Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





азақстан тарихының пән ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдері.



Қазақстан тарихының пән ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдері.

 

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан тарихының оқытылуын және әдістемесінің қалыптасу, даму тарихын темендегідей төрт кезеңге бөлуге болады:

 

Бірінші кезең - әзiрге XIX ғасырдың 80-жылдарынан, яғни Ы. Алтынсарин заманынан басталып, Қазан революциясына дейiнгi уакытты қамтиды. Бұл кезеңде қазақ тарихының жеке материалдары мектептерде оқытыла бастады, ондай материалдарды көбейтіп "Қазақ(Киргиз) хрестоматиясына" ендiруге әрекет жасалды. Оның үстіне Қазақстан жеріндегі оку орындарында ислам тарихы, дүние жүзі тарихы, орыс тарихы окытылып жатты.

 

 Екінші кезең - 1917-1958 жылдар. Бұл кезеңде Қазақстан тарихы арнайы курс, не пән болып мектептің оқу жоспарына әлі енгізілген жоқ. Бiрақ осылай етуге алғашкы қадамдар жасалды. Оның жеке мәселелерi мектептердегі КСРО тарихы кұрамында оқытыла бастады. Курстың алғашкы бағдарламасы мен оқулығын жасау қолға алынды. Сондай-ақ оның әдістемесiнiң Кеңес мектептері үшін жасалған бағдарламалар, оқулықтар, әдiстемелер, Кеңестiк тұжырымдама, педагогика, тарих, дидактика, мектеп психологиясы ғылымдарының жетістіктері негізiнде дамуына мүмкiндiк жасалды.

 

Үшiншi кезең - 1958-1990 оқу жылдары, бул уақытта Қазақстан тарихы мектептiң оқу жоспарына енгiзiлдi, республиканың жалпы білім беретін мектептерiнiң бәрiнде 4 және 7-10-сыныптарда жаппай оқытылды. Оның бағдарламасы, оқулықтары, әдiстемелiк, басқа да құралдары жасалып, мектеп курсы да, оның əдiстемесi де жетiлiп калыптасты.

 

Төртінші кезең - 1990 жылдан басталады. Бұл кезеңнiң сипатты белгілері: Қазақстан тарихы дербес оқу пәні. Ол жалпы білім беретін орта мектептің    5-11-сыныптарында, сондай-ақ басқа да орта оқу орындарында оқытылады. Қазақстан тарихы дербес оқу пәні, ал оның әдістемесі ғылыми пән ретiнде жетiле түсіп, қалыптаса бастады.

 

Ендi әрбір кезеңнiң сипатты белгілеріне қысқаша тоқталып өтсек.

 

Қазақстан тарихының оқу орындарында оқытылуы мен әдістемесiнiң бастауына көз жiберсек, ол тым әріден X ғасырдан бастап тарихи сахнаға шыққан Қазақстан мен Орта Азияның белгiлi ойшылдарының тәрбие мәселесi жөнiнде айтқандарынан нәр алғаны байқалады. Ал оны, яғни тарихты оқыту әдістемесiн, тiкелей мектептердiң оку орындарының оқу тәрбие жұмысымен байланыстыра қарастырсақ, онда XVI-XVIII ғасырларда медреселерде оқытылған ислам тарихынан, онан бергі XIX ғасырдың екінші жартысынан дәлірек айтқанда Ыбырай Алтынсарин заманынан бастаған дұрыс. Қазақ балаларына ғылым негіздерін орысша үйрететiн тұңғыш мектептiң 1841 жылы  Орда да ашылғаны белгілі, сосын бiртiндеп мұндай мектептер басқа аймақтарда да ашылған. Осы дәуiрдiң халық ағарту тарихы мен оқу орындарындағы бiлiм мазмұны мен оқыту әдістерін зерттеген кейбiр ғалымдардың еңбектерiне сүйенсек, орыс-қазақ мектептерi деп аталатын бұл оку орындарында тарих пәні оқулықтары, оқу-әдістемелік құралдары сол замандағы белгілі ғалым әдiскерлер: А. Ф. Гартвич, Я. Г. Гуревич, И. П. Виноградов, А. Никольский, Н. И. Марковин, Н. И. Покотило, т.б. еңбектері. Олар тарихты оқытудың ғылыми ұстанымға негiзделуiне, тарихи фактілер мен ұғымдардың түсінікті болуына баса назар аударған. Тарихты оқыту барысында оның білімдік, тәрбиелік мiндеттерiн толық жүзеге асыруға, алған бiлiмдi қазiргi өмірмен байланыстыруға, өз Отанын сүйе білуге, өткен тарих пен көненің ескерткіштерiне құрметпен қарау қажеттiгiн атап көрсеткен. Алайда, осындай пайдалалы идеялар мемлекеттік орындар тарапынан қолдау таппағандықтан мектептердің күнделікті тәжірибиесінде толық жүзеге аспаған .

