Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 27 страница




отырмын. Елде қандай жаңалық бар? майданға аттан- ған ағайын-туғаннан хабар бар ма? ақтайлақ пен Бағдаттан хабар келді ме?Сұраған жанға дұғай-дұғай сәлем айт. Бала- лардың бетінен сүй. Сәлеммен ақаның. 1942 жыл, көкек айы».

Қуанышымыз қойнымызға сыймады. Енем: – Құлыным- ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқ- тырманың тасып жатқанына қарамастан, салып-ұшып өте шығып еді, – деп көзінің жасын шылауышының ұшымен сүртті.

– Кемпір-ай, ертең қара серкені соямын, – деді атам. ал мен... үнсіз отырып қалыппын. Қуанған мен қорыққан бірдей деген осы-ау... Жүз сом ақшаны атама бердім. Ол кісі құнжың- дап қойнына тығып, бата жасап, бетін сипады.

Таң құланиектене берген елең-алаңнан құстай ұшып Жал- ғызқарағайға қайтып оралдым. Құрбыларым пырдай болып, тұяқ серіппей ұйықтап жатыр екен. Баспалап келдім де, өз орныма жым-жырт жата қалдым. Ешқайсысы сезген жоқ. Әлгіндей ұлы қуаныштан соң ұйықтау мүмкін бе, ақ боздана бастаған шығысқа қарап телміремін. Таң хабаршысы бозтор- ғай шырылдай бастады. Көкек шақырып, бытпылдақ үн қатты қарағанның арасынан. Шанағынан асып, тас-талқан болған Бұқтырманың үні құлағыма бұрынғыдан ары жағымды естілді. Соншалықты рақат, соншалықты әдемі... «алла тағалам осы қуанышымнан айырмаса екен. маған көп нәрсенің керегі жоқ, тек барымнан айыра көрме», – деп жалбарына тіледім.

 

...Біздің ішімізден іріктеп соғысқа жіберіп те жатты. Ондай жұлдызы оңынан туғандардың бақытына қызыға да, қызғана қарап, шығарып саламыз, – деп ақан ақсақал әңгімесін одан ары жалғастырды. – Дегенмен бармай, дізімге ілінбей қалғандарына іштей тәубалағандар да жоқ емес еді... ауылдас бес жігіттің ішінде ең қартаңымыз – Қаймақ, жуас та біртоға кісі ғой. «Е, өзі берген жанды құдай өзі алады да. Неге болсын бас шұлғып көнгеннен басқа амал жоқ», – деп нардың үстінде қисайып саспай жатар еді. Бура – тәпелтек кішкене жігіт. Үнемі мең-зең жүретін. Өзінің тым аласа, қауқарсыздығынан жасқана ма, жоқ болмаса бізге жұмбақтылау қиялмен басы қатып жүре ме, тура алдына келіп: «Бураш, хал қалай?» – деп


дауыстағаныңша байқамас еді. ыржия күліп бетіңе қарайтын да, «аман-аман» деп иегін қағып, өте шығар еді. ал Қожақ аусар мінезді, өзінен басқаның барлығы саңырау адамдай даңғырлап сөйлейтін, ашуының алды бар, арты жоқ. маған үйірсегі де сол, бір төсекте жатамыз, бір қаңылтыр аяқтан тамақ ішеміз.

аудан орталығы Серовтан әскерге шақырған қағаз келген сайын бұтына жібере қорқатын Құмырай ғана... Әрине, бәріміз де елеңдей, атымыз қашан аталар екен деп, адамдық жүрекпен сасқалақтап қаларымыз рас, бірақ Құмырай құсап қалшылдап кетпейтінбіз; ол аяқ-қолы дірілдеп, аузындағы шылымын шайнап-шайнап жіберетін; бір отырып, бір тұрып есі қалмай тықыршитын.

