Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 34 страница



«гут-гут камара», «хон де хок» деп кісінің құлақ етін жейтін бригадир «танымаймын десе танымаймын» деп безектеді: Жұрт оған: «Ендеше сенің Берлинге барғаның да, тіпті,на то пошло соғысқаның да өтірік, қашып жүріп қайтып келген дезертирсің», – деп шабына от тастай шамдандырды. ал, ол болса: «Е, немене, мен ол қыздың қойнына жатыппын ба», – деп безектейді. Сол бір шақта ауданнан ауылға автобус жүрмейтін. аптасына екі-үш рет қатынайтын Қожақтың машинасы болмаса, адамдардың көбі қара жолда шұбырып жаяу-жалпы кетіп бара жататын. агроном қыз да жаяу келеді екен деген хабар дүрліктіріп және жетті. Шыңғыстайдан шыға берістегі бір шақырым жырақта Күркіреме деген бұлақ бар еді. міне, осы бұлақтан бері өткен қыздың алдынан тайлы-таяғы қалмай ауылдың мұқым еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін қаптап шыққанда жолаушы есі қалмай қуанды; өзін қарсы алуға шыққан ақ ниетті адамдар екен деп балаша мәз болады. Бірақ, жақындай-жақындай келе өңі қуқыл тартып, өзгеріп сала берді. Әдемі бір көңілмен «Здравствуйте» деп сәлем беріп еді, қабақтарынан қар жауып, оқты көздерімен ата қараған қазақтардың тіпті өңдері жылып, еріндері де жыбырламады. Барлығы да әзірейіл көргендей екіге жарылып, ығыса жол берді... Әркімге бір жаутаңдап, қолға түскен қояндай қорқақ халді басынан кешірген неміс қызы: «Колхоздың кеңсесі


қайда?» – деп сұрады орысша. Жауап болмады. Жауар бұлттай түнерген ожар топтың мұзы еріген жоқ, қайта бұрынғысынан әрі дүмбілездене түсті. Енді не істерін білмей сасқалақтап тұрды да, бетін қолымен басып жылап жіберді. Осы шақта сеңдей сірескен суық топтың арасынан Нұрланның шешесі жұлқына шықты да: «Жылан көргендей болмаңдаршы түге, бұл қыздың жазығы не?» – деп қолынан жетелеген күйі колхоз кеңсесіне қарай дедектете жөнелді. Сандуғашқа наразы болған жұрт нәумез көңілмен күңкілдесіп бет-бетіне тарай бастады.

Бұл оқиға Нұрланға әсер ете қойған жоқ. Оқудан қолы босаса болды, әкесінің орнына қорықшылыққа кетеді. Әсіресе соңғы күндері бұрынғы желікті көңілі суынғандай, мазасы кетіп, бей- жай, ұйқылы-ояу манаурап жүрген. Әжептәуір ән айтатын өнері бар-тын. мектеп директоры мен класс жетекшісі қаншама қолқа- лап: «Оныншы кластан көшірмейміз, бағаңды кемітіп қоямыз» деп ұрысса да, 9 май күні болатын концертте ән айтпауға бекінді. Осы мізбақпас қатты мінез кімнен жұққанын, қайдан пайда болғанын өзі де түсінбеді. Бері тарт десе, ары тартып, құрысып-тырысады да қалады. Ұлы Жеңіс күнінде ән айтпауы қуанышқа қарсылық емес, ішін кеулеп, санасына ұйықтаған бейжай сезімнің, өзгені қойып өзі де сезе бермеген тұңғиықты ойларға, өзі ұға бермейтін бұйығы оңаша бір тірлікке қақпайлап алып кетуі еді: мынау аппақ дүниені... баз кешіп, әлі ешкімнің аяғы жетіп, табаны тимеген өз аралын – өз арманын іздеуі, жер бетіндегі қыбыр-жыбыр тірліктің қай-қайсысына да қанағаттанбауы, бөтен, қорқыныштылау сапарды сағынуы немесе ешкімге білдірмей ептеп ерлікті аңсауы – сөйтіп, бозбалалықтың боз атына мініп, алысқа, бозала таңдағы мұнарлы жорыққа аттанып, содан жүз жылдан соң, бәлкім мың жылдан соң, маңдайы жарқырап оралса ғой, әттең... Қанағатты, табыну мен жалынуды мансұқтап, өр серпіп өтер көңілдің көк құсы еркіндік аспанына шырқай ұшар дауылпаз шағы – он сегіз жасар Нұрланның өн бойын улап, сезім сергелдеңіне салған еді. Егіндікте шошаң етер мал болмаса да әкесінің ақкеңсірік қарагер атына бір мініп алса, қайтып түскісі келмей ұзақты күн сенделетіні-ай... агроном қыз келген күні де көп-көп қызықтан құр қалып, Қарадалада жортуылдап жүрген. Кешке жақын оралған ол ақкеңсірікті арқандап, отқа қойып үйге келгенде шай үстінде шешесі айтты:

– ауылға агроном қыз келді. анна апаңның үйіне квартирге тұрды. – Нұрлан мән бермей аз-кем отырды.


