Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 31 страница



Үй-үйдің арасымен бүгежектеп басып келеміз. Барлауға шыққан партизан балалар да бізден сақ қимылдамаған шығар. Тіпті ауылдың зар жақ иттерінің бірде-біреуіне дыбысымызды білдіріп, үргізген жоқпыз. абырой болғанда, қыздың үйі ауылдың ең шетінде еді, кең етіп қоршаған бақ- шаның түбімен еңбектеп келеміз. Қолымызды қышыма шағып, оңдырмай дуылдатады: Бәрі де жалындаған жастықтың жүрек жұтар батылдығы ғой, төтенше жасырын тапсырма


орындап келіңдер деп класс жетекшіміз жұмсаса, әй баспас едік. «О, құдай, ағасы жоқ болса екен», – деп тілейді амантай. айнымас досым-ау, өнер қуамын, атақ аламын деп, қаңғыбас күй кешіп жүріп сенен де хабарсыз қалдым-ау, қайдасың қазір? Даңғарадай ағаш үйдің бұрышында ін аузындағы баршатыш- қан құсап, шоқиып-шоқиып отырмыз. Біріміздің тынысымыз- дан біріміз қорқатындаймыз. Қызға мен емес амантай келген- дей бұйрығын күтіп, қыбыр етпеймін. «Не де болса терезесін қағайық, – деді амантай. – ағасы шықса тұра қашамыз. Ұстап алса бұзау іздеп жүрміз дейміз». «Түн ортасында бұзау іздей ме екен» – деп сыбырлаймын. «Әй, сен ақымақ екенсің ғой өзің, енесінің желінін сыздатып, ембеген бұзауды таңға жуық та іздей береді. мына түріңмен қатынсыз қаларсың». Дауласуға дәрмен жоқ, күнбағыстың жапырағы арасымен түскен ай сәулесі бетін ала шабырлаған досыма жалтақ-жалтақ қарай беремін. Жүрегім кеудемді кезіп жүр. Екі дізем дір-дір етеді. Осыншалық ынжық жаратылғанымды алғаш мойындап отырмын. Басқа істің бәріне батырмын, ал қызға келгенде, не сайтан түртерін білмеймін, суға түскен тауықтай сүлкиемін де қаламын. Тұрмыс құрғанда осы мінезім көп кесірін тигізді, сондықтан да өмірлік жар таңдауда оңбай қателестім. амантай болса жалғыз қызды сүйді, сонымен ғана жүрді, соған үйленді, ұйытты, семья құрды... Әлқиса, не істерімізді білмей әлі отырмыз. Жаздың таңы қандай ерте атады дейсің, күншығыс бозара бастаған. амантай шыдай алмады білем, орнынан созалаңдай тұрды да маған: «арқаңды тос, спортсменсің ғой, аяғымды тіреп, терезе қағайын», – деді. Қыздың тұратын үйі баяғыдағы кержақ байынан қалған екі қабатты, аса биік... астыңғы бөлмелері жартылай жер там, жерге кіріңкіреп жататын. мен, амал жоқ, арқамды төседім. Ол басқышша басып маған шықты. Шарқай бәтіңкесінің өкшесі жанымды көзіме көрсетті-ақ. Қайтесің, махаббат үшін төзу керек. Терезені амантай саусақтарымен тырсылдатып қатты қақты ма, жоқ болмаса, қалшылдаған маған солай көрінді ме, дүние жаңғырығып шулаған сасқанымнан арқамды қозғап қалсам керек, үстімдегі досымның табаны тайып ұшып түсті.

