұсқаулардан тұруы тиiс. Түсінік хатта осы бағдарламаның ерекшелiктерi, білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдар, оқытудың мақсат-мiндеттерi, пәндi жетiлдiру және мұғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен пайдалану жолдары баяндалады.

 

Мазмұндық бөлімде - пәннiн базалық білім мазмұны блоктар бойынша топтап корсетіледi де одан әрі сыныптар бойынша жіктеледi. Дидактикалык-әдістемелік бөлімде мемлекеттiк бiлiм стандарты талаптарына сай бiлiмнің мiндеттi мүмкiн деңгейлері, оқыту нәтижесiн тексеруге арналған және тапсырмалар мен сұрақтардың үлгiлерi, пән, курсаралық байланыстар, оку әдістемелік кешеннің тізімі берілуі тиіс. Талдап отырған бағдарламаларга бұл компоненттердiн көбi ендiрiлмеген.

 

4. Aдамзат тарихын дәуірлерге бөлуде де кемшіліктер бар. Дүние жүзі тарихы мен Қазақстан тарихының қатар оқытылатынына қарамастан олардың жеке сыныптардағы хронологиялық шегi бiр-бiрiне сәйкес келмейді. Мысалы, 9-сыныптағы дүние жүзі тарихы 1640 жылдан, ал Қазақстан тарихы XVIII ғасырдан басталады.

 

5. Cыныптар бойынша сағат бөлудi де қайта қарау қажет. 6-сыныптағы Қазақстан тарихына 17 сағат тым аздық етедi және мұндай тым қысқа оку курсы педагогикалық талапқа сай келмейдi, яғни өзiнiң функционалдық қызметін толық жүзеге асыра алмайды. 10-сыныптағы 1915-1945-кылдар тарихына 68, ал 11-сыныпта оқытылатын 1946-1996-жылдар тарихына 34 сағат бөлудi де дұрыс деуге болмайды.

 

6. Осы бағдарламаны жасауда кеткен үлкен кемшілiк - оны бiрден жүзеге асыруға мүмкіндіктің бар жоғын ескермеу. Жаңа оқулыктардың жоқтығынан осы бағдарламаларды 2-3 жылға дейін толық пайдалануға мүмкіндік болмады. Мұндай жағдайда өтпелі кезең үшін бағдарлама жасалып, оны пайдалану туралы әдістемелік нускауларды қоса берген дұрыс. Осы бағдарламаларды жетілдіру туралы "Қазақ тарихы" журналында Ә. Еркебаевтың , М. Мағзұмованың , Б. Адырбекова мен Ә. Көпекбаеваның окулықтардың жоқтығы, сағат бөлудегі кемшіліктер, Канағат Жүкешевтiң 11-сынып бағдарламасындағы дәуiрлерге бөлуді жетілдіру туралы мақалалар жарияланды.

 

1992/93 оку жылынан бастап қазiрге дейін пайдаланылып келген Қазақстан тарихының 5-11-сыныптарға арналған бағдарламалары пәндi оқыту сапасын жақсарта түсуге лайықты үлес қосты.

 

Сол кездегі дәрежесіне сай келеді; тарихи материалдың тәрбиелік мүмкіндігі ескерілген: тарихи фактiлер, окиғалар, кұбылыстар нақты мысалдармен ашылып көрсетiледi; ғылыми-теориялық материалдар жеткiлiктi дәлелдермен түсiндіріледі тарихи материал оқушылардың дəрежесi таным қызметін ескере отырып іріктелген, оқулық тiлi түсiнiктi; оқу материалының жүйелілігі, реттілігі сақталған; сұрақтар мен тапсырмалар негiзiнен сәттi iрiктелген; иллюстрациялар берiлген.

 

1992 жылы жаңа бағдарламаның жарыққа шығуына байланысты жоғарыдағы оқулық өңделiп, жетiлдiрiлiп, екі оқулық болып 7 сыныптарға арналып баспадан шықты, олар ұзақ қолданыста болды.

