Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





уровень 200 тестов 2 страница



 Гемотрансфузия

***

Науқас Д., 23 жаста, мұрнынан, қызыл иектен жиі қан кетуге, айқын әлсіздікке, ентігуге, қызбаға шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, бүкіл денесінде көгеру анықталады, лимфа түйіндері ұлғаймаған. Қалған органдары қалыпты. Қан анализінде: Hb-60 г/л; Эр.-2.0х1012/л; ЦП-0.9; Лейк.-1.5х109/л; Тромб.-20х109/л. Миелограммада: Миелограммада: майлы сүйек миы мен май арақатынасы 90%:10%. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз: //

курсты монохимиотерапия//

курсты полихимиотерапия//

антибиотикотерапия//

гемотрансфузия//

+иммуносупрессивті терапия

***

Науқас 20жаста, соңғы 2 айда әлсіздік, қан ағу, субфебрильді температура байқалуда. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: Нв- 50 г/л; Эр.- 1,3*1012/л; ЦП-1,0; Л.- 1,7*109/л; Тр.-30*109/л; ЭТЖ-55 мм/сағ. Диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты зерттеуді атаңыз: //

перифериялық қанды зерттеу//

+ стернальді пункция//

Кумбс сынамасы//

десферальді сынама//

эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау

***

Науқас 37 жаста, гриптен кейін 12-ші күні дене қызуы қайта көтерілгенін, қызба, бел тұсындағы ауырсыну, зәрінің қарайғанын және склераның шамалы сарғайғанын байқаған. Тексергенде шамалы бауырдың ұлғайғаны анықталды. Қан анализінде: Нв-78 г/л; Эр.- 2,6*1012/л; Тр.- 210*109/л; Л.- 6,2*109/л; жалпы билирубин- 49,7 мкмоль/л, тіке - 5,1 мкмоль/л. Диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты зерттеуді атаңыз: //

эритроциттердің өмір сүру ұзақтығын анықтау//

стернальді пункция//

Кумбс сынамасы//

қан сарысуындағы темірді анықтау//

+эритроциттердің осмостық тұрақтылығын анықтау

***

Науқас 62 жаста, бір жыл бойы ауырады, әлсіздікке, мойын, қолтықасты, шап лимфа түіндерінің үлкеюіне шағымданады. Лимфа түіндері жұмсақ, ауырсынусыз. Қан анализі: Лейк.- 40*109/л (э-1%, п-3%, с-15%, л-75%, м-6%). Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізу керек? //

+стернальді пункция//

лимфа түіндерін пункциялау//

лимфа жүйесін радиоизотопты зерттеу//

лимфа түйінін биопсиялау//

Кумбс сынамасы

***

Науқас 46 жаста тромбоцитопениялық пурпура диагнозы қойылды. Денесінде петехиальді-дақты қан құйылулар бар, тромбоцит – 18,0х109/л. Бұрын ешқашан емделмеген. Сіздің тактикаңыз? //

спленэктомия//

+преднизолон//

цитостатиктер//

плазмаферрез//

емнен сақтану қажет

***

Науқас Р., 25 жаста, балалық шағынан тізе, шынтақ буындарының артрозымен ауырады, жиі мұрын қан ағуы мазалайды, анамнезінде – бұлшықет аралық гематомалар. Анасы жағынан көкесі дәл осылай ауырған, бас миына қан құйылудан қайтыс болған. ЖҚА – өзгеріссіз, тромбоциттер – 220 х 109 /л; АЧТВ–ұзарған. Ваалер-Роуз реакциясы–теріс. Емін таңдаңыз://

+ криопреципитат//

преднизолон//

гепарин//

плазмаферрез//

эритроцитарлы масса

***

Гемолитикалық бөлімшеге Т.55 жастағы науқас түсті, бірнеше жыл бойы аутоиммунды тромбоцитопениялық пурпурамен (АИТП) ауырады, жиі рецидив болып тұрады. Жағдайының нашарлағанына 3 апта болды, кортикостероидтар әсер бермейді, сол үшін ауруханаға жатқызылды. АИТП емдеудің қай әдісі спленоэктомияға қарағанда дәл қазір тиімді? //