– Құмеке-ау, мыңдаған азамат соғысып жүр ғой. Несіне сасқалақтайсың, – дедік бірде ауылдасымыз үшін ұялып. Ол тұлан тұта ашуланды.

– Батпақ қазып жүріп батыр бола қалуын. Көрер едім к..ді, алдыңнан анталап неміс шыға келсе, былшылдамыңдар,

– деп ат құйрығын кесісті. Содан былай бөлек жататын болды. Ішімізден ең алғашқы болып үйінен сәлем-сауқат алған да Құмырай, теріс қарап отырып ашты, теріс қарап отырып жалғыз өзі жеді... Ешқайсымызға дәм татырмады. Біз оның қотиын қылығына өкпелеген жоқпыз, тек Бура ғана тісін қайрап, кіжінетін. Кішкене кісінің мөңкіп, тулағаны қызық екен, титімдей ғана жұдырығын түйіп, тап-тап береді. Сонан соң өзінен-өзі ырсиып күледі.

Көктемнің алғашқы шуағы қалың орманда, қасат қарлы Орал тауларында себезгілей бастағанда, біз де ептеп сергігендей болып, қатқан денеміз жылынғандай еді. амал қанша, қашан жер кепкенше табаныңа жабысса қырғылап кетіре алмайтын сар балшыққа тап болдық. май айы туғанша ылжырап жатып алды. Қыс бойы қоныштың орнына шұлық ораған шарқай бәтеңкені сүйрелеп шыққанбыз. ал жазғытұрымғы лайсаңда кісі басы бір-бір етік берді. Оның өзі дым тартады. Үнемі кигендіктен бе, резинка етігің барып тұрған құдайдың бәлесі екен, аяғым сырқырап, қақсайтынды шығарды. Көптеген жұмысшының сіңірі тартылып қалды. Қаймақ тобанаяқ болып, дүзге әрең шығар халі бар, жарты ай жатты. Қожақ екеуміз өзімізге тиесілі азын-аулақ асымызды бөлісіп, әйтеуір қарнын аш қылған жоқпыз.


Жасырып керегі не, тамақ жағы өте нашар еді. Күніне бір мезгіл ыстық ас берген болады. Оның өзі қышымадан немесе әр- түрлі шөп-шаламнан жасалған сулы-сылпың қойыртпақ көже. Әсіресе ондай қатықсыз қара көжеге үйренбеген, аптасына бір рет ет жемесе қас-қабағы ашылмайтын қазақ жігіттері шетінен ауырып тұрды. Үсіген картоп жеген соң бет-аузың күп болып ісіп кетеді екен. ал қолға тиген тиын-сиынға сатып жер ештеңе жоқ, ол кезде сүттің жарты литрі бұрынғы бағамен жүз сом.

Саңырауқұлақ жеуге де үйрендік. алтайда аяқ астында жатқанда, байқамай басып кетсе жиіркенетін кірпияздық жайына қалды. Сөйтсек, саңырауқұлақ деген жарықтық бүкіл бір халықтың атадан келе жатқан асы екен... Бір күні сол жемісті жеуге тәуекел жасап, аузыма сала бергенде ішінен қара бас құрт шығып, жүрегім айнып... қатты ауырдым. Ішінде ештеңе қалмаған асқазаннан қан құсатын болдым.

Ішкен асым батпай, әбден зықысы кеткен маған жаны ашыды ма, Қожақ Құмырайға барды. Үйінен келген посылкада ет, қоспа бар екен деп ұзын құлақтан естігенбіз.

– Құмеке, бәріміз де бір Дәулеттің ұрпағымыз, құрдасың қан құсып ауырып жатыр. Көңілін сұрамадың деп өкпелемей- міз. Сорпаламасақ өліп қалатын түрі бар, қол басындай ет бер, қаңылтырға қайнатып берейік, – деген екен. Ол: – Тегін ет келмеске кеткен, сатамын, – деп, екі жүз сом ақша алыпты.