«Не деген шыдамсызсың, әкең.... басымды жарып тастай жаздадың ғой», – деп күңкілдеп, үйелеген малдай әрең тұрды орнынан. Ешкім жауап қатпады. «Қайта қақ әйнекті», – деп арқамды төседім. «Осы жолы қипақтап құлатсаң, айтпады деме, бұл болмасаң күл бол, бір түкіріп, үйге тартам». Терезе тағы


тықылдады. Осы жолы тістеніп, мығым-ақ тұрмын. ар жақтан

«Бұл кім?» – деген қыздың әрі қорқынышты, әрі нәзік үні естілді. «Біз ғой, Тасжан мен амантай». Қыз әрі қарай көп сөйлеспеді, көп ұзамай есік ашылған. «Жолың болды, қыз жалғыз», – деп қутыңдаған досым мені құйрықтан тебіңкіреп жіберді. Біз үйге кірдік. Қыз шам жаққан жоқ, бөлменің ішіне ай сәулесі нұрын төгіп, жап-жарық. Үшеуміз үш жерде отырмыз. Үнсіз, әңгімені қайсымыз бұрын бастарымызды білмей дағдарыста қалдық. Әрине, сонау арғы беттен су кешіп, түнделетіп келген маған қарағыштай береді. мен тобық жұтып алғандай томпайып отырмын. «Үндемес ойнайық» – деді одан арыға шыдамы жетпеген амантай. «Сол үшін кісіні ұйқысынан оята ма екен?» – деді қыз. «Тасжан сені жақсы көреді». амантай төтелеп тартты. «Оны өзім де білем, хатын алғанмын». «ары қарай өздерің жалғастыра беріңдер, мен жұлдыз санай тұрайын» – деген досым лып етіп, далаға шыға жөнелді. арада тағы да жайма-шуақ тыныштық орнады. ай сәулесіне шомылған Қыздың ақ дидарына қарап бір ғасыр бойы отыра берсем де жалығатын емеспін. мен оны рас жақсы көріп едім. Жеңіл дем алғаны, күлімсірегені, қоңыр үні, майда жүрісі әлі күнге көз алдымда.

«мен сенің хатыңды оқыдым, – деді ол даусы дірілдеп. мендегі сезім-халді ол да кешіп отырғанына күмәнім қалма- ған. – Сондай әсерлі жазыпсың». маған батылдық бітті. «Сырым мен шыным сол хатта түгел ақтарылған, басқа не айтайын. Жауап бермеген соң, әдейі іздеп келдім». Төсекте отырған Қыз ысырыла түсті де, «менің жаныма келші» – деді. Оқыс әрекет буын-буынымды қалтыратып, денемді ток соғып өткендей қалшылдап кеттім, қалтырап тоңам ба-ау, күйіп-жанып ыс- тықтаймын ба-ау, әйтеуір, тәлтіректей басып жақындадым; қарға адым жердің осыншалық қашаң тартып кеткеніне таңым бар, өкпем күйіп, өлдім-талдым дегенде әрең жеттім.

Қыз байсалды мінезін өзгерткен жоқ, терезеден сыртқа қараған қалпы белгісіздеу мұңға берілді, жиі-жиі күрсінеді. мұндайда не істеу керек? Бас салып құшақтап аймаласам ба?.. Оным тым ерсілік, жайған торыма енді-енді қондырдым- ау дегенде үркітіп ұшырып алармын... ақырын ғана қолынан ұстадым – үндемеген; екінші қолымды ақырын ғана иығына салдым – қарсылық білдірмеген. Содан соң, не болсын енді... Тұңғыш рет... сүйістік. Ол жылады, мен де... шошына алыста-