сүйек миын трансплантациялау//

+цитостатикалық терапия//

α -интерферондар//

иммуноглобулиндер//

тромбомасса құю

***

Науқас әйел Е. 74 жаста, келесі шағымдармен келіп түсті: жалпы әлсіздікке, бас айналуына, ентігуге, эпигастрий аймағында ауырсынуға, тамақтан кейін ауырлық сезіміне, сасық иіспен кекіруге. Объективті шамалы спленомегалия және оң аяғының «шұлық» тәрізді тактильді сезімталдығының төмендегені анықталды. Жалпы қан анализінде.: Эр. 2,5*1012/л; Нв - 88 г/л, ТК - 1,1, Л. - 3,2*109/л, тромб. – 150*109/л, ретикулоцит – 0,2%; билирубин - 42 ммоль/л (тіке емес фракция 33 ммоль/л). Бұл науқасқа қандай ем жүгізу керек? //

темір препараттарымен//

стероид препараттарымен//

+цианокобаламинмен//

эритроцит массасын құю//

иммуностимулятормен

***

19 жасар Д. науқас стационарға түсті, жыл бойы созылмалы энтеритпен бақылауда болған және интестопан, ферментті препараттармен нәтижесіз емделген. Әлсіздігі, диарея, салмақ жоғалту, терісінің құрғауы көбейген, аяқтарының ісінуі, аменорея, глоссит, хейлит пайда болған. Балалық шағынан бастап үлкен дәреті сұйық, көп жағдайда көпіршікті, ішек инфекциялары теріс. Анализінде: анемия, гипопротеинемия, гипохолестеринемия, гипокальциемия; копрограммада - полифекалия, стеаторея. Диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі қандай? //

ішкі органдардың УДЗ//

дуоденальное зондтау және микрофлораға себу//

ирригография жасау//

+қансаруындағы глютенге антиденелерді анықтау//

колоноскопия биопсиямен жасау

***

68 жасар науқас әлсіздік, тершеңдік, соңғы екі жылда 10 кг арықтауына шағымданып түсті. Бүкіл лимфа түйіндері және бауыры мен көкбауыры шамалы ұлғайған. Қан анализінде: Нв – 85 г/л, Эр –3,0*1012/л, Лейк.- 135,0*109/л, П – 3%, лимф.–96%, мон.–1%, Боткин-Гумпрехт көлеңкелері, ЭТЖ–28 мм/сағ. Қан сарысуындағы– 28 ммоль/л. Қай зерттеу әдісін жасау жеткілікті болып табылады?//

жалпы қан анализі//

мықын сүйегінің трепанобиопсиясы//

+стернальді пункция//

лимфа түіндерінің биопсиясы//

көкбауыр пункциясы

***

Науқас 30 жаста айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен түсті. Анамнезінде – созылмалы геморрой. Тері жамылғысы бозарған. Қан анализі: Нв – 80 г/л, эр.–2,5х1012/л, ТК – 0,7, тромбоцит – 180,0х109/л, ретикулоцит – 0,5 %. Билирубин – 12 мкмоль/л, қансарысулық темір – 4,6 ммоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Қандай препараттармен емдеу керек? //

+ темір препараттары//

стероидты препараттармен//

антимикробты препараттар//

эритроцитарлы масса құю//

В-тобы витаминамдері

***

Науқас B., 40 жаста, шағымдары: әлсіздік, тершеңдік, жүдеу, сол жақ қабырға астында ауырсыну. Объективті: терісі боз, ыл,алды. Лимфотүйіндер ұлғайған. Бауыры 3 см ұлғайған, көк бауыр кіндікке дейін жетеді, тығыздалған. Қанда: эр.–3,0х1012/л, лейк. –96,0х109/л, миелобласттар–2 %, промиелоциттар–4 %, метамиелоциттар–8 %, пал.–12%, сегмент.–52 %, эозин.–5 %, базоф.–5 %, лимф.–12 %, тромб.–200,0х109/л. ЭТЖ–56 мм/с. ем өткізгенде нені бақылау керек://

ЭТЖ//

эритроциттерді//

ретикулоциттерді//

+лейкоциттерді//

Тромбоциттерді

***

Амбулаториялық жағдайда гипохромдық анемиясы бар науқасты тексеру реттілігін дұрысын анықтаңыз://

+қанның жалпы тексерісінің толық көрсеткіштері – темірдің сары судағы деңгейі – сарысудың жалпы темір байланыстыру қабылеті//

