Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





САЙТАН КӨПІР 30 страница



«ауылға соңғы рет барып келген соң сәулетшілдік жұмысты біржола қоюға бекінгенмін. Дүниеге басқаша көзбен қарай бастадым. Бұған дейінгінің барлығы кеуек өмір, өз-өзіңді алдау деп түйдім. Сонымен қатар жұмыста да жайсыздық болды. менімен бірге істейтін Бекбау деген жігіт бар еді, «Тас менің жұмыстарымды көшіріп алды» – деп арыз беріпті. алдында ақтаудың жобасы үшін сыйлық бергенде ішіне қан қатып, жалғыз сол ғана құттықтамаған-ды. Ішегіне қыл айналмайтын қызғаншақ, өзім деп қана өмір сүретін эгоист, бірді-бірге шағыстырып, өсек айтпаса өлетіндей болатын пасықтарды кейбіреулердің жақсы көреріне таңым бар. Бекбаудың жеке бастың өшінен туған домалақ арызын қызметтегі шефім дәсердей қылып, үлкен әнгімеге арқаулағанына жыным келді. Өзі құлағалы тұрған тауға қой жайған соң оңсын ба, әлгі арызқой лағынетті жағынан бір періп едім, шалқасынан құлады, әрине, тағы да кәсіподақ жиналысында қарап, ескерту берді. Жұмыстан мүлдем босанып, облысқа кетем деп өтініш жаздым.

Басқарма бастығы босатпады. Көпке дейін ешбір жобаға қатыспай, сандалып жүріп алдым, ең ақырында атыраудың жағасында салынар жаңа қаланы қолға алуды тапсырды. Біз, бес жігіт, ол жұмысты жылдың аяғына дейін бітіруіміз керек. менің түрім болса мынау, шабыт шақырайын деп келген ақтауда барымнан айрылып жатқаным.

Қазіргі адамдарды таң қалдыру аса қиын, өйткені біздер таң қалу сезімімізді жылдар жылжыған сайын жоғалтып барамыз. атыраудың жағасынан орнатар болашақ қала ақтау- дан он есе озық салынса да, он-ақ жылдың қызды-қызды әңгімесіне жарайды да, бірте-бірте ұмытылып, жер шарының үлкен картасы бетіне жалғыз ноқат болып кейде түседі, кейде түспейді. Сондықтан профессионал сәулетші болсам да, өз ісімнің айқындығын сезіне алмай келемін; сондықтан да өнер семьясының ішіндегі ең түсініксізі, ең абыройсызы және халыққа есімің жариялы емесі де осы архитектура атты бала. айталық, жер бетіндегі мыңдаған қалада миллиондаған адам


