|
|||||||
АНАЛОГТЫҚ ТІРКЕУШІ АСПАПТАР 10811 АНАЛОГТЫҚ ТІРКЕУШІ АСПАПТАР 108 12 ЦИФРЛЫҚ ӨЛШЕУІШ АСПАПТАР 114 12.1 Жалпы мәліметтер 114 12.2 Кезектеп санайтын цифрлық өлшеуіш құрылғылар 115 12.3 Кезектеп жақындау цифрлық өлшеуіш құрылғылары 123 12.4 Оқып алу цифрлық өлшеуіш құрылғылары 125 13 МАГНИТТІК ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ 126 13.1 Жалпы мәліметтер 126 13.2 Магнит индукциясын, магнит ағынын және магнит өрісінің кернеулігін өлшеу 127 13.3 Магнит өрісінде гальваномагниттік түрлендіргішті қолданып өлшеу 130 14 ӨЛШЕУІШ АҚПАРАТТЫ БЕРУ 133 14.1 Өлшеуіш ақпаратты берудің негізгі принциптері 133 14.2 Гармоникалық сигналдардың модуляциясы 134 14.3 Импульстік модуляция 141 14.4 Үздіксіз шамалардың деңгей бойынша дискретизациясы 144 14.5 Уақыт бойынша дискретизация 145 15 ӨЛШЕУІШ АҚПАРАТТЫ КОДТАУ 149 15.1 Жалпы мәліметтер 149 15.2 Екілік кодтар 149 15.3 Екілік-ондық кодтар 152 15.4 Шағылысқан кодтар. Грей коды 153 15.5 Бөгетке тұрақты кодтар. Хемминг коды 154
1 ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ МЕН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Өлшеу мен өлшеуіш жүйелерсіз кез келген қандай да бір күрделі өндірісте технологиялық процесстерді басқарудың барлық қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйелерінің құрастырылуы, енгізілілуі және жұмыс істеуі мүмкін емес. Қазіргі заманғы ПБАЖ-ды өндірісте енгізу олардың қымбаттығына қарамастан шикізатты үнемдеуге, өндірістің оперативті персоналының дұрыс шешімдерді қабылдау уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Технологиялық процесстердің барлық қазіргі заманғы БАЖ-рі негізінен өлшеу құралынан (датчиктер), атқарушы механизмдерден, ақпаратты алу-беру құралдарынан (телемеханика) және есептеуші-басқарушы кешеннен тұрады. Қазіргі заманғы Pentium типті компьютерлер технологиялық датчиктерден ақпаратты тікелей жинау және атқарушы механизмдерді басқару мүмкіндігіне ие емес. Бұл үшін компьютерге арнайы байланыс құрылғыларын (АБҚ) тұрғызуға тура келеді. Барлық айтылып өткен құралдардар арасында жұмыстың сенімсіздігі немесе керекті датчиктердің жоқтығы – әлсіз буын болып табылады. Берілген пән датчиктердің типтерімен, өлшеу түрлері мен әдістерімен, метрологиялық және ғылыми өлшеулердің өндірісте қолданылуымен танысуға мүмкіндік береді. Өлшеу – бұл арнайы техникалық құрылғылардың көмегімен физикалық шаманың мәндерін тәжірибелік жолмен табу. Физикалық шаманың мәні– бұл физикалық объект немесе физикалық жүйелердің қасиеттерінің, олардың күйлері мен оларда болатын процестердің (ұзындық, масса, уақыт, газдар қысымы және т.б.) сандық сипаттамасы. Кіріс шама- өлшенуге жататын физикалық шама. Өлшеулер жалпымен қабылданған бірліктерде жүргізіледі. Өлшем ретінде қабылданған шама мәні осы бірліктің өлшемі деп аталады. Физикалық шаманың бірлігі оның өлшемі уақыт бойынша тұрақты және сыртқы ықпалдардан тәуелсіз болатындай етіп болуы керек. Кейбір физикалық шамалар арнайы өлшеу құралдарында – эталондар мен өлшемдерде материалданған. Бұл килограмм, метр, секунд. Сонымен қатар, СИ жүйесінде келесі негізгі бірліктер бар: ампер, жарық күші канделл, температура Кельвин, зат мөлшері - моль. Егер өлшеу бірлігі эталон немесе өлшем түрінде берілген болса, онда өлшеу процесі өлшеу бірлігінің материалдық белгіленуі ретінде өлшенетін шаманы өлшеммен тікелей салыстыруға саяды. Тікелей салыстыру мүмкінсіз болған жағдайда