 

1980-жылдардың аяқ кезінен бастап мектеп окулықтарын жазуға белсене қатысып жүрген белгiлi тарихшы-ғалымдардың бiрi - Ж. Касмымбаев. Автордың 1987 жылғы Қазақстан тарихы бойынша жарияланған бәйге шарттарына сай жазған оқулығы сыйлық алып, 1990 жылы жарыққа шықты. Ал жаңа бағдарламаларға байланысты осы оқулықтың толықтырылған, өңделген нұсқаларымен 1992 жылы орыс, ұйғыр, 1993-95 жылдары қазақ тiлдерiнде шықты. Оларға зер салып қарағанда, автордың кiтаптың әрбiр келесi басылымын ұқыптылықпен қарап, жетiлдiрiп отырғаны байқалады. Оқулықтың соңғы басылымында, алғашқыларымен салыстырғанда қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастары жаңа деректермен толықтырылған, Қазақстанның Ресей империясының қоластында болуы, оның осы өлкеде жүргiзген отаршылдық, орыстандыру саясаты, оған қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар, әсіресе Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс тереңірек баяндалған, аталған тарихи құбылыстар мен оқиғаларға объективтік баға берілген. Оқулықтың соңғы нұсқасының мәдениет тарихы бөлiмiнiң жаңа деректермен толықтырылуы орынды. XIX ғасырда ашылған мектептер мен медреселердiң тарихына, қызметіне тоқталу, олардың игiлiктi iстерiне тарихи тұрғыдан баға беру, осы ғасырдағы қазақ өнерінің көрнекті өкілдерінің қызметiмен оқушыларды кеңірек таныстыру білімдік, тәрбиелiк жағынан маңызды.

 

Қазақстан тарихы мектеп курсының қалыптасып дамуына академик          М. Қ. Қозыбаев қомақты үлес қосып келеді. 70-80 жылдары Оқу министрлiгi жанындағы тарих пәнiнiң оқу-әдістемелік кеңесiнiң төрағасы бола жүрiп, осы курсты мектепте оқытуға қатысты дайындалған құралдардың бәрiн дерлiк: бағдарламалардың, оқулықтардың әдістемелік құралдардың, оқу фильмдері мен диафильмдердiң көпшiлiгiн жеке өзi қарап, құнды пiкiрлер айтып, олардың жетіле түсуіне үлес қосты. Сол жылдары мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қатысты түрлі деңгейлерде болып жататын жиындарда Қазақстан тарихын оқытуда қордаланып қалған проблемаларды көтерiп, оларды шешудiң жолдарын көрсетiп отырды. Осы мәселе бойынша мерзiмдi баспасөз беттерінде де үнемі мақалалар жазып келедi. Ол 80-жылдардың орта кезінен бастап, Қазақстан тарихының мектепке арналған бағдарламаларын құрастырушы авторлар ұжымының (1986, 1990, 1992 жылдардағы) жетекшісі және авторлардың бiрi, 90-жылдардан бастап 10-сыныпқа арналып үш рет шыққан Қазақстан тарихы оқулығының авторы. М. Қ. Қозыбаев жазған оқулық Қазақстан тарихының қысқа, бiрақ та өте күрделі, шымшытырық, әрі қарама-қайшы оқиғаларға толы кезеңiн (1900-1945ж.ж.) қамтиды. Бұл автор жазған оқулықтар методологиялық ғылыми жағынан ұстамдылығымен, архив материалдарының, басқа да деректердiң, молдығымен, оқулыққа ендiрiлген деректерді көптігімен, тарихи фактілерге, оқиғаларға, құбылыстарға баға беруде кеткен қателер мен кемшіліктерді бүкпесіз ашып көрсетуiмен және де ол оқиғаларға тарихи тұрғыдан дұрыс, принциптi баға беруімен ерекшеленеді. Автор ұстаған бағыттың тағы бір ерекшелігі, бұрын аттары ұмытыла бастаған, тарихта белгiлi орны бар тарихи қайраткерлердiң есiмдерi мен қызметін тарихи орындарына кайта келтiруi.

