|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АЛМА АҒАШТАРЫСтр 1 из 16Следующая ⇒
Формулалар Төменде келтірілген формулалар сендерге математикадан берілген мәтіндегі сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. Бұл формулалардың кейбіреуін бірнеше сұрақтарға жауап бергенде қолдануға болады.
Нұсқау Бұл дәптерде мәтінді оқып түсінуге, жаратылыстанудан және математикадан әр түрлі тапсырмалар бар. Әр сұрақты мұқият оқып, оған мүмкіндігінше дұрыс жауап беруге тырысыңдар. Тапсырмаларды орындауға тек оқытушының рұқсатымен ғана кірісуге болады. Жұмысты қалай орындау керек екенін түсіну үшін, сендерге онда кездесуі мүмкін тапсырмалар типтерімен танысу керек. Ол үшін төменде «Олимпиадалық қалалар» материалына негізделген тапсырмалар мысал келтірілген. Олимпиадалық Қалалар Кестеде 1964 жылдан бастап Олимпиадалық ойындарды жүргізу үшін таңдалған қалалардың тізімі келтірілген. Сұрақтарға жауап беру үшін кестенің мәліметтерін пайдаланыңдар.
Кейбір сұрақтарға әріптермен белгіленген төрт немесе одан көп жауаптардың нұсқасы беріледі. Бұл сұрақтарға жауап бере отырып, сендердің пікірлерің бойынша дұрыс жауапты белгілейтін әріпті, 1 Мысалда жасалғандай, айналдыра сызыңдар.
Егер сендер жауаптарыңа сенімді болсаңдар, онда сендерге бәрінен де дұрыс болып көрінетін жауапты белгілеп, келесі тапсырманы орындауға көшіңдер. Егер берген жауаптарыңды өзгерткілерің келсе, онда «Х» белгісін пайдаланып, оны ұқыпты сызыңдар, және содан кейін өздерің дұрыс деп санайтын жауапты, 2 Мысалда жасалғандай, айналдыра сызыңдар.
Алдымен A жауабын таңдағаны, ал содан кейін оны D жауабына өзгерткені көрініп тұр. Кейбір тапсырмаларда сендерге, 3 Мысалда көрсетілгендей, әр жолда бір жауапты белгілеп, бірнеше сұрақтарға жауап беру керек болады.
Бәрі дұрыс орындалған тапсырма келесі түрде болады. Кестенің ӘР жолында тек қана бір жауапты айналдыра сызу керек екеніне назар аударыңдар.
Кейбір тапсырмалардың қысқаша жауабын дәптерде арнайы берілген орынға жазу керек болады. Қысқаша жауап әдетте жеке сөздер, суреттер немесе сандар түрінде беріледі. 4 Мысалда осы типті тапсырма көрсетілген.
Дұрыс жауап мына түрде болады «Токио, Сеул және Пекин». Дәптерде тапсырманың мазмұнына сәйкес жауап жазу, берілген жауапты негіздеу немесе түсіндіру немесе осы мәселенің толық шешуін келтіру қажет болатын басқа типті тапсырмалар бар. Бұл тапсырмалардың жауабы ерікті түрде жазылады. Тапсырманы орындауды бағалау ,берілген материалды түсінулеріңді және ойлау қабілеттеріңді қалай көрсеткендеріңе байланысты болады. 5 Мысалда осы типті тапсырма көрсетілген.
Сендерге мұндай тапсырманың жауабын бұл үшін арнайы берілген жолдарға жазу керек. Жолдар саны жауаптарың ұзақтығы бойынша шамамен қандай болатынын көрсетеді. Төменде тапсырма жауабының толық жауап ретінде ең жоғарғы балл қойылатын нұсқалары келтірілген. · Африка. Мұнда 1964 жылдан бастап Олимпиадалық ойындар мүлде жүргізілген жоқ. · Австралия. Көрсетілген уақыт аралығында мұнда Олимпиадалық ойындар тек бір рет қана жүргізілді. · Солтүстік Америкада деп ойлаймын. Олимпиадалық ойындар мұнда өте жиі жүргізілгенімен, АҚШ әлемдегі ең бай елдердің бірі, сондықтан ол мұндай қымбат ойындарды өткізу мүмкіндігі бар. · Азия мен Еуропадан басқа, кез келген континентте, өйткені бұл континенттерде соңғы ойындар өткізілді. Келтірілген жауаптардың бір-бірінен айырмашылығы болса да, олар қойылған сұрақты түсінгенін білдіретініне ЖӘНЕ жауаптар негізделе берілгеніне назар аударыңдар. Математикадан берілген тапсырмаларда кейде өз шешулеріңді келтіруге жолдардың орнына жай бос орын қалдырылған. Осы орынды шешулеріңді жазуға қолданыңдар. Кейбір тапсырмаларда ойдан шығарылған «зед» ақша бірлігі қолданылатын, ойдан шығарылған Зедландия елі туралы айтылады.
АЛМА АҒАШТАРЫ
Шаруа бақ учаскесіне суретте көрсетілгендей шаршы пішінінде алма ағаштарын отырғызады. Алма ағаштарын желден қорғау үшін ол учаскенің шет-шетіне қылқан жапырақты ағаштар отырғызады. Төмендегі суретте n-нің бірнеше мәніндегі алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштар отырғызылуының схемасы көрсетілген, n – отырғызылған алма ағаштары қатарының саны. Бұл тізбекті n-нің кез-келген саны үшін жалғастыруға болады.
Сұрақ 1: АЛМА АҒАШТАРЫ
Кестені толтырыңдар:
Сұрақ 2: АЛМА АҒАШТАРЫ
Жоғарыдағы тізбекте қарастырылған отырғызылған алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштары саны мына үлгіде есептеледі:
Алма ағаштары саны = , Қылқан жапырақты ағаштар саны = , n – отырғызылған алма ағаштары қатарының саны.
n-нің қандай мәнінде алма ағаштары саны олардың айналасына отырғызылған қылқан жапырақты ағаштарының санына тең болады? Шешуін жазыңдар.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сұрақ 3: АЛМА АҒАШТАРЫ
Фермер өз учаскесіндегі алма ағаштары қатарының санын біртіндеп көбейтуді шешті деп жобалайық. Бұл жағдайда қайсысы тез көбейеді: отырғызылған алма ағаштары саны ма, әлде қылқан жапырақты ағаштар саны ма? Өз жауаптарыңды түсіндіріп жазыңдар.
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|