Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





мұндығы Х – өлшеу кезінде алынған мән;



мұндығы Х – өлшеу кезінде алынған мән;

Хи – нақты мән;

D - абсолютті қателік.

Минус белгісі бар абсолютті қателік оңалу деп аталады.

Салыстырмалы қателік абсолютті қателіктің өлшенуші шаманың нақты мәніне қатынасына тең және % түрінде беріледі:

 

.

 

Әртүрлі өлшеу шектері бар өлшеуіш аспаптарын дәлдігі бойынша салыстыру үшін келтірілген қателік түсінігі енгізіледі, ол:

 

;

 

мұндағы ХН– өлшеу шектерінің үлкеніне тең болып алынатын нормалаушы мән. Егер нольдік белгі өлшеу диапазонының шетінде немесе сыртында орналасса:

 

.

 

Егер нольдік белгі өлшеу диапазонының ішінде жатса, онда нормалаушы мән өлшеу шектерінің модульдерінің қосындысы ретінде анықталады:

 

.

Сонымен қатар, қателіктің келесі түрлерін айырады:

Аддитивтік қателік (абсолютті) – бұл өлшенуші шамаға тәуелсіз қателік. Оны, сондай-ақ, ноль қателігі деп атайды.

Мультипликативтік қателік – бұл шамасы өлшенуші шамаға пропорционал қателік. Бұл қателікті кейде сезімталдық қателігі деп атайды.

Дәлдік – бұл қателікке кері шама.

Кіріс шаманың уақыт бойынша өзгеруіне байланысты келесі қателіктерді айырады:

Статикалық қателік – бұл шамасы уақыт бойынша өлшеуде тұрақты болатын қателік.

Динамикалық қателік – бұл динамикалық тәртіптегі қателік пен берілген уақыт моментіндегі өлшенуші шаманың мәніне сәйкес статикалық қателік айырымы болып табылатын қателік.

Жүйелік (систематикалық) қателік – бұл қателіктің тұрақты немесе бір шаманы қайталап өлшеуде заңды түрде өзгеріп отыратын құраушысы (әдістемелік қателіктің арқасында пайда болуы мүмкін).

Кездейсоқ қателік – бұл бір шаманы қайталап өлшеу кезінде уақыт бойынша кездейсоқ өзгеріп отыратын қателіктің құраушысы (мысал: Вильсон камерасымен өлшеу).

Пайда болу шартына байланысты келесі қателіктерді айырады:

Негізгі қателік – нормалды шарттардағы өлшеу құралының қателігі.

Қосалқы қателік – бұл бір немесе одан да көп ықпал етуші шамалардың нормалды мәнге қатысты ауытқуымен немесе нормалды мәндер облысының шегінен шығып кетуімен шақырылған өлшеу құралдарының қателігі.

Абсолюттік D қателіктің Х кіріс шамасынан тәуелділігі 2.1 суретте көрсетілген графикте келтірілуі мүмкін. Бұл кездейсоқ қателікпен және әсер етуші шамалардың әсерінен өлшеу құралының сипаттамаларының өзгеруімен шартталған қандай да бір белгісіздік жолағы. Сондықтан абсолюттік қателік екі Dmax шектік мәндерімен шектелген, олар оң да, теріс те болуы мүмкін.

 

 

2.1 сурет – Абсолютті қателіктің кіріс шамасынан тәуелділігінің графигі.

 

1 түзуінің теңдеуі а және в коэффициенттерімен өрнектелуі мүмкін

 

;

 

мұндағы а – аддитивтік қателіктің шектік мәні;

  b – мультипликативтік қателіктің шектік мәні.

Аддитивтік қателіктің көздері:

- өлшеуіш механизм тіреулеріндегі үйкелістер;

- санаудың дәлсіздігі;

- дрейф;

- туралаулар;

- вибрация.

Аспап өлшей алатын шаманың ең кіші мәні аддитивтік қателікке тәуелді.

Мультипликативтік қателіктің көздері – әсер етуші шамалардың өлшеу құралдарының элементтері мен түйіндеріне ықпалы.

МЕСТ 8.401-ге сәйкес өлшеу құралдарына анықталған дәлдік кластары берілген.

Өлшеу құралыныңдәлдік класыдеп жіберілетін, негізгі және қосалқы қателіктердің шегімен анықталған оның жалпыланған сипаттамасы аталады.

Өлшеу құралдарының дәлдік класы санмен немесе бөлшекпен берілуі мүмкін.

Егер аспап қателігінің аддитивтік құраушысы мультипликативтіктен көп болса, онда аспаптың абсолютті және келтірілген қателіктері шкаланың кез келген нүктесінде тұрақты болып шығады. Бұндай аспаптарда дәлдік класы : (1; 1,5; 2,5; 4; 5; 6)×10n қатарынан таңдалатын бір санмен беріледі, мұндағы n = 1; 0; -1; -2; -3; және т.с.с. бұл жағдайда аспаптың шкаланың жұмысшы диапазонындағы %-пен берілген негізгі және келтірілген қателіктер дәлдік класына сәйкес келетін мәннен асып түспеуі керек. Оларға аналогтық, көрсетуші және тіркеуші аспаптардың көбісі жатады.

Қателіктің аддитивтік және мультипликативтік құраушылары бірдей өлшенетін өлшеу құралдарының дәлдік класы екі санмен белгіленеді (0,1/0,05).

Сонда негізгі салыстырмалы қателік мәндерінің шектері келесі формуламен анықталады:

 

;

 

мұндағы Хк – өлшеудің модулі бойынша үлкен шегі;

сжәне d – сәйкесінше аддитивтік және мультипликативтік қателіктердің дәлдік класын белгілейтін тұрақты оң сан.

Сонымен қатар, өлшеудің шамасы берілген шарттарда күтілетін қателіктен едәуір үлкен дөрекі қателігі бар. Өлшеудің дөрекі қателігі бар нәтижесін әбес (промах) деп атайды.

 

 

2.2 Көрсетулердің вариациясы.

Көрсетулердің вариациясы – өлшеу шамасының бір мәніндегі және көрсеткіштің ақиқат белгіге солдан және оңнан жақындауындағы аспап көрсетуінің ең үлкен айырымы. Ол шамамен үйкелістен болатын қателігінің екі еселенген мәніне тең және процентпен беріледі:

 

;

 

мұндағы  кіріс шамасының бір мәнінде.

 

 

2.3 Сезімталдық

 

Өлшеуіш аспаптар мен өлшеуіш түрлендіргіштердің сезімталдығы – шығыс шамалардың кіріс шамаларынан туындысы.

Электронды-өлшеуіш аспаптар үшін формула келесі түрде берілген :

 

;

 

мұндағы l – көрсеткіш стрелкасының орын ауыстыруы;

x - өлшенуші шама.

Егер аспап сезімталдығы тұрақты болса:

 

.

 

онда оны келесі формуламен анықтауға болады:

 

 

Бұл теңдеуден шығыс шама үшін анықтаманы шығаруға болады:

 

.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.