Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 23 страница



«өмір сүреді» екен-ау... ақиретке оралған соң ғана, ақыл кіріп, әділетті «ғұмыр» кешеді екен-ау; иә-иә, арғы дүниенің, ұлты мен түзігі мен қисығы, тектісі мен әулеттісі болмайды екен- ау; иә-иә, өлімнің осыншалық рақатын, қызық-қуанышын, жаның жай табатын інжілдігін кім білген, кім сезген? Әттең, сол жұмақта жүрген жұртқа жете алмай қор болып жатырмын- ау, жатырсың-ау...


«НЕГЕ БІЗ ОСы?...»

Ерік үйге қас қарая кіріп, анасының тамырын ұстады, алақанын маңдайына басты. Нүрке кемпір ұлының қолын сезді.

− апа, не айтасың маған?.. – Шешесі басын шайқады.

− артық-кемім болса кеш, анашым. – Қанша қатыгез десек те, үні дірілдеп шықты. Шешесі басын изеді.

Шамның сәулесі кемпірдің ашып-жұмып жатқан жарымжан жанарын тіміскілей берген соң, Таған газетпен көлегейлеп қойды.

Бұл күні ешкімнің де мардымды ұйқысы болған жоқ, тек таң алагеуім тартқаңда, әбден қалжыраған екі жігіт тысқа шығып, үйдің екі бұрышында жүрелей отырған. Талай уақыттан бері мүлдем ұмытып кеткен ескі әдеті – темекі мен арақты аңқасы кебе қайта іздеген Таған шыдамай тықыршып, қалтасынан тастамай жүретін қарағайдың шайырын аузына салып шайнап, әпігін басты.

айнаның жөні бір басқа... Дүниедегі ең қимас затын бай- қамай сындырып, енді қайтіп құрай алмай діңкесі құрыған шарасыздық бар;немесе ең аяулы адамы көзден бұлдырай алыстап, қалың тұманның арасына сіңіп бара жатқандай; немесе маралкөлді кешіп біртін-біртін суға батқан адамның ел-жұр- тына енді қайырылмас қаттылығын ұққандай. Жанарындағы жасты жылап тауысты ма, енесінің қасында жылжымастан сазарып отыр. Бір нәрсесін ұмытқандай, айналсоқтап жүрген Тағанға да, әлгінде ғана кіріп, шешесімен қоштасып шыққан күйеуіне де мойын бұрмады, ләм демеді. Нүрке кемпірдің қазіргі неге болсын белін буа бекінген сазарыңқы халі бұған да жұққандай. Таң сыз бергенше, көз ілген жоқ. Қаракөлеңке бөлменің мұңды да жым-жырт тыныштығы – өлім тыныштығын еске салып, салқын сабырға шақырады. Ол – айна, шеше орнына шеше болған енесінің ақтық түнін күзете отырып, бұған дейінгі жүріп өткен бүкіл өміріне шолу жасап еді. Есінде қалып, есіне алғанда, езу тарттырар аяулы сәттері аз болған екен.

Осындайда – көңіліңді қырау басып, жаның жаураған мезетте, анасының омырауын іздеген перзенттей қарман- ғанында, ойша таусап еміп, ашыққан рухыңа медет болар жақсы ма, жайсаң күндердің мол болғанына не жетсін, шіркін!


амал не, тағдырының тарантасы өңкей тастақты жолмен жүріп, селкілдеп өткенін неге байқамаған... Құдай-ау, осындай селкілдек ғұмыр кешкенше, неге ғана сол арбадан секіріп түсіп қалмаған.

«НЕГЕ БІЗ ОСы?...»

...итжандымыз, басқа қаңқ еткізіп теуіп жіберсе де, қың- сылаған күйі «иеміздің» етегіне оралып, аяғын жалаймыз.

«НЕГЕ БІЗ ОСы...»

