Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





М. Горький 35 страница




өртеп жібереді екен. Григорий Светославич сонда да көшпей осы жерді мәңгі мекендеп қалған. Григорий мен аннаның келуі мұқым Шыңғыстайға үлкен жаңалық болды. Елді ағаш шеберлігіне, үй салуға, былғары илеуге үйретгі. Олар келгенде Шыңғыстайда бірде-бір монша жоқ еді. Қираған, түбі тесілген заттар бүтінделмей күресінде қаңсып қалатын. Ісмерлік Гриша ағайдан басталған-ды... Қазақтың даласы кең ғой, – дейтін әкесі, – кімге болсын қоныс, кімге болсын өріс, қашқанға да, қуғанға да екінші Отан болған.Ондай дарқандығынан азап шегіп жүрген жоқ, білімге, өнерге ұмтылды. Үйреніп алып, енді өздерін үйрететінді шығарды. Дегенмен, – дейтін әкесі, – мен Гриша көршімнен сан рет сұрадым: туған жер, өскен еліңді сағынбайсың ба? – деп. Ол жер шұқып ойланып отыратын, сосын күрсінетін, сонан соң айтатын: Білем, қазақта «Ер туған жеріне, ит тойған жеріне» дейтін мәтел бар. «меніңше, – дейтін ол, – адам қай жерде өз бақытын, өз қуанышын табады, сол жер

– туған жері».

Нұрлан сонау жотаның үстіндегі екі шаңыраққа – өз үйі мен орыстың үйіне қарап еді, шамдары сөнген жоқ, әлсіз жарық шашып тұр екен. Осы тұстан көз салғанда түйілген бір кісінің қос жұдырығы секілді, ал терезеден сәулеленген шам – саусақтағы гауһар жүзіктей көз қытықтай нұрланады. Клубтағы мереке әлі аяқталмаған сыңайлы. Өр жақ іргеде шөгіп жатқан тау, ажарын анық танытпай, тұнжырай қарауытады. Нұрлан осы сонадайдан жым-жырт нұсқынмен беріштенген тауға өрмелей шығып, сонау күлімдеген сансыз жұлдыздардың бірін алып түскісі келді-ақ. Қызық, не жылу, не жарытып жарық бермейтін жұлдызды адамзат не себепті жақсы көреді... Әлде өте тұңғиықта, қол жетпес биікте болғандықтан ба... Жақын нәрсенің қадірі болмай жек көретініміз сондықтан шығар. адам өзінің қолы жетпейтін, армандай алыс дүниеге әуес келмей ме? адам мәңгі орындалмайтын мақсат-мұраттарды қуып, үміттің жетегінде мұрнын тескен тайлақтай елпеңдеп жүрмей ме...

Әкесі егіндіктен келді білем, ат тұяғының дүбірі естілді. Өзен жақтан сап-салқын жел есті. Түн баласында Бұқтырманың сарыны әлдеқайда қатты естіледі. Әлгіндегі ат дүбірі сап болды да, маңайды тағы да жым-жырт, жұмсақ, момақан тыныштық басты. Тек, Бұқтырманың сарыны... тек сол ғана жалғыз сәт байырқаламай асығыс ағыспен аласұрып, жөңкіле қашып барады. Тек сол ғана... Бұқтырма ғана мәңгі өлмейтіндей, мәңгі


суалмайтындай езуі көпіршіп менмен мінезбен долдана ағады... Тек сол... Бұқтырма ғана түнгі алтай арудың күміс теңгелі шолпысындай сыңғырлап, еркелей бұлаңдайды...

Ол бүгін күндегісінен де ерте тұрды. Түнде кеш жатқандікі ме, тас болып ұйықтап қалған екен, шешесі оятты.