гемоглобин, лейкоциттер, ЭТЖ деңгейлерін анықтау – сүйек кемігінің пункциясы – гематолог кеңесі//

гемоглобин, эритроциттер, түстік көрсеткіш деңгейлерін анықтау – фиброгастроскопия – асқазан сөлін зерттеу//

қанның жалпы тексерісі – билирубин деңгейін анықтау – Кумбс сынағын өткізу//

қанның жалпы тексерісі –гематолог кеңесі

***

Жанұя дәрігеріне науқас қанның мына көрсеткіштерімен қаралды: Эритроциттеры – 3,6х109 г/л, гемоглобин–100г/л, түстік көрсеткіш–0,83.Сары судағы темір деңгейі– 9 мкмоль/л. Сары судың темір байланыстыру қабылеті –76 мкмоль/л. Қандай дәрілік ем науқасқа жүргізу қажет? //

В12-витамин күнара аптасына 200 мкг б/е//

преднизолон 20 мг/тәулігіне//

+сорбифер 1 таб 2 рет/тәул//

Фолий қышқылы 5 мг/тәул//

 Е витамины

***

Сіздің гипохромды микроцитарлық анемиясы мен созылмалы энтериті бар науқасыңызға темір сульфатын қабылдауы әсер етпейді. Сіздіңәріқарайіс-әрекетіңіз://

Темір сульфатының мөлшерін көбейту//

Эритроциттер түзіндісін құю//

+темір қосындысы препараттарын егу//

Гематологқа тексеріске жіберу//

Гастроэнтерологқа тексеріске жіберу

***

65 жастағы науқас 3 жыл бұрын миокард инфарктісін басынан өткерген. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексеру кезінде: ЭТЖ – 65 мм/сағ. Рентгенде плевральды сұйықтық анықталды. Пункция жасау кезінде 500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен соң плевра қуысына қайтадан сұйықтық толғаны анықталды. Көрсетілген тексерулердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін ақпаратты болып келеді?//

Компьютерлік томография//

Трансбронхиальды пункция//

Онкомаркерға тексеру//

Магнитті-резонансты томография//

+Экссудатты цитологиялық тексеру

***

Әскерге шақырылушы профилактикалық қарау мақсатында ЖТД қаралды. Кезеңді түрде жүрек тұсындағы ауырсынуға, дискомфортқа шағымданады. Жүректе систолалық шу естіледі, I тон өзгермеген. ЭКГ: сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының дистрофиялық өзгерістері және III, аVF, V4-V6 әкетулерде Т толқынының инверсиясы . Бірінші орында науқасқа қандай тексеру жүргізу қажет?//

Кеуде клеткасының рентгенографиясы //

Холтерлік мониторлеу//

ЭКГ//

ФКГ//

+Допплер - Эхо-КГ

***

50 жастағы науқас медициналық тексеруден өту үшін дәрігерге келген. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖСЖ минутына 72 рет,ырғағы дұрыс,жүрек ұшы соққысы күшейген,дене қызуы қалыпты.Көз түбі тамырларын тексергенде артериалардың тарылуы мен тамыр суретінің иірімделуін анықтаған,кеуде қуысы өзгеріссіз.ЭКГ-де: сол қарынша гипертрофияланған.Электролиттер мен креатинин анализінде өзгерістер жоқ. Сіздің әрекетіңіз? //

Тексеру үшін стационарға жолдама беру//

Тез арада гипотензивті дәрі беру//

«Гипертония ауруы» диагнозын қойып,гипотензивті ем тағайындау.//

Үш күн ішінде АҚҚ өлшеу, сосын науқасты бақылау//

+Гипотензивті ем тағайындау, симптоматиялық гипертонияны жоққа шығару

***

35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖСЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз? //

Жедел кардиологиялық бөлімшеге жатқызу//

Жанұялық дәрігер бақылауымен үйде қалдыру//

Аналгетик тағайындап үйге қайтару//

Жалпы қан талдауын жасау//

+ Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

***

40 жастағы әйел адам алдын-ала медициналық қаралудан өтуге келді. Жүрек тұсындағы сирек болатын шаншып ауырсынуға шағымданады. Салмағы 90 кг, бойы 170 см, 5 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді, физикалық жаттығулармен айналыспайды. Соңғы рет 6 жыл бұрын тексерілген. Анасы 45 жасында миокард инфарктын алған. Физикалық тексеруде патология табылған жоқ. Бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу керек? //

