|
|||
ББК 84 Қаз 7-44 22 страницақорқыныш шақырғаны болмаса, баяғыша көрген адамның көңіліне құрт түсірмейді. Жалғаннан жалыққан, әбден сілік- песі шығып шаршаған жанның күдерсіздігі, сенімсіздігі, алғы өмірден үмітін үзген сергелдең мүскіні ғана қалғандай қалжыраңқы; енді қайтып ешкім уата алмас, басынан сипап жұбата да алмас қайғының, нала мен өкпенің өксігі кептеп, баз кешер ғұмырды бақилықтың оралмас сапарына айыр- бастағандай... Ішін кеулеп құрт жеп, тек сырты ғана бүтін қалқайып тұрар қарағайдай... Қапелімде не дерін білмей, шошына сұқтанған Тағанға сұлық та суық қараған қалпы: − Жүріңіз, шай ішіңіз,− деді. Осы сөзді айна емес, мүлдем жат та бөтен біреу айтқаңдай, тіпті ерні де қозғалмап еді. − рақмет, айнам, рақмет, қазір,− деп сасқалақтап тұрған жігіт келіншекке енді бір қараса талып қалатындай, қалбалақтап алдына түсті. Шай үстінде мардымды әңгіме болған жоқ. Нүрке кемпір өңі сынық, қабағы қатулы. − Бір жаққа барып қайттың ба, балам, кешеден бері көрінбедің ғой? − деді шырайын бұзбай. − аңшы Шалдың мекен-жайын көріп қайттым. − Иә... Жұрт ауыстырмақ ойым бар деші... Оның да жөн шығар... − Сіздерге, әсіресе, сізге алғысымды айтайын, апа. Егер сіз болмасаңыз, адам болуым... − Жә-жә, жетер,− деді кемпір қолын көтеріп.− мен шешең жасаған жақсылықтың мысқалын да қайтарғаным жоқ. − Жақсылық қарызға жасалмайды ғой. − Ендеше, осыны ұқсаң болды. атаңның атына кіркел- тірмеуден артық не бар бұл жалғанда. Тек саған екі тілек айтам: енді қайтып басыңды кесем десе де арақтан татып алмайтын бол, басыңды құра – әкеңнің түтінін сөндіре көрме. Шалға еремін деп те шал болып қалма. Ерік екеуінің жайың жарасатын түрі жоқ, қайтам десең, батамды беремін, жолың болсын. Тек екі-үш күн аялдай тұр. − Өзім де солай ойлап отырмын. Ерік досым ғой, өкпеге де, өлімге де қия алмаймын, шошқадай батпақтап жатқан жерімнен тауып алып, ертіп келді. рақметтен басқа не айтайын. Татуласып аттансам деп едім. Осы кезде вертолеттің дүрілі естіліп, үшеуі бірдей елеңдей қалған. Қатын суының жағасында басын суға малып, тамыры адырая құлаған самырсынды атша мініп, арғы жағалаудан көз айырмай отырған Ерік те аспанда арқыраған вертолеттің дырылын естіген.Естіген бойы орнынан атып тұрып, үйіне қарай сүріне-қабына жүгіріп еді. Өзеннің арғы бетіне қаншама көз талдыра қараса да, ақ боз атты Қызды көре алмай, қоңыр күздің соңғы күнін аңдығандай, жылдың дәл осы уағында нұр бейнесін жалт еткізіп бір көрсетіп кетер әдетін бұзғанына налып отыр еді; азапты ойдан әуелеп ұшқан вертолет үні құтқарған. Қызға деген сағынышы келте қайырылды. Ұшқыш досы Прохордың өз уәдесінде тұрар жігіттігіне риза сезім жан адамға сездірмей жүрер жасырын махаббатын лезде ұмыттырған. Қапалағы зырылдаған алып «инелік» үй алдындағы алаңқайға дәл қонды да қалшылдап, дірілдеп, барып үні өшті. Кабина терезесінен әуелі басын қылтитқан ұшқыш ыржия күліп, қолын бұлғады. Бұл кезде екі өкпесін қолына ала жүгіріп