 

XIX ғасырдың аяқ кезiнде орыс тiлiнде бiрқатар әдiстемелік құралдар: И. Виноградов пен А. Никольскийдiң "Тарихты Кригер әдістемесі бойынша окыту" (Мәскеу, 1885); А. В. Кроюницкийдiң "Тарихтың элементарлық курсын оқыту-тәжірибиесі" (Мәскеу, 1890), сонымен бірге көрнекі құралдар да жарык көрді: С. А. Князьковтың "Орыс тарихының картиналары" (50 дана), М. Острогорскиймен, т. б. "Ежелгi, орта және жана замандағы жалпы және орыс тарихының қысқаша хронологиясы" [86]. Жалпы тарих пәнінен көрнекі құралдар тым аз болғандықтан, олар орыс-қазақ мектептерінде мүлде сирек кездесетін. Сондыстан қазақ мектептерiнде тарихты ауызша баяндау әдiсi басым болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда бірнеше ондаған медреселер жұмыс iстегенi мәлiм. Оларда да тарих пәнi оқытылды. Осы оқу орындарында тарих пәнін оқытуда жинақталған тәжiрибиелер болашақта қазақ, Қазақстан тарихын оқу орындарында оқыту мәселесiн көтеруге және оны оқыту тәжірибиесін жетілдіруге септігін тигізді.

 

Ы. Алтынсаринның атақты ағартушы-педагог әдiскер болуына бiр жағынан дүние жүзiне белгiлi педагогтардың, әсіресе Я. А. Коменскийдің, К. Д. Ушинскийдiң, И. Г. Песталоцийдiң, П. Ф. Лесграфтың, т.б. еңбектері әсер етсе, екiншi жағынан ондай жоғары атаққа сол замандағы мектептердiң оқу-тәрбие жұмыстарының тәжірибиесін зерттеп, зерделей отырып, осы саладағы өз білімі мен тәжірибиесін үнемi жетiлдiре отырып жеттi. Оның өз заманына лайық педагогиканы, дидактиканы, балалар психологиясын, оқыту әдістемесiн, қазақ тарихының жеке салаларын (этнография) жаксы бiлгенi мәлiм. Сондықтан да ол тек бастауыш білім беру, немесе әдебиет, тіл пәндерiнiң ғана емес, басқа пәндердiң де, соның iшiнде тарих пәнін оқыту әдістемесiн де жаксы бiлген. Бұл пiкiрдi оның тарихты оқыту туралы айтқандары, жазыскан хаттары далелдейдi. Оның осы саладағы ой-тұжырымдары өзі дайындаған хрестоматияның I бөлiмiне окушылардың дайындық дәрежесi мен қабілетіне лайықтап қарапайым тарихи әңгімелер енгiзуiне негіз болды. Осы кітаптың II бөлiмiне "Тарих" деген бөлім енгiзiп, оған Қазақ тарихынан бірқатар материалдар енгiзудi жоспарлады.

 

XIХ ғасырдың екiншi жартысындағы қазақтың белгiлi ойшыл ағартушыларының бәрiнiң де жастарды оқытып, тәрбиелеуге қаншалықты мән берген өткен тарауда тоқталдық.

 

Бұлармен қатар өткен ғасырдың соңында, осы ғасырдың алқашқы үштен бiрiнде өмiр сүрген қазақ халкының белгiлi ағартушылары мен ғалымдарының бiрi дерлiк халықты сауаттандыру, мектептер ашу, олардың оқу-тәрбие жұмысын, оқыту әдістемесін жетілдіру туралы көптеген құнды пiкiрлер айтқаны белгілі. Осылардың бәрi болашақ ағартушыларға ой салды, олардың өз халкының тарихын, жастарға, бүкіл халыққа үйретудiң жолдарын iздестіруге ұмтылдырды.