Кеуде қуысының рентгенограммасын//

Физикалық жүктемемен тест//

ЭКГ//

+ Қан сарысуының холестериніне//

Жалпы қан талдауын

***

50 жастағы науқас жанұялық дәрігерге кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда жүрек және өкпе жағынан көзге көрінетін өзгеріс байқалмайды. АҚҚ 120/85 мм.с.б.,ЖСЖ минутына 88 рет. Дәрігер «науқасқа сырқатыңыз қатерлі емес деп сендіріп, үйде жатып дем алып ертең келерсіз»-дейді. Дәрігердің тактикасы дұрыс па? //

Иә, ауырсыну науқас жағдайына қауіп төндірмейді//

Иә,егер асқыну пайда болса келесі күні де көмек көрсетуге болады//

+Жоқ, тез арада ЭКГ зерттеуін тағайындау керек//

Жоқ, аналгетиктермен ем тағайындау керек//

Жоқ, науқасты жоспарлы ем алуға жіберу

***

Стенокардия ұстамасы мен синус түйінің әлсіздігі синдромы бар.Қарт адамға антиангиналды ем ретінде келесі препаратты тағайындауға болады: //

Метопролол//

Верапамил//

Кордарон//

Дилтиазем//

+Амлодипин

***

38 жастағы науқас физикалық күш түскенде пайда болатын ұзақтығы 20 минутқа созылатын, соңғы 2 күнде күшейген, нитроглицеринмен нашар басылатын кеуде қуысындағы қатты ауырсынуға шағымданады. ЭКГ-де: ST сегменті 2 мм ығысқан, Т тісшесі теріс.Қандай диагностикалық тест диагноз қоюға мүмкіндік береді? //

Жалпы қан талдауы//

Холестерин,үшглицеридтер дейгейінің жоғарылауы//

+ Кардиоспецификалық ферменттердің жоғарылауы//

Физикалық жүктемемен тест//

ЭХОКГ

***

63 жастағы науқас кенеттен болатын қатты бас ауру ұстамаларына, естен тануына шағымданады. Аталған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. Бағ., ЖСЖ 57 соққы 1 мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері. Қандай ем дұрыс: //

Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау//

Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау//

М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау//

+ Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу//

Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

***

Науқас В., 47 жаста жүрек тұсындағы тыныс алумен байланысты ұзақ, сыздап ауырсынуға шағымданады. Бұл шағымдарын екі күн бұрын салқын тиюмен байланыстырады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия, сол жақ қырымен жатқанда барлық систоламен диастоланы алатын және денесін алға еңкейткенде күшейетін, тембрі бойынша «қар сықырына» ұқсайтын шулар естіледі. АҚ-110/70 мм .с.б. Қанда: лейкоциттер- 10,5 мың., ЭТЖ - 18 мм /сағ. ЭКГ-да: купол тәрізді STI, II, III, V3-V6 сегментінің көтерілуі. Науқасқа қандай препарат қарсы көрсетілген? //

аевит//

кетонал (кетопрофен) //

мовалис (мелоксикам) //

+ гепарин//

милдронат

***

63 жастағы ер адам, соңғы кезде бастың айналуына, әлсіздікке, көздің қарауытуына, жүрген кезде теңселуідің байқалатынын айтты. Соңғы ай ішінде жалпы жағдайы нашарлаған: 2-3 рет жедел жәрдем шақырған, онда жүрекшенің жыпылық ұстамасы анықталған, жалпы қарау кезінде ЖСЖ 54 рет/ минутына, АҚҚ – 155/70 мм с.б.б., ЭКГ-да синустық брадиаритмия 52-58 рет минутына. Миокардтын дифузды өзгерістері. Қандай ем шара қолдану қажет: //

калий препараттары+ амиодарон//

+ жасанды ритм жүргізушіні имплантациялау//

АПФ ингибиторлары+ калций антоганистері //

аорто-коронарлы шунтирлеу//

жүрек гликозидтері+бета-блокаторлар+ диуретиктар

***

60 жастағы ер адам 4 сағ. бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Аса тиімді тағайындаманы көрсетіңіз://

