|
|||
Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы курсыКеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы курсы
Міне, осылайша қалыптасып, даму жолына түскен 2-шi дүниежүзілік соғыстың алдындағы ұлттық тарихи бiлiм соғыс басталғанша, тежелу жағдайында болды (1937-1941 жж.). 1941-1943 жылдары идеологияда “халықтар достығы” ұраны алдынғы орынға шығып, тарихи білімде социалистік патриотизм, кеңестiк Отан түсiнiктерi ғана насихатталатын және тарихи бiлiмде неміс халкының бәрiн фашистер сияқты бейне бiр құбыжық етіп көрсету науқандарынан кейiн, кеңес халкының негiзгi денi көзсiз ерліктерге барды. Бұл - кеңестік идеологияға бағындырылған тарихи бiлiмнiн «Халықтар достығы» ұранынан туындаған үстемдігінің нәтижесi едi. Бiрак «Халықтар достығы» ұранының өзі ұлттық тарихты жазуға түрткі болып, тарихшы Е. Бекмахановты тарихи аренаға шығарды. Бұл кезең 1941-1951 жылдар арасын қамтып, ұлттық тарихи бiлiмнiң дамуына қайта жол ашты. Алайда, 1943 жылдан бастап, “ұлы орыс халкынын” басқалардан артықшылығы дəріптелген тұсқа сәйкес келу, ұлттық тарихи білімнің өрісін тарылтып, акыры оны 1951 жылдан бастап, “ұлы орыстық шовинизмнің” қасында дәрменсіз болуға жеткізді. Соғыста жеңiп шығу Сталиннiң “ұлы орыс халкының каһармандығын” дәріптеуi жағдайында, 1956 жылғы КОКП-ның XX съезiне дейiн, Ұлттық тарихты шынайы зepттeу мен оны оқыту iсi өмiр ағымынан кешеуілдеп қалды. Тіпті, кеңес басшылығының 1958 жылы 24 желтоқсанда мектептiң өмірмен байланысын нығайтуға байланысты заңы 1959 жылғы 3 қазанда «Мектептерде тарихты оқытудағы кейбір өзгерістер туралы» қаулысы шығарылғанмен, мектептің өмірмен байланысын шешетін ұлттық тарихи бiлiмдi дамытуда, бәрібір бәлендей өзгерістер бола қойған жоқ. Қайта Е.Бекмахановтың өзі бұрыңғы көзқарастарынан тайып, Қазақстан тарихын КСРО тарихымен қабаттастырып оқытудың негiзiн қалап беруге мәжбүр болды да, оның 1950-1960 жылдары құрастырған бағдарламасы бойынша мектеп оқушыларына арналған «Қазақстан тарихы» оқулығы шығарылып, ол оқулық пен бағдарлама елiмiз тәуелсiздiк алғанша 30 жыл бойы пайдаланып келдi. КСРО тарихында ұлт республикаларына қатысты материалдар болсын деп партия талап еткенмен орталықтан шыккан КСРО тарихы оқулыктарына оларды ендіремін деп талаптанған авторлар тым аз еді. Шындығында мұндай талапты бір оқулық көлемінде жүзеге асыру да қиын болатын
Уақыт өткен сайын, мектепте тарих пәнін оқытудың маңызы арта түсті, ұлт республикалары тарихын, соның ішінде Қазақстан тарихын да окыту мәселесiн көтергендер болды. Осындай ұсыныс М. Акынжановтың, А.М. Е.Бекмахановтын, А.В.Шестаковтын еңбектерінде де айтылды.
50-жылдардың аяғына таман Кеңес елінде "Мектептiң өмірмен байланысын нығайту және халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” жобасы бүкілхалықтық талқылауға түскен болатын. Осы мүмкiндiктi дер кезiнде пайдаланған Қазақ КСР Оқу министрлiгi Қазақ КСР тарихын мектепке енгізу мәселесін шешу үшін КОКП Орталық Комитетiне делегация жiбередi. Ақыры Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң қатысуымен мәселе дұрыс шешiледi. Осылардың негiзiнде 1958 жылы 8 мамырда Қазақ КСР Оқу министрлігі алқасы 1958-59 оку жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің 8-10 сыныптарына Қазақ КСР тарихын енгізу туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта оны окытуға 50 сағаттай уақыт бөлiнетiнi, ол осы сыныптардағы КСРО тарихы кұрамында оқытылатыны аталып көрсетiледi.
