|
|||
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСтр 1 из 5Следующая ⇒ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ РЕФЕРАТ Тақырып: Қазақстан тарихының дербес пән болып енгізілуі
Орындаушы: Қалдыбаев Аманжол
Оқу тобы: ИСТ-20-1м
Тексеруші:
ҚЫЗЫЛОРДА, 2021 жыл ЖОСПАРЫ: 1. Қазақстан тарихы пәні құрылуының бастаулары(1924-1951); 2. Кеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихы курсы; 3. Қазақстан тарихының пән ретінде қалыптасуы мен даму кезеңдері; 4. Қазақстан тарихының дербес пәнге айналуы; 5. Қорытынды. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ДЕРБЕС ПӘН БОЛЫП ЕНГІЗІЛУІ Қазақстан тарихы пәні құрылуының бастаулары (1924-1951 жж.) Қазақстан тарихын мектепте оқыту үшiн, ең алдымен оның оқулықтары мен бағдарламалары керек. Өкінішке орай, Қазақстан тарихы оқулықтары мен типтік оқу бағдарламаларының жазылу тарихы кеңестік дәуiрдiң алғашқы жылдарынан бастап әлі күнге дейiн қарама-қайшылықты күй кешуде. Бұл мәселенiң байыбына бару үшiн тарихтың тамырларынан өтіп көрейік.
Оқу, тәрбие жұмыстарының келелі мәселелерін зерттеген педагогика ғылымының белгiлi өкiлдерінің оқулықтың білім берудегі маңызына тоқталмағаны жоқ. Я. А. Коменский оқулық туралы айта келіп, оның оқушылардың өздiгiнше жұмыстарын ұйымдастырудағы рөлін баса көрсетсе, одан екi жуз жылдан кейiн К. Д. Ушинский оның ойын одан әрі дамыта отырып, өз заманындағы тарих оқулықтарындағы атаулардың, даталардың, кiсi аттарының өте көптігін сынап, балаға бiлiм керек, ол өзіне де, қоғамға да пайдасы тиетін білім болсын дедi.
Оқулықтың маңызы мен рөлiне орыстың белгiлi ағартушы-демократтары Б. Г. Белинский А. И. Герцен, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевскийлердiң айырықша көңiл бөлгенi мәлiм. Қазақ ағартушылары мен педагогтары Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т. б. да оқулықтар және оларды жақсарту жөнiнде құнды пiкiрлер айтқан. 20-30-жылдары Қазақ Кеңес мектептерiн оқулықтармен қамтамасыз ету iсi жедел қолга алынғанда қазақтың көптеген зиялылары: М. Әуезов, С. Балаубаев, І. Жансүгіров, М. Жолдыбаев, Қ. Жұбанов, С. Кеңесбаев, М. Калыбаев, М. Майлин, С. Сарыбаев. С. Сейфуллин , Ә. Сытдықов, т.б. окулық дайындауға белсене қатысқан.
Сол жылдардың тәжірибиесiнiң кейiнгi кезендерде республика мектептері үшiн жаңа оқулықтар дайындауға көп пайдасы тидi. 50-жылдардан кейiн оқулықтың оқушылардың ойлау, таным қызметiн дамытудағы рөлiне баса көңiл бөлінді. Бұған өз еңбектерінде Л. В. Занков, Л. Я. Зорина, Д. Д.Зуев, В. Краевский, И. Я. Лернер, С. Г. Шабалина т. б. ерекше назар аударды.
