Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





III.Өзіндік зерттеу



III.Өзіндік зерттеу

 

Курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес клиникадағы мүйізді ірі қара малдарын гиподерматозға тексердім. Клиникада 4 аналық сиыр және  2 тайынша бар. 

Бөгелектер жаздың ыстық күндері ұшып жүріп, ірі қараның түгіне жұмыртқаларын желімдеп кететінін, және одан 3-7 күнде I сатыдағы балаңқұрт дамып, ол теріні тесіп, ет пен тері астына, кейін жұлынға жылжып, онда 5-6 айдай мекендейтіні жоғарыда айтылған болатын. Бұдан әрі I сатыдағы балаңқұрттың дамуына оттегі керек болып, ол теріні тесіп, 1-8 тәуліктен соң түлеп, II сатыдағы балаңқұртқа айналады. Бұл саты кезінде малдың белі мен жотасында кішірек түйіндер байқалады, олар төмпешікке айналады және балаңқұрттар өскен сайын төмпешік ішінен жалқаяқ шығып, маңындағы түкті желімдеп тастайды.

Клиникадағы сиырларды тексеруді ең алдымен арқа жағының терісінің бүтіндігін қарадым.  Терісі бүтін, тесілмеген, ешқандай жалқаяқ шықпаған және түктері желімденбеген екен. Түйіндерді анықтау үшін сиырлардың арқа жотасының екі жағын алқанмен сипап және саусақтармен басып көрдім. Мал жотасының екі жағын, шоқтықтан бастап құйымшаққа дейінгі аумақты алақанмен сипап көрдік. Түйіндерді анықтай алмадық. Арқа  жағы тегіс, қолға ешқандай кедергілер білінбеді.

Негізінен бұл түйіндер күн жылына бастаған кезде, көктемге қарай біліне бастайды. Негізінен, Шығыс өңірде наурыз айының соңына қарай ірі қара жотасында қолмен ұстағанда білінетіндей, көзге көрінетіндей алдымен түйіндер, кейінірек төмпешіктер біліне бастайды.  

Қыс айларында балаңқұрттар негізінен жұлынды паналайды. Олардың санына байланысты кейде ауру мал жүре алмай, жатып қалады. Жатқан мал орнынан әрең тұрады, жүргенде арт жағы шойқалаңдайды, негізінен, шонданай жүйкесін жартылай салдандырады. Ал клиникадағы сиырларды тексеру барысында олардың жүріс-тұрысы бірқалыпты болды.

Қорыта келе, клиникадағы сиырларды тексеру барысында гиподерматоз белгілері байқалмады.

Ауруды клиникалық белгілеріне қарап анықтауды оңтүстік аймақтарда желтоқсан мен қаңтарда, ал солтүстік және шығыс аймақтарда ақпан мен наурызда жүргізген дұрыс, өйткені бұл мерзімде мал арқасында буылтықтар анық байқалады, әсіресе балаңқұрттың соңғы III даму сатысында. Бұл мерзімде буылтықтың көлемі тауық жұмыптқасындай болады да, өзек 3-5  мм-ге жетеді. Саусақпен буылтықты екі жағынан қысып басса, өзектен жетілген балаңқұрт шығады.

Гтподерматоз кездескен жағдайда келесідей емдік шараларды қолдану жақсы нәтиже береді.

Гиподермин – хлорофос дайын дәрі. Ол хлорофостың 11,6  майлы – спиртті ерітіндісі. Дәріні қолдану мөлшері : тірілей салмағы 200 кг-ға дейінгі төлге – 16 мл, салмағы 200 кг-нан артық малға – 24 мл. Гиподермин – хлорофосты малдың арқа жотасының екі жағына арнаулы аспап – дозатормен АД-І немесе инесіз шприцпен, шоқтықтан құйымшаққа қарай сорғалата құю керек. Дәрі жотаның екі жағына тең бөлініп құйылады. Егер көктемгі мал дәрігерлік байқауда оқырасы бар мал 1  - дан артық болса, онда дәл осындай емді қайталап қолдану шарт.

Оқыраға шалдыққан бірен – саран малды 4  хлорофос ерітіндісімен де емдеуге болады. Ол ерітіндіні бір малға 200 – 250 мл мөлшерінде арқаның шодырайған жерлеріне еппен ысқылайды.

Оқыраға қарсы 40 мг/кг мөлшерімен 5  амифофос эмульсиясы да жоғарыда көрсетілген әдіспен қолданылады. Сондай – ақ, сульфидофос – 20 тірі салмағы 400 кг-нан артық болса – 12 мл көлемінде қолданылады.

Көктемде малды 1 рет малдәрігерлік байқаудан өткізеді. ІІ және ІІІ  сатыдағы балаңқұрттармен зақымданған малды гиподермин – хлорофос, амидофос немесе сульфидофос – 20 дәрілерінің біреуімен емдейді.

Шетелдік дәрі – ивомек тері астына малдың әр 50 кг тірілей салмағына 1 мл – ден қолданылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.