– Ол итті қарағайдың арасына апарып өлтіріп тастасақ қайтеді, – деп, Бура бізге қарап ыржиды.

– Әуелі тышқан өлтіріп ал. – Құмырайдың өшін жұдырықтай ғана жерлесінен алғысы келді ме, Қожақ қатты ашуланды. – атаңның аузын ұрайын, аман-есен елге оралайық, көзіне көк шыбын үймелетпесем атымды басқа қой.

– Әуелі сол елге жетіп ал, жарқыным, – деді Бура суырша аңқиттап. – Барған соң ол да қарап жатпас. Ол итті жым-жылас құртатын жер – тек қана Орал.

– Қойыңдар, – деді ересегіміз Қаймақ, – тұқымын қуалап келе жатқан мінезін өзгертем деп пе едіңдер. Кім болып туды

– солай өледі. Сараңдық қанына біткен қасиет... Балталасаң да арыла алмас.

мен әңгімеге араласқан жоқпын. Жұмыршағымның басына тас байланып қалғандай батады-ай. ауық-ауық қыжылдатып, аһ деп аузымды ашсам жалын болып сыртқа шығады. Табаным күйіп, түні бойы сұп-суық жерге басып отырамын. Талығып


барыпенді-ендікөзімілінді-аудегенкезде«жұмысқашығыңдар» деген десятниктің айғайы естіледі. Құр сүлдерімді сүйреп, топырақ қазылған үңгірге қарай ілби аяңдаймын. Кеспелтек- теп кескен шпалдарды көлденең төсеп, қолмен сүйрейтін вагонша-қорапқа саламыз. Күн батып, әбден қас қарайғанда ғана екінші кезектегілер келеді. аузыма дәм салмаған қалпы, аш иттей бұралып жатып қаламын. Ойыма қай-қайдағы сумақы сұрақтар келеді. «Тым болмағанда Отанды қорғап, жаудың да қолынан қаза таппадым-ау. Саңырауқұлақтан ұшынып өліпті дегенді ел естісе, қандай қасірет. Үйелменімнің бетіне шіркеу, сүйекке таңба емес пе».

Барақтың іші қанша суық болғанымен соншалықты қапырық, ауа жетпей деміктіреді. Сыртқа шығып қарағай мен қайыңның иісі аңқыған таза ауамен кеудені кере дем алып, қайта кіріп келгеніңде, шуаш пен тер иісі сасыған жатар орнымыздан тұншығып өліп кете жаздайсың. адам үш күннен соң көрге де үйренеді деген емес пе, бәріне төздік, бәріне көндіктік. Егер күндіз-түні оқ бораған соғыста жүріп, жер үйде немесе ақ қар, көк мұздың үстінде түнесек қайтер едік. Олардың жанында біздің жағдай жұмақ секілді деп жұбатамын өзімді-өзім. Дегенмен әлгі «майданға алса» деген тілек күн өткен сайын санамызға сыналай кіріп, көз алдымызда көлеңдей берді. Екпіндей ұмтылып ерлік жасайын деген жымсыма қулық емес, әйтеуір, ауылдағы ағайынмен «соғысқа кеттік» деп қоштасқан соң, жаумен жағаласып көру де азаматтық борыш секілді еді.

Елден алған сәлем-сауқаты таусылып қалды ма, Құмырай соңғы күндері қабағынан қар жауып, құтырған иттей көрінгенге соқтығып өз-өзінен ызаланып жүрді. Кен орнында ең оңай деген жұмыс – динамит қойып тоң жердің үстіңгі қабатын қопару болатын. Бұл іске қауқарсыз қарттар мен ауру, әлсіз жігіттер жіберілетін. Десятниктің тілін тапты ма, Құмырай түйедей болып, осы жанға жайлы тыныш жұмысқа орналасып алған. Көрсетілген тұсты динамит қойып, бұрқ еткізіп қопарып тастайды да, темекісін құмарлана тартып, құмырсқадай қыбырлаған біздерге мұртынан күліп дем алып отырады. арбайған ағашты аударуға шамасы жетпей, тырбыңдаған Бураға, тыныш отырмай, кесек топырақ дәлдеп, оның быж- тыж ызаланғанына қарқ болып күледі. Кешке бараққа келген соң Бура қалайда Құмырайдың көзін құртудың амалын басын қатырып ойлайды да жатады.


