Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сұрақ 4: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ



Сұрақ 4: СЕММЕЛЬВАЙСТЫҢ КҮНДЕЛІГІ

                                                     

Көп ауруларды антибиотиктердің көмегімен емдеуге болады. Бірақ та соңғы жылдары кейбір антибиотиктердің босанғаннан кейінгі қызба ауруын емдеуге қарсы күресте оң әсері азайып кетті.

Мұның себебі неде?

A Антибиотиктер дайындалғаннан кейін өз белсенділіктерін біртіндеп жоя бастайды.

B

 
Бактериялар антибиотиктерге қарсылық жасап отырады.                      

C Бұл антибиотиктер басқа ауруларға емес, босанғаннан кейінгі қызба ауруына қарсы ғана көмектеседі.           

D Бұл антибиотиктерге қажеттіліктер азайып кетті, себебі медициналық көмек көрсету жағдайлары соңғы жылдары айтарлықтай жақсарды. 


ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

 

Мәтінді оқып шығып, сұрақтарға жауап беріңдер.

 

2002 ЖЫЛДЫҢ 22 МАУСЫМДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН


 

Солтүстік жарты шарда 2002 жылы 22 маусымда ең ұзақ күнді атап өтсе, Авст­ралияда -  ең қысқа күнді атап өтеді.

Бұл күні Мельбурнда*, Австралияда, Күн 7 сағат 36 минутта шығып, 17 сағат 08 минутта батады, және толық жарық күннің ұзақтығы 9 сағат 32 минутты құрайды.

Осы жылы Австралияда 22 желтоқсанда ең ұзақ күн болады. Күн бұл күні 5 сағат 55 минутта шығып, 20 сағат 42 минутта батады, ал толық жарық күннің ұзақтығы 14 сағат 47 минутты құрайды.

Астрономиялық қоғамның Президенті Перри Влахос мырза, Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларындағы жыл мезгілдерінің ауысу құбылысы, жер осінің 23 градусқа иілуімен байланысты екенін айтты. 

 

 

*Мельбурн – шамамен 38 оңтүстік кеңістігінде орналасқан Австралиядағы қала.

 

Сұрақ 1: ТОЛЫҚ ЖАРЫҚ КҮН

 

Жер суретте көрсетілгендей күн шуақтарымен жарық болып тұрады.

 

Мельбурнде қазіргі уақытта жылдың ең қысқа күні деп жобалайық.

Суретте жер осін, экваторды жүргізіңдер және Солтүстік және Оңтүстік жарты шарларын көрсетіңдер. Оларды белгілеңдер немесе қажетті жазулар жазыңдар.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.