|
|||
Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтарды дPлелдеп жазыңыз.№37 Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтарды дPлелдеп жазыңыз. Ж.Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп,оның есімін <дебиет <леміне енгізген шыңармасы - «Мен - қазақпын» поэмасы Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды. Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалықпублицистикалық стильде толғана жырлады.Қазақ халқының ұлттық екершеліктерін ашуда,оның ерлік д<стүрі,туған жер мен ел,оның байлығы,адымдары жайлы асқақтата көркем деп жырлап білді.Zсіресе,еліміз егемендік алып,қазақтығымызды,оның азаматтық жолындағы «Мың өліп,мың тірілген» күндерін еске алғында,Жұбан аға жыры тым бүгінгіше естіледі. Мен – қазақпын,мың өліп,мың тірілген, Жөргегімде табыстым мұң тілімен, Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімен түн түрілген,-деген өлең жолдарында ақынның қазақтық,азаматтық,патриоттық намысын бірден танимыз.Өзінің «Қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы – оның ерекшелігі бір көрінісі десек қателеспейміз. Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді.Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын,бірақ залық б<ріне төтеп беріп,елдігі мен салтын сақтап қалғанын мақтана асқақтата жырына қосады. ...Қарсыласпай өлмедім,қан татырдым, Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым, Сансыз басты дидай сан сүміріп, «Мен - қазақпын» дегенді айта тұрдым»,- деп,оқырманды жігерлендіре түссе,енді бірде қазақтың <н-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді. ...Күй емеспе,батасыз нар идірген? Zн емес пе,аққудай жар ілдірген? Жыр емес пе,жүрекке жел бітірген? Олар барда қалайша тарылды іргелі?- деп қазақ халқының <н-күйінің даралығын паш етіп,мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады.Поэманың келесі бір шумағында: Ұлы аманат етейік еркіндікті, Ел құлдықты білмесін,жер күндікті, Аңсаймын мен,сенемін,туады ертең «Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті,- деп бүгінгі егемендікті жыр еткендей <серге бөлейді.Ақын болашаққа сенеді.Сондықтан да ол ақынша желпіне,көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Мен – қазақпын,биікпін,байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім Мың да бір тірілдім м<ңгі өлмеске- Айта бергім келеді,айта бергім,- деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезімін,ақындық даңқын көтере түседі. Қорыта келе, қазақ болып өмірге келіп, сол қазақтың жоғын жоқтап, қуанышына ортақтасуды осы өлең арқылы танитындаймыз. Ұлан ғайыр еліміздің бірлігі мен ынтымақтастығын сақтап, болашақ ұрпаққа көздің қарашығындай қалдыруды бізге Ж.Молдағалиев өсиет етіп, бойымыздағы патриоттық рухты оятып кетті.
|
|||
|