Білімнің өзектілігі
3 минут
| І.Ұйымдастыру кезеңі
(Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау)
ІІ.Қызығушылықты ояту
«Бұрыштар» тәсілі. Оқушыларға үзінділер беріледі. Олар үзіндінің қандай көркемдегіш тәсіл арқылы жасалып тұрғанын айтып, анықтауы тиіс.
Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйтқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. …Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді. Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не, көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады.
|