1924 жылы Қазақ халық ағарту комиссариатының құрамында жұмыс iстеген А.П. Чулошников, алғашкылардың бiрi ретiнде, Қазақстан тарихының оқулығын очерк тұрғысынан жазып бiтiргенiн мәлімдеген. Бұл автордың очеркi негiзiнен 1921 жылы Москва археологиялық институтының Орынбор бөлiмiнде оқиған лекциясының мазмұны бойынша жазылғандықтан және Қазақстан тарихына қатысты көптеген оқиғалардың нақты деректерден тысқары жазылғандықтан, тіпті мәселенi талдауда кейбiр шатасушылықтарға орын беруіне байланысты Б. Подневич пен М. Тынышбаев тарапынан қатты сынға ұшырады. Б. Подневичтің пiкiрiнде бұрынғы қолда бар еңбектерге тарихнамалық талдау жасамаған А.П. Чулошниковтың орта мектепке арнап жазбақ болған оқулығы өз мақсатына жетпей, көпшiлiк оқитын шағын ғылыми еңбек қана болып шыққан. Ал М. Тынышбаевтың айтуынша, А.П. Чулошниковтың еңбегінің төрттен бір бөлiгi ғана қазақ тарихымен үйлеседi, сондықтан, қолданысқа жарамайды. Көп кешікпей, Қазақстандағы Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестiң жоспары бойынша 1924 - 1925 жылдарға арналып М. Дулатовтың «Кырғыз
Халқының тарихы» оқулығын 25 баспа табақ көлемінде 3000 таралым дана етiп шыгару, сондай-ақ Т. Шонановтың таралымы 3000 даналык 15 баспа табақ көлеміндегі – “Қырғыздардың жер мәселесiндегi тарихының очеркі” оқулығын шығару белгiленген. Өкінішке орай, тарихты саясаттың құралына айналдырумен белгілі бола бастаған тарихшы Н.М. Покровскийдің еңбегінің қасында ұлт тарихшыларының оқулықтарын басып шығару - кеңестік цензурадан өтпей қалған тәрiздi. Соған байланысты М. Дулатов пен Т. Шонановты оқулықтарының жарыққа шыққандығы немесе олардың жарияланбағандығы жөнінде күні бүгінге дейін деректер жоқ болып отыр.
Алайда, 1924-1925 жж. өлкенің тарихын оқып уйренудi жетiлдiру жолдарын іздестіру күн тәртібiнен түспеді. Бұл орайда, 1924 жылғы «Советской Киргизий» журналының №11-12 сандарында И.Лариннiң «Очередность всестороннего изучения Киргизии», ал 1925 ж. осы журналдың №3-4 сандарында В. Поповтың «К вопросу изучения Киргизии» деген мақалаларынының жарияланып, олардың өлкетану қоғамдары мен кружоктарын ұйымдастыру сиякты жəне өлкетануды оқытуды жетілдірудегі ниеттерiн Қазақстан тарихы оқулығын қажетсiнген iзгiлiктi бастамалар қатарына жатқызуға болады. Бiрак, 1926 жылдан бастап қоғамда күш ала бастаған идеялық-теориялық күрес салдарынан кеңес мектептерінде тарих пәнін окыту 30-шы жылдардың басына дейiн өзiнiң бастапқы қарқынын жоғалтып алды. 1933-1934 жылдардағы өткiзiлген маркстік-лениндік iлiмдi окып үйренуге күш салынғаны соншалық, әрбір маркстік-лениндік үйірме бағдарламаларының өзіндік ұстанымдары белгіленген. Айталық, маркстік-лениндік педагогика үйірмесінің ұстанымы мына төмендегідей тұрғыдан құрылды: 1) Кез келген бағдарлама, оның iшiнде педагог бағдарламасы маркстік-лениндiк iлiм негiзiнде кұрылуы керек. 2) Бағдарлама мазмұнында социализм, мәдени революция және тап күресі идеялары терең қамтылып, кеңестік кұрылыс тәжірибиесімен байланысуы керек. Педагогика бағдарламасында марксизмге жат теорияларды барынша сынауға орын берілді. 3) Педагогиканың бағдарламасы партияның тәрбие саласындағы басты бағыттарын жүргізетін құжат болуы керек т.б.с.с. 1926 жылдың 30-шы наурызынан бастап, бұрынғы ХАК-дағы Академиялық орталықтың аты Мемлекеттік Ғылыми Кенес (ГУС) болып негізгі 2 бағытта жұмыс жүргiзетiн болды:
І. Ғылыми Бөлім (Главнаука KCCP); ІІ. Ғылыми әдістемелік бөлiм;