– Әкең таң атқанша тыныш ала алмай шықты. Егінге мал түсіп кетпесін. Болжап келші, – деді. Тоғай ішінде арқандаулы ақкеңсірік айналасын баяғыда тақырлап, тықыршып тұр. Нұрлан әлі ұйқысын аша алмай, мең-зең болған соң бетін суық сумен шайып жіберейін деп өзен жағасына барып еді, бұрынды-соңды көрмеген ғажап көрініске қайран қалды. Бұқтырманың жиегінде бар байлығымен шағидай судыраған шашын тарқата жайып жіберіп, аппақ сазандай қыз отыр. Су перісі болып жүрмегей деп ал дегенде шошына шегінді. арт жағынан шыққан тықырға елеңдеп, қыз да жалт қарап еді, екі көзі тас төбесінен шығып, сіресіп тұрған бозбала жігітті көріп, күліп жіберді. Нұрлан табаны қара жерге шегеленіп қалғандай орнынан қозғала алмады. Су жағасында тотыдайын таранған қызға тіктеп, жанар тоқтату мүмкін емес еді. ақ қайың балтыры, соншалық таза, мінсіз беті, таңғы шықтай жылт-жылт еткен шашы – көз қарықтыратын. Ол тағы да өзгеше бір нәзік пішінмен күлді, сонсоң Нұрланды ымдап шақырғандай болды. Бірақ ол қозғалуға да, қимылдауға да батылы жетпей, тас ескерткіштей мелшиіп тұр. Қыз мұның жанына келіп, әлде не айтқандай ма? Ұққан жоқ. Қыз тағы да сөйледі. Сықылықтап күлді, тіпті қолынан тартқандай... Нұрлан үнсіз. Сәл қозғалса, не болмаса аузын ашса, не болмаса қаттырақ дем алса осынау адам айтып жеткізгісіз түс сынды таң-тамаша көріністен, енді ғана оюлана бастаған теңдессіз сұлу суреттен айырылып қалардай сезінді. Есін ептеп жинағанда әлгі күнмен таласқан алтын шашты қыз ұзап бара жатыр екен. ақкеңсірік те қос құлағын тігіп солай қарай үрке қарап тұр. Нұрлан тізгінінен тартып, шу-шулеп жетелеген соң ғана еріншектене соңынан ерді. Әлгі су перісі жүріп емес, жүзіп бара жатқандай, әне... жүз метр қашықтықта, бәлкім он метр қашықтықта маңып барады. Ендігі сәтте анна апасының үйіне кіріп жоқ болды... ғайып болды... Көзден тасаланды. Нұрланның жанарына жас үйірілді, көңілі – осы әзірде ғана жауынның астында қалғандай, сонсоң аспанды торлаған бұлт ыдырап, күлімдеп күн шыққандай шуақты нұрға малынды. Ол өзін осыншалық сергек, әрі бақытты сезініп


көрген жоқ. Былтырдан бері иығынан мың батпан салмақпен басқан жүкті әуп деп аударып тастап секіріп билеп, ор текеше ойнақтап шыға келгендей. Жүрегінде запыран болып ұйықтаған белгісіз мұң, белгісіз арман, белгісіз қасірет – құлан-таза, нөсер жуып-шайып кеткендей-ау. Жұмбақ біреуді іздеуші еді ғой, тапқандай... Бірақ кім ол, білмейді. Тәңірім-ау, тапты – кім ол?! Білмейді... Енді ойлайтын да, қиялдап, көрер таңды көзімен атқызатын да ешкім жоқ. Ол өз қиялында кәмелетке толғалы сом болып соғылған, өмір бойы іздеп өтем дейтін елес адамын жолықтырғанға қуанды, бірақ одан мүлдем айырылатынын және бұған дейінгі көңілінде гүл болып енген арман-қызын мәңгіге өлтіргенін тағы да сезген жоқ. ақкеңсірікті тез ерттеп мінді де, сауырынына салып-салып жіберіп, құйын-перен шапқылай жөнелді. Ол бұрын тәулік бойы қарны тоймай, қапталын көбік қақтап жүретін ақкеңсірікті аяушы еді, қамшы жұмсамайтын, орынсыз қыстап, арам тер қылмайтын, жаны ашитын... ал, қазір өлген-тірілгеніне қарамай ағызып шапқылады, көзінен жас аққанша зулады, бұл зымыраған сайын іргеде ғана тұратын көкжиек алыстап, әрмен қарай қаша берді. Бозбала үйіне тек қас қарая әндетіп оралған-ды.