Ерік те жетіп еді. айна мен Таған есік көзінде қарап тұр, орындарынан қозғалған жоқ. Вертолеттен қарғып түскен Прохор александрович пен Ерік бір-бірін аса сағынып қалғанға ұқсайды, адал да айнымас достарша қауыша құшақтасып, арқаларынан қағысып амандасты. Екінші пилот тым жас көрінді. Ол да қол беріп есендескен. Вертолеттің қапалағы тудырған дауыл қонған тұстағы шалғынды жапырып тастады. алғашында үрке едірейіскен түлік мал мотор үні сап болған соң... «е, өзіміздің кісі екенсің ғой» дегендей, жайбарақат жайыла бастаған, тек құйын-перен зыта жөнелген құлындар ғана енесінің маңына сақтықпен жақындап, құлағын тіге әлі де тосырқап тұр. Жас жігіт вертолеттен жүктерді түсіре бастады. Екі дос оған қайырылып қарамады да, шүйіркелескен күйі үй жаққа беттеді. Қашада тұздап жайып қойған аюдың терісін көргенде, Прохор есі қалмай қуанды. − Какой ты молоток, Ерик... Это мне? − деп, таңырқап, тамсанып, қонжықтың терісін сипалап мәз болды. − Да, тамыр. Это все тебе. мой подарок. − Вот это подарок! Не знаю даже, чем отблагодарить! − Ерікті қайта құшақтап бетінен сүйді. Осы көрініске қарап тұрған айна шұғыл бұрылып үйге кіріп кеткен. −Ей,Таған,көмектесанажігітке,−депдауыстадыЕрік.−Жүк- тердің бәрін сарайға кіргізіңдер. Тағанның таң қалғаны: дүкеннен алған қалпы аузы әлі сөгілмеген қап-қап ұсақ қант болды. расында да, бір ауылға қыстай жетер мол еді. «Бұл аралардың қысқы азығы болар» деп ойлады. Жас жігіт екеуі қант салған қапты қоймаға, ал қоймадағы бал құйылған флягтарды вертолетке тасып, зілдей ауыр тәттілердің орнын ауыстырам деп, әбден сілелері қата шаршады. айна әйелдік, қонақжайлық әдетінен танған жоқ. Қысқа әрі көңілсіздеу есендіктен соң, шай қамына кіріскен. Үйге кіріп Нүрке кемпірге сәлем беріп шыққан Прохор: − айнаша не в настроений? − деп жұқалап сұрап еді, Ерік: − «Болеет», − деп жалғыз сөзбен жауап берді. Қонақтар көп айналған жоқ. Зырянь қаласына, одан ары Өскеменге баруымыз керек деп, шайды асығыс ішті де, қожайын сыйлаған аюдың терісі мен қол арақты дорбаларына салып, қоштаса бастаған. − Енді бірер аптадан соң қайта соқ. Биылғы жылдың ақырғы балы шайқалмай тұр ұяда, − деді Ерік ере сөйлеп. – мылтықтың жаңа түрін тапсаң... қарастырарсың. − родной мой, если ты прикажешь, автомат доставлю,− деп, тісін ақсита күліп, мойнынан құшақтады. «Да,− деді ішінен Таған,− вот где обитает настоящий интернационализм». Бұл сөз неге орысша есіне түскеніне өзі де түсінбеді. Вертолеттің қапалағы қайта айнала бастағанда енді ғана ес- ақылын жинаған құлындар қайта үркіп, тырағайлады. айна үйден шыққан жоқ. Ерік қол бұлғап, желден шашы дудырап, үлкен жүректі достықпен шығарып салды. моторлы «инелік» тік көтеріле ұшып, омартаның үстін бір айналып шықты. Бұл да қазақ досына деген құрметтің үлкені еді... Вертолет ұшып кеткен соң, Таған: − Ерік-ау, қап-қап қантты жейтін ие табылар-ау, көп мыл- тықтықайтесің?Өзіңдедебес-алтауыбаремеспе,соғысқадайын- далып жүргеннен саумысың?