Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





БӨЛІМ 2. ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ



БӨЛІМ 2. ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ

2.1. Пән облысын сипаттау

Әдістемелік нұсқау  – бұл бағдарламалы - әдістемелік комплекс, компьютердің көмегімен өз бетімен немесе оқытушымен оқу курсын не оның үлкен бөлігін оқып игеруге мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқау жүйесі немесе курс әдетте үш компоненттен тұрады: тұсаукесерлік құрылымы, онда курстың негізгі информациялық бөлігі беріледі; жаттығулар, алынған білімді бекітуге бағытталған; тестілер, оқушының білімін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Оқыту бағдарламалары түрлі пәндерді оқыту процесінде қолданылады- сурет салудан бастап кәсіптік қазақ тіліне дейін  [28].

Оқыту бағдарламалары жағымды педагогикалық әдістерге негізделген болуы қажет, пәннің және оқылатын тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін ескеруі тиіс, барынша оқытушының көптеген функцияларын орындауы қажет.

Оқыту бағдарламаларын құру - өте қиын да еңбекті қажет ететін жұмыс. Сонымен бірге оқыту бағдарламаларын және арнайы солар үшін құрылған оқулықтарды қатар қолданған тиімді.

Оқулықтар, егер көлемі өте үлкен жадыны алатын сыртқы көтергіште CD-ROM типті болса, оларды электронды бақылағыштармен жабдықтау тиімді, олар оқушыға қажет болған жағдайда нақтылы оқу бөлімінің қайсысын оқып шыққандығы туралы мәліметті шығарып бере алады, және тақырыппен танысу барысында қалып қойған жерлерін де көрсетеді.

Әдетте, әдістемелік нұсқау жүйесі мен энциклопедияларды, әуесқойлық және кәсіптік сипаттағы, көбінесе компакт-дискілерде шығарады, бірақ сол сияқты басылымдар Интернетте де пайда бола бастады. Құру процесі жеңіл болса, осыған ұқсас қосымшаларды шығарушылар саны да артады. Электрондық басылымдарды құрушылар ретінде кітап баспаханалары да бар (яғни ақпарат иелері) және журналистер, периодты басылымдардың электрондық версияларын шығарады, ақырында оқытушылар да бар. Аралық ортада ақпарат иелері мен бағдарламашыларды біріктіретін топ бар.

Оқыту бағдарламасын құру барысында қазіргі информациялық технологиялар ұсынатын барлық технологиялық құралдар арсеналын қолдану өте маңызды.

Әдістемелік нұсқау жүйесі жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық - әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту - үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.  

Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Программа құрушы мынандай жағдайларды ескеруі керек:

- оқу құралының мазмұны мен құрылымына сәйкес оны пайдаланушы оқытушыға материалдарды аздап түзету-толықтыру мүмкіндіктерін беру;

- оқу құралының кейбір бөліктерін өзгерткенде (толықтырғанда) тұтынушы интерфейсінің өзгеріссіз күйде сақталуы.

Әдістемелік нұсқаудың  нәтижелілігі мынада:

- тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті);

- қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;

- Гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;

- әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік нұсқаудың мынадай жағдайларда қолдануға болады:

- теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;

- сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;

- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;

- Емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.

Әдістемелік нұсқау жүйесін қолдану мүмкіндігі өте зор: компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану өздігінен білімін жетілдіруде тиімді, дистанционды оқытуда да; арнайы білім алуға талпынған адамдар үшін де ұсынылады.

Кең мүмкіндікті және жоғары «интеллекті» жаңа буындағы дербес компьютерлердің шығуы бағдарламалық оқу құралдарын құру мақсаттарын қайта қарауға жетеледі, олардың негізгі мақсаты кез-келген бір салада ақпараттар алу және білімді қалыптастыру, дағдылары мен шеберлігін бекіту, бақылау мен тестілеу.

Оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу келесі істерге мүмкіндік береді:

- белгілі бір пән бойынша оқу курсын толық компьютерде өткізуге (лекцияларды, практикалық сабақтарды және материалды ұққандығын бақылауды қоса);

- студентті қажетті кітаптарды іздеу мен сатып алу процедураларынан құтқарады;

- лекция материалдарын тиімді қолдануға, берілген пән бойынша компьютерлік жүйе арқылы пайда болатын жаңа ақпараттарды ескере отырып қолдануға;

- әрбір тақырып бойынша жүйелі түрде студентті тестілеу нәтижелерінің анализі арқылы материалды беру тәсілдерін жетілдіру;

- студенттерге лекциондық материал мен практикалық жұмыстарды үйде орындауларына жағдай жасау.

Осылайша, компьютерлік технологияларды енгізу оқыту сапасын арттырады және оқытушының еңбегін жеңілдетеді, сол себепті оған өзінің білім деңгейін арттыруына жағдай туғызады.

Әдістемелік нұсқау жүйесінің қасиеттері

Әдістемелік нұсқау жүйесінің қасиеттері:

- Жинақтылық

- Жүйелілік

- Эстетикалық көркемділігі

- Жылдамдылығы және т.б.

Әдістемелік нұсқаужүйесінің құрылымы:

1. Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді.

2. Материалдың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу.

3. Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын сұратар мен тапсырмалар беріледі.

Әдістемелік нұсқау жүйесінің құрылымдық элементтері:

- Сыртқы беті;

- Титулдық экран;

- Мазмұны;

- Оқу материалының толық баяндалуы;

- Оқу материалының қысқаша мазмұны;

- Қосымша әдебиеттер;

- Өзіндік білімді тексеру жүйесі;

- Авторлар тізімі;

- Терминдік сөздер;

- Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе;

- Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.