Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





МPшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.



№38 С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тPн қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз.

 

Сыр сандық өлеңі 1926 жылы жазылған. Ақын өлеңін 1923 жылы Қызылжар қаласында болған жағдайға байланысты туған. С<кенді бір сапарында вокзалдан күткен досы Ш<ріпжан Потаев аяғын сындырып алады. Бірақ кейінгі тағы бір кездесуде С<кенді танымайды, шақыртқанына келмепті. Сонда көңілі қалған С<кен ақын: «Үлкен шенділерге табынғыш, жарамсақ. Былтыр күтіп, аяғын сындырған дос сымағым ұлық болсам, шырқ айналар соқыр тауық болғаны ма?» дегенді ойлапты. Жалған достар қолыңда жемің болса, сені шыр айналып қасыңнан кетпейді. Ал қолыңнан билік кетсе, жемің таусылса, ол жалт береді. Ол дос емес, жалған дос. Нағыз достар сырын ақтарып, бірін-бірі ұғынып, сыр түйінін берік сақтайды. Ондай достардың жан сарайы, жүрегі берік қойма т<різді. Оны ақтаруға кез келгеннің қолы жете бермейді. Тек достың досы ғанаақтара алады. С<кен де сағына сырласатын нағыз дос іздейді. Ақын досының ішкі сырын Сарыарқаның биік шыңдарына, оның қалың нулыорманы, мұз бұлақтары мен табиғи байлығына теңейді. Сол тауда биік шың бар, онда қымбат жасау бар, сол асыл бұйым, ғажап перне, сен оның кілтін тауып аш та, сым пернені басып қара, дұрыс бассаң ғана сырын ақтара аласың. Ақынның суреттеген қоймасы - досының жан дүниесі, жүрегі. Ал осындай адал досқа қандай қасиеттер т<н? оны біз қалай бағалай аламыз?

 

Қазақтың д<стүрі <деп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. "Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады", "Досы жақсының өзі де жақсы", - деген мақал-м<телдер де жеткілікті. Достыққа қарама-қарсы ұғым - қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу - өмірлік мақсаттардың бірі. Егер қасыңда жақсы досың болса, сен өмірдегі бақытты жанның бірісің. Жақсы дос сені ешқашан жарты, жолда қиыншылықта тастап кетпейді. Ол сенімен бірге өмірдің ыстық-суығына төзіп, нағыз достықтың үлгісін көрсете біледі. Ал қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық бұл өмірдегі ешн<рсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа н<зіктікпен қарап, берік сақтау керек. 

Менің ойымша, ол да баптауды қажет ететін н<зік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-т<німізбен еңбектенуіміз қажет. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл - достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады ж<не жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

 Қорыта келе, менің осындай сырлы сезімге толы өлеңді оқи отырып, менің түйгенім: досты өмірде табу қиын, ал тапсаң сақтап қалу қиын болады. Сол үшін де ең алдымен өзіңді т<рбиелеп, досты бағалай білу керек. 

№39 М.7уезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер-адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дPлелдер арқылы талдап жазыңыз.

Еңлік-Кебек» драмасында кейіпкерлер бойындағы сөз бен мінез шеберлігі айқын берілген. Айшықты мінез бен орамды сөздер арқылы кейіпкерлерді <серлендіре түседі. Мұнда кейіпкерлердің адалдығын, сертке беріктігін, сөз қолданысы мен мінез үйлесімділігін ашып көрсетеді.

 

Осы драмада өз бақытын табудың жолын іздеген екі кейіпкер де бірін-бірі сырттай естіген, <рқайсысы өзіне лайық тек сол болар деген ойға пайымдаумен көрерменді қызықтырады. Автор неге Еңлікті тек батырға лайық жар етіп суреттейді? Еңлікті сөзі ұтымды, ақылды, басынан сөз асырмайтын ер мінезді қызға тек өзіндей батыр ғана тең екенін көрсеткісі келеді.