Көктем шыққанда көңіліміздегі кірбің тарқап, Оралдың жайқалған орман, әдемі табиғаты сірне болып қатқан сезім- түйсігімізді қытықтағандай еді. аш жүрсең де, сергек жүргенге не жетсін. Үш айлық қара жұмыстан құтыла қоймағанымен, асқазанымның ауруы аздап басылған секілді, бұрынғыдай ішкенді қайта құстырып, күндіз-түні мазаламайды, тек аш құрсаққа ас түскенде ғана ептеп қыжылдайды. Өз басымдағы үлкен жаңалық, үйден тұңғыш рет хат алдым. Кешігіп келсе де, көңілге медет, дәтке қуат. Түскі бір сағаттық үзілісте қайыңның арасына кіріп алып күбірлеп оқи бастадым.

алманың хаты: «ақаным менің! Зар еңіреп, зар жұтып, көзіме қамшы тиген жетім ботадай боздап жүргенде айны- мастай болып табысқаным менің! Денің-қарның сау ма? Біз шүкіршілік, тағдыр сыйға тарқан тарыны теріп жеп жүрміз. атам, апам, балалар, ауыл-аймақ түгелдей аман-есен. Жағдайымыз жақсы. Тамақ тоқ, көйлек көк дегендейін... Әскер семьясы болған соң, колхоздан не керек, соның бәрін алып тұрасың... Өзім қолмен ғана жұмыс істеймін. аяғы ауыр деп аспазшы тағайындап қойған. ауылдан соғысқа кеткен бірлі-жарым азаматтан шетінеу бар. Оларды келесі хатымда айтармын. апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығып тасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, аман-есен келеді деп отыр. Сенің оңай жұмысқа барғаның қандай жақсы болған. Хаттың ішінен жүз сом ақша шыққанда төбеміз көкке жеткендей қуандық. Пәселке салсақ қайтеді? Құмырайдың әйелі, жағдайлары өте нашар екен деп бала-шағасының аузындағысын жырып жолдап жіберген. ал сен семіріп алдық дейсің... майшам сөнуге айналды. Хош-сау бол.

Сені сағына күтуші, мен және үй ішің. 1942 жыл, мамыр».

– Елден тұңғыш рет арқан бойы ұзап шықпағандыкі болар, көңілім босап жыладым. алманың сойдақ-сойдақ жазуы мен үшін бүкіл Жұлдыз ауылы көшіп келгендей болып сезілді, алғаш рет жүрегім сазып, бала-шағамды өлердей сағындым. Туған жеріміз Шығыс пен соғыс болып жатқан Батыстың екі ортасындағы Орал тауы екі жаққа кезек алаңдай қараған алып түйе секілді. Біз сол алып қара нардың қомына жармасқан атымыз бар, атағымыз жоқ жұмыс әскерлеріміз. Қимыл- әрекетімізге, мұрнымызға су жетпей істеген жұмысымызға


қарап, қандай қайсар жандар, деп ойлауға болар еді. Бірақ біз тіпті де олай емеспіз, дүниедегі бар жақсылықпен жамандықтан құр алақан қалған керең де кепірсіз қалған жандармыз. радио тыңдай алмадық, газет оқи алмадық, ең ақыры саяси хабардың өзін мардымсыз, тиіп-қашып өткізеді. Цех бастығы, директордың орынбасары деп аталатын кісілер құдай секілді, ақырып-бақырып ойына келгенін істейді. Жанымызға батқаны да сол – не өлім, не өмір деп бүкіл әлем арпалысып жатқанда, жер астынан шыққан жік секілді тайраңдап, оқтау жұтқандай кердеңдеп жүргендері. Жасырып керегі не, жұмысшылардың арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді. Балшықтан адам жасай алмай, қиналған шақта, осыншалық сорақылыққа жол беру, әрине, әркімді де ойландырады. арыз-арманымызды айтар жер таба алмай іштей мүжілеміз. Біз майданды көкседік. амал не, мені тағы да бронмен алып қалды.