...көр соқырдай қалай жетелесе, солай ере береміз... Кім үшін, не үшін өмір сүрерімізді ақыл таразысына салмай сандаламыз. адамның қателігі – кемшілік жіберуінде емес, сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде. «мүмкін, осының бар- лығы жастай жетім қалып, жасық та жалтақ болып өскенім- нен шығар-ау, − деп күрсінді келіншек, − Бәлкім, басымнан сипап, бауырына тартар ананың ыстық ықыласын сағынған, көксеген сәтте, Нюра Фадеевнаның ақ босағасына тап болуымнан шығар. Баласынан қалған көңілді анасы иітіп, бір- бірін толықтырған соң, алданып жүре бердім бе? мен Ерікті адал сүйдім, табындым. Дүниедегі ең қиын нәрсе – шын сүйген адамыңнан қалған көңіл; ол – шыққан жан, кешірімі мен кеңдігі болмайды екен. «Сүю дегеніміз – сол сүйген адамыңның ғұмырын кешу», деп бір данышпан сәуегейсіпті... ал, кештім... ақыры не болды? Осылай аяқталмақ. Жо-жоқ. Сүю дегеніміз

– әсте де сүйген кісіңнің құлы болу емес... емес... емес... менің Ерікпен өткізген он жылым күң болумен өтіпті...» Көз еті ашып, жанары әлсін-әлі жұмыла берді. Жанары жұмылса болды: жылқылы ауыл, бие сауып отырған анасы, жайлаудың жайқалған қып-қызыл қырмызы гүлі елестейді...

− айнаш! ау, айнаш! − деген үннен селк етіп оянды. Бірер минут көзі ілініп кетсе керек. Әлгі өзін шақырған үн қайдан шыққанын білмей, жан-жағына қарады. Ешкім жоқ. Енесі көзі ашық, тіпті сау кезіндегідей ажарлы.

− айнам-ау! − дегенде, зәре-құты қалмады. − Қорықпа, келінжан, мен ғой. Су жылытпалап әкелші, дәрет алайын, − деді қимылдап.

− Қазір, апатай, қазір. – Қатты қуанды. Сауыға бастады деген иланым биледі бойын.

Бұл – Нүрке кемпірдің бой жасағаны еді.


асықпай дәреттеніп, ақтық дәм – атау-кере суын ішіп болған соң, аллатағалаға мінәжат білдіріп, рахымына көнетінін, төтеден жіберген дертіне мыңда бір алғысын айтып, ұзақ күбірледі. Бұдан соң «бисмилла рахман-рахим» деп, екі қолын кеудесіне қойып, шалқалай жатып көзін жұмды. Енесінің әрбір қимылын қалт жібермей аңдып отырған келіні тынысы үзілгендей үнсіз сұлаған апасынан шынымен-ақ айырылып қалдым ба деген қорқынышпен үңіле түсіп еді, қарияның жүрек соғысы әлі де әлсіз білініп жатқанын сезген.

Нюра Фадеевнаның тұла бойы, саусақтарынан бастап, суына бастағаны рас-ты. Бірақ шыбын жаны ұшып кете қоймаған... Оның дәл осына өлім арбасына мінер тұсында, қандай құдіреттің күші екенін кім білсін, құлағына шіркеу қоңырауының үні естіліп, тау-тасты жаңғырықтыра күмбірлеп ала жөнелген. Балиғатқа толмаған баланы шешесі жетелеп, шіркеуге апарады екен дейді. Ескі діншілдер шіркеуге бармау- шы еді ғой... анасының мынау кержақтар сенім-нанымына мүлдем қайшы оқыс қылығына кішкентай Нюра таң-тамаша қалды. Түкке түсінбей, өне бойын діріл биледі.

Бірақ мінәжатханадан қара сақалды поптың «во имя отца и сына и святого духа» деп басталатын қоңыр да құдіретті даусы жап-жас қызды шошытқан жоқ... анасының қапталына тығылған күйі, шіркеу табалдырығынан аттаған. Көзінің астымен жан-жағына қарап еді, мұнда кілең кержақтар ғана емес, қаптаған қазақтарды да көрді. Таң қалды... мұқым иін тірескен ел шоқынып тұр. Шешесі қызықтағандай аңтарыла тұрып қалған қызын бүйірден түртіп: «Крестись, отпускай свой грех», − деп күбір етті. Нюра екі саусағын біріктіріп алды да,шоқына бастады... ананың сүтімен рухына сіңген сенім түптің-түбінде бәрібір жеңіп шыққан еді.

...Енесінен көз алмай отырған айна бір уақта... жаңа ғана қыбырсыз жатқан: бұл түсінбейтін орысша әлденені айтып күбірлеп, бұл түсінетін «о, господи, прости своего грешнего...» деген сықылды сөздерді араластыра сөйлеп, шоқына бастағанын көргенде... иә-иә, көргенде... екі көзі шарасынан шыға шошынғаны соншама, «апатайым-ау, мұның не?!» деп айқайлап барып құлады. Талып қалды. Бұл – айнаның өз өмірінде екінші рет оңбай қорыққаны, талғаны еді.