− деп өзімси әзілдеді. Татулыққа шақырғансымағы. − Иә, дайындалып жүрмін... − Кіммен соғысасың? − Сендермен... анау, қырт Шалмен... − Ол сенен де өткен мерген деп естідім ғой... − Көреміз оны. − мұны «братоубийственная война»дейді... − «Братоубийственная войнаның» көкесі «гражданская войнада» болмап па еді... Несіне мүләйімсисің, тарихшым, − деп қойма сарайға кіріп, Прохор әкелген жүктерді түгендей бастады. − Иә, − деді Таған, − ағайын болып атысу үшін бас-басына мылтық ұстау керек шығар қазаққа... Ең соңғы шуағын қызықтасын дегендей, күн бүгін өрескел ашық болды. Жарықтық жаз қайта шығатындай тау салқынын лезде түре қуып тастады да, елжіреген жылылық жайлап, маужыратады-ай... айнаның өңі әлі сынық қалпында, әйелдің тиесілі қарекетін зауықсыз болса да, күйбең-күйбең істеп, қабағы ашылмаған қалпы бір кіріп, бір шығып жүр. Бағана, таңертең, күреңқабақ ішілген шай үстінде Ерік «бүгін күннің ашығын пайдаланып бал шайқаймыз» деп ескерткен. Бұл – биылғы қырманның соңғы жиын-теріні еді. Әншейінде сөзге араласпай отыра алмайтын Нүрке кемпір де ұлына өкпеледі ме, кім білсін, ләм-мим жақ ашқан жоқ. Осы таңның жалғыз сөзін Еріктің өзі айтты да, типыл болды. ара ұяларына түтін салып, балы мен балауызы ылжыраған ағаш рамаларды суырып әкеліп Тағанға береді, ол болса бал шайқайтын аппаратқа салып, құлағын бұрап, шүмектен сорғалаған таза балды қотарып алып тұр. Келісім бойынша ол ақырғы рет қолғабыс тигізіп, ертең ерте аттанбақ. Күннің бүгін тым жанға жайлы болып тұрғанын білген Нүрке кемпір, бұлар бал шайқау науқанына кіріспес бұрын, бір өтініш айтқан. Онда да ұнжырғасы түскен ұлына емес, келіні мен Тағанға қаратып айтқан. − Қарақтарым, бүгін күн ашық екен, келер күзді көрем бе, көрмеймін бе, оны бір алланың өзі білер, мені тысқа шығарып отырғызыңдар, намаз арасында шуақтайын,− деді үні дірілдеп. Әрқашанда ажарлы да айбынды отыратын қарттың жас баладай жаутаңдап айтқан сөзі Тағанды толқытып жіберді. Осына қара шаңырақтың бақыт құсына оқ тигендей, суықтау ой ұялап, секем алғандай болды. Кемпірдің екі аяқ, екі қолтығынан көтеріп, далаға шығарып отырғызғанда, күннің шымқай жарығы қарықтырып, көзі қарауытып, басы айналды. Жан-жағына жалақтап қарап, өңім бе, түсім бе, дегендей сәл тосырқады да: «Е, құдіреті күшті Құдайым, мен осы дүниеден аттанып кетсем де, осылайша масайрап тұра бересің-ау»,− деп күрсінді. Бұл жасарын жасаған, асарын асаған қарияның жарық дүниенің жақсылығын өзгелерден – өзінен кейін қалатында- рдан қызғанғаны емес, бұл дүниенің ешкімге де мәңгіліксіз- дігін, бейопалығын мойындағаны еді... Күннің шуағы сұрлау тартқан жүзін жуды ма, Нүрке кемпірдің ажары ашыла түскендей, шүңірек тартқан көк көзі де табиғаттың нұрын сіміріп, шоқ түскен тамыздықтай ұшқындана бастаған. − апа-ау, керемет әдеміленіп кеттіңіз,− деп күле әзілдеді Таған да таң қалғанын жасыра алмай. − мені айттыратын адам жоқ енді... Қыз кезімнен қалған