Құмырайдың зәресін зәр түбіне жібере бір топ жігіттерді соғысқа жіберді.

Құмырай екеуміз көп болды амандаспаймыз. Бұл ескі кекті қуу, жоқ болмаса жеке бастың бақастығынан қоздаған дүрдараздық емес еді; бұл, жалпы мінездің өзгешелігі, рухы- мыздың бір қазанда қайнаса да қабыспайтын қарама-қайшы- лығы тудырған бітіспес майдан сықылды еді. Қолымызға қару алып атыспағанымыз болмаса, бір-бірімізге өзгеше дұшпанбыз, өлердей жатпыз. Егер тағдырды жалғыз ғана шана десек, сөз жоқ, ол шананы екеуміз екі жаққа сүйреп жүрміз. ағайындық та, ауылдастық та, барақтастық та дәнекер бола алмас өгейлік пен өшпенді суықтық күн өткен сайын қабына түсті. Неге? Өзім де білмеймін, көре қалсам болды өне бойымнан жылан жорғалап өткендей тітіркенемін. Қайта елде жүргенде еркін араласа беруші едік.

Елде жүргенде демекші, соғыс басталмас бұрын Жұлдыз ауылы Октябрь тойын ерекше өткізгені әлі есімде. ат жарыстырып, балуандарды күрестірді. Бас балуанға осы Құмырай шыққан. Екі иығына екі кісі мінгендей, еңгезердей жігіт беліне белбеу байлап, мықынын таяна ортада тұрды. Оның сұсынан қорықты ма, мұқым елдің ішінен суырылып ешкім шыға қоймады. маған оның көпшілікке менсінбей қарап, менменсіген түрі ұнамады. Шыдай алмадым. «Жығылсам жер көтерер» деген тәуекелмен ортаға атып шығып, алақаныма түкіріп ұстаса кеттім. Төрешілер мені әрең тоқтатты. Сөйтсем,


белбеу байлауым керек екен. Құмырай әлі шіреніп тұр. Әсіресе, саған не керек дегендей, мырс етіп мысқылдай күлгені жанға батты. Белдесіп, бір-бірімізді толғай ырғап, күшімізді сынап көрдік. Ол менің құлағыма: «Жамбасың сынып қалса қайтесің, құрдас», – деп сыбырлап үлгерді. Қаумалай қоршаған халық дүрліге жақындап, күрес шеңберін тарылтып жіберді. Біз аңдысып, ал дегенде әдіс қолдана қойған жоқпыз. «Құмекең қоймайды, талай рет палуанға түскен нар емес пе», «ақан да осал емес, таутекенің асығындай шымыр әрі шапшаң» деген сөздерді еміс-еміс естіп қаламыз. «Болсаңдаршы, құдалар құсап құшақтасып жүремісіңдер», – деген сөз естілгенде, қарсыласым ежелгі тәсіліне салып, «ауп» деп мені өзіне жақындата жұлқа тартып, оң жамбасқа сала бергенде, осы сәтті табандап аңдыған мен сарт еткізіп іштен шалдым да, өзім шалқалай аударғанда, ол гүрс етіп астыма түсіп қалғаны... Әбден ызам келсе керек етқызумен: «Күш менікі, сор сенікі!», – деп басынан аттап кетіппін. Жұрт шу ете қалды. Құмырайдың ағайын-туғандары ауырсына жатып қалған жігітті жерден тік көтеріп әкетіп, ұлы айғайға, бітіспес дауға басты. «азаматымызды қорлап, басынан аттады, сүйегімізге таңба болды, ру намысына тиді, тұрысатын жерін айтсын», – деп кіжінді. Біздің Ұзақ деп аталар рудың  да жігіттері мен атайын, сен тұр, өңкей бір жындысүрейлер еді, білек түріп сыбанып олар шықты. Әйтеуір, не керек, бұл дау-дамай,жанжал күні бойы басылмайды. Тіпті, екі жақтың балсыраға қызып алған бас көтерер-ау деген азаматтары колхоздың аяқ артар көлігін ұстап мініп, айылын мықтап тартып, жекпе-жекке сақадай сайлана бастады. Тымақтарының бауын байлап, сойыл, айыр, шоқпар секілді қаруларын әзірледі. Сонымен екі жақ Күркіременің жазығында кездесетін болып уағдаласты. аяқ астында туған дауды бітістіре алмаған колхоз басшылары ауданға ат шаптырып, сот пен милиция шақыртты. Сөйтіп, әрең басып еді-ау...