мекендейді, бірақ солар өзі тұрған шаһарды кім жобалап, кім салғанын біле ме, жоқ, ал жазушының шығарған кітабына аты- жөні жазылады, суретшілер де солай, сәулетшілер ше... Қазіргі қала дегеніміз, кеңістіктің комплексті ортасы, жекеліктен гөрі жалпылық сипаты басым. Ендеше, жаңасын саларда, сөз жоқ, тағы да рухани мәдениетті практикалық мәдениетке ұластырамыз. Сондықтан да салған құрылыстарымызда өзіміз өмір сүрген дәуірдің санасы сәулеленбей қалады; сондықтан да практикалық жағынан пайдалы болғанымен, көркемдік асылымызға айналмай қалады. Гоголь айтқандай, әлемнің шежірешісі іспетті сәулет өнерін кәсіптік сипатқа бұрдық. Біз қалаған үйлерде адамның өмірге деген көзқарасы, уақыттың көңіл күйі жоқ, ішкі кеңістік пен тектоникасы айшықталмаған. Қазіргі ең керемет деген құрылыстарда жалаңаштық, жеңілдік басым; бірыңғай шыныға, темір бетон, каркастар мен син- тетикалық-пластикалық материалдарды орынсыз пайдалану, панельдер мен алып блоктарға арқа сүйеу басым. міне, мұның барлығы конструктивті шешімі жағынан тамаша болғанымен, сәулет өнері дәрежесіне көтеріле алмай қалады. Баяғыда әдемі қала тұрғызу үшін кереметтей көркем де ыңғайлы жер таңдайтын. Қала жобаланбас бұрын кеңістікті, өзен-көлді, орман-тоғайды ескере отырып, құрылыс пен табиғи орта бір- бірін толықтырып, эстетикалық жарасымын тапса ғана үлкен істі бастайтын. Қазір ше, қай жерден жер асты қазынасы табылады, сол жерге үй қалауымыз керек, жердің үстінде не бар, не жоғына қарамаймыз, өйткені уақыттың талабы солай. Осындай амал жоқтық сәулет өнеріндегі брутализмге соқты- рады. рас, біз де суреткерміз, бірақ фантазиямыз бен концеп- циямыз шектеулі. Шектеулі болатын себебі өз жұмысының, демек өз туындыңның объектісін, образын біз таңдай алмаймыз. Егер маған ерік берсе, құлан жортпайтын, бір ұрттам сусыз, тіс шұқитын ағашсыз қиян далаға сәулетті қала салар ма едім... Өмірдің, өндірістің талабынан туып отырғандықтан, амал жоқ, көнесіз, әрі соған көндігесіз. Бүгінде архитектор ағайындардың творчестволық қиялын ғылыми техникалық революция билей- ді. Өнерпаздықтан гөрі кәсіптік ыңғайға көшуіміз заңдылық- қа айналып отыр деген сөз. Ендеше, шақшадай басымды неге шарадай етіп, қайдағы бір даралықты көксеймін. «Әр таудың басын аңсаған арқар аштан өледі» – деп атам қазақ бекер айтқан жоқ, өзімнің бетімді іздегенше, дәуірдің бетіне жалтақтап жан


сақтағаным жөн емес пе. Жер бетінде әзірше жеті-ақ ғажайып ғимарат бар, адамзаттың ғұмырына осылар да жетер. Әлемнің бетіне бедерлеп өз есіміңді әріптеп жазу – бір ғасырдың жемісі. ал жиырмасыншы ғасыр жалғыз-ақ адамды тудыруы мүмкін, ол кім? Әзірше ешкім бал ашып айта алмайды. менің білетінім, әйтеуір, Тас емес... Әлде ондай данышпан тумаған да шығар... Сонымен уақыт ағысына қарсы жүзгенді қойып, сол уақыт ағыстың үстінде жүзген көп салындының бірі ретінде, қашан жағалауға ығысып шығып қалғанша, ықтай бергеннен артық абырой жоқ. атыраудың жиегіне салынар жаңа қаланы ақтаудан артылтам деу бекершілдік – айнытпай қайталап бере- мін. Дүниеде қайталаудан оңай нәрсе жоқ... рас, мен қателікті тым ертерек жіберіп алған секілдімін.

Ол қателік – сәулет өнеріндегі ұлттық сананы түбегейлі түсінбегенім, демек, жаңалыққа құштар көңілдің жетегінде жүріп, қазақтың өз топырағында баяғыда бар болған, кескілес- кен ұрыстар мен кер заманның құрмалдығы болып кеткен керемет өнерімізді түбірлей зерттемегенім, үйренбегенім. алғаш Қожа ахмет Яссауидің мазарын қалпына келтіруге шақырғанда бармай, бүгінгі архитектураға ойысып кеткеніме енді ғана өкініп жүрмін. Бәлкім, жиырмасыншы ғасырға біздердің сол ата-бабамыз мирасқа қалдырған дүниелерді зерттеп, жөндеп әлемге жария етсек те жетер ме еді... Бүкіл жастығын, жігерін осы ұлағатты іске сарп етіп жүрген Темірдің тағдыры, мүмкін кейінгі ұрпаққа үлгі болар. ал менікі ше?.. ақтау қаласында зәредей болса да ұлттық нақыш, ұлттық бояу, ұлттық үлгі мен халықтық ой бар ма? Кім байқай алады? Ешкім де, өйткені ол қаладағы бірде-бір мәдени құрылыстан қазіргі қазақ архитекторларын толғандырып жүрген өзіндік өрнектерді, яғни сәулет өнеріндегі ұлттық сананың жетілгенін бедерлеп бере алмадық. Ендігі міндет, осы тұрғыда еңбек ету шығар. Біреудің өнерін біреу ешқашан да жасап бере алмайды. Ендеше, неге қазақтық архитектураны тек қана өзіміз қолға алмай қаңғып жүрміз... Бұл менің ғана қателігім бе?»