Әке-шешесін қонаққа шақырып кеткен екен, биыл онға толған қарындасы қағаз-қарындашын жайып салып, сабақ оқып отыр, ағасын көріп қуанып қалды. Елегізеді білем.

– Сен қайда жүрсің? – деді ағасына, – папам мен мамам ат үркіп жығылып қалды ма деп зәресі қалмады. Әне көже, аяққа құйып іш, сонсоң сабағыңды оқы, әйтпесе екілік алып, оныншыдан көшпей қаласың, ұят емес пе?

Кәдімгі ересек кісідей, салмақтанып ақыл айтты. Тықылдап кілең беске оқитын қарындасының маңдайынан иіскеді де, ұн көжені рақаттана ұрттады.

– анна апа келді, – деді қарындасы. – Сені сұрады. Екі күн болды біздің үйге жоламай кетті дейді. Неге бармайсың? Білесің бе, анна апаның үйінде сұлу болғанда ой-сұлу... немістің қызы тұрады. Бағана мені шақырып алып, кәмпит берді.

Нұрлан күлді. Жауап берген жоқ. Қарындасы бұртиып өкпелеп қалды. – Үндемесең қой, – деді, – енді мен де үнде- меймін.

ағаш үйде қоңыр тыныштық орнады. Жұпыны бөлмені шамның әлсіз жарығы болмашы ғана сәулеге бөлеген: бұрышта тұрған ағаш кебеже, іргедегі ағаш төсек, есік жақтағы тандыр


– бәрі-бәрі абажадай болып көрінеді. Қабырғаға түскен қарындасы Шолпанның көлеңкесі де арбайған дәу. Нұрлан енді бір қарағанда Шолпан пысылдап, жылап отыр екен.

– Не болды, Шолпан, не болды саған, – деп жанына барып шашынан сипады. Қарындасы бауырына тығылып, өксіп қоя берді.

– менімен ешкім сөйлеспейді, мамам жұмсай береді, папам ауырады, ал сен... Сен болсаң үйге жоламайсың. Жалғыз ұлымыз таң атқанша далада жүреді, ауру болмасын дейді мамам.

– Жылама, – деді көзінің жасын алақанымен сүртіп, – мамаң өтірік айтады, менің денім сау, екілігім жоқ, сабақты жақсы оқимын. Есейіп, бой жетіп тура менің жасыма келгенде әлі сенің де ұйқың қашады.

– менің қазір де ұйқым келмейді, – деді қарындасы еркелей.

– Енді бұдан былай екеуміз әңгімелесіп тұрамыз. мен саған көп-көп ертегі айтып беремін, жарай ма?

– алдамайсың ғой, пионерлік сөзім деші.

– Комсомолдық сөзім, мен пионер емеспін.

– Онда кел, менің қасыма отыр да, сабағыңды оқы.

Нұрлан «жарайды» деді де, оқулықтарын ақтара бастады. Кітапты алдына өңгеріп алып, қанша тесіле қараса да химия элементтерінің орнына бағана... таңертең өзен жағасында жолықтырған қыз кетпеді көз алдынан. Шашы жылтырап, күлімсірейді де тұрады... Бетін уқалап жіберіп, қайта үңіледі, қайта тұрады... атып далаға шығып кетті... Шолпан аң-таң болды.