міне, ол екеуміздің арамыздағы беріш болып қатқан бақас- тық осылай басталған. Қашан аяқталады, оны өзім де білмей- мін. Тегі, өлсек те көрімізде тыныш жатпаспыз... Әрқайсымыз

«менікі жөн» деп жөнеле береміз де бұл дүниеден... Сырттан келген жауды жеңуге болар, ал арамыздағы ше, олардың кімдер екенін білмейміз ғой. Сырттай қарағанда бәріміз бірдейміз, бетегеден биік, жусаннан аласамыз. Ешкімнің маңдайына ақ-


қарасы жазылып тумайды. Осы Орал тауында еңбек әскерінде жүрген адамдардың өзін ажыратып, жақсы, жаманға іріктеп бөлу мүмкін бе?.. Құмырай да, мен де бармын. мақсатымыз жалғыз деп мақтанғанмен, пиғылымыз басқа ғой. Оны пайымдап, зерттеп берер уақыт жоқ. Қазір, тіпті, содан бері отыз жыл асса да, шын мәнінде, қоғамға кім керегін айқындадық па... Жауды атып тастайсың, біздегілерді ше? мүмкін, олар жаудан да қауіпті шығар. алманың ішіндегі құрт секілді сыртымызды жалтырата сүртіп қоямыз...

Оралдың жазы керемет екен, алтайдан бір де кем емес, жаныңды жайсаңға бастайды. Жап-жасыл болып тамылжыған дүние: қасқая қарап тұрар қарағай, ақ балтыр, көк көйлекті қайың, теңге жапырақты терек, жайқала өскен тау шалғыны. Егер өмірдегі қайғы-мұңды ұмытып, табиғатты ғана тамашалап кетсең, мәңгі жалықтырмас жап-жарық әлемнің қойнына кіресің де, өзіңнің жер басып жүрген жұмыр басты пенде екенің, арман-мақсатың, келешектен күтер үміт-бақытың, жақсылық аңсап дүрсілдеп соққан жүрегің бар адам екенің есіңе түседі. Осылайша, орман-тоғай, тау-тасты кезіп, анау сор боп келген соғыстан, сор маңдай қылған ауыр жұмыстан безіп, бейбіт те берекелі өмірді сағынасың. Жалғанда түскі үзілістен келте, көзді ашып-жұмғанша жай оғындай шапшаңдықпен зу етіп өте шығар не бар екен... айналаңа қарап, тамашаға енді- енді тамсана бергеніңде жұмысқа шақырар қаңылтыр темір қағылады. Кеппеген жас ағаштан жасалған жас шпал мен иығыңды езіп жіберер темір жолды көтеріп, үңірейген карьерге қарай мықшыңдайсың. Сенің артыңнан тырмыса вагон итеріп басқалар ереді... арпалысқан адамдар, жанталасқан қимыл, жан тапсыра қимылдаған жұмысшылар. Таусылып бітпес қозғалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар орман арасында құмырсқаша құжынайды. Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін! Әттең, сол кездегі «трудармияны» киноға түсіріп алса ғой, өкінішке орай, газеттенбіз деген бірде-бір журналистің төбесін көрген емеспіз.

