Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Дипломдық жұмыстың құрылымы. Алгоритмнің сипаттамасы



2.2. Дипломдық жұмыстың құрылымы. Алгоритмнің сипаттамасы

Әдістемелік нұсқау жүйесінің негізгі қасиеттері[1]:

-Жинақтылық

-Жүйелілік

-Эстетикалық көркемділігі

-Жылдамдылығы және т.б.

Әдістемелік нұсқау жүйесінің құрылымы

1. Материалдың мәтін, сурет, график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2. Материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу [24].

3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұратар мен тапсырмалар беріледі.

Әдістемелік нұсқау жүйесінің құрылымдық элементтері:

- Сыртқы беті;

- Титулдық экран;

- Мазмұны;

- Оқу материалының толық баяндалуы;

- Оқу материалының қысқаша мазмұны;

- Қосымша әдебиеттер;

- Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

- Авторлар тізімі;

- Терминдік сөздер;

- Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.

Бұл әдістемелік нұсқау жүйесі тапсырмалармен, тестілермен, презентациялармен  жаңа ақпаратпен қамтылған.

Бір екі жыл бұрын шығарылған әдістемелік нұсқауға қарағанда бұл оқулықты жасау барысында тапсырмалармен қамтуға тырыстым. Себебі адам жаңа ақпаратты есте сақтау үшін оны тек оқымай, практика жүзінде қолданса, материал жақсы ойда сақталады. Және жалықпау үшін ол тапсырмаларды барынша қызықты қылуға ұмтылдым. Тапсырмаларды жасау барысында дыбыстық және бейне материалдар қолданылды.  

Тестер жалпы адамның оқу барысында меңгерген жаңа материалын қаншалықты білетінін, есте сақтау қабілетін көрсетеді. Оқушы тестен өту кезінде аты-жөнін енгізеді. Нәтижесінде бағасы, қанша жауабы дұрыс екені көрсетіледі. Бұл тестілердегі сұрақтар дәл осы жаңа материалдардан алынған. Сондықтан оқушы сабақты дұрыс меңгерсе, тестілерден де қиналмас.

Оқулықты презентациялар кездеседі. Яғни оқыған сабағын бекіту үшін олардың маңызы зор.

Менің «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін бірнеше бағдамалар көмегімен жасалды:

1. «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесінің негізгі бет пішіні  Делфи 7 бағдарламасында жасалды .

2. Сабақтар «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесінің оқытушысынан алынды сондай-ақ материалдарды толықтыру үшін қосымша кітаптар, интернет жүйесі пайдаланылып ҚТЖ бойынша бір жүйеге келтірілді. Бұл материалдар Microsoft Word 2007 бағдарламасында сақталып HTML форматына түрленілді.

3. Білімді қадағалау бағдарламасы ретінде MyTest қосымшасы пайдаланылады.

4. Жүйенің дизайнына (қабықша, сән) Photoshop CS5, Macromedia Flash8, CorelDraw, Paint сияқты графикалық редакторлар қолданылды.

 

Жұмыс жасау алгоритмі

1. «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін іске қосқан кезде бірінші титулды бет пайда болады. Мұнда әдістемелік нұсқау жүйесінің тақырыбы, сондай-ақ негізігі бөлімге өтуге болады.

2. Негізгі бөлімде барлық навигациялық элементтерді көруге болады. Ол - «Сабақ», «Бейне», «Грамматика», «Презентация», «Сөздік», «Тест», «Авторлар ұжымы», «Пайдаланушыға нұсқау»; Элементтердің барлығы да батырма түрінде көрсетілген

3. «Сабақ», «Бейне», «Грамматика», «Презентация», «Сөздік», «Тест», «Авторлар ұжымы», «Пайдаланушыға нұсқау»; сабаққа қатысты ақпараттық құрылымдарды құрайды. Әрқайсысы жеке дара пішін [28].

4. Бұл пішіндерде сабақтар тізбек элементтері түрінде, ал ақпараттар бөлек облыста көрсетіледі.

5. «Тест» батырмасы MyTest.exe бағдарламасын шақырады.

Әдістемелік нұсқау жүйесі интуитивті түрде түсінікті, әрі қолдану өте оңай. Бұл үшін әр пішінде «артқа», «шығу» батырмалары орналасқан.

Бұл әдістемелік нұсқау жүйесін құру кезеңдер бойынша жүргізілді.

 

Титулдық бет
Негізгі бет
сабақ
бейне
грамматика
презентация
сөздік
тест
автор
Пайдаланушыға нұсқау
Схема1. Әдістемелік нұсқау жүйесі

 

Әдістемелік нұсқау жүйесінің ақпараттық бөліміндегі ақпараттарды жаңарту және өзгерту оңай олар (схема 1 көрсетілген) файлдық құрылымда орналасқан. Ал бұл бағдарламаны әмбебап әрі иілгіш етеді.

 

Сурет 1. Әдістемелік нұсқау жүйесінің файлдық құрылымы

 

Әдістемелік нұсқау жүйесі қазіргі заманғы талаптарға сай және де барлық қолданушыларға өз септігін тигізеді деп ойлаймын. (сурет 1 көрсетілген).

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.