 

Нұрланның өміріне ұлы өзгеріс кірді. Бұрынғы бұйы- ғылық жоқ, бүкіл дүние аппақ... бейнебір ән салып тұрғандай тамылжиды. мектепке бұрынғыдай емес бір минут кешікпей барады, сабағына тиянақты әзірленеді, әкесінің орнына қору- шылыққа да жиі шығатын болып жүр. Бір кереметі бәріне уақыт тауып үлгереді. Жалғыз ұлының аяқ астынан өзгерген мінезі әкесі мен шешесін таңқалдырмай қойған жоқ. Бірақ себе- бін ешқайсысы таба алмады. «Ес кірген шығар, ер жетті  ғой»,

– деді шешесі. «Ұлымның есі әлдеқашан кірген, ол өте ақылды болып өсіп келеді», – дейді әкесі. Қарындасы да риза. ағасы әр күн кешке алдына алып отырып, ертегі айтып береді. Кейде


ұйықтап қалса төсегіне апарып жатқызады, бетінен сүйіп, жан- жағын қымтап жабады. Кіндік шешесінің үйіне әлі аяғын ат- тап басқан жоқ. Исі бұрқыраған ыстық борщты, аялы алақан, қамқор сөзді қанша сағынғанымен жүрегі дауаламады. Белгісіз бір сезім, буынын алып, аяғын тұсап, олай қарай аттап бастырмайды. Жо-жоқ, кеудесінен итерген тылсым күш емес, қайта солай қарай жетелер күш бар, өкінішке орай олай қарай жүргіздірмейтін қуат және бар. Елу жылдай жымдасып, айырылмастай, қоныс тепкен екі үйдің ортасына адам аса алмас биік асу орнағандай. Нұрланның ендігі қолынан бар келері – қос жанарын дүрбі қылып, жалықпай телміре қарай беру, агроном қыздың әрбір кірген-шыққанын қалт жібермей аңду, ойша сөйлесу, қиялмен қол ұстасып, тоғай аралап, өзен жағалау... ойша алысқа... тым шалғайға таңғы шықты кешіп тентіреп кету, әйтеуір сол аспаннан түскендей болған қыздың соңынан қалмай қаңғыру. Бұл не өзі? махаббат па? Ол едәуір: мүмкін бес жас, мүмкін елу жас... үлкен ғой... Бұл не өзі? ...көзсіз, ессіз сезімнің бозбаланы буындырып, мойнына қыл шылбыр болып оралуы ма... Бұл не өзі?.. көптен күткен қиял қыздың өліп-тірілуі ме... айғайлап алыстан қол бұлғап шақыруы ма... әлде жанында баяғыдан жүрген сезім – қыздың әйтеуір бір күні сергелдеңге душар қылар сезікті бейнесі ме, бұл не өзі?.. қапияда ғайыптан пайда болған аққу-қыздың айдынға келіп қонуы, мамырлап жүзуі – бейбіт жүзуі кезінде әлдекімнің тас лақтырып үркітуі ме... не істеу керек мұндайда, дәрмен жоқ, расырағы тәжірибе жоқ, жалаңтөс сүйіспеншілік бар. Басыңды тауға ұр, тасқа ұр қашып құтыла алмас жастықтың ақжелкенді қайығына міндің, енді түсе алмайсың... Сезім желі қалай айдаса солай ығасың. Нұрланның ешкімге тіс жармай, тіпті өзінен де қызғанған жасырын сыры, құпия жұмбақты сүйіспеншілігі күнді күн қуған сайын бүршік жарып, гүлдеп, құлпырып сала берді. Енді ол тастың жарығын қуалап өскен шынардай жасырын қаулаған таза махаббатынан өзі жан ұшыра қорықты да. Қолынан түсіріп байқаусызда сындырып алам ба, әлде жанға жат, тәнге салқын бөтен біреуге таптатып алам ба деп қорықты; ал сындырмақ түгіл, сызат түсірсе қайтіп қалпына келтіру, жамап-жасқау мүмкін емесін сезген... әлде сезбеген... олай ойлаудың өзінен сескенген, ысынып-суынған жан дүниесіндегі жұмыртқаны жарып шыққан балапандай аузын аша шиқылдаған сүп-сүйкімді ақ үрпек махаббаты