жұрнақ шығар. Қараңғыда қамалған қаздай қаңқылдап отыр едім, далаға шығып, жаным жарылқанып қалды-ау. ал еңді сендер жұмыстарыңа барыңдар. Ерік іздеп жатқан шығар,− деді серги сөйлеген кемпір. міне, енді сол аралар әулетінің арпалысып тірнектеп жина- ған шырынын аузынан жырып алу қарекетіне кірісіп кеткен. Бал айырғыш аппараттың құлағын бұрап тұрған Таған анда- санда кемпір отырған жаққа қарап қояды. анадайдан басында кимешек-шылауышы бар, ақ шатырдай болып көрінген Нюра апасы Қатын суының сарынына құлақ қойғандай, қозғалмастан арғы бетке телмірді-ай. Не ойлап отыр? Кім білсін... Еріктің қолындағы түтіннен үріккен аралар тынымсыз айналсоқтап, тыныштығын бұзған бұзақыны нәлеттегендей гу-гу етеді. Кейбірі ұзап ұшады, кейбірі Тағанды жағаттап, мөлдірленген балға қонып, малтығып қалады. Ондай сәтте еппен қанатынан сүйреп шығарып, былайырақ тастайды. мұның да басында бетіне перде тұтқан ақ қақпағы бар-ды, абиыр болғанда, ешбіріне шақтыра қойған жоқ, қанша төңіректесе де, пісіп алар саңылау таба алмаған өн бойынан. «Егер баяғыдай тұла бойымнан арақ мүңкіп тұрса, мұқым ара біткен маған шабуыл жасар еді» деп ойлады. Бал алу кезегі америкадан келген «қауіпті гибридтерге» жетті. Бұлармен аса сақ әрі сыпайы қарым-қатынасқа көшпесе болмайды. Бағанадан бері тор перденің шалғайын қайырып тастап, жүзін ашық ұстап жүрген Ерік еріксіз маскасын түсіруге, қолына қолғап киюге мәжбүр болды. Ұяның қақпағы ашылғаннан-ақ, атойлаған ноян аралар ал дегеннен-ақ анталаған шабуылға көшіп, айна мен Еріктің ес-ақылын шығарып жіберген. амал не, қымтаулы қорғаныста тұрған ерлі-зайыптылар тісіне жұмсақ бола алмады. Сонда да шебін бұзбастан, қара бұлттай қаптап көпке дейін дуылдап тұрып алды. Бірен-сараны ғана төңіректі барлауға кетті. Екеу-үшеуі Тағанды тексеріп қайтты. Жергілікті аралардан едәуір өзгешелігі бар будандарды бұл да бірден байқаған. «Капиталистік тұқым сен боларсың... қандай шапшаң ұшады жауыздар» деп ойлаған да, бұл да қымтана түскен. Бұл жақтан оң жамбасқа келер оңай олжа таппаған соң, самғай зулап Нүрке кемпірге беттеген. алғашқы келген бірен-саранын қолындағы өне бойы тастамайтын бет орамалымен «кіш-кіштеп» жасқап жіберген-ді. Жалғыз-жарымы түк бітіре алмайтынын сезді ме, шырқай ұшып негізгі әскеріне оралып, болған жайды, яғни кемпірдің қару-жарағы жоқ, алаң-ашық, бейқам отырғанын хабарлаған. Содан не керек, бұл табиғаттың құдыретіне дауа бар ма, адамзат түсінбейтін тілмен түсініскен жәндік-жендеттер жалғыз-ақ секундта Нюра Фадеевнаға қарай «уралай» қаптап лап берген. мыңдаған араның әп-сәтте ғайып болып кеткенін омарташы ерлі-зайыптылар жұмыс бабында тұрып байқамай қалды. ал «жауыздар» болса алтайдың бұршағындай көшіп, түйілген қалпы қапысыз кемпірдің шат-шәлекетін шығарды. Қанша қайрат көрсеткеніне қарамастан, бет-аузын, қолын сау-тамтығын қалдырмай шағып тастады, ішінара болған шығынға пішту деген жоқ. «Ойбу, балалар, әй, айна, Ерік, айдап