дық, ынтыға жақындадық... қайта табыстық... еріндеріміз қайта жабысты... бетімізді алақанымызбан бастық – отша лаулап жанады. Жүрегіміз лүпілдеп соғып өзара сөйлесіп жатты. Біз аузымызды ашқан жоқпыз... боз ала бөлме, жусаған тыныштық, жүректің ғана дүрсілдеп, сезімімізді балғалап шыңдағаны естіледі... Қыз бетін басып отырып қалды... Жүз жыл өтті, мың жыл өтті, бәлкім, қас қағым сәт өтті, түгін білмеймін, менің құлағымда мәңгілікке қатып қалғаны: «Тасжан, мен тұрмысқа шығамын» – деген алқынды сөз ғана. «Кімге?» – деймін әрі- сәрі болып. «Сенен басқа жігітке». Қақаған аязда үстіме бір шелек су құя салғандай немесе түшіркене ұйқтап әдемі түс көріп жатқанымды қойныма сұп-суық жыланды салғандай-ай- ай-ай... ай... ай... «ай-ай!» менің айқайлаған үнімді естіп есік сарт ашылып, амантай кіріп келді. «Не болды?» «Бәрі болды». Иә, бәрі осымен тынған, өшкен, мәңгілікке құрыған, мәңгілікке есте қалған. Бақилық ғұмырыңа жетерлік қайғы мен қуаныш адам баласының басында өлшеуі ғана болады. ал артылған тұста, адам көтере алмай жан тапсырады. мен неге сол сәтте өліп кетпегеніме күні бүгінге дейін таңым бар. рас, уыздай пәк сезім мен беріштей берік сенімді жерлеп, қош-қошымды айтып қайттым. «Сен түсін мені, – деді өксігін басқан Қыз. – Сен оқуға баруың, білім қууың керек. мен не істеймін сонда. ағайым- ның айғайын естіп, құсығын жуып омалып отыра беремін бе? Оған шыдайтын түрім жоқ бойымда. Әлсізбін. Қорғаншақпын. Жетімдіктің зарын көп тарттым. аяғыңа тұсау болғым кел- мейді». Сасқанымнан «махаббатты қайтеміз, махаббатты» деп бажылдаппын. амантай ұстай алды. «махаббат дегеніміз

– айрылысу», – деп кесіп айтты Қыз.

Бұқтырмаға ағып өлгім келді. асау толқындар өз жағалау- ына лақтырып тастады.

Сүйген қызым үш күннен соң көрші ауылдағы тракторист жігітке тұрмысқа шығып кетті. Бала-шағалы, үлкен үйелмен болған.

міне сол уақыттан бері жиырма жылдан астам уақыт өтсе де «махаббат» деген киелі дүниенің түбіне жете алмадым. Біреу бар, біреу жоқ дейді. ал менің есімнен Қыздың «махаббат дегеніміз – айрылысу» деген сөзі кетпей-ақ қойғаны. Кейде ойлаймын, рас-ау. Егер онымен қосылсақ қой, бүйтіп өмірімнің бой тұмарындай күндіз ойымнан, түнде түсімнен шығармай, ардақ тұтпас па едім. Үйленген соң ыдыс-аяқ сылдырамай


тұрмайды, ұрысып-керісіп, бір-бірімізді айнытып алар ма едік, бәлкім. мәңгілік дегеніміз – махаббат шығар.

Кейін сана сарабына сала келе маған мынадай ой келді: махаббат абстрактылы, сондықтан да теориялық жағы дами береді де, нақтылы мәнін жоғалта бермек. Негізінде, сезім дегеніміз адамға ғана тән қасиет, бірақ ол айнығыш. айнығыш болатын себебі – адамзат өзінің жаратылысынан еш нәрсені қанағат тұтқан емес, арман мен қиял, үміт пен мақсат – осының қай-қайсысы да тек бір ғана ұмтылыс ұғымымен шектелмейді, тапқан дүниеңнің, шыққан биігіңнің аздығы мен аласалығын айғақтап, үнемі бір тың, басқа, жаңа да жақсы белгісіз бірдеңелерді көксеумен күн кешеді. Әдемілік пен сүйкімділіктің өзі салыстырмалы да шартты, өйткені қандай да бір керемет көркемдік сіздің көзіңізге теңдесіз көрінгенімен, басқаға әншейін жай ғана нәрсе болуы мүмкін. Әдетте, біз бір адамды құлай ұнатқанда, оның бойындағы сандаған кемшілікті елеп- ескермейміз, яғни сезім алдауына түсеміз. Сөйтіп, үйленеміз. Күн өткен сайын, оған жақындаған сайын біртіндеп сіздің жан дүниеңізге сай келмейтін қайшы қылықтары ашыла бастайды, осыдан айну сезімі пайда бола бастайды немесе өмірде одан да жақсы кісілер барын мойындайсың, жарыңыздың болмысында аз, тіпті жоқ қадір-қасиеттер мен өзгеше ерекшеліктерді өзгенің жарынан байқайсыз, осылайша асылдан да озған асыл, сұлудан да артық сұлу бар екенін түсінесіз. Көңіліміздің көк дөнені бұған дейін шапқылап жүрген шеңберін тастайды да, анау топқа қосылғысы келеді. Жалғанда ғаламат деп ойлаған аяулыңыздың кемшілігін көріп қалудан азапты не бар?! Жақсыға жақындаудан қауіпті не бар?! асылыңды жоғалтқаннан артық не бар?! Шіркін-ай, дегізер, оның өкініші өміріңіздің өзегіне айналады. Осы «әттең-ай» мен «шіркін-ай» – нағыз махаббат. арманда қалу, көксеген затыңа қол жетпеу де – махаббат. махаббат дегеніміз – қосылмау десек, оған мынадай дәлел келтірелік. айталық, әлем әдебиетінің арғы-бергісін ақтарып отырсақ, сүйген жастардың бірде-біреуін үйлендірмеген екен. Неге? Неге ромео Джульеттаға, Фархад Шырынға, Қозы Баянға, Қыз Жібек Төлегенге, абай Тоғжанға қосылмады?! Неге біздер аһ ұрып қосыламыз, арпылдап айырлысамыз? «азапсыз махаббат