қалықтап ұшар зеңгір аспанды,қиялай қонар заңғар шыңды әлі ұялшақ тілекпен егіле, есінен айырыла аңсағаны ма? мынау аппақ дүние... жер басып тірі жүрген пендесіне көрсетері көп екен-ай. Нұрлан бүгін кешке ерлік жасағысы келді. Түбі немен тәмамдаларын бір құдайдың өзі білер ерлік жасағысы келді. Неше күннен бері жолай алмай, сарсаңда жүрген анна апасының үйіне есігін айқара ашып, кіріп бармақ болып бекінді. Ол үшін сылтау керек. Осындайда себеп те құри қалады-ай. Тоғайдан шыбық қиып әкеліп огородыңыздың кеткен, иә-иә тарқатылған тұсын тоқып берейін десе... жо-жоқ мұнысы шарасыздық, тіпті күлкілі жағдай; ә-ә тапты-тапты: үй маңайында қарулы қолды қажет ететін, ыбырсып қыстан қалған қоқыр-соқырды тазалап берсем дейді... Қой, батырым, бұл да жетіскен сылтау емес. Не істеу керек өзі? Әңгімелесетін адам табылған соң, анна апасы да бұл үйге сирек қатынайтын болды. Әншейінде табалдырықты тоздырушы еді. Нұрлан қараптан-қарап отырып, ашулана бастады: «Орысы не, немісі не, айырмасы жоқ. Құлынды биедей жараса қалуын қарашы», – деді ішінен. міне, қызық, есеңгіреген көңілін сап-сап басып, есін жиса, кіндік шешесінің ауласында тұр. Ұрлық істегендей жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап шегіне берді. маңайда қыбыр еткен жан жоқ. Әкесі күнбағыс егілген алқаптан шоқытып келеді екен. Көзіне түспейін деп қораға қайта кірді. Кеудесін балғамен әлдекім ұрғылап жатқандай немесе бір қарағайды жалғыз өзі турап шыққандай алқынып кетті. Өзі үйінен бетер тайраңдап, төрі мен төсегін бермейтін анна апасының баспанасына басын сұға алмай, қор болғанына жыны келді. Батар күнге жүз беріп, қашаға сүйеніп көп тұрды. Енді көңілін жүдеу мұң қабыздай бастаған. Дәл осы сәтте есік сыңсып ашылып, апасы шықты. Нұрлан тығылып үлгіре алмады.

– Оу, Нұрланжан, не қылып тұрсың, балам, біздің үйге жолағанды қойдың ғой, өкпелеп жүрсің бе? – деп бетінен сүйді. – Жүр үйге, бейуақытта далада тұра ма кісі. мен сені қызыммен таныстырайын.

«Қызыммен...» Нұрланның өн бойын қызғаныштың оты дуылдата шарпып өтті. «Қызымменіне жол болсын».

Бұлар бөлмеге кіргенде шам әлі жағылмаған, алакөлеңке- леу еді. агроном пеш алдында көлгіреп, емін-еркін картоп таза- лап отыр. Үстінде келтелеу гүлді-гүлді шыт көйлегі бар, алқам- салқамдау жайғасқан екен, Нұрланды көріп етегін тартып,


қысылғаны ма, екі тізесінің арасын жымдастырған болды. Қыс- тан қалған картоп өсіңкіреп, жарық шалмаған аппақ сабағы шырмала шуатылып жатыр. Қызға картоптың қабығын аршу жараспайды екен.

– Төрге шық, отыр, – деді апасы. Сонсоң агрономға бұры- лып:

– Познакомься, этому парню я крестная мать. Зовут – Нурлан, – деді орысшалап. Не айтқанын жыға ұқпаған Нұрлан аты аталған соң сасқалақтап,«а» деп атып тұрды. анна күлді. Күлді де:

– Сендерді таныстырып жатырмын, – деді. Қыз көз қиығымен салқындау қарады да: – луиза, – деді.