Редакциялық-баспа секциясы педагогикалық журналдардың шығуын бақылады. Сондай-ақ әдістемелік хаттар мен барлық оқу саласындағы әдебиеттерге ғылыми баға берумен айналысты. Өзінің айналысатын бағытын барынша кеңейткен осы мемлекеттiк Кеңес тарихи бiлiмнiң кеңестiк түп негізі ретіндегі “Қазақстан тарихынан орта мектептiң оқулығы үшін конспектісін” дүниеге әкелдi. Осы конспектінің Кеңес кезеңi туралы I бөлiмiнде Алаш Орданың уақытша өкіметпен ымыраға келуi сыналып, уақытша өкiмет тағайындаған комиссарлардың патша өкiметiнiң саясатын жүргiзушiлер екендігі айыпталды. Конспект бойынша 1917 жылы Алаш- Ордашылардың өткiзген съездерiнiң екеуi де байлар мен чиновниктердiң мүддесін шешуге бағытталған:
- Алаш Орданың тамыры «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының шығарылып, «Алаш» партиясының құрылуымен байланысты - деген тұжырым жасалынған. - Алаш Орданың ағарту саласындағы бағдарламасы жалған; Жадидшiлдiктiң дүниеге келуіне де Алаш интелигенциясы кiнәлі:
Осы «Конспектінің» мазмұнынан байқалатын нәрсе сол, Кеңес мемлекетi орта мектепте Қазақстан тарихын оқыту жүйесiн Түрiк және Қазақ хандығы кезеңдерін айтпағанда, берідегі «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналдарындағы тарих деректерден айналып өтіп, «Алаш» партиясы мен оның бағдарламаларындағы шындықты қаралау мақсатына бейiмдеген. Сөйтiп, кеңестік үкіметтің билікке келген уакытынан бергi кол жеткен жетістіктерін дәріптеуді місе тұткан. Бұны тарихты саясатпен алмастырудың бастамасы деуге болады. 1935 жылғы “Конспекты для учебника по истории Казахстана для средних школ” деп аталатын екiншi «Конспектіде» Қазақ Халық ағарту комиссариатының оқу-əдiстемелiк бөлiмi қазақ халқы тарихы мәселелерiнiң сызбалық жобасын былай талдап керсеткен:
1) Патша үкіметінің халықтар түрмесi екенiн мына жағынан көрсету: а) тергеу (coт) - құқық нормаларымен санаспау: б) жердi отарлау; в) сайлау жүйелерiндегі мәденитсiздiк, пара алу, бiрiн-бiрiне айдап салу, алдап-арбау;
2) Қазақ ұлтшылдығының халыққа жат мәнін ашу:
3) Қазақ халқының болашағын ойлай отырып, жазылатын барлық зерттеу жұмыстары қазақ ұлтшылдығына төзбеу бағытында жазылып, ұлтаралық өшпенділікті қоздырмайтын болу керек; Ол үшiн, 3 мәселеде,
а) Қазақ халкының болашағы, ә) Қазақ ұлтшылдығы, б) Ұлт аралық өшпендiлiк - мiне осы үш туындайтын маселелердi құрастырғанда олардың пайда болуын сонау ерте уақыттағы тарихи кезеңдерден бастап, өзiнiң нақты қызметiн қалыптастырып үлгерген Алаш ордашылардың халыққа жат саяси партиясына дейiн талдау керектігі айтылған. Осы сxeманың енгiзу үшiн Халық ағарту комиссары Т. Жүргеновке келіп түскен ұсыныс жобада жаңағы жогарыда көрсеткен үш мәселе негiзiнде нұскаулар басшылыққа алынбаған. Қайта қазақ халқының тарихи өткенiн талдауға арналған сол схеманың III бөлiмiнде “Қазақстан патша үкіметінің отары. XIX ғасырдың ортасы-ХХ ғасырдың басы” деген мәтiн жазылып, онын 4 бөлімшеден тұратын салалары жазылды. Осы схеманы басшылыққа алып, келесi 1936-37 оқу жылында орта мектепке арналған “Қазақ халқының тарихы” оқулығын жазу үшiн С.Асфендияровты басқа барша жұмыстарынан босату мақұлданған, әрі оны КССР халықтарының тарихын жазу жөніндегі директивалармен танысып, тарихты жазу үшiн құрылған арнайы комиссияның жұмысымен танысу үшін Москваға командировкаға жiберу ұйғарылған. Конспектіде Қазақстан мен қазақ халқының тарихына қатысты мәселелердi жүйелегенде оның Кеңестік Қазақстанның тарихына қатысты окиғаларын талдап, шешу мынандай реттiлiкпен кұрастырылған: а) ҚазАКСР-н құрылуы және Ортаазиялық межелеу (1920-1925 жж.) ә) Қазақстан социалистік қайта құрылыстар мен 1925-1933 жж. Ұлы түлеу (перелом) кезеңінде б) Қазақстанның 1933-1935 жж. қайта өрлеуі. Осы мәтінді құрастыру Тимофеев, Брайнин, Кабуловтарға жүктелген. Ал Қазақстандағы бүкіл ұлт-азаттық көтерілістердің тарихын жазу Асфендияров, Вяткин, Алманов, Хохолковтарға жүктелген.