...Әне, Нюра Фадеевнаның алдынан ескі діндарлар (старо- веры) жұмағының есігі айқара ашылған... Ол мәңгілікке сапар шекті.

Үйдің бұрышында шөкелей отырып, сәл көз шырымын алған Таған әлдекім түртіп жібергендей, селк етіп оянып еді. Күн бұлыңғыр, аспанда тұтасқан бұлт бар. Сондығынан ба, таң атса да, маңай қаракөлеңке. Кемпірдің жағдайың білмекке үйге кіріп еді, өліп жатқан кемпір мен талып жатқан айнаның үстінен түсті. Жан ұшыра Ерікті шақырды.

Келесі күні түске таман Нюра Фадеевнаның сүйегін Қатын өзенінің жағасын жерлейтін болды. Өзі өмір бойы көксеп өткен туған ауылынан бір уыс топырақ бұйырмады. Жер мойны қашық, мәйіт шыдас бермейтін болған соң, анасының арманын орындай алмады Ерік. «ақсақалды үлкен адам ғой, аңшы Шалды шақырайық» деген Тағанның өтініші аяқсыз қалды. Сонымен, жас қабірдің басында үшеуі ғана тұрды. Дегенмен, осынау үш адамның иығында үш жүз адамның қасірет-мұңы бар еді. амал не, қайғырудан қайтып оралған пенде жоқ. Неге екені белгісіз, өлікті үйден екі жігіт көтеріп шығарғанда, айна анасына арнап жоқтау айтты, бірақ көзінен жас шықпаған. Зор да зарлы үнпаздықпен қабір басына жеткенше тоқтамаған.

Ел жайлауға қайқайды-ай, Шаппай да жорға тайпалды-ай, апатайымнан айырылып, маңдайдан бақыт шайқалды-ай...

 

арғымақ келер ағылып, Жібектен шылбыр тағынып, асыл да туған апам-ай, Келінің жүрер сағынып.

 

Қатынның суы тасыды-ай, Кемерінен асады-ай, апатайдан айырылып, Сүйегім менің жасыды-ай...

 

Жылай-жылай күн кешкен Ешкі маңырап су кешкен...


− Жә, зарлай берме, сай-сүйегімді сырқыратып. Үндемей жыла!− деп, Ерік зекіп тастады.

Қара су болды лайлы, Көзінің жасын бұлайды. Бір бұл емес, апатай,

Келінің талай жылайды-ай...

«Соңғы жоқтауды өз жанынан шығарды, − деп ойлады Таған. − апыр-ай, артында аңырап жоқтаушың қалса, қандай бақыт. Нюра Фадеевна армансыз, әрі иманды адам».

Түнде бас алмай жауған биылғы күздің алғашқы жаңбыры осы әзірде ғана толастаған. арты қалың тұманға айналды. Таудың боз тұманы маңайдағы барлық затты тұмшалап тастаған. Қабірдің топырағы нөсер суымен малшынып, аяққа, күрекке жабысып, сарсаңға салады. Жол бойы қыңсылап, аяққа оралып, мазаны алған аламойнақ шоқиып отыра қалып ұлыды-ай... Ерік «өзіңе көрінсін» деп, қолындағы күрегін ала ұмтылып еді, тұманның арасына сіңіп кеткен. Әлдеқайдан, бозғылт дүниенің әйтеуір бір тұсынан ұлыған үні бәрібір естіліп тұрды. Нюра Фадеевнаны жерлеу рәсімі аяқталған соң, екі еркек, жалғыз әйел томпайған топырақ үйіндісіне салбыраңқы қабақпен қарап, үнсіз ұзақ тұрды. Әрқайсысы өзінше қайғырды, өзінше бақылдасты. алтайдың жамбасқа жұп-жұмсақ қойнауы қойнына алған Нүрке кемпір қанша діндар болса да, не мұсылманша, не христианша жерленбей, өз иманын өзі айтып, өз жаназасын өзі шығарып, жарық дүниенің бар азабынан осылайша бақилыққа азаттанып еді...

Жер беттеніп, кімге екені белгісіз, кекті сыңаймен түйілген Ерік шұғыл бұрылып кете берді. Енді Таған мен айна ғана қалған қабір басында. Басына ораған қара шәлісінен бет пішіні сәл ғана көрінген келіншек көз жасының суалып, ағыл-тегіл жылар шағында кеуіп қалғанына қайран... Таған болса не істерін білмеген. Жасқаншақтана жақындап, айнаның қолтығынан ұстады:

– апамыз келмеске кетті, өткенше өкін, өткен соқ бекін деген, жүр қайтайық,−деп икемдеп еді, келіншек міз баққан жоқ. Ендігі тұрыстың лажын таппаған соң, ол да үй жаққа аяңдады. Жас қабірдің басында тұманға тұмшаланып айна жападан-жалғыз қалды.