Қас қарайып, көз байланған екі кештің арасында теле- гей теңізді жағалап, бота жетелеген қыз кеткен бағытта ымырт- шылап жолға шықты. Бұрынғыдай емес, жанының жарақаты жазылған, басы қисапсыз сұрақтардан қаңырап босаған, көңілі де құсы қайтып, базары тарқаған көл секілді тыншу. алайда баяғыда, бозабала кезінде табиғаттан туып, ертерек жоғалтып


алған ішкі жан сезімінің кіп-кішкентай күміс қоңырауы қайта қағылғандай, тот баса бастаған жүрегі тоқтап қалмай, әлі де соғып тұрғанын сол күміс қоңыраудың әлсіз сыңғыры есіне салып еді. айқыш-ұйқыш сызылған санасы қаланың қоқыстарынан тазарып, шуақты аңсаған қариядай, таяғына сүйеніп жуас тыныстағысы келді. Қарттыққа тән ақыл-ой өз- өзінен жасарып, әлем проблемаларымен шатақтаса беретін мінез-құлқы желідегі құлындай тулап-тулап, тырайып жусап жатыр. Қаншама өңешін созып өзеурегенімен екі аяғы бар жай ғана пенде екенін кеш, кеш болса да мойындады-ау, әйтеуір. Екі, қолын артына ұстап, теңіз жағалап лағып бара жатқан жігіт қайта туғанына қуанған да, өкінген де жоқ, бұған дейін масқара қиындатып келген өмірдің соншалықты оңайлығына сәл тақырқау бар бойында. Тіршілікті құлай сүюді дән тасыған құмырсқадан үйрену керегін бұрын неге бағамдамаған. асылы, адам дегеніміздің өзі егіннің дәні ғой, топырақтан нәр сорып өнесің, жайқалып көктейсің, сарғайып пісесің, содан соң тағдырдың диірменіне түсесің де, өзгенің керегіне жарар ұн болып үгілесің. Зым-зия жоғаласың. «мен осыған дейін жоғалмаймын деп жанталасыппын, қандай ақымақтық. ал бұл қарапайым ұғымды Досым әлдеқайда ерте түйсіктеген. Өмірдің мәні – құмырсқа болу ғана. Сана материядан тысқары емес дейтініміз осыдан-ау. Олай болғанда адамның ақыл-ойы жалғанда да жаратылысты жеңе алмайды».

Су тазартқыш қондырғыдан өтіп, ақтаудан ұзап кетті. ай әлі шықпаған, қараңғылық қоюлана түсті. Қаланың шамдары мұқым даланы жарыққа бөлеуге шамасы жетпейді, алыстаған сайын арты ағараңдап, алды қараңғылана берді. Әйтеуір, теңізден айрылған жоқ, кедір-бұдыр тас, топырақ-томарларды аттап-бұттап жүріп келеді. мөлшермен бір шақырымдай жол жүрдім дегенде, тура қарсы алдынан сықсиған әлсіз жарық сәулеленген. Түнгі от алыстан көрінеді ғой, әлі де едәуір жер барын топшылады. Бірақ анау аспандағы жұлдыздай жымыңдаған жарықты жағып отырған кім? Оны әзірге білмейді, не болғанда да сол отты бағытқа алу керек. Теңіздің шуылы саябырлау, шолақ толқымай, тереңге тарта тебіренеді. Түн баласында су жағасының өзгеше бір салқыны болады, омырауыңды ашып тастап, саулаған самалды армансыз жұтып, қарабарқынданған теңізден ашу мен ызаны, шалқарлық пен шаттықты үйренесің. Күндіз кенезесі кеуіп, маңқайып жатар