өлшенуші шама қандайда бір басқа физикалық шамаға түрленеді. Мысалы, термометр көрсетулері. Мұнда физикалық денелердің сызықтық өлшемдерінің температурадан тәуелділігі қолданылады. Өлшеу құралы деп өлшуде қолданылатын және нормаланған метрологиялық қасиеттерге ие техникалық құралдар аталады. Өлшеу құралдарының келесі түрлерін айырады: - өлшемдер; - өлшеуіш аспаптар; - өлшеуіш түрлендіргіштер; - өлшеуіш қондырғылар; - өлшеуіш жүйелер. Өлшемдеп берілген өлшемдегі физикалық шаманы жаңғырту үшін арналған өлшеу құралдары аталады. Бірмәндік, көпмәндік және өлшемдер топтамасын айырады. Бірмәндік өлшемдерге гиря, метр, тұрақты сыйымдылықты конденсаторлар, индуктивтілік катушкалары (дроссельдер), резисторлар және т.б. жатады. Көпмәндік өлшемдерге айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар, бөліктері бар сызғыш және т.б. жатады. Өлшемдер топтамасына кедергілер сыйымдылықтар және индуктивтілік магазиндері жатады. Өлшеуіш аспаптар – бұл өлшеуіш ақпарат, яғни бақылаушының тікелей қабылдауына ыңғайлы қалыптағы өлшеуіш шама мәні жайындағы ақпарат сигналын өндіруге арналған өлшеу құралдары. Өлшеуіш аспаптарды келесі белгілері бойынша айырады: - аналогтық жәнецифрлық; - көрсетуші және тіркеуші; - өлшенген шама тегі бойынша ( амперметр, вольтметр және т.с.с.); - қолданылу тегі бойынша: стационарлық және тасымалданушы; - қорғаныс дәрежесі бойынша: әдеттегі, шаң мен ылғалдан қорғалған, шашырандыдан қорғалған, герметикалық, жарылыстан қорғалған. Өлшеуіш түрлендіргіштер – бұл беруге, әрі қарай түрленуге, өңдеуге және (немесе) сақтауға қолайлы, бірақ бақылаушының тікелей қабылдауына жатпайтын қалыптағы өлшеуіш ақпарат сигналын өндіруге арналған өлшеу құралдары. Өлшеуіш түрленгіштер бағытталуы мен функциясына тәуелді былай айырылады: - бастапқы; - аралық; - беруші; - масштабтық. Бастапқы түрлендіргіш деп өлшенген, яғни өлшеуіш тізбектегі бірінші шама келтірілген түрлендіргіш аталады. Бұл температура, ток датчиктері және басқалар болуы мүмкін. Аралық түрлендіргішдеп өлшеуіш тізбектегі бастапқыдан кейінгі орындағы түрлендіргіш аталады. Бұл токтың, кернеудің қосымша трансформаторлары және басқалар болуы мүмкін. Беруші өлшеуіш түрлендіргіш деп өлшеуіш ақпарат сигналын аралықтан беруге арналған өлшеуіш түрлендіргішті айтады. Бұл, әдетте, сигналды 500 метрге дейінгі шамалы арақашықтықтарға беруге арналған ток немесе кернеудің унифицирленген сигналды түрленгшіштері. Масштабтық өлшеуіш түрлендіргіш деп шаманы берілген есе рет өзгертуге арналған өлшеіш түрлендіргіш аталады. Бұл кернеу бөлгіштері, токтың өлшеуіш трансформаторлары, өлшеуіш күшейткіштер. Кіріс шамалардың түрлену сипатына қарай түрлендіргіштер былай бөлінеді: - электрлік шамаларды электрлікке түрлендіргіштері; - электрлік емес шамаларды электрлікке түрлендіргіштері; - магниттік шамаларды электрлікке түрлендіргіштері; - электрлік шамаларды электрлік емеске түрлендіргіштері. Өлшеуіш қондырғы– бұл біріккен өлшеу құралдары мен өлшеуіш ақпарат сигналдарының бақылаушының тікелей қабылдауына ыңғайлы қалыпта өндірілуіне арналған қосалқы құрылғылардың функциялану қосындысы. Олар бір орында шоғырланады. Бұл өлшеуіш аспаптарды градуирлеу мен тексеру қондырғылары болуы мүмкін. Өлшеуіш жүйе – бұл өлшеуіш ақпаратты бірнеше көзден автоматты түрде алу үшін бір бірімен байланыс каналдарымен жалғаған қосалқы қондырғылар мен өлшеу құралдарының қосындысы.
|
|||||||
|