|
|||
Валюталық тәуекелдерді басқару ⇐ ПредыдущаяСтр 4 из 4 2. Валюталық тәуекелдерді басқару Бүгінгі күнде экономикасы дамыған елдерде тәуекелдерді басқару жеке қызметтің бағыты ретінде қалыптасты. Осы мемлекеттердің экономикалық субъектілері маңызды тәуекелдердің идентификациясын, тәуекелдерді бағалаудың және оларға бақылау жүргізу қажеттігін түсінеді. Тәуекелдерді басқару, сонымен қатар акционерлік капитал құнының жоғарылауына өз септігін тигізуі мүмкін. Экономикасы дамып келе жатқан елдерде, оның ішінде ТМД елдер үшін де, тәуекелдерді басқару әлі де болса “жас” қызмет бағыты болып табылады. Тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаттарына келетін болсақ, олар төмендегідей; • Шаруашылық субъектілер алдында қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету; • Белгісіздік деңгейін төмендету; • Ұйымға міндеттелген заңдарды, нормаларды және талаптарды орындау. Өз кезегінде тәуекелдерді басқару бойынша міндеттерді 2 топқа бөліп, қарастыруға болады: Біріншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуына дейінгі міндеттер: кәсіпорынның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету. Екіншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуынан кейінгі міндеттер: қаржылық қауіптердің болуы жағдайында жоғалтуларды минимизациялау; техникалық, информациялық қауіптердің болуы жағдайында кәсіпорын қызметінің жалғастыруын қамтамасыз ету. Валюталық тәуекелдер банктерде әдетте әр түрлі әдістермен басқарылады Валюталық тәуекелдерді басқарудың әдістері: − Валюталық операцияларға лимит қою − Хеджерлеу − «Мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сату/сатып алу тапсырысы − «Неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту − Валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау Банктің ішкі құрылымындағы валюталық тәуекелді басқарудың бірінші қадамы валюталық операцияларға лимит қою болып табылады. Лимиттердің келесі түрлері кең таралған: Лимиттердің түрлері: − шетелдердің лимиті (бір күн ішінде клиенттермен және серіктестермен әрбір тиісті мемлекеттің сомасы бойынша максималды мүмкін болатын сома енгізіледі) − клиенттермен және серіктестермен жүргізілетін операцияларға лимит − құралдар лимиті (қолданылатын құралдарға және валютаға қойылатын шектеу) − әр күнге және әрбір дилерге қойылатын лимит − шығындар лимиті Лимиттерден басқа әлемдік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді төмендетудің келесі әдістері бар: • «мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сту/сатып алу тапсырысы, мұнда валюта ағымының көлемінен валютаның келіп түсуін шегеру көмегімен банк олардың мөлшеріне және өз тәуекеліне ықпал ету мүмкіндінен алады; • «неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту; • валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау; Сонымен қатар валюталық тәуекелдерді тежеудің тағы бір әдісі ол хеджирлеу. Хеджирлеудің негізгі әдісінің мәні валюталық айырбас операцияларын курста қолайсыз жағдайлар болғанға дейін жүргізуге негізделеді немесе осындай өзгерістерден болатын шығындарды жабу валютаға келісімімен қатарлас жүреді. Оның курсы қарама–қарсы бағытта өзгереді. Банктің хеджирлеумен байланысы екі образда жүргізіледі, бір жағынан, банк кез келген коммерциялық компания сияқты валюталық тәуекелді сақтандыруда жоғарыда көрсетілген әдістерді өзіндік валюталық тәуекелді басқарудағы қаржылық қызметінің күнделікті практикасында қолданылуы мүмкін. Ал екінші жағынан хеджирлеу, ол көбінесе банктің өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері болып табылады. Бұл қызметтер ретінде кепілдік операциялар және валюталық келісімдер болуы мүмкін Валюталық тәуекелдерді басқарудың проблемалары Шетелдің валютасымен операция жүргізетін банк екі тәуекелмен кездеседі: 1. Ашық орынға (позицияға) валюталық курстың немесе пайыздық қойылымдар қозғалымдарының жағымсыз әсері; 2. Екінші жақтың банкроттығы. Жоғалтуларды қарастыру, бұл тәуекелдерді екі топқа классификациялауға болатынын көрсетеді, яғни: 1. Толық ведомнан орындалған операциялар. 2. Банк басқармасы жағының уәкілетінсіз дилерлер бөлімдерімен орындалған операциялар; Халықаралық нарықта банк жүргізе алатын жалпы бизес көлемі оның репутациясы мен жай-күйіне тәуелді болғандықтан, нарықтың басқа қатысушылары үшің күдіктелген стандарттар операциялары неге негізделетінін белгілеу мүмкін емес. Салыстырмалы қысқа уақыт мезетінде, күмән тудырмай, үлкен спекулятивті позициялардың пайда болуы мүмкіндігінің баламалы түрі бойынша жеке операциялардың өлшемін дилингтік келісімшарттардың әдеттегі санының көрсеткіші ретінде қабылдау дұрыс емес болар еді. Келісімшарттың екінші тарабына немесе банк-корреспондентке артықшылығы жоқ дилингтік операцияларда орын ала алатын дилингтің бұл аспектілері мынадай түрде танылуы мүмкін: Дағдылы болып табылатын берілген банкке немесе бөлімшеге қарағанда сауда көлемін күрт арттыру, алайда егер бұл жоғарыда келісілген ірі банктер болса, бұл күмәнді ескерту болуы мүмкін; Банктің банк-корреспонденттермен клирингтік есептер бойынша айналымын міндетті арттыру. Ал клирингтік есеп бойынша айналым екінші тараптан өздігінен күмән тудыра алмайтын келісімшарттардың кейбір саны бойынша жалпы соманы көрсетеді, ол өз кезегінде өте тиімді келісімшарт болуы мүмкін; Дилингтік жүзеге асырудың қалыпты нысанын өзгерту. Ашық позициялар форвард бойынша валютаны жеткізу кезінде қолданылуы керек, сонымен қатар қысқа мерзім ішінде күннен күнге айырбасқа кететін спот бойынша валютаны сату/сатып алу кезінде де қолданылуы мүмкін. Мұндай операциялар олардың нарықтағы санының артуына, сонымен қатар, клирингтік есеп бойынша айналымның артуына әкелуі мүмкін. Жоғалту тәуекелі банк жедел валюталық опреациялар бойынша нетто позицияны жүргізгенде туындауы мүмкін. Бірақ, мұнда таза ашық позиция жоқ, себебі сатып алужың жалпы сомасы сатудың жалпы сомасына сйкес келеді, бірақ форвардтық операциялардың сәйкес келмейтін мерзімдері бойынша тәуекел болады; Келісімшарт бойынша нақтылауды алмау, әсіресе форвардтық операция бойынша; Төленбеген келісімшартты нақтылау туралы өтініштерге қанағаттанарлық жауап алмау; СВОП операциясы үшін форвардтық келісімшарт мерзімі келген кезде, спот мөлшерлемесін қолдануға өтініш жасау; мерзімді ұзарту барысында банк үшін қалыпты тәжірибе болып СПОТ бойынша ағымдағы нарықтық мөлшерлемеге жүгіну табылады, оның мерзімі өтіп кеткен соң форвард бойынша мөлшерлеме спот мөлшерлемесі негізінде құрылады.
|
|||
|