– арзан махаббат», «Шын ғашық бұл дүниеде қосылмайды»– деген атамыз қазақ нені меңзеді?! Бүгінде біз сыйластықты, үйренісуді, үлгілі семья құруды махаббат атты ұлы  ұғыммен


шатастырып алып жүрміз, сондықтан да алғашқы, ортаншы, ақырғы махаббат деп топқа бөлеміз. Шын ғашықтық – бірегей ұғым, Даралық пен мәңгілік дегеніміз де осы. Үйлі-баранды, балалы-шағалы болу – табиғаттың бұйрығы, ол жан-жануардың барлығына тән, ақыл-ойдың емес, шартты рефлекстің жемісі. Саналылықтың арқасында өмірді жалғау формасын өзгерттік, адамзаттың айырмашылығы – үй салуында, жиһаз жинауында; сәулетті тұрмыс құруға үнемі ұмтылуында. ал алғаш адам пайда болғанда осының бірде-біреуі жоқ еді ғой. От оттап, су ішіп жүріп-ақ бізді осы дәрежеге жеткізді. алтын дегеніміз – ырыстың күні түскенде пайда болар. Нанның көлеңкесі десек, махаббат дегеніміз – жалғыз-ақ жан үшін жанған сезіміміздің жарқ етіп сөнуі. Семья құрудың міндеттілік, қажеттілік сипаты басым. ғылым мен техника бар жерде, цивилизацияның масқара дамуы тұсында адамның табиғи сезімі әлсіреп, стеоротипті сезімі үстемдік алады. Ендеше, махаббат әсте де зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі болмақ емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте- бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым.

«махаббат дегеніміз – қосылмау», – деп бірер рет көрген, бөтен жігітке тұрмысқа шығып, ақарлы-шақарлы семья құрып, немере сүйейін деп отырған сол бір Қызға мың да бір рақметімді айтамын. Боз ала түндегі бозбала дәурен менің бұған дейін тірі жүруіме себепші болмағанына кім кепіл. Ол дұрыс-ақ делік. Теңіздің қызы – бота жетелеген Қызды кім дейміз?! Бәлкім, боз ала түндегі сол бір Қыздың жастыққа айналып, қайта жасауы ма, мәңгі өлмейтін, оралуы ма?! Не сонда?! мына жүрісті немен ақтауға болар?! Өзім де түсінбейтін елес, бейуақыттың елесі?!»

Бөлмеге қалай кіріп, қашан шешініп жатып қалғаны есінде жоқ, таңға жуық көзі ілініп ұйқтап кетіпті. Телефон шылдырағанда оянды. Төмендегі әкім әйел екен, күнін ұзартып, ақшасын төлеу керегін, өйтпесе белгіленген мерзімі біткенін ескертті. Ол тағы да үш күнге создырды. Сонда бір аптаға толады. Қара басып, бүгін қатты ұйқтап қалса керек, электрон сағаты тоғызды көрсетіп тұр.