әкет мына иттеріңді!» − деп азандады, бірақ жан даусын шығара айқайламаған. Енесінің үніне елеңдей қараған айна: «Ойбай, апамды аралар опалап жатыр» деп тұра жүгірді, тұра жүгіріп барып кері оралды да, делдиіп тұрған Еріктің қолынан түтіндеткішті жұлып алып, қайта безілдеді. Таған да тарғаяқтай ұмтылған. «Бұлар жынданған шығар», − деп күңк еткен Ерік раманы қаперсіз суыра берген. «ара шаққаннан өлген кісінің бейітін көргем жоқ бұл жақтан». ...«Қауіпті будандардың» бетін түтін қайтарды. амал не, көмек тым кеш жетіп, кемпір әлсіреп-ақ қалған екен. Жарықтық сүйегі мықты адам ғой, сонда да сыр білдірмей сұлық отыр – құламады. ара талаған беті мен қолыңда ине шанышқандай ноқат қара дақ қалып, айналасы домбыға ісініп бара жатты. айна мен Таған көтеріп үйге кіргізіп төсекке жатқызғанда, кісі танымайтын болып ісініп кетіп еді... Тіл-аузы байланып қалды ма, әлде ендігі арыздасып, қоштасардың түкке қажеті жоғын сезді ме: «апатайым-ау, енді не істейміз, қандай дәрі-дәрмек қолданамыз», − деп зар еңіреп басында отырған айнаның бірде- бір сұрағына жауап қатпай, ағаш үйдің бел ағашына телміріп үнсіз жатқан. Өз қолы өзіне артық көрініп, қоярға жер таппай серейіп тұрған Таған да дегбірсізденіп құр жаны аши қарағаны болмаса, лажсыз еді. Сырттан асықпай, адымын санап басып Ерік кірді. Кірген бойда: − Кім сендерге пысықсып далаға шығар деген?! − деп айғай салды. − ала жаздай аман-есен үйде отырғанда, астынан су шыққандай жылы орнынан қозғап... ісім сендермен болсын! Төбеге телміріп жатқан кемпір айғайды құлағы шалды білем, ұлының ұрысына нәумез болды білем, ендігі сәтте Ерікті көздей бағжия қараған. Сұп-суық жанары өңменінен өтердей қорқынышты еді, адам танымастай ісініп өзгеріп кеткен шешесінің оқтаулы көзінен жасқана шегініп: «Әне, тағы да мені айыптап жатыр», − деп, күңкілдеген күйі үйден шыға жөнелді. Өзі құлағалы тұрған тауға қой жайғандай, айна көз жасын көлдетумен болды. − Бұлай тұра берудің реті жоқ, не ем-дом жасаймыз? − деді Таған бәйектеніп. − Білмеймін, аға, білмеймін... апамның түбіне ара жетеді деп кім ойлаған?! апамның өзі біледі, айтпай жатыр... «Жарықтық, өлімге біржола дайындалған шығар, − деп ойлады Таған. − Нюра Фадеевнаның түбіне жеткен әншейін ара емес, будандар екенін, әр тұқымның қосындысынан шыққан «жауыздар» екенін қайдан білсін айна». Бұдан ары не ары жоқ, не бері жоқ делдие берудің қисынын көре алмады ма, бұл да тысқа шықты. арғы бетке қарап ойланып, қашаға сүйеніп тұрған досының қасына барды. − Не істейміз? рация жоқ па, вертолет шақыртайық, − деп сұрады Еріктен. − Сенің не қимаң қышып барады, − деп күңк етті ол. − Осының бәрі сенің кесірің. айрандай ұйып, шәй деспей отырған шаңырақтың ойран-ботқасын шығардың... Әттең, әттең, бекер, бекер-ақ ертіп келдім... − Демек, өзің де кінәлісің... Бір-бірімізді айыптағаннан түк шықпайды. апамызды ажалдан арашалап қалудың амалын іздейік. − Ол бәрібір адам болмайды, берген дәріңді