 

Драма кейіпкерлерінің махаббат үшін күресін ішкі жан <лемінің тілдесуінен көреміз.Оны Кебектің Абызға айтқан мына сөздері: «...Жарқыраған күн де дос. Тұнжыраған түн де дос. Б<ріне де жаным шат! Сауық құрам – <н сүйем, саят құрам – аң сүйем, жалын ұрам – жар сүйем...», - деген сөздері жалынды махаббатқа бөленген, ыстық сезімін көрсетеді.Екеуі жартас басында Кебектің аңшылық құрып жүргендегі кездесуінде іштей ұғынысады. Автор осы жерде неге Еңлікке сөз бастатып, үйіне қонаққа шақыртады? Ондағысы екі жастың көңілін жарастыру. «...Анық Кебек сен болсаң, өзім де айтар жайым бар. Жүр Батыр! ...Аз сөзіме көңіл бөл. Көрінгенге көз сүзген <лдеқандай деме, Кебек...», - деген сөздерді арқылы қыздың бас қайғысын бөлісетін, үлкен сеніммен нағыз арқа сүйер адал жанды тапқандықтан айтқанын білеміз.

 

Кездесе жүріп, екі елдің рұқсат бермейтінін біліп, қашуға бел буады. Сондағы Кебектің монологі: «...Жазығым жар сүйгенім болса, бердім барды Еңлігімнің жолында...», - деуі арқылы белді бекем буғаны белгілі. Еңлік сахнада көрінгенде Кебектің «Келші жаным, күпті қылмай, сертіңменен келдің бе?»,- дегеніне Еңліктің «Келдім, батыр, бар тілегім жолыңда...», - деген сөздермен жауап қатуынан махаббаттың жолында үлкен құрбандықпен табысқан екі жасты көз алдымызға <келеді.

 

Драма кейіпкерлерінің өн бойы, сөйлеу тілі – <деби көркем тілге, бейнелеу <дісіне, қиял қанатын қияға сермер шеберліктің ерекше бітімін танытқан. Артында қалып бара жатқан ата-анасын қимастықпен қоштасуы өлең жолдарымен айтылады.

 

Қорыта келгенде, «Еңлік-Кебек» драмасы бірін-бірі сүйген екі жастың сертке берік, қайсар мінездері мен өмір үшін арпалысын көрсетеді. Көрерменге үміт пен ізгілік таратады. Екеуінің адалдығы мен шынaйылығы кейінгі ұрпаққа үлгі деп ойлаймын. №40 Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз тPрбиесінің өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жаз. Жастар- еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ т<рбиесі өзекті м<селелердің біріне айналған.Расында, заман көрсеткіші жастар болса,бұл біраз ойланарлық м<селе.Қазіргі таңда,көркем м<незд< яки ерсі мінезді жастарды тез ажыратып,тануға болады.Жастар м<дениеті мен <дебі екі топқа бөлінді десек қарсы пікір болмас.

Менің пікірімше,бұл бұрыннан қалыптасқан,жастар өз мінезіе заманымен

ұштастырып,сан-қилы бағытта өркендетеді.М<селен,Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінденгі ұл-қыздардың қылықтарын кездестіруге болады ма?Екі заман кезеңіне салыстыра талдауу жасайық.

Біріншіден,бүгінгі жастар бойындағы немқұрайлылық пен жағымсыз қылықтарын қарастырайық.

 Жастардың м<дениетіне тосқауыл қоятын бірден-бір себеп-тілдің шоршақтығы,м<дениеттен жұрдай болуы ж<не надандық.Шортанбайдың өз өлеңіндегі айтпағы да осы еді.

                         

                    «Ұл-қызыңнан үміт кетті,

                    Айырылдық құда,досыңнан»- дей отырып, өз заманасының жастары қараңғы екендігіне ой тастайды

Екіншіден,жастарымыздың,яғни,ұл-қыздарымыздың бір-біріне деген қарымқатынасы.М<селен,қазіргі ұл балалар қыздарды бұрынғыша құрметттеп,аялап қарамайды.Zрине,бұған себепші қыздырдың өзі.

