Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БӨЛІМ 1. ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ



 

КІРІСПЕ

 

Білім беру орындарында оқу үрдісін бүгінгі күнге лайықтап өзгерту – заман талабы. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның тиімділігі – келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасауында.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.

Ақпараттық технологиянының негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету.

Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Адамзат дамуының қазіргі деңгейі идеяны үлкен байлыққа, ал білім мен ақпаратты мықты қаруға айналдырғанын көріп отырмыз. «Білекті бірді жықса, білімді мыңды жығар», «білімдінің алды – жарық, білімсіздің алды – көң шарық» деген еді қазақ атамыз. Осы сөздің шынайы іске асуының нағыз заманы енді келді ғой деп ойлаймыз. Өйткені қазіргі заманғы технологиялар оларды игере алған адамдардың қолын бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ұзарта түсті. Сөйтіп білім мен ғылым және оларды туындатқан технологиялар әлемдік дамудың және әлемдік экономикалық қатынастарға зардапсыз интеграциялаудың негізгі локомотивтеріне айналды.

Кәсіби қазақ тілін оқытуда отандық әдіскер-ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдары, оқытудың жаңа технологияларына байланысты зерттеулер мен жинақталған тәжірибелер, қазақ және шетел тілдерін кәсіби бағытта қатысымдық қырынан оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми зерттеу еңбектер, қазақ тіл білімі, педагогика, психология ілімдерінің

жетістіктері басшылыққа алынады.

Пәнді оқыту барысында баяндау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, жинақтау, сараптау, бақылау, қорытынды жасау әдістері қолданылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 маусымдағы 261 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі ҚР МЖМБС).

Базалық пәндер циклының міндетті компонентіне 2 кредиттен кем емес көлемдегі «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәні кіреді. «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік кафедраларға бекітіледі.

Жаңа МЖМБС-қа байланысты Академияға 2012 жылы қабылданған тыңдаушылардың оқу жұмыс жоспарына жоғарыда аталған пәндер базалық пәндер циклының міндетті компоненті ретінде 2 кредит көлемде кіріп, 5, 6 семестрлерге жоспарланды.

Қазіргі таңда кафедра тарапынан аталған пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі ОӘК) дайындалуда.

Оқу-әдістемелік кешендер дайындауға байланысты лингвистикалық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік ғылыми еңбектерге шолу жасалынды.

Академия тыңдаушыларына арналған олардың мамандығына қатысты кәсіби тіл минимумы

Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін Delphi ортасында құру, қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану жолдарын көрсету. Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:

- Delphi программалау тілін терең оқып үйрену;

- Арнайы оқулықтармен танысу;

- Delphi ортасында «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін жасау үшін қажетті компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;

- Delphi-де «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау жүйесін құру.

- Жұмыстың жаңашылдығы: әдістемелік нұсқау жүйесінің қазақ тіліндегі нұсқасының жасалынып шығуы.

- Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттерден және қосымшадан тұрады .

 

 

БӨЛІМ 1. ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.