Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 36 страница



– Қатының қайырлы болсын! – деді Нұрланға. – Немене мектепті бітірмей жатып үйленбексің бе? Немістің, жаудың қызынан әйел алсаң жетісерсің, өй, әкең...


Әбден кетеуі кеткен машинасы селкілдеп барып сөніп қалып еді, қолына иір темірін алып қарғып түсті де, тістеніп тұрып бұрап-бұрап жіберді. машина тырқылдап барып от алды. Сонсоң секіріп қайта мінді. «Өй әкелеріңнің...» деп бір балағаттады да, ар-ұр еткізіп машинасын айдай жөнелді.

– Кто это? – деді луиза ұзай берген машинаның артынан көз алмай қарап тұрып. Нұрлан бұл сұрақты ұқты.

– Қожақ, біздің ауылдағы жалғыз шопыр осы, – қыз Нұрланның сөзін ептеп түсінді білем:

– Красивый парень, – деді әлі көз алмай қараған күйі. Нұрлан бұл сөзді ұқты, әмбе ішін бір қара мысық тырнап өткендей болған.

Жайбарақат тұрған Байшұбарды шу деп тізгінінен оқыс шау- жайлап қалғанда қаперсіз отырған агроном «ой, мама» деп құлап қала жаздады.

Сол күннің ертеңінде Нұрлан жар жағасындағы жалғыз бәйтеректі таба алмады.Орнында екі жағалауын кемірген жемір өзен Бұқтырма ғана бұлаңдай ағып жатыр. Тып-типыл. Бұл жалғанда жүз жасаған кәрі ағаш тіпті болмағандай. Теректі іздеген жалғыз Нұрлан ғана емес еді, шулай ұшып, айналсоқтап көп құс жүрді. Жылағысы келді. «Қалайша, дүниедегі ең зәулім, ең мықты ағаштың бір-ақ түнде ғайып болғанына қайран қалды. Тамырына тырмысып неге тұра бермеді? Әлде асау өзенге қарсы күресер дәрмен болмады ма; әлде ағаштың киесі болады деуші еді, солар ұрлап әкетті ме; әлде... ағаштар да адам секілді – туар, сонан соң азды-көпті жасар, сонсоң – өлер. Тәңірім-ау, ағаштар да өлер ме, иә, өледі, жаңасы өнеді өмірге». Нұрлан ауру әкесін шошына есіне алды. «Жо-жоқ, бұл дүниеде ештеңе де жоғалмайды, өлмейді, әйтеуір бір күні... бәлкім жүз жылдан соң... бәлкім мың жылдан соң қайтып оралады. Біз, тірі жүргендер сол қайтып оралғандарды тек байқай алмаймыз, ал олар болса бізге көрінбей, көлеңке сынды қатар, жанымызда қол ұстасып, қолтықтасып ғұмыр кешеді. рас, рас, өлгендер қайтып оралады. Олар тек оралмайды, өздерімен бірге арғы дүниедегі бар жақсылықты – пейіштен ескен саумал самалды ала келеді; иә, олар тек ән салып оралады! арғы дүниеге ғасырлар бойы аттанған адамдар қол ұстасып, құндыздай шұбап ән салып келе жатса... тірілер не бетін айтар еді». Нұрлан өз ойынан өзі шошынды.

Бұқтырма тау-тасты басына көтере айбаттанып, сарқырап ағып жатыр.


Тоқтатар күш жоқ!

Нұрлан алтайдың күре тамыры іспетті ұлы өзен Бұқтыр- маны тұңғыш рет жек көрді – қатыгез, бас білмес асаулығы үшін жек көрді. Ертектегі көл жұтар секілді күні бітсе, жалғыз- ақ ұрттап, бір қасық суға зар болып отырған елге апарып ақтара төгер еді, әттең. Ол орталықтан шығатын бір газеттен оқып еді: жер бетіндегі судың 97 проценті ішуге жарамсыз екен; ал әлемдегі 40 мемлекет ауыз суына зар, американың кейбір аудандары суды Канададан сатып алады, тағы тағылар, тағы тағылар... алтайда өзен-бұлақтан аяқ алып жүре алмайсың. Әділетсіздіктің өзі табиғаттан басталады деген осы...