1959 жылгы 8 қазанда КОКП Орталық Комитетi мен КСРО Министрлер Кеңесі "Мектептерде тарихты оқытудағы кейбiр өзгерiстер туралы" қаулы қабылдайды . Мұнда барлық одақтас республикалар тарихын мектепте окыту қажеттігі аталып көрсетіліп, осы міндетті жүзеге асырудың нақты шаралары белгіленген. 1957 жылдан бастап Қазақ КСР Оку министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты осы курсты дұрыс оқытылып кетуi үшiн алдын-ала бiраз ұйымдастыру шараларын жүргiзген. Курстың бағдарламасын, оқулықтарын, хрестоматиясын дайындайтын авторлар ұжымын бекiткен, дайын болған құралдарды талқылауды ұйымдастырып, баспаға дайындаған, қажетті көрнекі құралдардың, әсiресе тарихи карталардың тiзiмi бекітілген . 1958/59 оқу жылында 8, келесі жылы – 9, ал 1960/61 оку жылында 10-сыныпқа енгiзiлген Қазақстан тарихы 1960-1961 оқу жылынан бастап КСРО тарихының құрамында орта мектептің жоғары үш сыныбында оқытыла бастады, оған 50 сағат уақыт бөлінді. 1961/62 оқу жылынан бастап 4-сыныптағы КСРО тарихының эпизодтық әңгiмелер курсы құрамында Қазақ КСР тарихының эпизодтык әңгiмелер курсы оқытыла бастады, оған 12 сағат уақыт бөлінді. Қазақстан тарихы материалдарын оқытуға уакыттын өте аз бөлiгiне қарамастан оның жалпы білім беретін мектептерде оқытыла бастауы мектеп пен ата-ана ұжымдары тарапынан кең қолдау тапты. Ендi Қазақстан азаматтары мектеп қабырғасында-ақ өзi өмiр сүрiп отырған елі, Отаны туралы аз да болсада тарихи мәліметтер алатын болды. Оқу Министрлігінің оқу бөлiмдерiнiң сол оқу жылдарындағы жылдық есептері дәлелдейдi. Министрлiктiң, сондай-ақ Қарағанды, Ақмола, Семей, Қызылорда облыстық оқу бөлiмдерiнiң 1961/62 оқу жылының қорытындысы бойынша Министрлікке берген жылдық есептерiнде көптеген мұғалiмдердiң Қазақстан тарихын оқытуға үлкен ыкыласпен кiрiсiп, күнделікті сабақтарын шығармашылықпен өткізуге барынша атсалысып жүргенiне нақты мысалдар келтiрiледi.
Партия мен үкіметтің жоғарыда аталған қаулысының негiзiнде 1958-59 оқу жылынан бастап бұған дейін мектептерінде өз тарихы оқытылмай келген республикалар енді өз тарихын оқыта бастады. Олар: Кырғыз, Латыш, Молдаван, Тәжік, Түрікмен. Олардың мектепке арналған өз республикасының тарихының бағдарламаларының бәрiнiң де түсінік хаттарында республика тарихын бөлек курс етпей КСРО тарихының құрамында, оның материалымен тығыз байланысы қажеттiгi атап көрсетiледi. Мәселенiң осылайша шешілуіне негіз болған сол қаулыдағы одақтас республикалар тарихы КСРО тарихының бөлінбейтін құрамды бөлiгi ретiнде мектептің барлық басқыштарында КСРО тарихымен тығыз байланыста оқытылады - деген нұсқауы болатын.
Бiрақ республикалар тарихын оқыту барлық жерде бiрдей шешілмеді. Жеке республикаларда ол дербес курс болып оқытылды. Мысалы, Армян, Грузин, Түрікмен КСР. Одақтас республикалар тарихын оқытуға бөлiнген сағат мөлшері де түрліше болды. Мысалы, Грузин КСР тарихын оқытуға 99 сағат бөлінсе, Түрікмен КСР тарихын оқытуга 35 сағат бөлінген.
Қазақстан сияқты басқа да республикалар тарихы өз мектептерінде 1991 жылға дейiн негiзiнен жоғарыда көрсетілген ретпен оқытылып келдi. Оларды оқыту ұстанымдарында да, сағат бөлуде де айтарлықтай өзгерiс болған жоқ. Тек кана Армян, Грузин, Түрікмен КСР-ы мектептерінде ғана олар дербес курс болып оқытылды да, басқа республикалардың бәрiнiң де мектептерінде КСРО тарихы құрамында 40-60 сагат көлемiнде оқытылып келді. Қазір тәуелсіздік алған бұрынғы Кеңес Одағының республикаларының бәрiнде елiнiң тарихы мектептiң оку жоспарына дербес оку пәнi болып ендiрiлiп, оларға арнайы сағат бөлiнген. Мәселен, ол сағаттар саны түркi тiлдi республикаларда 190-300 арасында. Сөйтіп, Қазақстан тарихы республика мектептерiнде 1958/59 жылынан бастап курс, ал 1990/91 оқу жылынан бастап дербес оқу пәнi болып оқытылып келді.
Олай болса Қазақстан тарихының мектепте оқытылуы мен әдістемесінің қалыптасу тарихы болуы заңды. Ол да басталып, дамып жетiлiп келедi, демек, белгілі кезеңдердi бастан өткiздi. Оның үстіне алғаш қазақ тарихын тұтас курс ретiнде оқытуды ұсынған, сол тарихи материалдарды iрiктеген белгiлi ғалымдар-авторлар өз заманындағы тарих, педагогика, дидактика, балалар психологиясы, оқыту әдістемесі ғылымдарының жетістіктеріне сүйенген. Ал, ғылымның аталған салаларының да сол өз заманына лайық жетiлiп, дамып отырғаны белгілі. Әрине жаңа кезеңде оның алдына жаңа мiндеттер койылды, соған лайық ол да жетіліп, дами түстi.
|
|||
|