Амиодарон//

Флеканид//

+ Лидокаин//

Хинидин//

Верапамил

***

Науқаста тұрақты күш түсу стенокардиасы ФК3. ЭКГ-да қарыншалық экстрасистолалар тіркелген. ЖСЖ – 78 рет/минутына, АҚҚ – 150/90 мм с.б.б. Науқастың аритмиясына қатысты дәрігердің тактикасын анықтаңыз: //

Хинидин сульфатын үнемі қабылдау//

Лидокаин 1-2 рет жылына//

Верпамил+пропопранол үнемі ішке қабылдау//

Жоспарлы аорта + коронарлы шунтиверлеу//

+ Арнайы ем қажет емес

***

Аталған белгілер қандай топтағы дәрілерге тән: стенокардия ұстамасының жиілігін азайту және қарқындылығын төмендету, систолалық ҚҚ бастапқы деңгейден 10-15 %-ға төмендету, ЖСЖ-нің жоғарлауын 7-10-қа қысқарту, миокард ишемиясының эпизодтарының жоғалуы? //

+ нитраттарға//

кордаронға//

β -адреноблокаторларға//

кальций антагонистеріне //

калий каналдарының активаторларына

***

Науқас А., 52 жаста трансмуральды миокард инфарктісіне байланысты ем қабылдауда. Аурудың үшінші күні науқастың жалпы жағдайы нашарлады, сол жақ төстің ІІІ-ші қабырға аралығында қатаң систолалық шу пайда болды, және оң жақ қарынша жетіспеушілігінің көріністеріде үдей түсті.Осы асқынудың дамуына байланысты қандай тексеру әдісінтағайындайсыз?//

ЭКГ//

ЧПЭС//

+ЭхоКГ//

селективті коронароангиография//

кеуде клеткасының рентгенографиясы

***

Науқас 50 жаста ауруханаға төс артындағы қарқынды ауырсынуға, ауырсынудың сол қолға берілетін, ұзақтығы бір сағаттан асатын ауырсынуға шағымданумен түсті. Анамнезінде: гипертониялық ауру- 5 жыл, 20 жасынан шылым шегеді. Жағдайы ауыр, суық тер, жүрек тондары тұйықталған. ЖСС- 91 рет/ мин., АҚ=110/70 мм.с.б. б. Өкпесінде- везикулярлы тыныс. Жедел көмек көрсетуге бұл науқасқа тағайындалады://

+ промедол //

стрептодеказа//

гепарин//

строфантин //

перлинганит

***

Н. атты 37 жастағы науқас басының ауруы, айналуы, жүрек тұсындағы шаншып ауыру, бұлшықеттердің ауыруы, жалпы әлсіздік, кейде тырысулар мен шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюіне шағымданады. Анамнезінде соңғы 5 - жылда АҚҚ максимальды 230/130 мм. с.б.б. дейін көтерілген. 1 жыл бұрын өтпелі парез дамыған. Объективті: АҚҚ - 190/100 мм с.б.б., ЖЖЖ - 70 рет мин. ЭКГ: ST - сегменті V2-V6 шықпаларында қиғаш жоғарылаған және осы шықпаларда Т- тісшесі теріс. Қанда: калий деңгейі - 2,2 ммоль/л. Зимницкий сынамасы: менш.салм. 1006-1015. Қандай емдеу әдісі науқастың жағдайын жақсартуға көмектесуі барынша мүмкін? //

ААФ ингибиторлары//

β-адреноблокаторлары//

+ оперативті ем//

I1 -имидазолиндік рецепторлардың агонистері//

ұзақ әсерлі дигидропиридинді кальций антагонистері 

***

Науқас А. 40 жаста бас ауруы, бас айналуы, естен тануға шағымдармен түсті. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Жүрек шекаралары солға ұлғайған, оң жақтағы ІІ қ/а, төстің сол жақ қырында жоғары тембрлі, протодиастолалық бәсеңдеген шуыл және әлсіреген II үн естіледі. Қан тамырларында Траубенің қос үні және Дюрозьенің қос шуылы, Квинке, білек артериясының пульстері жоғары әрі тез 100 рет мин., АҚ - 160/60 мм.с.б.б. Науқасты қандай тәсілмен емдеу НЕҒҰРЛЫМ тиімді? //