 

  1917-1958-жылдарды қамтитын кезеңнiң ерекшелігі - Коммунистік партия мен Кеңес мемлекетiнiң идеологиялық талаптарын мектеп жузеге асыру бағытында көп жұмыстар жасалды, осы мақсатта олардың атынан мектепте тарихты оқытуға қатысты белгiлi қаулы қабылданды. Осының нәтижесiнде ұлт республикаларының тарихын оқытуға алгашкы қадам жасалды. Тұңғыш мектепке арналған "Қазақ тарихы програмы" мен оқулығы жарық көрді.

 

30-40-жылдары жалпы бiлiм беретін мектептерге арналған жаңа КСРО мен дүние жүзі тарихтарының оқулықтарының жарыққа шығуы мектепте тарих пәнінің оқытылуын жаңа сатыға көтерді, өйткені олардың көлемін, құрылымын, мазмұнын анықтауда сол заманғы методологиялық, педагогикалық және бiркатар дидактикалық талаптар ескерiлдi. Жоғары сыныптарға арналған КСРО тарихи оқулыктарына тұңғыш рет КСРО халықтары, солардың арасында қазақ халқының тарихы туралы материалдарға аздап болса да орын берiлдi. Осымен қатар ол қатар жаңа оқулықтар бойынша оқушыларға тиянақты бiлiм беру, тәрбиелеу, сабақ материалын түсiндiрудiң ең тиiмдi жолдарын анықтау, оқушылардың білімін тексеру сияқты басқа да оқытудың әдiстемелік мәселелерi зерттелдi. Кеңес қоғамында болып жатқан өзгерістерге байланысты 50-жылдардың орта кезiнде бiрқатар тарих оқулықтары өзгертіліп, өңделіп шыкты да, 1957/58 оқу жылынан бастап жоғары сыныптарға арналған тарих пәнінің жаңа бағдарламалары жарық көрді. Зерттеліп отырған кезеңде Кеңес елі мектептерінде тарихты оқытуды жақсарту саласында болған осындай өзгерістер, Қазақстан мектептерінде де тарих пәнін оқытуды жетілдіруге пайдасын тигiздi. Педагогикалық жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде тарихшы мұғалімдер дайындау едәуiр жаксарды, КСРО тарихы оқулықтарына қазақ халқы тарихынан материалдардың енгізілуі мұғалімдердің қазақ тарихына, туған өлке тарихына, оны оқытуға, зерттеуге деген ынта-ықыласын арттырды, алғашқы ғылыми-әдістемелік мақалалар, еңбектер жарыққа шықты. Мәскеуден шыққан кейбiр әдiстемелiк кұралдардың (М. А. Зиновьев, В. А. Карцов) қазақ тіліне аударылуы, оларды мұгалімдердiң өз тәжірибиесінде пайдалануы ұстаздардың тарих пәнін оқытудың тиiмдi әдістерін меңгеруiне және шеберлiктерiн жетiлдiре тусуіне әсер етті. Осылардың бәрi келешекте Қазақстан тарихын мектептерде оқытуды жаксарта түсуге негіз болды.

 

Қазақстан мектептерiнде тарих пәнін, соның құрамында Қазақ КСР тарихи материалдарын оқыту дәрежесi мұнан әлдеқайда жақсы болар едi, егер де мектептерде бүкіл оқу-тәрбие жұмысының жетiле түсуiне кедергі келтірген түрлі жағдайлар болмаса. Олар, 20-30-жылдардағы қуғын-сүргiндер, 1941 1945-жылдардағы соғыс жане коммунистік партия мен Кеңес мемлекеті ұстаған шовинистік саясат.

 

Бұл кезеңде тарих бағдарламалары мен оқулықтарының бәрi орталықта, Мәскеуде дайындалды да, олар Алматыда қазақшага аударылып отырды. Бiз әңгiме еткен тарих бағдарламалары мен оқулықтарына, сондай-ақ оларды оқыту мәселелерiне арналған құралдарға қазiргi тұрғыдан қарасак, оларда елеулi методологиялық-педагогикалық, саяси, тарихи қателіктерге жол берілгені, ал мұның өзі сол кездегі идеологиялык талаптардан туындағаны белгiлі.