Көрiп отырғанымыздай, 1935 жылы дүниеге келген осы екінші «Конспектінің» мазмұны патша өкіметінің отарлау саясатының мән-мағынасын ашумен ерекшеленеді. Бірақ ол, Т. Жүргеновтың енгiзген түзетуiне дейiн отарлаудың ауқымды мақсатын айқын көрсете алмады және халықтың болашақ тарихын жоспарлаумен өзінің құнын кетірді. Өйткені, тарихтың болашағын жоспарлау саясатқа бой алдыруды ғана бiлдiредi. Сондай-ақ ол “Конспектідегі” қазақ ұлтшылдығының тарихын әріден iздеу де саясатқа қатысты нәрсе болатын. Ал Т. Жүргенов болса, «Конспектінің» мазмұнын тарихта накты болған оқиғалармен байланыстыруды жақтап, қоныс аударудың салдарын, миссионерлердiң қызметiн, отарлаушылардың шикiзатқа қызығу мақсатын «Конспектіге» енгiзген. Тіпті ол, батыл қадам жасай отырып, қазақ ұлтшылдыгының тамырын iздеуге қызықпай, алашордашылардың саяси партиясына баға беруді «Конспектіден» алып тастаған. Мүмкін, оның осы қадамы кейiн жазықсыз жазалануына да себеп болған шығар. Оған тек тарихтың өзi куә.
КСРО ХКК мен КОКП ОК-тiнiң 1934 жылдың 16 мамырында бекіткен «KCPО мектептерiнде азаматтық тарих пәнін окыту туралы» және «КСРО бастауыш пен орта мектептерiнде география пәнін оқыту туралы» қаулылары, сонымен қатар осыдан кейiнгi жалпы білім беретін мектептеріне КСРО тарихының қарапайым курсын енгiзу, оқушыларға шетел тілдерін оқытуды жүзеге асыру және мектептерде КСРО Конституциясын оқыту туралы қаулылар педагогикалық және мұғалiмдiк институттардың жұмысына көп жаңалықтар әкелдi. Бұл құжаттарда көрсетілген пәндердi жалпы білім беретін мектептерде оқыту бағдарламасы үлкен сынға түсті. Мысалы, азаматтық тарихты жандандырып, қызықты етiп маңызды оқиғалар мен фактілерді хронологиялық ретпен, мазмұнды баяндағанда қоғамдық қайраткерлерді дәріптеп оқытудың орнына әлеуметтік үлгілерді, өзге қоғамдық-экономикалық формациялардың абстрактілі анықтамаларының дәріптелуi сынға ұшырады. Ол кездегi мектептерде жүйелік тұрғыдан да, өзiндiк курстар ретiнде де КСРО тарихы мен жалпы тарих оқытылмаған. Жаттандылық, үзiндiлiк және әлеуметтiлiк сияқты белгiлер сол кездегі тарихты оқытудың ерекше сипатына тән болатын. Осы жағдайларды есепке алған профессор С.Ж. Асфендияров, бiрiншi болып жалпы білім беретін мектептер үшін «Қазақстан тарихы» бағдарламасын жарыққа шығарды. Өз ұлтының тарихын барлық мектептерде енгiзудi мақсат тұтқан Санжар Асфендияров үлкен парасаттылық пен нағыз ұлтжандылықтың үлгiсiн көрсетуді бастағанмен, бағдарламаның теориялық кiрiспе бөлiмiнде маркстік тұжырымдарға арқа сүйенуге мәжбүр болған. Сонымен бірге оның осы бағдарламасының негiзiнде 1935 жылы жарыққа шыққан “Қазақстан тарихының очеркiнде” де маркистiк қағидалармен барынша санасу пиғылдары да бар екендiгiн жасыра алмаймыз.