 

 Қазақстан тарихының жаңа бағдарламалары жарыққа шыққаннан кейiнгi кешеуілдеп шыккан оқулықтар - 5, 6, 11 сыныптарға арналғандары. Сондықтан да екі-үш жылға дейін бұл сыныптарда осы курсты оқытуда елеулі кемшіліктер орын алды.

 

11-сыныпта Қазақстан тарихының 1946 жылдан бүгінгі күнге дейінгі аралығы қамтылады. Осы сыныпқа арналған жана оқулықтың жарыққа шығуы елеулі оқиға болды. 2-3 оқу жылынан берi Қазақстан тарихының соңғы кезеңін арнайы оқулықсыз оқытып, көп қиындыққа кездесiп жүрген тарихшы мұғалімдердің жүгін жеңілдетіп, оқушылардың бағдарламаға сай білім алуына жағдай жасалды. Оқулықтың құрылымы да, мазмұны да 1990 жылға дейін жарық көрген жоғары сыныптарға арналған тарих оқулықтарынан мүлде өзгеше. Мұнда бұған дейiн тарих курстарында мықтап орын алған “бесжылдықтар” тарихы, әрбiр тарихи кезеңдi бастап беретін партия съездерi жоқ есебі.

 

Кітаптың өн бойынан Кеңес өкіметі тұсында орын алған қоғамдық жүйе адамдарды меншіктен шектетті, оның мүшелерiн күштеп "теңестiрдi", адамдардың демократиялық, Конституциялық құқын, олардың жеке бостандығын аяққа басты деген идея байқалады.

 

 Авторлар Қазақстан тарихын олардың жеке тарихын жалған тұжырымдамалар мен бұрмалаушылықтардан тазартуға көңіл бөлген. Тарихи оқиғаларды баяндау барысында тарихи құжаттар, зерттеу еңбектері, мақалалар, тарихи оқиғалар куәгерлерiнiң естелiктерi орынды пайдаланылған. 

 

Осы оқулық туралы баспасөз беттерінде үш пiкiр-мақала жарияланды. Оның алғашқысында оқулықтың бiрыңғай кемшіліктері көрсетілген. Солардың арасындағы: оқулық көлемінің аздығы, бір жеке сабаққа арналған оқу материалы көлемiнiң тым шағындығы яғни 1-1,5 бет екендігі, осыған қарамастан Қазақстанга қатысы жоқ дүниежүзi немесе Ресей тарихы оқулықтарындағы материалдарды қайталайтындығы, коммунистік идеологиядан арыла алмағандығы туралы ескертпелерi орынды. Қалған екi пікір-мақалада осы оқулық авторларының соғыстан кейiнгi дәуiрдiң қайшылықтарын, Кеңестiк, тоталитарлық жүйенiң қыспағындағы қазақ елiнiң ауыр тұрмысын, Мәскеу саясатшыларының ұлттық ерекшелiктерiмiздi жоюға бағытталған құйтырқы әрекеттерін, Орталыктың Қазақстанды басқаруға жiберген өкiлдерiнiң келеңсiз әрекеттерін, шикiзат шылауына айналған қазақ даласының ахуалын, республика территориясының атом қаруларын сынайтын полигонға айналғанын, халық құрамының жасанды жолмен өзгергiлуi, т.б. маңызды маселелердi дұрыс, әрi тарихи шындық тұрғыда көрсете алғанын әділдікпен атап өтедi. Мақала авторларының бұл пiкiрлерi орынды.