Жаздың ортасына таман майданға алынған азаматтардың орнын басуға жүздеген қыз-келіншек келді.Улап-шулап, сол кезеңнің бар қайғысын, қалған-құтқан қуанышын ала келді, айналайын әйелдер... «Енді еркектерге екі есе жұмыс істеу керек шығар?» – деп ойладым.


«...алла тағалам осы қуаныштан айырмаса екен. маған көп нәрсенің керегі жоқ, тек барымды ала көрме», – деп жасаған иеме жалбарына тіледім.

алма кемпір әжімді жүзін қарсы алдындағы қарғадай ғана келіншектен алмастан әңгімесін жалғастырды. – Ол кезде тура сенің жасыңда едім ғой, Күмісжан. Иә, сенің жасыңдағы толықсыған шағым еді. Тотыдайын таранып, сұңқардайын сыланбасам да, шайқап ішіп, шалқалақтап басатын отыздан асқан от мінез еді ғой. Қайтейін, қарағым, қайтейін, тағдырдың тепкісіне түсіп, дертесіне жегілдік. Сонда да жеңдік! Әрине, бақыт құсы біздің шаңыраққа кеш қонды, кеш қонса да біржола қонса екен деген арман бар. «Бала-шағасы жетті, шаңырақ көтеріп, қарқарадай үй болды. Осыншама мал ұстап, дүние жинайтындай не бастарыңа күн туды. О дүниеге арқалап ала кетем деп жүр ме». мұндай қаңқу сөзді күнде естиміз. ал ертең шал екеуміз екі жерде қиқайып қалайықшы, қай ағайын арулап қояр екен. Жан-жақтан балаларымыз жиналғанша, оң жаққа салып, аруағымызды күзетер кіміміз бар. «Өлсең де көрің кең болсын» деген бұрынғылар, жаман айтпай жақсы жоқ, қайтпайтын жолға түсер болсақ, ұл-қыздарымызға ауыртпалығымызды салмайық, жаскезімізде тойыптамақжемеп едік, тым болмағанда асымыз аста-төк болсын деген оймен жинаймыз малды. Әрине, алдымызға салып айдап кетпейміз, артымызда қалады, күншіл ағайынның өзіне бұйырады. Ой таразысына салсам, бақыт жарық дүниемен қоштасқаннан соң қажет екен. Өзің үшін емес, ұрпағыңның ұялмауы үшін.

Бірді айтып, бірге кете бердім-ау, қарағым. ақанның соғыста емес, «трудабойда» жүргенін естіген ел сан-саққа жүгіртті. Кейбіреулер: «Бағың бар екен, алма, ақаның жақсы жерге орналасыпты», – деп шын ниетімен қуанса, қайсыбірі:

«Тасының өрге домалауын қарашы. Біздің байымыз жауып тұрған оқтың астында жаумен алысып жатса, пәленшенің күйеуі курортта жүр», – деп қызғаныш білдірді. Әсіресе, күйеуінен қара қағаз алған қаралы әйелдердің бетіне қарай алмаймыз, байларын біз өлтіргендей-ақ, амандасайын десең теріс айналып, ернін шығарар еді. Күн өткен сайын сүйкіміміз кетіп, қай-қай жердегі ең қиын жұмысқа салатын. «Ей, трудовойдың қатыны, хал қалай, байың жардай боп семіріп алыпты деп естідім. Сол жақтан уыздай жас қызға үйленіп, біржола қалып  қойса



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.