даланың мұрынды жыбырлатар қаңсық иісі болушы еді, қазір сезілмейді, атыраудан ескен жел айдап тастаған. Биылғы жаз жаңбырға сараңдық жасады. Ербиіп үркіп-үркіп шығар өсімдік әлдеқашан қурап қалған, Тасжанның аяғы шалып бырт-бырт үзілді. ақтаудың жалпы пошымы күңгірттеніп, самаладай жарқыраған шамдары ғана шоқтай жайнап жатты. Сонау телебағананың басындағы қызыл жарық бәрінен де биік, осы тұстан көз салғанда жер мен көктің екі ортасында ілініп қалған жетім жұлдыз секілді. Жаһандағы жалғыз от тым жақын. Әне, сықсиған терезесі бар тамды көрді. Сыртынан қарағанда молаға ұқсаған. Іргесіне келіп, көпке дейін батылы жетіп кіре алмай тұрып қалды.

Тамға жапсарлас салынған қора бар екен, бір бұрышында моп-момақан шөгіп жатқан ақ бота қараңғыда қалбақтаған бөтен адамды көрген соң, шошына түрегелді. Жігіт жақындап барып мойнынан құшақтайын деп еді, қашқалақтап маңына жолатпады. Тоқал тамның іргесінде қайық төңкерілген. Келуін келсе де, әлі де не істерін білмей, торуылдап жүрген Тасжан сол қайықтың үстіне отырды. Темекі тұтатты. Тырс еткен дыбыс жоқ. Үйге кіріп баруға жүрегі дауаламаған. Неге екені белгісіз, бойын сиқырлылау қорқыныш биледі. Ертеректердегі жалмауыз кемпірдің баспанасындай жермен- жексен болып жатқан балшық там ұлы шулы цивилизацияны торуға шыққан аңшының итарқа қосындай көзге қораш, көңілге жат. Әрі-сәрі мелшиіп отыра берудің жөні жоқ-ты, не де болса үйге кірмек ниетте темекісін өшіріп, солай қарай беттеген. Есіктің тұтқасын сипалап тауып, айқара ашуға және де жасқанды. Жүрек лүпілін естіді. «Әке-шешесі бар болса қайтемін?» Тәуекел жасады. Қаладағы әдетпен тақылдатты, жауап болмады. ашты, табалдырықты аттап, ішке ене бергенде төбесін босағаның маңдайына оңдырмай соқты-ай. ауырсынуға мұрша қайда, тілін тістеген күйі бір-екі басып төрге озған. Тірі жан көрінбейді. Шаңырағы бар шамның жарығы аядай бөлмені ала көлеңке көрсетіп, әр затқа абажадай көлеңке түсірген. Жан-жағына қарап еді, мұнтаздай жиналған мүлік бейне бір кішкентай қыздың қуыршақ үй жасап ойнағанындай әдемі. Іргеде сықырлауық ағаш төсек, басы терезеге жетіп тұр, төр алдында оюланған ескілеу сырмақ, әйнекке шетін тірей қойған стол, сол столдың үстінде шам, босаға жақта тандыр пеш орналасқан, қыстан бері жағылмағандықтан гүлді матамен


