Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақ 1: СКЕЙТБОРД



Сұрақ 1: СКЕЙТБОРД

Дүкенде тақтаның үш түрі, дөңгелектер жинағының екі түрі, металл және резеңке бөлшектер жинағының екі түрі ұсынылады. Ал дөңгелек ұстағыштар жинағының бір ғана түрі бар.

 

Ұсынылған құрамды бөліктерден Сергей неше әр түрлі скейтборд жинай алады?

A. 6

B. 8

C. 10

D. 12

 

Сұрақ 2: СКЕЙТБОРД

Арманда 120 зед бар, және ол осы ақшаға келетін ең қымбат скейтборд жинағысы келеді. Скейтбордтың 4 бөлігінің әрқайсысына ол қанша ақша жұмсай алады?

 

Төменде берілген кестеге өз жауаптарыңды жазыңдар.

 

Скейтборд бөлшектері Ақша сомасы (зедпен)
Платформа  
Дөңгелектер  
Дөңгелек ұстағыштар  
Металл және резеңке бөлшектер  

Сұрақ 3: СКЕЙТБОРД

Арман өзіне өзі скейтборд жинағысы келеді. Бұл дүкенде скейтбордтың барлық құрамды бөлшектеріне қанша неғұрлым аз немесе неғұрлым көп ақша төлеуге болады?

 

(a) Неғұрлым төмен баға зедпен: .........................

(b) Неғұрлым жоғары баға зедпен: .......................


БАҚШЫ

Бақшы жерде гүлдер егетін орынның шегін белгілегісі келетін 32 м сымы бар. Гүлдер егетін орынның пішінін оған мына нұсқалардан таңдау керек.


 




Сұрақ 1: БАҚШЫ

Гүлдер егетін орынның шегін белгілеу үшін 32 м сымның жететінін немесе жетпейтінін ескере отырып, әр гүлдер егетін орынның пішінінің қасындағы «Иә» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызыңдар.

 

Гүлдер егетін орын пішіні Гүлдер егетін орынның шегін белгілеу үшін 32 м сым жетеді ме?
А пішіні Иә / Жоқ
В пішіні Иә / Жоқ
С пішіні Иә / Жоқ
D пішіні Иә / Жоқ




ГРАФФИТИ

Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян әкелмейтін өз өнерлерін көрсету әдістерін неге таппайды?

Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып жас ұрпақтың абыройын құрту керек? Кәсіпқой-суретшілер өздерінің қолөнерлерін көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абыройды жаулап алады.

Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, дуалдар, бақ орындықтары өздері-ақ өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын әдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда, бұл сәулет өнерін көркемсуретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «сурет өнерлерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады.

Хельга

Адамдардың талғамдары әр түрлі. Қоғам ақпаратпен және жарнамалармен әбден қаныққан. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бәрі қанағаттандырады ма? Негізінен, иә. Ал граффити қанағаттандырады ма? Кейбіреулері иә десе, кейбіреулері – жоқ дейді.

Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.

Ал жарнамалық қалқан қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл жай ғана қарым-қатынас нұсқасы емес пе, мысалы, сендердің өз есімдерің, партия атаулары немесе көшелердегі үлкен өнер шығармашылықтары?

Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ, тор киімдерді естеріңе түсіріңдерші. Шаңғы костюмдары туралы да. Үлгілері мен түстері бетон қабырғаларда салынған суреттерден көшіріліп алынған. Бұл үлгілер мен түстер бүгінде қоғамда қолданылатыны, таңқалдыратыны аса қызық, ал сонымен қоймай осы стильдегі граффити сұмдық болып есептеледі.

Иә, өнер үшін қиын уақыттар тууда.

Маржан


 

Бұл екі хат та Интернетпен келді және екеуі де «граффити» жайлы. Граффити – бұл арнайы рұқсатсыз орындалған, қабырғалардағы немесе басқа жерлердегі суреттер мен жазулар. Хаттарды төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданыңдар.

 

 

Сұрақ 1:ГРАФФИТИ        

 

Әр хаттың мақсаты:

A

 
граффити дегеніміз не екенін түсіндіру.        

B граффити туралы өз ойыңды айту.   

C граффитидің танымалдылығын көрсету.     

D бұл жазуларды жуу үшін, көп құралдар жұмсалатынын адамдарға айту.         

Сұрақ 2:ГРАФФИТИ   

 

Неге Маржан жарнамаларға сілтейді?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.