Бөлменің іші қапырық ыстық: әдетінше балконнан қарап еді, бота жетелеген қыз да, дүрбілі еркек те көрінбеді.

ақшам жамырап, қас қарайған мезгілде Тасжан жолға


қайта шықты. Күлге аунаған қотыр түйедей исініп жата бергенше, жер басып жүру өзіне әрі ұнаған, әрі әлжуаздана бастаған бойын сергіткендей-тін. Көптен бері жаяулап көрмегендіктен денесі көбең тартып, кешегі жүрістен екі қара саны сыздап ұйығандай. Қапырық үйде қамалғанша, түнгі далада серуендейтін ермек тапқанына қуанулы. Ширақ аяңдап келеді. Су сүзгіш құрылыстың жанынан өтіп, қаладан алыстаған соң, сасық қоқыстан арылып, сахараның төл жұпарын жұта бастады. мәңгілікке сақау болып қалғандай табанының астында тілсіз жатқан даладан бойына өзгеше қуат дарыған. ысқырып әлдебір әуенді қуалады. Үміт пен қауіп кезек жеңісіп, көңіл түкпірінде жұмыртқадай шайқалып келген балапан сезім қабығын түрткілеп жарық әлемге талпынады. Оның қанаттанбай-ақ қауызында жата бергені абзал еді, осы әрекетінің арты неге соғар екен. Өзінен жүрегі озыңқырап, жүрісін жеделдете түскен. Сонадайдан жалғыз тамның жарығы көрінгенде кешегідей арсалаңдап жетіп бармай, сақтыққа көшті. Әуелі жан-жағын барлады. Теңіздің жағасын шолды, ешкім байқалмайды. Қорада бота жатыр. аппақ. Үкісі жел- бірейді. Осы жолы үріккен жоқ, маңқия қарады да, кәперсіз тұра берді. Көңілі алабұртқан Тасжан бұдан ары не істерін білмей делдиіп; үйге кіруге жүрегі дауаламай дел-сал халді бастан кешті. Тіпті тәңірім-ау, буындары қалтырап, екі тізесі дірілдеп кеткені несі, қырықта ғой... Бұдан ширек ғасырға жуық бұрын Қыздың үйіне барғанда нақ осындай сезім селкілдетіп еді-ау. Бұл не сонда, ғашықтық па? Құдай сақтасын! аяғын санап басып, тамға тақалды. міне, қайыс тұтқаға қолы ілінді. Тарт! Тартты. Әндетіп ашылған есіктің ар жағында... төсектің үстінде домбыра шертіп Қыз отыр. Бұған сәл сескеніспен жатырқай қарады, бірақ әлдекімдер құсап шыңғыра атып тұрмады. Шоқтай жанарын қадап, қасын қозғады. Тасжан ескерткіш болып қатып қалған. Жүзіндегі таңырқаныс жымиысқа ұласқан Қыз қолындағы домбырасын жастығына сүйеді де, орнынан жеңіл тұрып, шамның білтесін шығарыңқырап қойды. Төсекке қайта барып отырды. Көзімен босағада серейіп, тілін жұтып теңселмей тұрған жігіттің басынан аяғына дейін сүзіп шықты.

«аллам-ау, мынау сол ғой, боз ала түн, бозбала шақтағы Қыздың өзі ғой. Өңім бе, түсім бе. мүмкін емес, мүмкін емес?!»

– Төрге шығыңыз. – Тасжан бұл сөзді естігенде басы айналып, көзі қарауытып кетті. Қаны ысыды. Жүрегі баяулап


қана соғады. Құлап қалмас үшін тәлтіректей басып, бар күшін жинап арқалығы жоқ ағаш орындыққа әрең дегенде жетті-ау! Қарға адым жерді жүз жыл, мың жыл жүріп өткендей. Баяғыдан айырмашылық жоқ.