жабылған. Пеш пен төсектің ортасындағы бос қанатқа қолдан ілгіш жасалған, онда қыздың киім-кешектері ілулі тұр. Үйдің ең қымбат мүлкі – төсектің бас жағындагы желбірегі бар қос етек көйлек пен үкілі сәукеле еді, қамар белбеу мен күміс таналары жылтыраған шашбау, бір-біріне мінгестіре ілген күміс білезік, әдемі тастан көз жасаған сақина, жүзіктер еді. Тасжан архаизмге айналған жиһаздарды көргенде он тоғызыншы ғасырдағы этнографиялық музейге кіргендей аңырайып тұрып қалды. мұндағы әр зат көненің көздеріндей қаладан қашып осынау тоқал тамға жасырынған секілді. Тіпті ескілікті ыдыс- аяқтар тым мол, әсіресе анау жастыққа жантайған домбыра жан бітіп, өз-өзінен сөйлеп, «Түрмеден қашқанды» аңыратып қоя беретіндей ме-ау... Ол жасқаншақтана жақындап, домбыраны қолына алды да, тықылдата шертіп көрді, құлақ күйі келтірілген, бабында екен. Иесі жоқ үйде рұқсатсыз жүре беруге қысылған Тасжан домбыраны орнына қойып, тысқа шықты. айналайын табиғаттан сұлу не бар бұл жалғанда, әне, ұлан-байтақ теңізді қақ жарып, күміс табақтай дөңгеленген буаз ай ыңырана туып келеді. Теңіздің бетін күміспен қақтап тастағандай жалтырайды. Дүние ақ сүтке шомылып, аста-төк мол қуанышқа кенеліп, жарылқанып жатты. Жер жарықтық жаңа ғана босанып, қалжасы жаққан анадай рақат пен қуаныштан жап-жарық көрпесін қымсына бүркенеді. «Қалада ғой табиғаттың осы сұлулығын аңғара бермейміз»,– деп күрсінді. Кім білсін, ай өте тез көтеріліп еді. Жұмбақты үйдің жанында жын соққандай делдиіп тұрған Тасжан теңіз жақтан ағараңдап келе жатқан аппақ сүлдені көрді. Сасқалақтап, қашаға сүйене төңкеріліп жатқан қайықтың астына сып етіп кіріп-ақ кеткені. анадан жаңа туғандай аппақ сүлде асықпай басып, тура қасынан өтті. Қап-қара ұзын шашы тал бойын жасырып су иесі Сүлейменнің қызы жанынан өте бергенде, жігітте ес қалмаған: қыздың тыр жалаңаш мүсіні таңсық болмай-ақ қойсын, бірақ осыншалық күмістен жонып жасағандай сұмдық сұлу бейнені көргені осы және бұдан былай көрмейтін де шығар-ау... «мен күнәһармын,– деп ойлады жерге кірердей ұялған жігіт.– Жаһанда бұдан өткен ұрлық бар ма, саф тазалыққа рұқсатсыз қарап арымды былғадым. Тез жоғалу керек бұл маңнан, қарамды батыру керек!» Осылайша өзін-өзі балағаттап, орнынан тұра беріп, төбесін тағы да қайыққа сарт еткізіп ұрып алды. «Сол керек!»


– деп жерге былш еткізіп түкірді, артына қарайламастан қалаға тартты...

Дегенмен сезімі ай астында қарауытып жатқан тамда қал- ған-ды. ай сәулесі арқасынан түскендіктен, көлеңкесі ұзарып, жеткізбей бара жатты. Көңілін зіл-зала мұң басты. Баяғыда, оныншы класта оқып жүргенде болар, көрші ауылдан дәл осылай тауаны қайтып, тауы шағылып оралып еді-ау. Сегізінші кластан кейін оқымай сауыншы болып кеткен қызды тұңғыш рет бар ділімен, бар жастық болмысымен құлай ұнатты. Бозбала шақта оны махаббат деп атайтын және осына киелі сезімді бар деп ойлайтын. Кейін жоқтығына көзі жетті. Әлдекімдер әңгіме қылып отырса тырқылдап күлетін. Неге?!