– Неміс қызы екені рас па? – деп сұрады әкесі.

– рас дейді. атын айтып еді, қиын екен, есімде қалмады,

– деді шешесі, – мен болмасам байғұсты өлтіріп қоя жаздады.

– Әңгімелесіп көрдің бе, – деді әкесі.

– Қайдан, – деді шешесі, – қазақша білмейді. анна апаңның айтуына қарағанда оңды қыз көрінеді. Е-е, есіме енді түсті, аты лиза.

– лизә емес, луиза шығар, – деп түзету жасадыәкесі. Әңгімені алғашында зауықсыз тыңдап отырған Нұрланның құлағы елең- дей бастады. Керең адамдай меңірейіп, біраз отырды да:

– Қашан келді? – деді түйеден түскендей.

– Түстен кейін, – деді ыдыс-аяқты жуып жүрген Сандуғаш.

– мен барып көріп қайтсам қайтеді?

– ат соғып, шаршап келдің, тұштаңдамай деміңді ал. Таң ата қайта тұрасың, әкеңнің атқа мініп, мал қайырар шамасы жоқ, – деді шешесі.

– Барсын, – деді төсегін қамдап, жатуға ыңғайланған әкесі.

– Бармайды! – деп кесіп айтты шешесі. – Ол қыз ешқайда қашпайды. Іргеңде көрерсің. Қарағайдай мүйізі, сайтандікін- дей құйрығы жоқ, маруса секілді ақ сары, көк көз қыз. Шашы әдемі екен, – деді шын сүйсінгендей, – аппақ болып иығына төгіліп жатыр, көздің жауын алады, сенен әлдеқайда үлкен, жиырмадан асса керек.

«Шашы керемет екен, аппақ болып иығына төгіліп жатады...», – деп ойлады ішінен Нұрлан.

 

Нұрлан 9 май күні әдеттегіден әлдеқайда ерте оянды. Біреу бүйіріне біз сұғып алғандай селк етіп атып тұрған. Көзін жыпылықтатып жан-жағына үрке қарап еді, төргі бөлмеде әке-шешесі қаперсіз ұйықтап жатыр екен, басқа бөтен үн жоқ, жым-жырт тыныштық. Түні бойы жау салған ескі жараның орны сыздап, шыдатпай зарлап көз ілмеген Әкім таң алдында ғана байыз тауып, ептеп көз шырымын алған секілді. аяғының ұшынан мысықша жұмсақ басып, сыбдырын білдірмей далаға шықты. аспан шайдай ашық, тұп-тұнық екен. Сол ашық ажармен төбеден төнген тұп-тұнық аспанға аңтарыла қарап тұрып, тұнығы шайқалмаған көңілдің көк дөненін желікті мінезбен ерттеп қайта мінді. алтайдың шығысы ағараң тартып, алып таудың ар жағы бірсін-бірсін өртеніп бара жатқанға


ұқсайды. Шығар күннің алтын жалқыны ұшпа шоқылардың сонау... ұшар басына әшекейлі тақия кигізіп, ыңырана кергіп баяу көтеріледі. Бұқтырмадан жеңіл бу ұшып, ол да аңғардың алқымынан ұзай алмай, қор бола шұбатылып бауырлап жатыр. Тынымсыз сайраған бозторғай, алаңсыз ұйқы тұншықтырып серейген ауылды оята алмай шырылдайды бейшара. ал, енді- енді ғана қылтиып баламұрттана бастаған көкті көктемгі шық қабыздап, артыңда басқан ізің батып қалады. ауада сарайыңды ашар жұмсақ салқындық бар. Тау ішінің қоңылтақ желі, таң алдында сап болып аңғарды ғажап бір тыныштық жайлаған. Нұрлан денесі жазғытұрымның жібектей салқынтым ауасына шомылған соң сергіп салды. ақкеңсірік арқандаған қазықтың айналасындағы тісіне әрең ілінетін көкті тақырлап жеп, қара топырағын шығарып басқа ұрғандай сұлқ тұр екен, Нұрланды көргенде кегжең еткізіп басын оқыс көтерді де, аяңдап келіп жүгендегенше қос құлағын тіге оқыранды. Бұқтырманың Жалпақөткел деп аталатын бір айырығына жетелеп апарды, асықпай суарды, сонсоң жетелеп үйіне алып келіп асықпай ерттеді. Бұдан соң, бишігін қолына алып,күнбағыс себілген аңызға беттеді. Түні бойы жусаған жерінен керенау көтеріліп, керілген сиырлар тұяқтары сыртылдап өріске беттеген. Күн шықты. ауыл біртіндеп ояна бастады. Ескі клубтың шекесінде Жеңіс күнін айғақтайтын Қызыл ту желбірейді.