кардиологтың бақылауы//

медикаменттік ем//

оперативті вальвулотомия//

митральді қақпақшаны протездеу//

+ аорталық қақпақшаны протездеу

***

 

40 жастағы ер адамды тексеру барысында терісі бозарған, жарлы шұнқырда және мойын буынында көрінікті тамыр соғуы, жүрек жиегі солға кеңейтілген, ұшындағы дүмпу күшейген, құйылған аускультативті: жүрек соғысының дыбысы жүрек ұшында нашарланған, қолқада және т. Боткинада диастолалық шуыл, қолқада жүрек соғысының II -ші дыбысының жоқтығы, АД 140/20 мм сын. бағ. Зәр мен қан анализы нормада, температура да нормада. 25 жасында буындарында ауруымен ангинаны көтерген. Қандай ЭКГ-ң өзгерістері күтілуде? //

метотрексат жасуша митозын тұншықтыра отырып антифолилі эффектіге ие болады.//

Плаквенил дәнекер ткань және иммунокомпетентті жасуша метоболизміне әсер етеді.//

А2-фосфолипазы және гиалурониданың белсенділігін преднизолон бәсеңдетеді//

+ Индометацин простагландин биосинтезі ингибиторы болып табылады. //

Аллопуринол қан ұюдағы ураттардың пайда болуын тұншықтырып ксантиноксидазаға ферменттерді тежейді.

***

45 науқас 2 жыл бойы гемабластозбен ауырады. Анамнезінде миокард инфарктісі. ЭКГ-да жиі қарыншалық экстрасистолалар. Қандай цитостатикалық дәріні науқасқа қолдануға болмайды? //

+ Цитозар //

Рубомицин //

Винкристин //

Миелосан //

Циклофосфан

***

Артериалды гипертензия диагностикасы үшін қосымша зерттеу болып табылады: //

+ ұйқы және сан артерияларының УДЗ//

көз түбін анықтау//

ЭКГ//

әртүрлі жағдайда АҚ өлшеу//

антропометрия

***

Жедел миокард инфарктісімен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз://

амиодарон//

+ лидокаин//

хинидин//

верапамил//

дилтиазем

***

Науқаста синусты түйінің әлсіздік синдромымен минутына 45 рет синусты брадикардия белгіленеді. Науқас кардиостимуляторды орындаудан бас тартты. Аталған дәрілік заттардан консервативті емде қолдануға мүмкін?//

анаприлин//

кордарон//

+ атропин//

дигоксин//

новокаинамид

***

Науқас 40 жаста, прекардиальді аумақты ұзақ қақсап ауыруына шағымданады, уайымданумен аңық байланыссыз, кеуденің сол жағында «тесілуі» сезімі. Қарағанда патологиялары аңықталмаған, ЭКГ ерекшеліктерсіз. Науқастың қарауын қандай зерттеуінен бастау керек? //

қантқа және холестеринге қан анализін зерттеуден бастаймыз//

липопротеидтерге қанды зерттеуден//

эхокардиографиядан//

+ велоэргометриядан//

фонокардиографиядан

***

Науқас М. 63 жаста, кенеттен басталатын қатты бас айналу мен естен тануға шағымданады, 3 жыл бұрын инфекциялық миокардиттен соң пайда болған. Соңғы кездері айына 2-3 рет қайталану байқалған. АҚ 110/70 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин. 57 рет. ЭКГ-де PQ интервалының ұзартылуы, жүйелі Самойлов-Венкебах кезеңі. Берілген науқас үшін қандай емдеу түрі тиімді.//

кальций антагонистерін тиянақты қабылдау//

бета-адреноблокаторларын тиянақты қабылдау//

М-холиноблокаторларын жүйелі түрде қабылдау//

+ырғақтың жасанды бастаушысын орнату//

аортокоронарлы ұштастыруды өткізу

***

Науқас, 56 жаста, 2 типті қант диабетіне байланысты диспансерлік есепте тұр, соңғы жылы стенокардия ұстамалары байқалған. ЖИА емінде қандай антиангиналды топ препараттары таңдалады? //

+кардиоселективті бета-блокаторлар//

селективті емес бета-блокаторлар//

нитраттар (монотерапия түрінде) //

ААФ-ингибиторлары//

кальций антагонисттері

***

Науқас 63 жаста, ЖИА күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериндің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аумақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз://



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.