Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақ 1: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ



Сұрақ 1: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ

                                                          

Өздеріңді Семмельвайстың орнына қойыңдар. Түсіндіріңдер (Семмельвайс жинаған мәліметтерге сүйене отырып), неге босанғаннан кейінгі қызба жер сілкінісінің әсерінен болатыны екіталай.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 


СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ. 2 МӘТІН

 

Ауруханадағы диагностиканың бір түрі өлікті сою болып табылады. Өлім себебін анықтау үшін өлген адамның денесін сойды. Семмельвайс күнделігіне бірінші палатадағы студенттер әдетте бір күн бұрын өлген әйелдің денесін союға қатысып, одан кейін жаңа ғана босанған әйелдерді қарайтынын жазды. Олар сойғаннан кейін жақсылап жуыну керек екеніне аса көңіл аудармады. Кейбіреулері олардан шығатын иістерден, мәйітханада істейді деуге болатынын, ол бұлардың еңбексүйгіштіктерін көрсететінін айтып мақтанды!

Семмельвайстың достарының бірі осындай сою үстінде жарақат алып қайтыс болды. Денені сою кезінде онда босанғаннан кейінгі қызбадан қайтыс болған әйелдердің нышандары байқалды. Семмельвайсқа бір ой келді.

 

Сұрақ 2: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ

                                                     

Семмельвайстың жаңа идеясы босану палаталарындағы әйелдердің өлімінің үлкен пайызымен және студенттердің мінез-қылықтарымен байланысты болуы керек.

Бұл қандай идея болды?

 

A

 
Егер студенттер союдан кейін мұқият жуынса, бұл босанғаннан кейінгі қызба ауруының азаюына әкелуші еді.      

B Студенттер союға қатыспау керек еді, себебі олардың жарақаттануы мүмкін еді.

C Студенттерден иіс шығып тұрды, өйткені олар сойғаннан кейін жуынбайтын.

D Студенттер өздерінің қандай еңбексүйгіш екендіктерін көрсеткілері келген қылықтар, олар қараған әйелдермен арадағы қатынастағы немқұрайлылыққа әкелді.

 

 

Сұрақ 3: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ

Семмельвайс өз сынақтарында босанғаннан кейінгі қызбадан болатын өлімдердің санын азайтуға көп еңбегін сіңірді. Бірақ босанғаннан кейінгі қызба осы күндері де құтылуы қиын ауру болып қалып отыр.

Қиын емделетін босанғаннан кейінгі қызба ауруханаларда әлі күнге дейін проблема болып табылады. Бұл проблеманы шешуге көптеген нақты шаралар қолдануда. Оның ішінде – жоғары температурада төсек-орындарды жуу.

Неге төсек-орынды жоғары температурада жуу емделушілердің босанғаннан кейінгі қызба ауруы қаупін азайтуға көмектеседі.  

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.