Тоғызыншы май күні балалар оқуға барған жок. Үлкендерше мерекеледі. Қабырғасын қақыратып жүріп азаппен жеткен Жеңіс күнінде ыңырсып ине жұтқан иттей үйде жатуды ар санады-ау деймін, Әкім де ілдалдалап орнынан тұрып, қорықшылыққа өзі кеткен. Кешке клубта өтетін салтанатты жиналысқа шақырып, ауылдық советтің председателі сөз сөйлейсің деп тапсырған.

«мені қайтушы едіңдер мазалап, өзгелер де жетеді ғой, соғысқа барған жалғыз мен емес», – деп тартыншақтап еді, предсе- датель: «Немене Жеңіс күніне қарсысыз ба, Ұлы Жеңіске қуан- байтын шығарсыз», – деп әкіреңдеген соң амалсыз көнген. Көнсе де ішіндегісін ақтарып барып, жарайдыға көшіп еді: «Сен маған өйтіп қоқаңдама шырағым, – деді Нұрланның әкесі. – Бір көргенім сен емес, борбайыңда лыпаң жоқ қара сирақ болып қаңғып жүргеніңде, мына мен – жапон, фин соғысын тәмамдап, сонау ит өлген жер – Берлинге дейін жаяу барған адаммын. мен – біле-білсең қазақтан шыққан тұңғыш офицермін. Сонау 1936 жылы қазақтарды әскер қатарына шақырғанда бірінші


болып тіркелген мына мен. Қаныма айырбастап алған жеңісті тартып алайын деп көкіп тұрсың ба? – Бұл ауылға алдыңғы жылы келген жас сельсовет қып-қызыл шиқандай болып қатты ашуланды. Бар қолынан келгені «штраптатамын» деп шатпақтап,қойнындағы мөріне жармасты. Әкім шал оның быдық-быдық еткен сөзін құлағына ілмей, атына мінді де, қасқайып мал қайыруға аттанып кете берген.

– Сен шал өлесің, – деді жас председатель артынан ай- ғайлап, – кеудеңдегі қорғасын қоймайды, бүгін болмаса ертең мұрттай ұшырады. Сонда сен шалдың сүйегіңе топырақ салуға бармаспын».

– Е, – деді шал оған айғай салып, – төрт жыл оқ пен оттың ортасынан сен салатын бір күрек топырақтың дәмі айдап келген-ау.

Нұрлан жаңа келген неміс қызын күні бойы көре алмады. Бұрынғыдай емес анна апасының үйіне алқын-жұлқын жетіп баруға өз-өзінен қысылды. ал, қыз болса ерегескендей тіпті есік алдына да шошаң етіп шықпады-ау. Қарай-қарай көзі талған Нұрлан қас қарая, елмен бірге клубқа аяңдады.

Клуб дегеніміз ертеректе салынған жатаған ескі үй.

астын тақтайлап, төріне сахна орнатып, әдемілеп әктеген соң даңғарадай мәдениет ошағы болып шыға келген. Жаңасын салып аламыз деп тепеңдегендеріне бес жыл толды, құрғақ уәдемен келеді. Тәуекел деп бастап кетсе,«ынтымақ» колхозының байлығы жетер еді. Құнттың жоқтығы ма, әлде уақыттың аздығы, жұмыс қолының жетпеуі ме әлі күнге жетесіздік жасап отыр. Нұрланның естен кетпейтіні – былтыр осы туған ауылына радио орнатқандағы оқиға еді. Қас қылғандай сым темір жүргізген жігіттер: «Сендердің үйлерің негізгі көшеге кірмей, қаға берісте үркіп тұр. Сонау астыртта жатқан анна мен Әкімге жеке діңгек орнатар жайымыз жоқ»,