Түн аса суық болды.


Ертеңінде шөп басын сілбі басып, кешегі жаңбыр мұздақтап тастап еді. айлақта отырған жалқы омартаның түтіні бұл күні шыққан жоқ, тіршіліктің барлығын кемпір өзімен ала кеткендей өгейсіген өмір басталды. Ежелден аз ұйықтап, көп жортатын Ерік таң қылаң бере, атын ерттеп, мылтығын өңгеріп аң қарап кетті! Түні бойы дөңбекшіп, ұйқысы қашып, көрер таңды көзімен атқызған Таған тауық шақырарда ғана тыншыған. ал айна мүлдем көз ілмеді. Енесінің киімдерін жинастырды, төсек- орнын сілкіп, бөлмені аршалады. Енесінің оны-мұны салынған сары ала сандығын алғаш рет ашқан. Қақпағын ашарда неге екенін өзі де байқамай «бисмилла» деген сөз аузына түсті. Сандықтың ішінде өзінен жасырған мол «байлық» жоқ екен, тек ең түбінде шетін кестелеген ақ орамалдың орауын жазғанда, өз көзіне өзі сенбеді, адамзатқа бақырая қараған көнетоз иконды қолы қалтырай алып, бұрышқа апарып сүйеп қойды.

Ерінің ертелетіп аттанғанын көрген. Тәуекелге бел байлап үйден шыққан. Омартаға барды. Оқыс түскен суық аралардың да зәресін алғандай... америкадан келген будандардың ұясын іздеп тауып, ара кіріп-шығар танадай тесігін шүберекпен мықтап бекітті. Құшақтай ырғап орнынан көтеріп алған күйі өзен жағасына апарды. Екіншісін де жеткізді. Үйден шелекке құйып керосин әкеліп аямай лақылдатып төкті ағаш жәшіктерге. Бұдан соң шырпы тұтатып от қойды. лап еткен жалыннан жасқана шегініп, «жауыз араның» жанғанына рақаттана қарады-ай... Сөйтіп, енесінің қазасына себепкер болған капиталистік шыбынды шырқырата құртқан еді... амал не, алтайдың ана аралары ОлармЕН әлдеқашан шағылысып,

«жауыздардың» ұрпағы анау қаптаған ұяның әрқайсысында қыбырлап жатқанын сезген жоқ еді... амал не... білген жоқ еді...

Осы кезде Таған да оқыс оянып, далаға шыққан. Ең әуелі көргені – өзен жағасында жанып таусылуға айналған отқа қақтанып тұрған айна. алғашыңда істің мән-жайын түсінген жоқ. Қасына барып білейінші деп беттей бергенінде, теріс қарап сұлық тұрған келіншек жалт бұрылып, Тағанды көрген соң,

«бұл қайдан шыға келді» дегендей, Қатын суына қарай тұра жүгірді. Жүгірген бойы екпінін бәсеңдетпестен, жарқабақтан суға секірді... «айна! Тоқта!...»− деп, айқайлай ұмтылған жігіт ағын ала қашқан әйелдің денесін қуа, жар жағалай безектеп,


алдынан шыға ол да секірген. мұздай суға қақалып-шашала малтып, айнаның киіміне қолы іліккен соң, сыңар қолдай жүзіп жағаға сүйреледі. Құтқарды. Өлі-тірісін білмейді. Сілкілеп жұтқан, қойны-қонышына толған суды ағызды. аяқ-қолын кергілеп, жаттығу жасатып дем берді...

Әйел есін жиғанда, қуанышында шек қалмаған. Көтерген күйі апарып, киімін ауыстырды. Пешке от жағып, бөлмені жылытты.

Енесінің ағаш төсегінде безгегі ұстағандай дірілдеп жатқан айна өз-өзіне келген соң, көзін ашып айтқаны:

− Бекер құтқардыңыз, аға... Бәрібір бұл дүниелік емеспін.

− Не басыңа күн туды, айнам. Битке өкпелеп, тоныңды отқа салғаның не?

− Бит емес-ау, итке өкпелеп... Қарызыңыздан құтыл- дыңыз...