Ол шын ауырлап еді. Соңғы кезде беймәлім сырқаттың жағаттай бастағанын осымен екінші рет сезді. Қонақ үйде айқайлап, түсінен шошып оянды. Ондай сәтте ақ орамалмен денесін ысқылайтын, қайта-қайта суық су іше беретін. Шекесін ұстап, сұлық отырып қалған. «мінекиіңіз» деген сөзден басын көтеріп еді, Қыз тостағанға құйылған су ұсынып тұр екен. сыңғыта ішті.

– рақмет, қалқам. – Қыз төсекке барып жайғасты. – мен сізді қорқытып алдым-ау деймін.

– Жоқ, мен сізді қорқытып алған секілдімін. Соншалықты құбыжықпын ба?

– О не дегеніңіз, адамның қуанғаны мен қорыққаны бірдей емес пе.

– Оныңыз рас, – деді қыз. – Бірақ біз бір-бірімізді танимыз ғой. Сіз кеше де келгенсіз. – Жігіт селк ете түсті.

– Оны қалай біліп қойдыңыз?

– Домбыраны ұстап көріпсіз, жусап жатқан ақбота үркіп орнынан тұрып кеткен, содан соң үйден бөтен адамның иісі сезілді.

– ғажап екен! – деді басын шайқап. – ғажап екен!

– Жападан-жалғыз тұрған соң бәріне үйренеміз ғой.

– маған осының барлығы ертек секілді, – деді Тасжан ағынан ақтарылып. – Қатты ұйқтап, содан ояна алмай, түс әлемінде маңып жүрген секілдімін.

– Ондай мең-зең сәт кейде менде де болады. айталық, сізді тым ертеден білетіндеймін, тіпті елегізіп тосып та жүрдім. адамдардан қашқанмен, әйтеуір, түбінде әлдекімнің іздеп келерін сезуші едім. Сіз үш күн бойы балконнан мені аңдыдыңыз.

– Демек, мені көрген екенсің ғой.

– Иә, бірақ бұрылып қарауға болмайтын еді. Биік үйлерден басым айналады.

– Ендеше, сол биік үйлерді мен салғанмын, – деді Тасжан.

Қыздың әлпеті өзгеріп қызыл тартқан.

– ақтау – құрдасым, мен туған жылы пайдалана бастапты.


– Ендеше, сізге әке болуға жарағаным. – Қыз шошына қарады.

– Сіз өте жассыз, менен де... Ниетіңіз таза. Егер адал адам болмасаңыз, кеше жым-жырт аттанып кетпес едіңіз. Сондықтан да сізге сенемін әрі жатсынбаймын.

– Олай болса, таңертеңгілік артыңыздан қуғанымда неге аялдамадыңыз?

– мен ағайымнан қорқамын. Ол менің жүрген-тұрғанымды дүрбімен шолып тұрады,

– Енді ғана түсіндім.

– Түсінсеңіз, қазір қайтуыңыз керек. Кейде ағайым түн ортасында келіп тексеріп кетеді.

– Қызық екен...

– Сіз үшін қызық, әрине, – деді Қыз жалт қарап.

– Жақсы, кет десеңіз кетейін-ақ. атыңыз кім?

– ақбота. Сіздің ше?

– Тасжан. «Жанын» кейде алып тастап атайды.

– мен «Тасын» алып тастар едім.

Тасжан далаға шыққан. – мен сізбен мүлдемге қош- таспаймын, Жан-аға, – деді қыз. – Бүгінге осы жетер.

– Дегенмен айдаладағы қотыр тамда соқа басыңыздың отырғанына қайранмын. Үлкен өмір, шулы қаладан неге соншалық қашасыз? Екі жастың біріне келген жоқсыз...

– Сіз маған олай сөйлемеңіз,– деді ақбота үні жарықшақта- нып ерсі шықты. – Әйтпесе жек көріп кетуім мүмкін. Өзіңіз туралы ойлаған пікірімді өзгерткім келмейді. – Сол думанды қалаңызға ертерек барыңыз, сайран салыңыз. Бұрымдап өрген қара шашын арқасын сілке лақтырып тастады да, теңізге қарай тәкаппар басып, бет алды. Жігіт, амал жоқ, кейін, өз қаласына қайтты. Жүз қадамдай жүріп артына қарағанында, ақботаның атыраудың жағасында шешініп тұрғанын көрді. Ендігі сәтте ай нұрына шағылысқан күміс дене шолп еткізіп, қара барқын тартқан суға құлаған, бәлкім, секірген.