– деп радио жүйені бұларға жеткізбей бұрып әкеткен. Екі айдай басқа үйге барып әбден әлегі шыққан Нұрлан әкесіне таудан діңгек алдырып, үш күн өзі мықшыңдап шұңқыр қазған. Сосын кіндік шешесі мен өз үйі ортасына зәулім бағана орнатып, сым тарттырып еді. Сөйтіп, қақсаған қара табақ Әкімнің үйінде де ән салатын болған. Ең қызығы, клубтың шатырына үлкен ақ шелек – радио орнатып, тұңғыш рет дүниені дүрліктіре сарнап қоя бергенде, Шыңғыстайдың тігерге тұяғы қалмай, бар малы тауға қашып шығып кетіп еді. Сонда талай үйдің малы


жоғалды. Иә, сол ақ шелек бүгін дамыл таппай сөйлеп тұр. Нұрлан «Жеңіс! Жеңіс!» деген сөзден басқа жарытып еш нәрсе ұға алмады. Қатты жаңғырыққандікі ме даңғараланып, анық естілмеді. Электр шамын уәде еткенімен әлі орнатқан жоқ. Жиналыстың бәрі керосин шамының жарығымен өтетін еді.

Клубішіәдеттегідейалакөлеңкеекен.адамдаркөпжиналып- ты. Балалар жағы сахнаның алдына қойдай жусап бағана, ерте жарықтан жатып алған. Жиналыстың артынан кино көрсетіледі деген соң қызыл іңірден келіп, жайғасып біржола орын тепкен секілді, кейбірі қалғып-шұлғып әрең отыр. Қарағай тақтайдан мықтап жасалған ұзынынан-ұзақ орындықтарда қаздай тізілген ауыл адамдары күбір-сыбыр көңілді шертіседі. Сахна төріне де тақтайдан істелген биік стол қойылып, қызыл матамен жабыл- ған. Нұрлан босағаға сүйеніп біраз тұрды да арт жақтағы самаладай болып сап түзеп түрегеліп тұрған жастарға барып қосылды. Президиумға әуелі колхоз бастығы, сонан соң ауданнан келген өкіл, соңын ала ауылдық Советтің председателі келіп ырғала, ыңырана жайғасты. Колхоз басқармасының бастығы көпшілікпен бас изесіп амандасқан болды да, анадай тұста отырған Әкімді төрге шақырды. Ондай құрметті күтпеген қорықшы қорынып қалып еді, ауыл басшысы: – Әкім аға, президиумға келіңіз, бұл – сіз әперген жеңіс! – деп қолқалап болмаған соң, ыңғайсыздана қызыл столға барды. Бұл – Әкім Әкім болғалы көрген құрметі еді. Отырғандардың арасынан

«жауды жалғыз жеңгендей, жаман шалды есірткені несі» деген нәумез күңкіл естілді. ауыл ағасы сөз бастады:

– Немістерді күл-талқан етіп, қорқауларды өз ұясында талқандаған Жеңістің ұлы күніне арнаған салтанатты жина- лысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. – Сатыр- сұтыр қол соғылды. – Бірінші сөз аудандық партия комитетінен келген өкіл Бекбау Қарасартовқа беріледі, – деп үлкен іс бітіргендей орнына нығыздана қайта отырды. мінбеге өкіл шықты. Орта бойлы, қызыл шырайлы, шашын артына жылтыратып тараған толық кісі ең әуелі аспай-саспай кителінің түймесін ағытып қойнынан қағазын шығарды, бұдан соң көзілдірігін алып, оны үрлеп жіберіп қол орамалымен сүртті, киді, сонсоң тамағын бір кенеп алып, манаураған күйі бір кекіріп оқуға кірісті.

– Жолдастар! Біздің соғысқанымыз председатель жолдас айтқандай тіпті де неміс емес, неміс басқыншылары, яғни Гитлер