Жамандықтың белгісі:

Ұлдың көңілі бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек,

Өзіңнің көңілің бір бөлек...,-деген өлең шумақтарынан-ақ зар заманша ұқсастықты байқасақ болады.

Үшіншіден,салыстыра қарайтын болсақ,сол қаман жастарының надан болуының бірнеше себептері бар.Ол – орыстарды отаршылың саясаты.Ал,бүгін ше?! Бүгінгі жастар азат елде,бей-қам өмір сүруде.Олай болса,бүгінгі жастардың «зар заман» жастарынан үлкен бір кемшілігі осы.

Жалпы,қорытындылай келе,екі заман легінің ұл-қыздарының қалықтарын салыстыра отырып,мынадай шешміге яки тұжырымға келдім десек болады:заман қандай болсын,жастар б<рі бір жақсы жіне жаман болып бөлінуін доғармайды.Бүгінгі жастардың бойынан «Зар Заман» өлеңіндегі ақын санаған ұл мен қыз қылығы кездеседі.

Негізгі түйінге тоқталар болсақ,ұл мен қыздарымыздың көзін ашып,зар заман өтіп кеткендігін аңғартуымыз керек.

 

№41 МPшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.

 

Адамзат қоғамының осы уақытқа дейін ұлы құндылығының бірегейі-адамгершілік. Сол адамгершілік атауының тамырына н<р берген құтты құнар қайырымдылық пен

мейірімділік. Егер адамның бойында мұндай ізгілік болмаса, біреуге біреу ақ сезіммен, таза пейілмен жан шуағын төкпесе, тіршіліктегі жамандық атаулының тоңы жібімейді. Осындай ойға қонарлық, үлгілі, өнегелі, сөздерді асыл мағынада М<шһүр Жүсіп Көпеев атамыз қалдырып кеткен екен.

 

Атақты ақын, ғұлама оқымысты М<шһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге м<лім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар адам болғаны анық.

 

М<шһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама»өлеңінің астарлы ойы, менің ойымша, адамгершілік пен мейірімділікке арнап жазылған. Бұлбұл мен Қаршығаның өзара үдеуіне

ақын атамыз"Адамның да ішінде адалы бар»,-деген сөзге келістіргендей.Кіп-кішкентай гүлге ғашық болған парсының «Сандуғашы», қаршығаның жанында бірдей болса да , айырмашылығы неде?-деп сұрайды.Қырағы құс қаршығаның жауабын оқи отырып, өзімше

түсінгенім: Адамға,ұят, иман, сабыр-қазық,

 

Қанағат, рақым, шапағат өмірге озық Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі Бұған сенсең кетпейсің жолдан азып. 

Адам ешқашан жаман болмайды. Адамның мінез-құлқы, іс-<рекеті жаман бола алады.Адамдардың ішінде мінезі қатып қалғаны да болмайды. Істеген <рб<р ісі, сөйлеген <рб<р сөзі тікелей адамның өзіңе байланысты немесе өзінің жүріп-тұрып жүрген ортасына байланысты.Өз ортаңның елеулі де , сыйлы мүшесі болғың келсе, ең алдымен, адамгершілікке, мейірімділік пен қайырымдылыққа жақын болу керек.Осы қасиеттер арқылы өзіңді ғана емес, қоршаған ортаңды да өзгерту қиынға соқпайды деп ойлаймын, Осы өлеңді оқи отырып, бұлбұлдың жауабын талдау арқылы жазылған «Ғибратнаманың» қазақылық <сері мол екенің байқадым. «Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық» деген сөзі есіме түсіп кетті. Бір жол өлеңнің мағынасы сондай зор...

 

Ойымның соңында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде Абай атамыздың сөзін қолдансам деймін. «Адамның жақсысы-адамға сүйіспеншілікпен қарайды»,-демекші адамның жақсысы болайық! Ынтымағымыз бен бірлігіміздің, адамгершілік пен сүйіспеншілігіміздің күшімен одан <рі көтеріп, өзге елдің алдында үлгі болайық!

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.