«мектепті бітіретін жылы, сол махаббат атты ұлы сезіммен мүлдем қош айтыстым. Ол қыз көрші ауылдан келіп, біздің мектепте оқып жүрген. Қара торының әдемісі болатын. алғаш көргеннен-ақ ұнатып қалдым, амал не, келесі жылы сабаққа келмей қойды. Олардың аулы Черновая деп аталады, Бұқтырма өзенінен төтелей өте шықсаң, үш-ақ шақырымдық жер. менімен бір партада қатар отыратын амантай деген бала да сол Черноваядан. мен досыма еріп әр демалыс сайын із құрғатпай барып тұратынды шығардым. амантай екеуіміз өткелден өте шығамыз да, қайыңды қалың тоғайдың арасымен өлең айтып, ысқыртып жаяу тартамыз. Әлі есімде, май айының аяқ кезі болатын. мемлекеттік емтиханға дайындалу қамына кіріскенбіз. Сабақ аяқталған, қол бос. Бұқтырма шанағынан асып-тасып жатқан, ағаш басы толық бүрлеп, алтайдың ең бір тотыдайын таранған бойжеткен мезгілі еді. амантай емтиханға арғы беттегі өз үйінде әзірленбек болып кетіп қалған. Құлазып жанымды қоярға жер таппай зеріге бастадым. Не істесем де санамда сол Қыз тұрады, көзімді жұмсам да көрерім сол... Жүрегім бірде атша тулап, бірде баяу соғып, денең бір ысып, бір суиды екен. Еш нәрсеге зауқың шаппайды, еш нәрсе қызықтырмай дел-сал, басың ауған жаққа қаңғи бергің келеді, етбетіңнен түсіп сұлық жатып алғың келеді. Емтихан жайына қалды. Қырсыққанда ең алдымен әдебиеттен шығарма жазамыз, менің осы пәнді суқаным сүймейтін. Ол шақта дүниедегі көк мылжың пән – осы әдебиет деп ойлайтынмын; баяғыда өліп қалған әлдекімдердің өмірбаянын, өлеңдерін жаттап, жазған өтірігін басымызды қатырып оқимыз. Оның күнделікті өмірімізге қандай қатысы бар, қайдағы бір Құнанбай, Итбай,


Игіліктердің не керегі бар, – деп быж-тыжым шығар еді. Дегенмен, анау күзде арғы беттегі ғашығыма хат жазғанда сол өзім жек көретін жазушы қауымнан көмек сұрауға мәжбүр болдым. Бейімбеттің «Шұғаның белгісі» шығармасындағы Әбдірахманның хатын әдемілеп көшіріп, өз атымнан айдап жібердім. Әлі жауап жоқ, сондықтан да тықыршып, мазам кетіп жүр. мақтанғаным емес, өз замандастарымның ішінен менен артық жүзетіні кемде-кем еді. Өзен ағаш басына шығып тасып жатқанда ар жағына малтып өтіп, мойыл тістеп қайтадан қайтып келетін әумесерлік бар-тын. Енді, міне, сол ерлігім пайдасын тигізейін деп тұр. Не болса да Бұқтырманы қақ жарып өтіп, Черноваядағы амантайға бару, оным өтіріктеу, әрине, өзімнің алғашқы махаббатыма жолығу. Тегінде, теңіз, көлдерден гөрі таудың асау өзеніне жүзудің мүлдем бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері бар. ауылдың атақты матросы атанған мен алғаш рет осы атырауда жүзгенімде шым батып, қақалып-шашалып әрең шыққаным есімде. Бұқтырма – суын тау басындағы қардан алатындықтан, аса суық, екі жағасын кезек кеміріп ағатын тентек өзен. Оған қарғығанда ықтап малту керек те, құлашты ақ бас толқынның жалына салған жөн. ал мың бүктетілген толқынның астауына немесе соқпа жылымына түсіп қалсаң, қайтып тірі шыға алмайсың. Сөйтіп, көйлегім мен шалбарымды төбеме таңып алдым да бүгінгідей айлы түнді жамылып, Бұқтырмаға қойып кеттім. Қалқақ қағып арғы жағаға аман-есен өтіп шықтым, әйтеуір. Сыртына орағандықтан көйлегім малмандай су болған, шалбарым аман секілді. Жейдемді сығып, соқпақпен Черновая аулына тура тарттым. Елегізіп қорқып та келемін. Соңғы кезде «осы жақта түрмеден қашқан ұры жүр» – деген сыбыс тараған. Әйтсе де махаббат күші қоя ма, алған бетімнен қайтқан жоқпын. анда- санда алдымнан елік кескестеп өтеді, пырылдап түн құстары ұшып, секектеп қоян қашады. Қолыма бұтақ сындырып, қару ретінде көлденең ұстап келемін. Едәуір жол жүрген соң, ауыл иттерінің арпылдап үрген үні естілді. Черноваяның тоғай жақ шетінде орыстардың бау-бақшасы бар. Бұдан гөрі баларақ кезде қоңыр өгізге бес бала мінгесіп келіп, жайқалып тұрған салқам, сәбіз, күнбағар-мактарын талай отап кетіп едік. Осыдан барып Бұқтырманың екі жағалауындағы ауыл балаларының арасында бітіспес дау туған, қол жинап келіп төбелес ашатынбыз. Енді міне, сол «дұшпан» ауылдың қызын іздеп безектеп, құстай