 

Оқу жоспары мен бағдарлама бойынша 1992/93 оқу жылынан бастап Қазақстан тарихы 6-сыныпта тұңғыш рет оқытыла бастады. Алғашқы 2-3 жылда мектептерде арнайы оқулық болмағандықтан осы сынып материалы бар, бірақ 8-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығы пайдаланылып келді. Осы сыныпқа арналған Қазақстан тарихы окулығы 1994 жылы ғана жарыққа шықты. 17 сагаттық бағдарламаға лайықталып жазылған бұл шағын оқулықтың оқушылар үшін білімдік, тәрбиелік, дамытушылық жағынан пайдасы зор болды.

 

Ежелгi заманнан бастап Б.з. V ғасырына дейiнгi аралықты қамтитын оқулықты алтыншы сынып оқушыларына лайықты етiп жазу үшiн белгiлi археолог-ғалым К. М. Байпақов барынша шығармашылықпен жұмыс жасаған. Оқулық қолданылып жүрген бағдарламаға сай жазылған. Тарихи материалды iрiктегенде осы жастағы окушылардың дайындық дәрежесі ескерілген. Әрбiр параграф соңында берілген тапсырмалар мен сұрақтарды iрiктеуге тәжiрибелi тарихшы мұғалім қатысқандықтан олардың көбі ықшамды, түсінікті, әрі оқушыларды ойлануға талпындырады. Дегенмен бұл оқулықта да қиын ұғымдардың (палеолит, неолит, ендiргiш күш, полихромдық стиль: калиарагон, хаома), терминдердiң, күрделі материалдардың бар екені байқалды. Бұл туралы, сондай-ақ бiр тарихи оқиғаның болған уақытын түрліше жазатындығы туралы баспасөзде жарияланған пiкiрлерде орынды көрсетiлдi.

 

 

                                     ҚОРЫТЫНДЫ

 

1950 жылдардың аяқ кезінен Қазақстан тарихы мектептегі КСРО тарихының құрамында қосалқы курс ретінде азғана сағатпен оқытылғандықтан, ол өзінің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін толық дәрежеде орындай алмады. Ал кейін Қазақстан тәуелсіздік алғасын, пәннің маңыздылығы өсіп, жеке курсқа айналды. Жалпы пәннің жеке пән болуына КСРО-да болған Қайта құру негізгі себеп болды. Сол кезден қазірге дейін Қазақстан тарихы пәні 5-ші сыныптан 11-ші сынып аралығын үзіліссіз оқытылатын болды. Мектептегі Қазақстан тарихы әдістемесінің пән ретінде қалыптаса бастағандығы негізделді, пәннің құрылымы мен құрамы анықталды, оның қоғамдық әрі педагогикалық пәндер қатарына жататындығы дәлелденді.

   

Тұңғыш рет “Мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі” деген пәннің моделі ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасалып, оның негізгі компоненттері және олардың мазмұны айқындалды. Сол 19 компоненттің 9-ының мазмұны мүлде жаңа екені, ал қалғандарының басқа әдістемелік зерттеулер мен еңбектерде қарастырылғандарының одан әрі жетілдіріліп, олар қазіргі уақыт талаптарына сай тың бағытта баяндайтын аталып көрсетілді.

 

              ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Байсарина Ә.Ж. Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер(1958-2010) диссертациясы. Алматы. 2010 ж.

2. Т.Тұрлығұлов. “Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі пәнінің мәселелері”. Қазақстан жоғары мектебі. Алматы. 1996 ж.

3. Т.Тұрлығұлов. “Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі”. “Ғылым” баспа орталығы. Алматы. 2003 ж.

4. Р. Құсайынова, Т.Тұрлығұлов. Жалпы білім беретін мектептерде 1992/1993 ж. оқу жылында тарих пәнін оқыту туралы. Республикалық баспа кабинеті. Алматы. 1992 ж.

5. Жалпы білім беретін негізгі орта мектеп бағдарламалары. Тарих (V-XI сыныптар). “Рауан” Алматы. 1993 ж.

6. Stud.kz интернет-сайты.

7. Twirpx.com электронды кітапханасы.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.