ішпейді де. Көрмейсің бе сөйлей алады, қырсығып тіліне тиек салып, үнсіз жатыр. маған деген қысастығы. Жалғыз ұлын осыншалық жек көретін шешені көрсемші... Құдай-ау, менің жазығым не? Үстінен құс ұшырдым ба, тамақтан, киер киімнен тарықты ма? Екі сөзінің бірінде «ел, ауыл» деп, зарлайды да отырады, сол елінде, сол ауылда құшақ жайып қарсы алатын ағайын, туғаны отырғандай; сол көксеген елі емес пе еді, осырған сиырдай мүйіздеп айдап шыққан. рас, сол өтінішін орындаған жоқпын, басқа жазығым қайсы? мұндай боларын білгенде, кеше вертолетке салып жіберер едім ғой... Ішім сезеді, енді беті бері қарамайды, маған өсиет сөзін айтып, қоштаспасын да білемін... − «аман жүр, ұлым» деп айтпайтын ана жоқ жер бетінде, − деді Еріктің сөзіне толқыған Таған. Неге екенін кім білсін, досы үшін өзі жылау керегін сезді. Жанарында жас бар еді. ал Еріктің беті бүлк етпестен, асқан төзімділікпен сөйлеп тұр. − менің сорым шығар, арылмай жүрген қырсығым шығар осының бәрі де. Бостандыққа шығайыншы, азат ғұмыр кешейінші, жаманаттан қашайыншы деп, құлақ естіп, көз көрмеген жаққа саяқтанасың, бәрібір сені қуып жетеді, іздеп тауып алады... Қыл аяғы туған анаң өз қағынан жеріп, әр басқан қадам, еткен еңбегіңнен харамдық іздейді. Кімнің егініне түстім, кімнің бермесін тартып алдым, табан ет, маңдай теріммен тапқан дүниемді есеп-шотқа салып, көзге түрткі қылатындай күпірлігім болды ма? Әне, беттің арын белбеуге түйіп, мемлекеттің байлығына белшесінен батып жүргендер не ұсталмайды, не сотталмайды, оларға бәрі кешірімді, бәрі жарасымды... түсінбеймін. − Шынында да, сен түсінбейтін бір сыр бар шығар... − Ей, кетші ары өзің сәуегейсімей,− деп, қолын бір-ақ сермеді.− апам бізге жоқ енді, жыла-сықта, фактінің аты – факті. − ал, сендер, айна екеуің, өп-өтірік өкіре беріңдер. Па, шіркін-ай, қаңдай үлкен жүректі, кең пейілді гуманиссіңдер- ей. ана сендерге емес, мына маған керек, ендеше, монтаны да жалған жоқтауларыңның керегі жоқ маған. Жақсы көрген болып, сыйлаған болып, сып-сыпайы мінезбен өлтірген де екеуің, мен емес. ап-аман, таспиғын санап құдайына құлшылық жасап отырған адамды сүйрелеп далаға шығарғаны несі-ай... Құныкерім – сендерсіңдер! − Ол кісі әлі тірі ғой, өтпей жатып өлдіге жорығаның не? − Өлмесе – өледі. Тағы да мүләйімсіп тұрсың. − Көзі қанталаған Ерік: − Сенімен тәжікелесіп несіне тұрмын осы, одан да анам мәңгілік мекен етер жайлы жер іздеймін. − астапыралла, − деді тыпыршыған Таған жағасын ұстап. − Жынданған шығарсың. − Кімнің жынданғанын ертең таңертең білерсің,− деді де анасын қоятын жер іздеуге жөнеді. Тағанның көңілі ойран-асыр. Досының мінезін тағы бір қырынан таныды, алайда кім екенін, қай ұлттың ұлына жатқызарын білмеді. Білуі мүмкін де емес еді... Оның білетіні – осындай дүбәра жандардың жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегінде жер бетінде тым көбейіп бара жатқаны ғана... амал не, ауырмай есінен жаңылып, шатасып шаң жұтып жүрген