Көңілінен ел көшкендей болып жапа шеге үйіне қайтты. майданда барлық солдаттарынан айырылып қалып, тек соқа басы ғана кері оралған қайғылы офицердей. анна апасы келіп, әке-шешесі, бәрі шай ішіп отыр екен.

– Қайда жүрсің, тамағыңды ішпей, – деді шешесі.

– Өзен жағасына бардым, Бұқтырма жалғыз теректі ағызып әкетіпті. (Көзі боталап, отырғандарға қарады – бейнебір мынау дастарқан басында жағалай жайғасқан жандар Бұқтырманың көмейінде кеткен жалғыз теректі суырып алып, қайта орнына орнататындай жалбарынышты түрде жаутаңдай қарады).

– Байғұс, мен туғанда бар еді, – деді әкесі.

– Біз көшіп келгенде, бұл Бұқтырма сол теректен 300 метрдей ары ағып жатыр еді, – деді анна.

– Бәріміздің жастығымызға куә секілді еді, – деді әкесі.

– Осы жердің ақсақалы сол сықылданатын.

– Өзен – ол да бір өмір, – деді анна апасы.

– Бәйтеректің түбіне ылғи да үй жасап, қуыршақпен ойнаушы едім, – деді қарындасы мұңая.

Бірақ осы сөздің бәрі амалсыз айтыла салған әңгімедей салқын естілді. Жүрегі сазып, мазасы болмады. Енді әңгіме жүйесі агроном қызға ауысты. Тұрып кетейін деп бір оқталды да, амалсыз қайта отырды.

Шешесі айтты: – Квартирант қызың пысық па, үйдің ша- руасына көмектесе ме?

анна апасы айтты: – Шүкір, біртоға екен. Әр нәрседен хабары бар.

Әкесі айтты: – Өзі қай жақтың немісі, сұрай алдыңдар ма? анна апасы айтты: – Волга бойынан көрінеді. ата-бабасы

сонау Петр Біріншінің тұсында жер ауып келіпті.


 

ме?


Әкесі айтты: – Тіпті ерте келген екен өздері. ана тілін  біле

 

анна апасы айтты: – Ой-бой, ерні-ерніне жұқпай сарнап


тұр. Бұлар ана тілін өлсе ұмытушы ма еді?

Шешесі айтты: – Жерсініп кетсе жақсы, атқа да дұрыстап міне алмайды, жыл уағына жетпей қашып кете ме, әй, үйрене алмайды-ау. Басы жас байға тиіп, бала табу керек. Біздің итшіле- ген тұрмысымызға шыдай алмас.

анна апасы айтты: – Өзінің түпкілікті қоныс теуіп қалар ойы жоқ-ау деймін. Срогым бір жылда бітеді, сонсоң ел жаққа қайтамын дейді.

Шешесі айтты: – Ел көзіне күйік болмай, есі барда елін тапқаны ақыл.

Нұрлан ойлады: «мұның бәрі жалған. Еріккенде айтқан қаңқу сөз. Ол ешқайда да бармайды. Кетері бар, неге келеді».

Бүгін ерте жатып қалды, көпке дейін ұйықтай алмады. Бытықы-шытықы ойлар қаумалап, ары аунап, бері аунап берекесі қашты. Бір уақ тұрып кетпекке оқталды да, түбінде отырып сырласар бәйтеректен айырылған, мәңгіге  қоштасқан

– жалғыздығы есіне түсті.Бағана балалар киноға шақырғанда бармағанына өкінді. Шаршап барып, көзі ілініп еді, түс  көрді:

«Дүние аппақ нұрға шомылған... аппақ дүние, сол аппақ дүниеде луиза екеуі астарында ақбоз ат бар, қатарласа шауып жарысады. Күміс жалды ат не шаппай, не ұшпай беймәлім сапар, мақсатсыз бағытқа баяу қалықтап барады-ай. Нұрланға алғашында бір орында тұрғандай сезінді. астындағы аттың аппақ жалы мен неміс қызының алтын шашы желмен желбіреп, мынау ақбоз әлемнің жалындаған жалауына айналған...Ол енді луизаның ат құлағында ойнайтын ғажап өнеріне таң қалды. Өтірік екен ғой, атқа міне алмаймын деуі бекершілік екен ғой... Сонсоң, бұлардың алдынан шегірткедей қаптап қап- қара танкілер шығады. Кімнің, қай елдің танкісі екені белгісіз. Тұмсығын сорайтып,оқ бүркеді. Екеуі бірдей құлайды... Бірақ өлмейді... тек астарындағы ақбоз ат қып-қызыл қанға айналып қатып қалады... Екеуі бірдей: «мама!» деп жан ұшыра айқайлайды: «мама!»

Шошып оянды, сүмек болып терлеп жатыр екен. Үйдің іші тас қараңғы. Құлаққа Бұқтырманың сарыны естіледі... басқа үн өлген...


Көктемөтіп,жазкелді.Табиғаттамашағамалынып,көзденде, көңілден де қашаңдап кеткен көп-көп қызықты, алаңсыз күндер қазбен бірге қайта айналып келгендей еді. Ұлан-ғайыр шаруаны бітіріп тастап жағасы жайлауда риза көңілмен кеңк-кеңк күліп, кердеңдей басар ағайын секілді ел де соғыстан соңғы бейбіт күн- нің алғашқы шуағына маужыраған қалыпта. Енді қайтіп, бұл жалғанда мылтық атылмайтындай бейқам тірлік шыңғыс- тайлықтарды да мұңсыз-қамсыз жайлаудың шыбынсыз жазындай дүниеге жетелеп кеткен. Кешегі қан майданнан қалған жеңіске, ертеңіне – иә, иә, болашаққа, тіпті, бір-біріне деген ұлы сенім, қарымта-қарызсыз істелер адал еңбек, кең байтақ мемлекетті аяғынан тік тұрғызып, марқайта бастағаны рас-ты. Елге, жерге, қала берді бүкіл әлемге деген қалтқысыз сенімге ұласа бастаған. Жаз шыға ойдағы мал жонға көшіп, ауыл үстінен азан-қазан ұлардай шулап, жүріп өткен. Дала... төрт тұяқтың тозаңынан айырылып, тынысын кең алғандай еді. Онымен бірге кеше күн күркіреді! Күн ерте күркіресе ырысты жыл боларын шалдар бал ашпай біледі. Кемпірлер үй айналып, шөміш қағып, отқа ақ құйды. Сонау шамандықтан бермен келе жатқан ырым-кәде тағы да жақсылық үшін, тынышты өмір, бейбіт қоныс үшін жасалған. Себезгілеп алғашқы жаңбыр жауды: міне, міне түлей бастаған көк, жауқаздана бастаған гүл, жаңадан жапырақ жайған ағаш – нөсердің мөлдір тамшысына алақанын аша ұмтылған, ұяң сезіммен сүйсіне жұтқан. Осыншалық мол қызықпен жаздың да бір айы – маусымды көзді ашып-жұмғанша шығарып салған. Колхозшылар шал- ғысын жалаңдатып, шөп шабуға аттанды. Шалғын әсіресе биыл ересен.

Біздің жас кейіпкеріміз Нұрлан болса мемлекеттік емти- ханның қамымен әбігер, мұрнына су жетпей жүр. мектеппен қоштасу осыншалық қиынға түсер деп ойлаған жоқ еді, сәтсіздік ал дегенде қазақтың тілінен басталып, шығарманы үштік деген бағаға әрең жазып берді. Қыстай өте жақсы оқыған баланы мұғалімдер аяды, бірақ әділеттіліктен аса алған жоқ,«бірді айтып бірге көшеді... сақтанбай, салақ жазған, тақырыптың ауқымынан шығып кеткен, айталық Қамар сұлуды ақбоз атқа мінгізіп, жауға шаптырып қойған, ол ол ма, Қамар сұлудың көзі көгілдір, шашы ақсары, шалбар киген қыз еді деп көкіген...» Үштіктің өзін бұрынғы бағаларын ескеріп, ұялғанынан әрең қойғанын айтты.