 

Үшінші , 1958/59 оқу жылынан 1990 жылға дейiнгi отыз жылдай уақыт қамтитын мектепте Қазақстан тарихын оқыту әдістемесін қалыптастырудағы орны ерекше. Қазақ елінің, Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Қазақ КСР тарихы өзінше курс деп аталып, республиканың жалпы бiлiм беретін мектебiнiң оқу жоспарына енгiзiлдi. Оған негіз болған КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесiнiң қаулысы едi. Бұл кезеңде республиканың белгiлi тарихшы, педагог-әдiскер ғалымдары, мектептің тарихшы мұғалімдері, т. б. бірлесе отырып, бұған дейiн жинақталған ғылыми практикалық тәжiрибиелердi ескере келiп, сол уақыт талабына сай Қазақстан тарихының 4, 8-10, кейінірек 4, 7-8, 9-10, сосын 5, 8-11-сыныптарына арналған бағдарламалары мен оқулықтарын жасады, оларды бiрнеше рет өңдеді, жетiлдiрді. Олар алғаш жыл сайын, кейінірек-80-жылдардан бастап 3-4 жылда бір рет қайта басылып отырды. Барлығы да үш тілде қазақша, орысша, ұйғырша шығып тұрды. Осы курстың окытылу жайы зерттелдi, озат тәжiрибие жинақталып, ғылыми-әдiстемелiк мақалалар, әдiстемелік нұсқаулар, кітаптар жарық көрдi, курсты окыту әдістемесінің кейбiр манызды проблемалары зерттеліп, педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесі үшiн жетi диссертация қорғалды. 70-жылдардан бастап Қазақстан тарихын окыту әдістемесінің маңызды мәселелеріне арналған монографиялар, курс материалын жеке сыныптарда, әдістемесiн баяндайтын немесе оның жеке тақырыптарын окыту әдістемесін баяндайтын кітапшалар, ғылыми-әдістемелік мақалалар, хрестоматия, оқу, диафильмдерi жарық көрді. Осының бәрi 80-жылдардың ортасына қарай Қазақстан тарихты оқыту әдістемесiнiң негiзi қалана бастады деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

 

Екінші кезеңге берiлген қорытындағыдай бұл кезеңде жарық көрген Қазақстан тарихының бағдарламаларына, оқулықтарына және әдістемелік құралдарына қазiргi тұрғыдан сын көзiмен қарасақ бұларда да методологиялык, тарихи, саяси қателіктер баршылық.

 

1990-1997-жылдарды қамтитын төртінші кезеңнің ерекшелігі тәуелсiз Қазақстан Республикасының жариялануы, оның бүкіл қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайының түбiрiнен өзгеріп, елдiң дамудың жаңа жолына түсуі. Мұндай өзгерістер халық ағарту саласында да жасалды, олар әсiресе мектепте Қазақстан тарихын окытуда болған өзгерістерден айқын көрiнедi. Қазақстан тарихы 1989/90 оқу жылынан бастап мектептің оку жоспарына дербес пән болып ендi және оған 5-11 сыныптарда 288 сағат уақыт бөлінді. "Мектепте Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы" , өтпелі кезеңге арналған жаңа бағдарламасы, осы бағдарлама бойынша соңғы жылдары баспадан шыққан оқулықтарды пайдалану туралы әдістемелік нұсқаулар, Қазақстан тарихын жана талаптарға сай окыту жолдарын баяндайтын бiрқатар ғылыми-әдістемелiк мақалалар жарияланды. 1992- 1995 жылдары Қазақстан тарихының жаңа оқулықтары да баспадан шығып болды.

 

Сонымен, 50-жылдардың аяқ кезiнен бастап бiрқатар одақтас республикалар мектептерінде, сонын iшiнде Қазақстанда да Қазақ КСР тарихының материалдары мектептерде оқытыла бастады. Қазақ КСР тарихы мектеп курсын 30 жылл оқытқанда оны жетілдіре түсуге, оқушыларға өз халқының республикасының тарихынан заман талабына сай бiлiм беруге, оның тәрбиелік мүмкіндігін пайдалануға толық жағдай жасалмағанына қарамастан, Қазақстан тарихының мектепте оқытылу фактiсiнiң зор манызы болды. Тарих пәнін мектепте оқытуга қатысты Кеңес елiнде жинақталған тәжiрибиеге сүйене отырып, осы кезеңде Қазақ КСР тарихы мектеп курсын оқыту әдістемесінің негiзi каланды, мұның өзi болашақ Қазақстан ретінде қалыптасуының іргетасы болды.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.