өзі секілділер де аз емес еді бұл дүниеде. Біраздан бері берекесі қашқан үйдің түтіні дәл осы күні ұшқан жоқ: от жағылмады, самаурын қойылмады, қазан көтерілмеді – онсыз да жұқарған жүйкеңді мезі қылар ауыр тыныштық орнаған. Бір кіріп, бір шығып, тағат таппаған – тек Таған ғана. Досының кінә артқан айыптау сөзінен кейін, расында да, Нюра Фадеевнаның оқыс әлсірегеніне өзі себепші болғандай, осы үйдің артық адамы екенін сезінді. айнаның жанары жастан тыйылған жоқ. Сусын әкелсе де, шипалы шөп нәрін ұсынса да, енесі бас шайқаумен болды. анасының арғы дүниеге ықтиярлы екенін білген, білсе де ақтық парызын өтеуден танбай, аялаумен құрақ ұшқан. Енесінің көңілінде тас болып байланған қара қазандай өкпе бар... Неге? Кімге? Осының сырын ұға алмаған келіні кездейсоқ келген кеселдің бір ұшығын өзінен іздеген, тілін алып далаға шығарғанына өкінген де... адам өмірінің бақилық емес екенін білсе де, жер жаһандағы пенде шіркіндердің ғұмыры бір-біріне байлаулы, ауру меңдеп, ажал алды дегеннің өзінде бірінің өліміне бірі себепшілігін саналаған. Бәлкім, айнаньң таусыла, егіле еңіреуі де осыдан шығар... өз анасы қайтқанда да, дәл осылай жыламаған. Нюра Фадеевнаның әлі де болса суішкілігі таусыла қоймағанмен, кірпігі ғана қимылдап жатыр. маңайында, тысқарыда болып жатқан оқиғадан хабардар секілді, анда- санда сол былайғы құбылыстың әсеріне елегізгендей... ежелгі сезімталдықпен түйсінгендей... анда-санда көзі бұлдырап, бір заттың өзі екеу, кейде үшеу, одан да көп болып кетер-ді. Өне бойының мың-миллион құмырсқа талағандай дуылдағаны болмаса, жаны қиналып, ауырған да, ес-ақылдан айырылып әлсіреген де жоқ еді... Санасын дел-салдық жайлаған; мәңгілік бір терең ұйқы шақырғандай... Тынысы, тамыр соғысы баяу, анда-санда ғана тіршіліктің ішегін шертіп қалғандай. Нүрке кемпір «алланың ақ өлімін» іштей мінәжат айтып тіледі- ай. Сөйлеуге, тіл қатуға қуаты жетерін біліп-ақ жатыр, бірақ мынау пәни жалғанмен бақылдасар сәтте аһылап-үһілеп, арыз- арман уағыздап, балаларының үрейін алғанды жөн көрмеді. Естір құлақ, ұғар зерде болса, ақыл-кеңесін баяғыдай айтып келеді, енді мына жантәсілімін берер шақта, әлдекімдердей, шаңырақтың шаттығын бұзбау жайлы сөз бастаудың өзі күзетіп отырғандарды күйзелткеннен басқа, өсиет болып жарытпайтынын сезген еді. Бәр-бәрін де жаратқан иесіне аманаттайды да... Ол тіпті қазіргі өлі мен тірінің арасындағы мүшкіл халінде иманын ғана ойша қайталағаны болмаса, тірілер қамын қаперіне алмады да. Оқта-текте көзін жұмып, көзін жұмса болды, көз алдына көлеңдеп шыға келетін аруақтармен ғана тілге келеді, сол арғы әлемнің адамдарына бар ынта-ықыласы ауып, сол үйір – сол топқа кешіге бермей қосылуды көксеген-ді. Әсіресе, жарықтық ақ сақалды атасы мен Шешесінің жайлана жараса сырласып отырғанын байқады... адам о дүниеге көшкен соң, дініңе, тіліңе, діліңе, нәсілге бөленбей, бар-барлығы жамырасып, ұрыс-керіс, бақталассыз, жалғыз-ақ ізгілікпен
|
|||
|