Өміріне өзгеріс енгендей болған Нұрланның болмысында балалықпен қоштасып, ертерек ер жету бар еді. Балалықтың бал дәуренін ертерек жоғалтқанымен, елуінші жылдан бергі уақыт сол орны толмастай болған олқылықты жамап-жасқаған. Оның ноқта кимеген құлындай алаңсыз кісінеген жастығы, жазылмастан жараланған... жарыққа ұмтылған көбелекше тағат таппай шыр айналады. Бұл жалғанда луизадан өзге қуаныш та, жетімсіреген көңілдің медеті-сынды алданыш та жоқ еді. Жан дүниесінде жанартау болып жанып жатқан махаббатын білдіре алмай, білдіргенді қойып, әлі күнге күлімдеген бетіне тіктеп қарай алмай, сандалған және өзін осыншалық қор, жігерсіз, жасық сезінді; және өзін тым кеш туған, не тым ерте туған бұл дүниеге бөтен адам ретінде жек көрді, жиіркенді, тіпті өлгісі де келді; неге екені белгісіз дүние жүзінде ешкімнің батылы бармаған ұлы сойқан ерлік жасағысы келді; бірақ мынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда емес, басқа... ердің бағы сыналар қан майданда қаза тапқысы келді... Өзінің Отан соғысына қатыса алмағанына өлердей өкінді де... Ол сол соғыста өлмеген күннің өзінде қатты жараланып, ал қатты жараланып жатқан шағында неміс қызының тауып алып, үйіне апарып, ағайындарына білдірмей жасырын емдегенін, аузына су тамызғанын, жұп-жұмсақ, жып-жылы алақанымен қап-қара бұйра шашын сипағанын көкседі... Сонда Нұрланның бетіне луизаның жанарынан бір тамшы жас ағып түссе, сосын ақырын мұның ерніне ернін тигізіп сүйсе... (көзі ашыды, бірақ жылай алмады, жүрегі тоқтап қалған секілді шалғынға шалқалай құлады, сырлы тегенедей төңкеріле аспанға қарады, шегіртке ыршып шекесіне қонды – елемеді, құс сайрады, естіген жоқ, дүние: анау көк, анау жер – жым-жырт...) сырқатының беті бері қараған кезде луиза екеуі екі ақбоз атқа мініп, Германияның жап-жасыл орманын араласа, Германияның жап-жазық даласын армансыз кезсе, суретке түссе қандай әдемі болар еді. Бұл – қап-қара, ол – аппақ... (ат тұяғының дүбірі естілгендей болды) Ол ойлады – луиза екеуміз ақбозбен жарысып келеміз деп, көзін ашты, көзін ашса мың салса бір баспайтын Байшұбардың үстінде агроном қыз отыр.

Жатқан жерінен атып тұрды. Егер қыздың тақымындағы Байшұбар емес, одан басқа жастау жылқы болса қорс етіп үркіп, үстінде ербиіп отырған иесін тастап-ақ кетер еді.

– Я тебя испугала? – деді ол орысшалап. Нұрлан бұл сөзді


ұққанына есі қалмай басын изеді. луиза лып етіп аттан түсті, бұрынғыдай емес үйреніп қалған екен, қимылы ширақ. Сонсоң әлгінде ғана Нұрлан аунаған жерден қып-қызыл болып езіле піскен жидекті көріп, қолын шапалақтай айқайлап жіберді:

«Ой, как много ягод, какая прелесть-прелесть». Тізерлей отырып, теріп жей бастады. Таңдайына әр бүлдіргенді салған сайын тамсанып, басын шайқады: – Вот богатство, матушки- природы.