Қазақстан тарихының оқулығын жазуды С. Асфендияровтан кейiн колга алған А.М. Панкратова болатын. Ол 1943 жылы М. Әбдiқалықовпен бiрге «Қазақ КСР тарихын» жазғанда, сол жылғы «Большевик» журналының сандарында оқулық авторларының Қазақстанға жекелеген проблемаларға жеткілікті көңіл бөлмегені сыналды. Бұл сындарға үндес пікірін бiлдiрген Е. Бекмаханов былай дейді: «Ал шындығында, Қазақстанда тарих ғылымының одан әрі дамуы қазақ халқы тарихының нақ осы жекелеген проблемаларын егжей-тегжейлi зерттеп жазуға, монографиялық зерттеулер жасауға келіп тіреледі». Ақыры, дәл сол А.М. Панкратованың басшылығымен Е. Бекмаханов араласқан «Қазақ КСР тарихы» - деп аталатын әйгілі ұжымдық еңбегiнiң бiрiншi басылымы Ұлы Отан соғысының аяқталар қарсаңында жазылып бiтiп, оның соңы Е.Бекмаханов жазған бөлiмге байланысты соғыстан кейiн де үлкен дау-дамайға ұласқаны тарихтан белгiлi.
Соғыстан кейiнгi Қазақстандағы тарихи білімнің дамуы Қазақстан тарихы оқулығындағы Қазақстан тарихының маңызды мәселелерін анықтауда жiберiлген «идеологиялық қателiктердi» тузету науқанынан басталды. Қазақстандағы тарих ғылымының таяудағы мiндеттерiн белгiлеген Қазақстан коммунистік(большевиктер) партиясының Орталық Комитеті өзінің 1945 ж. 14-шi тамызда кабылдаған “Қазақ КСР тарихының екінші басылымын даярлау туралы” қаулысында негізгі мiндет - идеологиялық қателіктерге жол бермеу екендігін билікке қолайлы тұрғыдан көрсетіп берді. Партия белгілеген осы негізгі міндетті бағдарламалық құжат ретінде бірден қабылдаған ҚазКСРО Ғылым Академиясындағы тарих, археология және этнография институты 1947 жылы 15-19 мамыр аралығында өзінің алғашқы сессиясын өткiзiп, Қазақстан тарихы оқулығына қатысты бірқатар мәселелердi сын тұрғысынан талқылады. Сессияда баяндама жасаған ҚазКСРО Ғылым Акедемиясының толық мүшесі, профессор С.В.Юшков оқулықтың жазылуындағы кемшлікті Қазақстан тарихшыларының қазақ тарихынан сүбелі еңбектер бере алмай отырғанымен байланыстырды. Осы сессияда белсендiлiгiмен көзге түскен тарихшы Х.Г. Айдарова болса, өз баяндамасында қазақ тарихының ұлтшылдық тұрғыдан жазылуына Ә.Х. Марғуланның қатысы барын айтып, оның ықпалындағы тарих институтын бірқатар тарихшылардың қазақ ауыз әдебиетіндегі фольклорды тарихи дерек ретiнде ғылыми айналысқа келтiре бастауын ұлтшылдық белгiлерге жатқыза келе, қазақтың ауызша тарих айту дәстүрiндегi фольклордың рөлін коммунистік идеологияға қайшы келетiн тұрғыдан сынға алды. Сөйтіп ол, қазақ тарихы оқулыгының жазылуын идеологиялық жағынан күшейтудi жақтады. 1949 жылдың 9-шы шілдесінде «Казахстанская правда» мен «Социалистік Қазақстан» газеттерi арқылы халыққа жеткізіп, тамыз айында Қазақ КСР ғылым акедемиясының №8-ші Хабаршы журналында жарияланған К. Шарипов дегеннің «Қазақстан тарихын марксистік тұрғыдан пайымдау» деп аталатын мақаласы Е.Бекмахановтың монографиясын қатан сынаумен ерекшеленгенмен, бұл макаланың негiзгi мазмұны кез-келген тарих оқулығын марксистiк тұрғыдан жазуды көрсетіп беру болатын. Яғни, болашақ оқулықтардың мазмұны тап күресiнiң тарихымен үндесу керек болды. Осыған байланысты К. Шариповтың пайымдауында қазақ тарихындағы кеңес дәуiрiне дейінгі жер дауы, жесір дауы сияқты даулар, бара-бара әлеуметтік күштер арасындағы өзара тартыстарға ұласып жатса, бұл қоғамдағы бір-біріне қарсы тұрған әлеуметтік таптар күресiнiң салдары болатын. Сондай-ақ оның көзқарасы бойынша, ірі қалалары мен өзiне тән жазу үлгілері болып көрмеген Қазақстан, кенес өкіметі тұсында ғана социалистік құрылысты таңдау арқылы өзінің мемлекеттiлiгiне толық қол жеткізген, әрi ол тек қана ұлы орыс халкының көмегiмен болған жетістік – деген екен.
|
|||
|