Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Есептің қалыптастырылуы



1.1.Есептің қалыптастырылуы

Менің дипломдық жұмысымның шарты «Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен әдістемелік нұсқау үрдісін жеңілдететін, мазмұны көрнекті және максималды түрде ұғынуға және еске сақтауға септігін тигізетін, дәстүрлі оқулықтара қарағанда оқушының есту және көру қабілетін жандандырып сабаққа қызығушылығын арттыратын, интуитивті түсінікті, әрі қолданысқа ыңайлы автоматтандырылған оқулық жүйесін құру .  Әдістемелік нұсқау «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына арнайы құрастырылу керек.

Бұл шартты орындау үшін әдістемелік оқулық жүйесін құруды мындай кезендерге бөлуге болады:

- Бастапқы кіріс материалдарын жинақтап, қолданысқа тағайындау.

- Қолдағы ақпаратты толықтыру немесе өзгерту.

- Материалды енгізу.

«Кәсіптік қазақ тілі» пәніне арналған әдістемелік нұсқауы  бұл негізінен баспалық басылымдарды толықтыратын жаңа ақпаратпен қамсыздандыруға, жеке - жеке дара оқытуға және де оқу барысында қолданушының алған білімдерін тест көмегі арқылы тексеруге арналған педагогикалық бағдарламалық құрылғы [8].

Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы

Кіріс құжаттары:сабақ,бейне материалдар, грамматика,  презентация, сөздік, тестілік тапсырмалар, авторлар ұжымы, пайдаланушыға нұсқау,  интернет қоры.

Шығыс құжаттары:Әдістемелік нұсқау жүйесі, сабақтар, тест, дыбыстық және бейне материалдар,  веб - беттер.

 

 

1.2. Бағдарламаның интерфейсіне қойылатын талаптар

Берілген дипломдық жобаның интерфейсі қолданушы интерфейсінің орындалу принципіне сәйкес орындалуы шарт.

Бағдарлама берілгендер мен командаларды әртүрлі тәсіл арқылы (пернелер тақтасы, тышқан, басқа да құрылғылар) енгізу мен қосымша функцияларға деген көпнұсқаулық (“ыстық пернелер”, мәзір..) мүмкіндігін беру керек, сонымен қатар бағдарлама терезеден терезеге, режимнен режимге қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Яғни нақтырақ айтқанда интерфейсте қолданушының сана сезіміне кері әсерін тигізетін элементтердің болмағаны жөн. Онымен қоса ол келесі жағдайларды дұрыс өңдеуі қажет: басқа аппараттық (бағдарламалық) платформаға ауысқанда қолданушы интерфейсі мен соңғы қосымшаның ауысуы автоматты түрде орындалу[11].

Қолданушы интерфейсін құрудың көпдеңгейлі ұйымы досшыл құрастырылған. Досшыл интерфейс сөзінің мағынасы интерфейстердің қасиеттер жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Ол қолданушыға бағдарламамен жеңіл жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл қасиеттерінің кейбіреулерін атап шығайық:

қолданушыға түсінікті терминдерді, белгілерді және суреттерді қолдану[1];

жүйелік анықтаманың бар болуы;

қолданушының қателіктеріне сыпайы қарау;

интерфейсті қолданушыға қарап жасау керек (білім деңгейіне байланысты).

Интерфейс шешімдері үш этапқа бөлінеді[12]:

физикалық. Есептеуіш жүйелерінің техникалық құрылғыларымен ассоциялайды (перне тақтада пернелердің орналастырылуы, тышқанның функциялары, дисплейдің графикалық және түстер сұранысы);

синтаксистік. Қосымша мен қолданушы арасындағы сұқпаттың шегінен ақпаратты көрсетуді реттеу;

семантикалық. Қолданушы интерфейсінің элементтерінің мағынасымен байланысты.

Қолданушы интерфейсінің жалпы талаптарына:

унификациялау;

досшыл;

нақты үнсіз жағдайда параметрлерді анықтайды. Мәтін орнына пиктограмманы реализациялауға, командаларды жедел енгізу әдісінің көмегінен тұрады;

баптау құрылғыларының көмегімен берілетін иілгіштік;

сұхбатты құрылғыларға бөлу, яғни қолданушы интерфейстерінің компоненттерін қиындық деңгейлеріне бөлу;

қолданушының қателіктерін табу және оларды өзгерту мүмкіндігі, яғни қате әрекеттерді алып тастау мүмкіндігі.

Қолданушы интерфейсінің концептуалдық проекциялау негізгі есептеулердің шешімдерін құрайды:

терезелердің құрылымын және атрибуттарын анықтау;

ақпараттардытағайындаудың сызбасын өңдеу;

оқу материалдарының навигациялығын беретін қолданушы интерфейсінің құрылғыларын анықтау;

сұхбат сызбасын өңдеу;

қолданушы интерфейсінің басқару элементтерінің жиынтығын анықтау;

қолданушы интерфейсінің баптау параметрлерін белгілеу.

Терезелердің негізгі атрибуттарына:

басты көлемдер мен орналастырылуы (терезені шақырған кездегі жоғарғы сол жақ бұрыштың өлшемі).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.