Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





IV.Қорытынды.. V.Пайдаланылған әдебиеттер.



IV.Қорытынды.

Қорыта келе, оқыра Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Кейбір жеке шаруашылықтар оқыраға қарсы тиісті шараларды жүргізбейді, осының кесірінен келесі жылдары оқыра жаппай таралуы мүмкін. Оқыра бөгелегі өте өсімтал. Бір ұрғашы бөгелек 2-3 аптада 800-ге дейін жұмыртқа шашып, 30-40 малды ауруға шалдықтыра алады.

Гиподерматоз ауруының көптеген зияны бар. Ұшып жүрген бөгелектің ызыңынан қорыққан мал тынышсызданып, жөнді жайылмай мазасызданады. Осының әсерінен мал арықтайды, сауын сиырларының сүті кемиді. Жұмыртқалардан шыққан балаңқұрттар теріге ену кезеңінде мал қатты ауырсынады. Терінің шелі ісінеді. Жұлынға барған балаңқұрттар шонданай жүйкесін жартылай салдандырады. Сондықтан, жатқан мал орнынан әрең тұрады, жүргенде арт жағы шайқалаңдайды. Балаңқұрттар II, III даму сатысына келгенде теріні теседі. Мұндай терінің сапасы өте төмен болады. Себебі теріні өңдегенде төмпешік тесігін толтырған дәнекер ұлпа тығын тәрізді шығып кетеді.

Гиподерматоз малдың өнімін төмендетеді, шаруашылыққа экономикалық зиян келтіреді, емдік-дауа шараларын ұйымдастыруға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады.

Сондықтан, жыл сайын гиподерматозға қарсы шараларды дер кезінде ұйымдастырып отыру керек.


 

V.Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1. «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары» М.С.Сабаншиев. Алматы. 2011ж.

2. «Жануарлардың инвазиялық ауруларын анықтау практикумы»

Ж.М. Есімбеков, М.М. Ысқақов. С.Т. Дүйсенбаев.Алматы-2000ж.

3. «Паразиты сельскохозяйственных животных Казахстана», Егізбаев.И.Х

Алматы-1984г.

4. «Паразитология и инвазионные болезни сельскохозьяственных животных», Под редакцией доктора ветеринарных наук, профессора Н.Т.Кадырова. Астана 2000г.

5. «Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары»

Сабаншиев., М. Сүлембеков, Т.Карамендин,Ө .Жанторе, Алматы-2003ж.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.