анна көп аялдаған жоқ, шелек алып сыртқа шығып кетті. Сиыр мөңіреді. Тыныштық қайта орнады. Нұрлан шұбатылған қол-аяғын қоярға жер таба алмай өзін тым артық сезініп отыр еді, агроном қыз тіл қатты:

– В каком классе учишься? – деп сұрады. Нұрлан бұл қара- пайым сұрақты ұқты, бірақ жауап беруге қорынды. Қыз күлімсі- реп, алдымен сегіз, содан соң тоғыз саусағын ымдап еді, Нұрлан он саусағын тарбайтқанда қыз басын изеп тағы да күлді, Нұрлан да күлді. арадағы темір тордың бір шеті ептеп сөгілгендей болған. Үнсіздік... Картоп аршып біткен соң, оны жуып, ұсақтап турады. Орысша көп сөз айтты, Нұрлан кейбірін ұқты, кейбірін ұқпады, жауаптасуға тіл құрғыры жетпеді. Ол тұңғыш рет орыс тілі пәнінен сабақ берген аш-арық, ұзынтұра мұғалімін балағаттады, әрине ішінен. Өзі де екі сөздің басын құрай алмай жүріп, бала оқытады. Неміс қызы алдында өзін мүгедек сезініп, қатты қорланды. Осылайша бұлдыр-салдыр ауыр да қымбат минуттарды кешіп отырғанында сиыр сауып болып, анна кірді үйге.

– Түу, ұлым-ау, шам неге жақпағансың, қараңғы ғой, – деді. Нұрлан пеш мойнында тұрған сіріңкені тұтатып, шам жақты. Жаңа ғана шойын табаға салған картоп шыжылдап қарыла бастаған. Қолын жуып, Нұрланның қарсысына келіп отырған луизаның жанары жарықпен бірге қоздап жанады. Нұрлан анау-анау маздаған отты көзге қарай алмады, қанша тілек етсе де тура қарауға дәті жетпеді. мұның таза көңілмен ұялатынын қыз да, анна да сезгендей.

– Сен бұл қыздан ұялма, – деді стол жасап жүрген апасы.

– Өзіңнен үш-төрт жас-ақ үлкендігі бар болар. Келсін-келмесін


орысшалап, белінен бір басып сөйлей бер, ертең-ақ үйреніп кетесің.

Нұрланға қарап бір нәрсе айтты. ал, анна оған жауап берді.

– луиза айтады, – деді анна, – атқа мінуді үйретсін деп. Күнбағыс егілген даланы аралап көрейін десем, атқа мініп жүре алмаймын дейді.

Нұрлан ес-ақылдан айырыла басын изеді. Көп изектепті, өйткені қыз бен кемпір рақаттана күлді. Сосын бүйтіп мазақ болғанша кетіп қалайын деп ойлады, еріксіз күш екі иығынан басып тастаған, қозғалуға шама жоқ.

– Сенің шашыңды мақтайды, мына қыз, – деді кіндік шешесі.

– Қап-қара, әрі бұйра, әрі қалың екен дейді. мен айттым: «бұл Шыңғыстайда менің кіндік баламнан сұлу ешкім жоқ» деп. рас, Қожақ әдемі-ақ, бірақ ұрда-жық, ішкіш, әулекі жігіт – деді. Нұрлан бүгінге дейін шай десіп көрмеген, өзінен бес-алты жас үлкен жігітке өлердей өшікті. «Жұрттың бәрі сұлу дейді, қай жері жетісіп жүр. Үнемі арақ сасып, жуынбай жүреді».

Көзінің астымен луизаға қарады. Екі жанары жанып, жайбарақат картоп жеп отыр. «Беті қандай аппақ, – деп ойлады,

– бор жағып қойғандай. ал шашы... тек қана түске кіретін шығар». Қайдан ғана сап ете түскені белгісіз оның есіне Қожақ барқырап айта берер ән оралды: «анаңнан айналайын сені тапқан».