Нұрлан да еңкейіп, бір-екеуін аузына салды. Шынында да тәтті екен. Ес білгеннен бері теріп жеген бүлдіргеннің осыншалық дәмділігін енді-енді, қазір ғана анық сезінгендей. Екеуі аттарын ағаш түбіне байлады да, жарыса жидек теруге кірісті. Қыз алтайдың сұлу табиғаты, таза ауа, кәусар суына еті мүлдем үйреніп, қайран қала көп айтатын болды. Ол бірде аннаға осы ауылға сіз секілді біржола қалып қойсам қайтеді деп ақыл сұраған. Сонда жарты ғасырға таяу осы жерде тірлік кешкен кемпір ұзақ ойланып барып: «Өзің білесің, қызым, жаман айтпай жақсы жоқ, бүгін болмаса ертең басыңа істүскендей болса, маған өкпелер едің. адам теңін таппай, тегін таба алар ма. Жас кісі үшін табиғаттан өзге де қазықша байланар семья қызығы керек. Сен ондай ұяны осы жерден құра алар ма едің?» – Қыз мұңайып қалған. Бүлкілдей соққан жүрегіндегі мазасыздықтың сарынын сездіргісі келмеді ме, атқа мініп егін аралап кетіп еді.

Бүлдіргенді үзіп алуға еңкейген сайын луизаның ақ толқын шашы иығынан құлап бетін жауып қалады. Оның өзі бозбалаға теңдессіз сұлу әрі еріксіз тебірендіретін телегей тентек көріністей, сезімін қытықтаған. Жалтақ-жалтақ қарап, бүлдіргенді жегенінен гөрі таптап бүлдіргені көп. Ол осы бейнебір түстей болып елестеген суретті жоғалтып немесе былғап аламын деп қорықты. Жанында, иықтас қана жүрген адамның соншалық шалғай қол жетпес қиялдағы – алыстағы, әрі танымастай тым жат суықтығы қинады. Егер бұдан басқа өжеттеу біреу болса шыншыл жүрекпен сүйген, мөп-мөлдір сезімін дәл қазір ағыл-тегіл ақтарар еді; егер бұдан өзге өркөкіректеу біреу болса анау алақанат көбелектей ұшып- қонып табиғатқа еркелеген қызды бас салып құшып, сүйер еді, иә басқа біреу... Нұрлан өз ойынан өзі шошынды... «Жо-жоқ, луизаны ешкім, тірі жан құшақтауға тиіс емес. Ондай асыл жігіт туған жоқ!»