бастаған фашистер, – деп ауыл ағасының кіріспе сөзіне саяси өзгерту енгізді. Бұл сөзді ол қағазға қарамай, ауызша айтты. Дәл осы кезде клубтың ойбайлап ашылатын есігі ән салып, жаңа ғана қаймақши бастаған бүкіл тыныштықты бұзды. мінбеде тұрған өкілден бастап түгел – бәр-бәрі адамдық әуестікпен есікке жалт қарасқан. Келген агроном екен. Нұрлан оны ал дегенде танымады. Басына орамал тартқан қыз алакөлеңке үйде ауылдың көп қызының біріне тым ұқсаған. Жанындағы шайыр шайнап тұрған шофер жігіт Қожақтан сұрап еді, жалмаң қағып, жынын шашқан түйедей былш еткізіп еденге түкіріп тастады да: «Немістен келген шыбыш, жаудың тұқымы», – деп гүр ете қалды. Жұрт енді өкілдің сөзін тыңдаудан гөрі тірі, есіктің көзінде состиып тұрған немістің қызын қызықтауға көшкен. ауыл ағасы осыны сезді ме қолындағы қарындашымен столды тықылдатып: «Қане, жолдастар, тынышталыңыздар», – деп ескерту жасап өтті. Сонсоң, әлгі қызға:

– Проходите, пожалуйста, садитесь, әй жігіттер, бірің орын берші, – деп еді, ешқайсысы міз бақпады. агроном қысылып қалды білем: – Ничего, я могу постоять, – деді майда үнмен. Бұл оқыс көрініс, жат қылық өкілге жаққан жоқ білем, қыржиып, көзілдірігінің астынан сүзе қарап, баяндамасын әрмен қарай жалғастырды.

– Жолдастар! Неміс-фашист басқыншыларын талқандап, азаттықтың таңы атқанына, міне, он жыл! (отырған жұрт тағы да агроном қызға қарады) Жеңіс бізге оңайға түскен жоқ, жолдастар!

20 миллионнан астам совет халқы қырылды. мыңдаған әйел жесір, мыңдаған бала жетім қалды. Украинаның, Белоруссияның қалалары мен селолары талқандалды...

Осы кезде арт жақтан айғай шықты: «агроном қызды тірідей қақтап жемей неғып отырмыз. Қырып-жойып, өлтіріп- өртеп, қиратып-бүлдіргендері аздай ауылымызға тайраңдатып жібердік. Құдайдың қызы болса... да әкеңнің аузын...»

Кеңірдек жырта айғай салған Нұрланның қасында тұрған Қожақ.

Нұрлан әлгі бір ұрда-жық сөзді өзі айтқандай жаман қысылды да, шофердің жанынан жылыстап кейін тұрды. Есікке енді бір қарағанда неміс қызы жоқ екен...

Кино қызықты болды. Советтің солдаттары Гитлердің әкесін танытып, соққанда сөлін, қаққанда қанын алды. Тықсыра қуып,


желкелеп, жұдырықтап жеңіп шығады. Біздікіндей емес, ол кездегі кинода, неміс солдаттарының түрлері де сұқсырайған қорқынышты, адамнан гөрі хайуанға көбірек ұқсаушы еді; әлсіз, әлжуаз, мүлдем соғыса алмайтын өңкей бейшаралар еді...

Кинодан соң созалаңдай барып зорға басталған ойынға Нұрланның қалғысы келмеді. Үйге кіруге де зауқы жоқ, қашаға сүйеніп көп тұрды. аспанға қарап еді, бүгін жұлдыз самсап жиі туған екен. ауада көктемнің салқын лебі бар. Клуб жақ у да шу араның ұясы секілді. Делдиіп, бостан-бос тұрғанша егінжайды болжап келейін деп оқталып еді, әкесі өзі кеткен бе ақкеңсірік ат аулада көрінбеді. анна апасының үйіне қалай келгенін, неге келгенін өзі де сезбей қалған. Әйтеуір, бір ырықтан тыс тылсым күш жетелей жөнелгені рас еді. Кірер-кірмесін білмей, аңтарылып біраз тұрды. Тайдай тулай жөнелген жүрек лүпілін әрең байыздатып, тәуекел деп есік ашты. алдыңғы үйде кіндік шешесі көрінбеген соң төргі бөлменің есігінен жасқана сығалап еді, анна төсекке етпетінен түсіп, солқылдап жылап жатқан агроном қыздың шашынан сипап отыр екен, мұны байқаған жоқ. Нұрлан аяғының ұшынан басқан күйі лып етіп қайта шығып кетті. Жүрегі қысылып, қолқасына кептеле тағы да тарсылдап ала жөнелген... Кеудесінен мың-миллион ат дүрсілдете шырқай шапқылап өтіп жатқандай. Тіпті, өз жүрегінің соғысын өзі естіп келеді. Баяғы, жар жағасындағы жалғыз теректің түбіне келді. Бұқтырма кешегіден гөрі жақындап қалған, енді аз күнде бәйтерекпен мүлде қоштасатынын білді. Бүкіл балалығы саясында өтіп еді. Әке-шешесіне өкпелесе осы кәрі теректің түбіне қашып келетін. Нұрлан осы бәйтерек пен анна апасын өте ұқсататын: мейірімді, кімді болса жатырқамайтын кең пейіл... Неге екені белгісіз, оның көз алдына етпетінен құлап, жылап жатқан агроном келді. аяды. Жоқ, аяған жоқ, «Неміс бізді де аямаған», әншейін бозбала көңілмен әуестене еске алды. анна апасы мұны да талай алдына алып, басынан сипап уатқан. Енді оның бойын қызғаныш меңдеді. Егер немістің қызы болмаса ғой, кіндік шешесінің орыс пешінен жаңа ғана алынған борщын ішіп, ыстық нанын жеп, жып-жылы, шап-шағын үйде масайрап отырар еді. анна апасы бұған Волга өзені туралы ұзақ-ұзақ әңгіме шертер, сонсоң ұлы өзен жайлы ыңылдап ән айтар, сол әңгіме мен әннің әуені жетелеп орыс пешінің үстінде Гриша ағайдың тонын иіскеп, тәтті ұйқыға кетер еді. Шалы өлгеннен бері кіндік шешесі шешіліп, бұрынғыдай жайраңдап