«Құдай біледі, мен ұйқтап жатырмын, не болмаса өліп, арғы дүниеде жүрмін. атом ғасырында мұндай экзотика болуы мүмкін емес. Цивилизация әне, қол созым жерде сиқырлана жарқырап жатыр».

Бүгінгі түн тіпті тымырсық, ауаны жабыла жұтып, тауысып қойғандай тынысқа тар. Жалғыз жаяу быршып терлеген соң көйлегін қолына алды. Кешегідей емес, мұң қабыздаған. Жаңбырды сағынды.


«ауылға соңғы рет барған жылдың жазында әкеме еріп жайлауға шықтым. астымызда жүріске мықты, тағасы тарсылдаған белді ат бар. Біздің жақтың жайлауы алыс, сон- дықтан да адам аяғы аз тиген соны. Өркеш-өркеш таулардан асып, қалың орманды, аттың тоқымдығынан келетін жасыл шалғынды, сайлауынан сарқырап бұлақ аққан ата қоныстарды басып өтесің. Осының барлығы мен үшін таңсық емес, көкірекке жақын көріністер болғанмен, араға жылдар салып, есейіп орал- ғаныңда қайта туғандай толқиды екенсің. Әкемнің артынан үнсіз еріп келе жатып, сыны бұзылмаған табиғаттан бір кездегі өзімді іздеймін. Кейде бұта-қарағайлы беткейде иіліп тұрған қарақатты көріп, аттың басын шұғыл бұрам да, желе жөнелемін. Қарақаттың арасына бір кірген соң шыққың келмейді, уыстап алып, қарпи асаймын. Қарақатты бұтаны қақ жарып өтесің, екі тізең қып-қызыл болып қанданады. Ұзаңқырап кеткен әкем

«Тасжан, қайдасың?» – деп айғайлайды. Әдетте қарақатты көп жесең тісің тамақ шайнатпай зырылдайтын. Жылқылы ауылға жетіп қой сойылғанда алдыңа келген табақ-табақ етке, анау көпіршіген қымызға беттей алмай отырып қаласың. Әлі есімде, шұрқыратып бие байлаған қымызды ауылға түнедік. Сол күні кешке найзағай ойнап, қатты бұршақ жауды. Үлкендігі қойдың құмалағындай бұршақ бүкіл тау-тасты әп-сәтте аппақ моншақпен қымтап тастаған. Шапқылап өте шыққан бұршақтан соң аспан ашылып, күн шыққан. Батуға ыңғайланған күннің соңғы сәулесі тек шоқылардың ұшар басын бояп, ал қызыл шатырға айналдырды: Содан соң, сол шоқылардың кемер белбеуі секілді жіп-жіңішке кемпірқосақ туады. Таңға жуық әдетімше оянып кеттім. Жылқышылар құлын байлап, сауыншылар сабадағы ашыған қымызды қотарып жатыр. Әкем де тұрып кетіпті, жаным бос. Байқаймын, сыбдыр-сыбдыр жаңбыр жауып, жарма есіктен суық келеді. Көрпені бүркене түсіп, жаңбырдың әңгімесін тыңдаймын. Қай-қайдағы қиялға берілемін. маған адамдар көк тәңірісінен жаңбырмен бірге жауып түскендей болады да тұрады. айтпақшы, тауда шөмеле- шөмеле құмырсқаның илеуінен аяқ алып жүргісіз. Күн ашықта жыбыр-жыбыр тіршілік жасап мың-миллион болып, қайшыласа қаптайды да жүреді. мәңгілік қозғалыстағы құмырсқалар адам секілді, ал доп-домалақ илеу жер шарына ұқсайтын. Сонда табанымды сол құмырсқалар мекеніне жақындатамын, қашан басып жібергеніңше саспайтын. Ойлаймын, бізді де біреудің



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.