− рас, мені де ажалдан ағытып алып едің... ыстық шай ішесің

бе?

− Әуре болмаңыз... Сіз маған мынаны айтыңыз: өлімге қима-

дыңыз, ендеше, өлімнен де бетер қорқынышты осы қарғыс атқан үйге тастап кетесіз бе... бәрібір бұл жерде тірі жүруім екіталай...

− Не істеуім керек, айнам... Еріктің асын ішіп, аяғына түкіргендей боламын ғой...− деп күмілжіді. Ұяң да ұятты келіншектің неге бекініп, қандай іске бастағанын аңдаған соң, жаз бойғы арманының берекесі қашып, солқылдай бастаған.

− Олай болса сізге өкпем жоқ... Жолыңыз болсын. − Сәл үнсіз жатты да: – мен сізге сөз салып, маған үйлен деп, қолқа артып жатқаным жоқ, мынау қасіреттен құтқарар адам баласы бар ма деп, қорланып жатырмын... Әйтеуір, сүйемелдеп тау асырып тастасаңыз болды... өзіме өзімнің шамам жетер емес... араға таланып өлгенше, алтайдың аюы жегені иманды шығар...

− Олай болса, мен дайынмын! − деді ұлы тәуекелге бел буғандай ширыққан Таған. – Құдай да, адам да кешер бұл ісімізді.

− Бұл жалғанда сенерің, сүйенерің, құтқарарың, қол ұшын берерің болғанға не жетсін, − деді басын көтеріп, орнынан тұрған айна сергек үнмен.

Таған келіншектің су-су шашынан сипап, алғаш рет маңдайынан иіскеді.


− Сен болмасаң, менің де сау-саламат жүруім екіталай, айнам, ішіп-ішіп өліп қалар едім.

− Қызық екен, аға, − деп әнтек жымиды. – Бұрын сізден ішімдіктің иісі шығатын, қазір сәбидің бе, сәби жөргегінің бе, әйтеуір, жаныңды жарылқайтын өзгеше бір таныс та бейтаныс иіс сезіледі...

Тихой өзеншесінен айнаны көтерген күйі, белуардан кешіп өткен Таған Шалдың «мемлекетіне» жетелейтін білте жолмен алтайдың қара орманына сіңіп бара жатты...

Оң сапар тілейік, ағайын...

«НЕГЕ БІЗ ОСы...»

аңнан кештетіп оралған Ерік келіншегі мен маскүнем досының жым-жылыс жоғалып кеткенін білді, сезді, іздеген жоқ. Салқын қандылықпен: «Жетісер!» − деді, тісін сақұр- сұқыр қайрап. Содан соң «Жетісерсіңдер, жетісерсіңдер! − деп жын ұрғандай, тауды басына көшіре сақылдап күлген. – Прохор келсін, вертолетпен Бекзатты алдырамын. маған бәрібір, қатын болса – болды».

Ертеңінде әлемді аппақ кебінге орап қар жауды. Биылғы жылдың алғашқы сонары...

«аңға шығу керек, − деп ойлады ширыққан омарташы. − Дүниеде одан қызық та қымбат не бар? Қалғанының барлығы қараң қалсын!»

 

* * *

Келер жылдың көктемі шығып, жабағыланған сіреу қар еріп таусылып, арқырап өзен тасып ағаш бүрлеп, гүл бас жарғанда, Ерік жылдағы әдетінше Қатын суын құлдап, тарихи мекеніне барған. арғы беттегі шынарға жанарынан су аққанша қарады. Әне, көрінді! Сол! Өзі! ақбоз ат мінген сұлу! Омарташының ғашығы! аттан түсіп жетелеген күйі, өзен жағасына келді

– тым жақыннан көрінді. Қолын бұлғады. Ерікте ес қалмады. Суға түсердей болып, жағалауға мінбелей ынтыққан. «а, құдай, араға айналсам екен, ара болып арғы бетке ұшсам екен» деп тізерлей отырып, қолын аспанға соза, бар болмысымен тіледі- ай, тұңғыш рет зар еңіреп жылады-ай...

Құдайдың құдіретімен омарташы араға айналды... бірақ бал арасына емес, малға тыныштық бермейтін көкбас сонаға айналды. айналуы сол екен, арғы жиектегі Қызға зымырай


ұшқан. Ұшқан қалпы ғашығына жетіп, иығына қонды. Не болғанын білмей сасып қалған Қыз қолындағы екі бүктелген қамшымен сескене салып қалғанда, енді ғана арманына жеткен

«Ерік-Сона» қанатын серпуге шамасы жетпей, тырапай асып домалап түскен... мәңгілікке...