күліп, масайрап, көл-көсір көңілмен әңгіме айтпайтын еді. Көп күрсінетін, үнсіз іштей егілетін, сырттай жүдейтін. Бұрынғыдай емес белі бүгіліп, шөгіп барады; бұрынғыдай емес көзінің нұры қашып, жасаурай беретін болып жүр. Нұрланға ине сабақтап бер деп сан рет шақырды. анна апасының осы ауыл үшін мүлдем жат тұрмысы, ойы, әңгімесі, адамдарға деген қарым-қатынасы Нұрланды қайран қалдыратын. Тіпті кіндік шешесінің үйіне кіріп келгенде басқаша, мүлдем басқаша иіс сезетін. Жер бетіндегі қыбырлап жүрген адамдардың өз мінезі, өз бет-бейнесі, өз тірлігі бір-біріне қаншалық ұқсамаса, сол адамдардың исі де соншалық өзгеше екенін сонда ғана ұққан. адам иісі! Нұрлан бұл үйден борщ ішіп шыққан түні «сенен орыстың иісі шығады» деп мұны ауыл балалары жандарына жолатпаушы еді. Бірақ ол үшін бұл әлемде анна апасынан тәтті, кереметтей сұлу, жаны жайсаң кісі жоқ секілді. Шүйкедей ғана көк көз, сары кемпірді сәбилік таза көңілмен кереметтей сүйетініне өзі де қайран қалатын. Қызылшақа, балапан кезінде астық оруға кеткен шешесі мұны ылғи да көршідегі орыс кемпірдің үйіне бесікке бөлеп, қалдырып кетеді екен. Сонда қарны ашып, безектеп жылаған баланы анна сан рет өз омырауын беріп, уатады екен; аналық мейірімге бөленіп қарны тойған соң, томпайып ұйықтап қалады екен. Бәлкім Нұрланды өз шешесінен гөрі кіндік шешесі көбірек емізген шығар; бәлкім жаңа туған жас нәресте ана емшегін, ана махаббатын талғамайтын шығар... бәлкім жер бетіндегі балалардың және жер бетіндегі аналардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ та шығар...

Бұлқан-талқаны шығып аласұра аққан Бұқтырманың жаға- сында отырған Нұрлан әкесі Әкімнің әңгімесін есіне алды. Әкесі айтатын:«Григорийменаннаалтайғатымертеректе,уыздайжас кезінде, 1910 жылы жер ауып келіпті. арқасына таңған дорбасы- нан өзге байлығы жоқ, қыз бен жігітті қазақтар құшақ жая қарсы алған. Григорий ағай алғашында Әбдікәрім болыстың писарі болып қызмет істейді. Кейін қазақ тілін үйрене келе, тілмәші болады. Жергілікті қазақтармен бірге бұлар да жаңа өкіметті жанын сала қарсы алады. Үй салып Шыңғыстайды атамекеніне айналдырады. ауып келген орыстарды елдің бәрі бірдей жақсы көрген жоқ, кейбірі: «Кірме, қаңғырып келген қайыршылар» деп көзге шұқыды. алғашқы жылдарда сан рет қора-қопсысын, не моншасы мен маялап қойған шөбін



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.