Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





I.Кіріспе



 

Жоспар

I.Кіріспе.

II.Әдебиеттерге шолу.

2.1.Гиподерматоз ауруы сипаттамасы.

2.2.Бөгелектер

2.3.Гиподерматоз балаңқұрттарының өсіп-өнуі.

2.4.Гиподерматоз ауруының сыртқы белгілері.

2.5.Гиподерматоз ауруын анықтау әдістері.

2.6.Гиподерматоз ауруының емі, алдын алу, сақтандыру шаралары.

III.Өзіндік зерттеу.

IV.Қорытынды

V.Пайдаланылған әдебиеттер.

    


 

I.Кіріспе

Мал шаруашылығы халқымыздың ежелден келе жатқан ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Мал өнімдері халқымыздың басты тағамы болып саналатыны белгілі.

Ауыл шаруашылығындағы басты мәселенің бірі – дайын өнімдердің сапасын көтеру болып табылады, әсіресе ол адам тағамына пайдаланатын өнімдер үшін өте қажет. Тағамдық шикізат өнімдерінің сапасын анықтауда малдәрігерлігі мамандарының орны ерекше.

Мал өнімдерін дайындау барысында, өңдеуде, тасымалдауда, сақтауда және базарда сатқанда малдәрігерлік-санитариялық сараптау жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және жауапты жүргізілетін малдәрігерлік-санитариялық бақылау жұмыстары биологиялық құндылығы жоғары тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етумен қатар, адамды мал өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды.

Республикада мал басын көбейту және олардан алынатын өнімдердің сапасын арттыруда инвазиялық аурулар үлкен кедергілер келтіруде. Қазіргі кезде мал сою орындарының жетіспеушілігі, малды көбінесе үй жағдайында сою, яғни ветеринариялық-санитариялық шараларды толық сақтамау инвазиялық ауруларға үлкен әсер тигізіп отыр.

Бүгінгі таңда инвазиялық аурулардың аты бірыңғайланып, олардың қоздырғыштарының зоологиялық туыс атауынан шыққаны белгілі. Ең алғашқыда (1928) К.И.Скрябин мен Р.С.Шульц гельминтоздарға ғылыми атау енгізіп, олар қоздырғыштардың туыс атауына “оз” немесе “ез” деген қосымша қосуды ұсынды. Әр зоологиялық түрдің латынша қос аты бар: туыстық және түрлік. Мысалы: Dіcrocoelіum Lanceatum, Monіezіa expansa; ал бұлар қоздыратын ауруларды дикроцелиоз және мониезиоз деп атайды.

Кей кезде гельминтоздардың топтама атауларын қолдануға болады. Ол ішқұрттардың тобына қарай: трематодоздар, цестодоздар және нематодоздар деп те аталады. Мұндайда тектік, тұқымдас атаулары да ескерілуі мүмкін. Мысалы: Strongylata тектік тармағына жататын қоздырғыштар тудыратын ішқұрт ауруларын топтама аты стронгилятоздар. Ал кейбір таспа құрттардың балапан қуыршақтары қоздыратын ауруларды сол қуыршақ сатысының атымен атайды. Мысалы: ценуроз (қазақша айналма), оның қоздырғышы Coenurus cerebralіs.

К.И.Скрябиннің ұсынысы бойынша осыған ұқсас атаулар арахноэнтомолияға да енгізіліп отыр. Мысалы: қотыр аурулары қоздырғышының атына байланысты: псороптоз, саркоптоз, хориоптоз және т.б. бірнеше аттары бар. Ал бөгелек құрттары қоздыратын аурулар гиподерматоз, эстроз, гастрофиллез атаулары, Hypoderma, Oestrus, Gastrophіlus деген бөгелектердің туыс аттарынан шығады.

Инвазия қоздырғышы сыртқа әр түрлі жолдармен шығады: қимен, несеппен, танаудан аққан жалқаяқпен, сілекеймен, сүтпен, көзден аққан жаспен, қанмен және т.б.

Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы, тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері арқылы).

Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т.б. механикалық тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады.

Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді.

Инвазиялық ауруларға шалдыққан малдарда аурудың клиникалық белгілері, сипаты көп жағдайда уақытылы байқалмайды. Сондықтан да шаруашылық жағдайында оларды анықтау қиынға түседі. Инвазиялық аурулардан мал өлім-жітімге ұшырайды немесе ауру созылмалы түрде өтіп, малдан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасының төмендеуіне байланысты шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіреді.

Инвазиялық аурулардың көбінесе созылмалы өтуіне байланысты ауырған малдардың бірте-бірте қоңы төмендейді, арықтайды, салмағы азаяды, малдардың етінің, жүнінің сапасы төмендейді, сүт беруі азаяды немесе сүттің бөлінуі мүлде тоқтайды. Жануарлардың жұқпалы және паразиттік ауруларға төзімділігі нашарлайды, кей жағдайларда малдар қысыр қалады.

Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша гельминт жұмыртқаларымен зақымданған малдардардағы витаминдердің концентрациясы төмендеп, олардың өнім бергіштігі кемиді. Малдардың ас қорыту жүйелері бұзылу салдарынан денедегі биохимиялық реакция дұрыс жүрмейді. Соның салдарынан ағзаға қажетті заттардың жетіспеушілігі туындайды. Гельминттер мал ағзасына механикалық және уытымен әсер етеді. Ағзаның кілегей қабығын тітіркендіріп, беку аппаратымен олардың бүтіндігін бұзып, қанталатып, жара пайда болуына және қабыну үрдісінің дамып, ағзалардың қызметінің бұзылуына әкеліп соқтырады.

Гиподерматоз ауруының мал шаруашылығына келтіретін зияны көпшілікке мәлім. Терісінің сапасы күрт төмендеуімен қатар, гиподерматозға шалдыққан әрбір сиыр жылына 50-80 л сүтті кем береді.

Осы ауруларға қарсы емдік-дауа шараларын ұйымдастыруға жыл сайын қыруар қаржы жұмсалады.

Паразиттерге қарсы шараларды жүргізгенде, олардың табиғатта өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ тасымалдаушылары мен аралық иелерін, яғни аймақтық, эпизоотологиясын ескеру шарт.

 


 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.