Қатын суының айлағындағы керемет үй, көл-көсір байлық, қора толған мал, бал аралары иен қалды. Қалса – қалсын, көп ұзамай Қатынға тоған орнатылып, су көтерілгенде, бәрібір шіріп астында қалады...

Су астында Нюра Фадеевнаның жетімсіреген зираты да қалады...

«НЕГЕ БІЗ ОСы...»


 

 

БƏРІ ДЕ МАЙДАН

Повесть

Ардақты әкем Бөкей мен аяулы шешем Гүлияға арнадым.

Автор

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына отыз жыл толып, ұлан-асыр той, телегей-теңіз қуаныш болып жатқан мамыр айының жайма-шуақ күнінде, дәлірек айтсақ, май айының тоғызында ағаштан қиып салған төрт бөлмелі үйдің есігі таңертеңнен кешке дейін ашылған жоқ. ауыл-аймақ, көрші-қолаңның бар-барлығы тайлы-таяғы қалмай клубта өтетін мерекелік жиналысқа кеткен. ал түтіні де шықпай, есігі тарс жабылып тұрған үйдің иесі – ақан болса, ертелетіп тұрып, шағыр қасқа биесін ерттеген де, дәл іргеде шошайып көрінген Ұзақ тауын бетке алып, аттанып кеткен-ді. ақан шалдың бұл жұмбақты аттанысын сиыр сауып, өріске мал қосып жүрген көршілері әр саққа жүгіртіп, сүт пісірімдік әңгіме-өсектің арқауына айналдырды.

– ауырып жатқан кемпірін жалғыз тастап, қайда қаңғып барады?..

– Үш күн болды тірі жанмен тілдеспей, қабағынан қар жауып жүр.

– алыстағы баласы жаманаттан аман ба екен?

– мұғалім қызы қайда екен?

– Облысқа жиналысқа кетіпті.

– Ескі ауруы қайта көтеріліп жүр-ау байғұстың…

– Енді өлсе де арманы жоқ. Балалары жетті.

– алманың қаны таси берді-ау. Кешелі-бүгін тәуір ғой деймін. Көңілін де сұрамадық. Не десек те бірге өсіп, біте қайнасқан замандасымыз еді. – Бұл сөзді айтқан – ері отыз жыл бұрын соғыстан қайтпай қалған Бәтіш кемпір.


Осы кезде ақан үйінің оң жақтағы көршісі Құмырай шықты. Есік алдындағы тақтай табалдырықта тұрып, аузын арандай аша есінеді. Содан соң ақсаңдай басып басқыштан сақтана түсті де, қора айналып келді... Әйелдер жағы Құмырайдың бұл көргенсіздігін көрмегенсіді. ақсаңдай басу өзіне соншалықты жарасарын ежелден білетін ол қойқаң-қойқаң етіп, әйелдерге жақындады.Жатса да, тұрса да салақтап кеудесінде жүретін жалғыз медалі сол орнында – кір басып, әбден тозығы жеткен, жаға-жеңі қырқылған гимнастеркасында ырғаң-ырғаң етеді.

Бұл жалғандағы жалғыз-ақ мақтанышы еді. Одан артық сый-сияпатты әсте де дәметкен емес. Осыдан үш жыл бұрын өкімет берген «Запорожец» машинасын ұлы тау мен тасқа айдап шағып тастаған, жатыр әне үй іргесінде итаяқ болып. Шырпы басын сындырмайтын кержалқау жан атасына нәлет соғыста бір сирағын тізеден төмен садақалады да, пенсиясын алып, аман қалған жанын күйттеп жатып алды. алғашында осы ауылға жарық берер моторды кешке оталдырып, түн орталай сөндіру жұмысында жүрді. Былтырдан бері ол жұмысты ортаншы ұлына тапсырды да, өзі ертеңді-қара кеш дүкеннің алдында, темекісін бұрқыратып ары өткен, бері өткен ауыл адамдарына әр нәрсені айғайлап айтып, ерігіп отырар еді. Келімді-кетімділерден жүз грамм дәметкіш көңіл пайғамбар жасына келген қарт солдаттың беделін түсіріп-ақ жүр. Қайтеді енді, өзі қорғап қалған бейбіт өмірдің шуағына еркелегені ғой...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.