агроном жидекке әбден тойғанын айтты, қайтайық деді. Шыбындап, мазасы кетіп, тал түбінде тықыршып тұрған аттарына мінді де, ауылға қайтты. Жол-жөнекей жаңадан бас жара бастаған күнбағардың арасымен қақ жарып жүрді; қалың білекті өскен шекілдеуік аспанға қарап енді-енді ғана аузын ашып келеді екен. луиза осына теңіздей толқыған күнбағыс алқабына сүйсіне қарап, әлдебір түсініксіз әнді ыңылдайды. Нұрлан бұл әуенді ертеректе естігендей құлай тыңдаған және қосыла ыңылдауға батылы жетпей, тек ішінен иманын айта ерген болады. Ол, мынау аппақ дүниеде... барлығына – жер басып жүрген тірлігіне қуанды; ол мынау аппақ дүниеге... үзеңгілес келе жатқан неміс қызының жаралғанына мың мәртебе тәубе қылды. Осылай ұзақ-ұзақ маңып, жап-жасыл дарияны кешіп, алматыға, москваға, тіпті одан әрі Берлинге дейін жүре бергісі, жүре бергісі келді. Оған мынау астарындағы тырақы ат шаршамайтындай, ал мынау ал жасыл, ал қызыл, ал сары күнбағыс алқабы шексіз-шетсіз сонау Берлинге дейін созылып, жайнай-жасарып шалқып жататындай сезілді. Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ, мәңгілік деп білді. алтай өңіріне күнбағыс деген сүп-сүйкімді(әсіресе Нұрлан үшін) өсімдікті қатар жортқан қаршадай ғана луизаның ала келгенін, осы сапарлас, үзеңгісіне үзеңгісі тиіп қатар жортқан ақсары қыздың бастамасы, маңдай тері, ауданмен айтысып жүріп еккен дақылы екенін білмеген... бәлкім білген; оның анық ұғынғаны Күнді сүйіп, айналайын сол Күнге талпынып өсетін күнәсіз сәби іспетті өсімдік былтырлар ғана шаң басып, ақтаңлақ болып жатқан колхоз даласын – Қарадаланы сәнге бөлегені. Тіпті, көктемде ұрлап огородтарына, үйінің маңайына шашып жіберген әлгі күнбағардың жаз шыға қаулап, бүкіл ауылдың ұзатылар қыздай жасанып, қырмызыдай құлпырғаны еді... луизаның «Күнбағыс-қыз» аталуы да осыдан. анна Ивановна бір күні агрономға: «Сені ауыл адамдары «Девушка- подсолнушка» деп атайды» дегенде күнәдан пәк сәбидей уыз тазалықпен күлген, есі қалмай балаша мәз болып қуанған; кеше ғана атажауы ретінде қабылдаған ауылдың ішіндегі тоңы жіби бастағанын сезіп көзіне жас ала рақмет айтқан. міне, сол екі ұлттың арасын дәнекерлеген күнбағыс дариясында жұмыр жердегі жамандық, сұмдық атаулыдан бейхабар қазақтың уыздай өскінімен қатар жүзіп келеді-ай. луиза Нұрланның мұңдылау, бірақ қайратты дидарына қарап, өзінен кешірек туғанына өкінгендей, бәлкім қуанғандай күрсінді...


Нұрлан қалт-құлт етіп мектепті де тәмамдады-ау. Кәме- леттік куәлік қолына тиген соң, басқа оқушылар секілді қай оқу орнына барамын деп, басын қатырып жатпады. алыс, тым жырақтағы көрмеген қалаға білім қуып кетуге,  біріншіден

– қаражат жағы тапшы, екіншіден – мінекей, соғыстан бергі он жылдың ішінде әкесінің сырқаты бері қарар емес. Қайта күн өткен сайын денесіндегі жау салған темір жара сыздатып, асқына түскен. Қара шаңырақтағы ендігі қолқанат – жалғыз ұлдарынан айырылып қалғысы келмеді. Шешесі болса, әкесінің денесіндегі жара түбі алып жемей қоймайтынын айтып, күн-күн сайын уайым қыла зарлайтын. Бозбала мектепті бітірген соң да, қорықшылық қарекетін қойған жоқ, күнбағыс қаулап жетілген сайын күндіз-түні ат үстінен түспейді. ауылдың ешкі-лағы қандай мазасыз дейсің, көзің тайса болды аңдып тұрып егістікке бет алады. Бойлап, бас жарып бітік өскен күнбағардың арасынан ешкі түгіл ірі қараның өзі әрең көрінетін. Оны былай қойғанда Шыңғыстайдың соғыстан соң туған тамам қара сирақ балалары әлі дәні қатпай балаң өскен шекілдеуікті көктей жұлып, ара- арасына тығылмақ ойнап, жапырып тастайтын. Күндіз баланы, түн мезгілінде төрт түлік малды қорып, қашан орып сүрлемге салғанша берекесі қашты. Бірақ осыншалық жанды жер итырық жұмыстан жалықтырмас бір ұлы қуат алғандай еді. Ол Күнбағыс-қыз – луиза. аудан мен ауылдағы жиналыстан сәл қолы босай қалса, Байшұбарға мініп, тепеңдеп алқаптың о шеті мен бұ шетін жалықпай, шолып жүрер еді. атқа әлдеқашан үйреніп алған, кейінгі кезде шоқырақтап шапқылайтын қылық тауып жүр. Байшұбар ол үшін ұшқан құсты аузымен тістер ертектегідей бір төбенің шаңын бір төбеге қосар, айдарынан жел ескен арғымақ. Екі күннің бірінде жалын, кекілін тарап, күн құрғатпай Бұқтырмаға апарып, сабындап тұрып, жуады. Өмір бақи колхоздың қара жұмысына жегіліп, әбден көнтулақ болып қалған тырақы агроном келгелі түлеп, жұп-жұмыр боп семіріп алған. Бұта-қарағанның түбінен оқыс ұшқан бөденеден қорс етіп үркетін мінез шығарды. Жануардың туғалы көрген рақаты осы шығар-ау. ал Шыңғыстай ауылында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Баяғы ұшы-қиырсыз таусылмайтын шаруаның қамы: шөп шабу, егін суару, біреу өледі, біреу туады – осылай өмір жалғасады. Бұқтырма өзені де теріс аққан жоқ, көктемгі көкперілігі басылып, мөлдір тартқан,жынын алған бақсыдай жуас, жағалауын әлдеқашан талақ тастап баяғы  арнасымен