ұшып келе жатқаным. Сүйіспеншіліктің ең тәтті, ең адал, сезімге бай шағы бозбалалық желікті кімдер ұмытсын. Бірақ ол кезде жалғанда да «желік» – дел қабылдамағанбыз. Қашаға сүйеніп демімді алдым, тым қатты жүрдім-ау деймін, жүрегім қағып, көпке дейін ентігімді баса алмадым. Содан соң ауыл иттерінің көзіне түспей баспалап амантайдың үйіне жақындадым. Жұрттың барлығы ауыр ұйқының құшағында тұншыққан кез, елбең еткен елес, тырс еткен дыбыс жоқ. амантайдың қайқы құйрық мойнақ иті бар-ды, мені көріп шәу етті де, таныған соң бұлғақ қағып аяғыма оралды. Ептеп басып терезеге бардым. амантайдың қай бөлмеде жататынын білетінмін. ақырын ғана әйнекті саусағыммен тықылдатып едім, ешкім ояна қоймаған, қаттырақ қақтым. ай сәулесі түспесін деп тұтылған перде ысырылды да, айналайын амантайдың қою қара шашы көрінді. Қатты қуандым. «Бұл кім?»– деді ұйқылы-ояу дауыспен. «мен, Тасжанмын». Киініп далаға шықты. Әрине, алғашқы сауалы «Не ғып жүрсің түнделетіп?» болды. «Шыдай алмадым, сені сағынып...», «Иә, мені сағына қалғаның, жүр былайырақ шығып әңгімелесейік». Екеуіміз қораның түбінде жатқан дөңбекке мініп отырып сырласа бастадық. «Кімді іздеп келгеніңді білемін, – деді ол есінеп. – Судан қалай өттің?»

«Кәдімгідей, жүзіп». «Өстіп жүріп бір күні сол қыз үшін өзенге ағып өлесің ғой»,– деді, ересек адамдай қоңыр үнмен. Ол тегінен салмақты, біртоға бала болатын. Көп нәрсені, әсіресе кербездікті, тектілікті содан үйрендім десем бір өтірігі жоқ. «Жүр, қыздың үйіне барайық». «Дәл қазір ме?» «Дәл қазір». «ағасы ұстап алып, құйрығымызға дүре соғар. мінезі жаман». «Екеуімізге әлі келмейді». «Сүйген қыздың ағасымен төбелесуге болмайды; – деді амантай маңғазданып: – Одан да бүгін қон осында, ертең кешке жолығармыз». «Оған дәтім шыдамайтын түрі бар». «Иә, сен рас ғашық екенсің, жігітім. Тәуекел, кеттік».



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.