– Тамақ жесеңші, – Нұрлан шырт ұйқыда жатқанында әлдекім бүйірінен бір теуіп оятқандай шошынып қалды. Қасығына жармасып, табаға ұмтыла беріп еді, орнында жоқ, таусылған соң бағана жинап алған секілді. Ұялған тек тұрмастың кебімен жолшыбай бір түйір нан сүйрей кетті.

– И так мы договорились, – деді луиза. – Утром я тебя жду.

Научишь ездить верхом...

анна апасы аударып берген соң, Нұрлан тағы да басын изеді. Ол ертеңінде сабаққа бармай қалды.

 

Неміс қызы расында да атқа мінуді білмейді екен... Нұрлан үйрете алмай көп әуреленді. Қолтығынан демеп, сол жағынан мінгізсе, сылқ етіп, салмағы басым қоржындай оң жақ қапта- лына ауып қалады. Жаңа келген агрономның атқа жүре алмайтынын ескеріп колхоз ең шабан әрі жуас Байшұбар


деп атайтын кәрі лақсаны беріпті. Қапталына жармасып, қабырғасын тырналай қанша салақтаса да мыңқ етпей тұра береді жануар. Қыздың шалбар киген сидам борбайынан алып, жалғыз-ақ қолымен көтеріп ерге бір-ақ атып қонғызады Нұрлан. Сонсоң ердің қасынан мықшия ұстап алған луизадан көз алмай Байшұбарды жетелейді. астыңғы жұп-жұқа ернін жымқыра тістеген қыз енді-енді болмаса аспанға ұшардай қомданып, зәресі қалмай қорқады. Кейде жан ұшыра шыңғырып жібереді. Ебедейсіз отырған агрономның тақымынан шандып, ерге таңып тастасам деп бір ойлады. Оқыстан ат үріксе үстінде кетер деп және сақтанды. Осылайша әуремен жүріп түс ауғанын сезбеді. Бозбаланың шыдамы қанша сірне болса да таусылайын деді, луиза шаршар да, тіпті жалығар да емес, әрі-беріден соң бойы үйрене келе сықылықтай күліп, Байшұбардың далиған арқасында отырып тепеңдейтін өнер шығарды. Кешелер ғана жанына жақындасуға жасқанып, тек қиялмен ғана жүздесіп, тілдескен арман-қыз, міне, дәл жанында: сан рет құшақтап атқа мінгізді, сан рет қолтықтап аттан түсірді, денесінің жылуын, демінің соққанын сезді. Жұмырлана біткен санына, үрке біткен қос анарына қолы тиіп, қолы тиген сайын еті үйреніп, әуелгі сартап сағыныш, жиі соққан жүрек саябырсып сабасына түскендей болды. Егер осына неміс қызын Байшұбардың үстіне мінгізіп алып, тау асып кетсең де, өз бетімен аттың үстінен түсе алмасын, иә, секіріп жерге түсе алмасын сезген. Не істесе де қыз мұның қолында еді. Ондай ерлік қайда... Екеуі тілсіз тілдесті, ыммен сөйлесті, бір-бірін қалтқы- сыз, тіпті аудармашысыз-ақ жете түсінгендей болды. Осыншалық етене жақындық, қимас серіктік қаншалық ұзақ болса, соншалық келте, бір қайырымға келмейтін әдемі ән секілді аса қысқа еді. Күн еңкейе, өрістен қайтқан малмен бірге сүлдерін сүйретіп үйге оралды. Екеуі де шаршады, қарындары ашты. Жота-жотаның астымен суыртпақтала ауылға апарар жолға түсіп, ілби басып келе жатқандарында бұларды полуторка машинасы қуып жетіп, шаңын бұрқ еткізе тоқтаған еді. Кабинадан ала көз, бұйра бас Қожақ шықты да, тісі ақсиып өп-өтірік күлді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.