қорлана ағады. Су таяздағалы ауыл балалары арғы беттегі аралға өтіп сиыр бүлдірген, мойыл теріп жеп, тыныш тірліктің қамсыз күндерін балалық мінезбен мәз бола қызықтайды. ал,Қожақбұрынғыжұмысында–шофер.Бригадирколхозшылар- ға пішен дайындатып, мұрнына су жетпей жүр. Өтірігі, ол да бір індет екен, әлі қалған жоқ. Екі кісінің басы қосылса:

«Немістерді тырқыратып қуып барамыз, алды-артымызға қарамаймыз; менің қолымда снайперский мылтық; окопта аңдып жатырмын, қылт еткен немісті жібермей басып қалып жалп еткізіп, тымақтай ұшырып түсіремін... Бір күні қарсы окопта жатқан неміс солдаты: «Ей, Иса, мерген екеніңді білейін, қазір қылышымды көтерем соның жүзін атып түсірші», – дейді айғайлап. – Бәстесемін, – дедім, ал ол бәсіне Гитлерский сырнай, бір дорба махорка, колбаса беретін болды... Сонымен, жолдастар, жау солдаты қылышының жүзін маған қаратып шошайтты. Сендерге өтірік, маған шын, құдай-ау ұмытпасам қашықтық екі-үш шақырым болар, мылтығымның қарауылына алып, шүріппені аңшы атам Ербаланың аруағын шақыра ақырып, бәлемді басып қалдым, дыз ете қалды. Іле, ойбайлаған дауыс шықты, сөйтсем қылыштың жүзі ұшып, әлгі менімен бәстескен солдаттың көзіне тиіпті, бірақ обалы кәне, азамат екен, уәдесінде тұрды.

Колбасасы шошқанікі болған соң жегемін жоқ, орыс солдаттарына үлестіріп бердім... «ал, не отырыс шаруаға кірісейік» деп әлдекім сұрақ беріп қала ма деген қауіппен қуыстана орнынан қарғып тұрып кететін. Бригадирдің қашан- ғы әдеті – осы.

Нұрлан егінге түскен малды қайырып, сай-сайды қуалай, ауыл шетіне тақала беріп еді, қара жолдың шетінде қаңтарулы тұрған Қожақтың полуторкасын көрді. Иесі жоқ. атымен шыр айналып шықты. Жоқ. Күнге қызған машина қаңсып, жанармай иісі сасып тұр екен, мұрынға жағымсыз қоңыс келеді. Ол бензиннің иісін құсардай жақтырмаушы еді, кейіндеп кетті де, жан-жағын болжай бастады. Қожақ анадай жердегі арғы ауылға телефон сымы тартылған бағананы құшақтап, бүк түсіп жылап отыр. Нұрлан алғашында өз көзіне өзі сенбеді, алпамсадай ожар мінезді, намысқой, тәкаппар жігітке осыншалық егіліп, еңкілдеп жылау оғаш сықылданды. Шу-шулей тебініп, жақындады да:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.