Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Валюталық тәуекелдер және олардың классификациясы. Валюталық тәуекелдерді басқару.



Валюталық тәуекелдер және олардың классификациясы. Валюталық тәуекелдерді басқару.

1. Валюталық тәуекелдің түсінігі.    Валюталық тәуекелдің классификациясы

2. Валюталық тәуекелдерді басқару.

 

Валюталық тәуекелдер – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

Валюталық тәуекелдің классификациясы

Валюталық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталық тәуекелдер халықаралық экономикалық қатынастардың қатысушылары душар болған коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылады.

Валюталық тәуекелдер – шетел валюталарын әртүрлі курстар бойынша сату және сатып алу кезіндегі жоғалтулар тәуекелдігі.

Операциялық тәуекел – негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты. Операциялық тәуекелге ақша құралдарының қозғалысы және де пайда деңгейі душар болған.

Бұл тәуекелді пайданы толық көрмеу немесе күтіліп отырған ақша ағымының құралына айырбастау курсының тікелей әсер ету нәтижесінде шығынға ұшырау мүмкіндігі ретінде анықтауға болады. Сатылған тауары үшін шетел валютасын алған экспортшы шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты төмендеуінен ұтылады, ал шетел валютасында төлем жасаған импортер шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты жоғарылауынан ұтылады.

Трансляциялы тәуекелдер – бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.

Бұл тәуекел есептік немесе тепе-теңдік тәуекелдік ретінде белгілі. Әртүрлі елдің валюталарында көрсетілген активтер мен пассивтер арасындағы қарама-қайшылық мүмкіндігі тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Мысалы, егер британдық компанияның АҚШ-та дочерний (еншілес) филиалы болса, онда оның құны АҚШ долларымен көрсетілген активтері бар. Егер британдық компанияның осы активтердің құнын компенсациялаушы АҚШ долларымен жеткілікті пассивтері болмаса, онда компания тәуекелдікке бас ұрады. Егер компания трансляциалы тәуекелдік аса маңызды емес деп есептесе, онда бұл тәуекелді хеджирлеудің қажеті жоқ. Бұл әдісті жақтап, активтер мен пассивтерді негізгі валютада бағалағанда баланстық есепте олардың өзгеруінің еш маңызды мағынасы жоқ бухгалтерлік процедура деуге болады. Фунт стерлингпен көрсетілген АҚШ компаниясының активтерінің құны АҚШ долларының фунт стерлингке шаққандағы айырбастау курсының қозғалысымен бірдей ауысса, АҚШ компаниясының пайда көзіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да курстың ауытқуынан жоғалтулар тәуекелдігі болмаса, хеджирлеуге кететін шығын еш мағынасыз деп есептеледі.

Трансляциялы тәуекелдің дәрежесін есептеу көптеген келіспеушіліктер тудырды, ең алдымен көптеген жылдар бойы қолданылған есептеу әдістерінің әртүрлілігіне байланысты.

Экономикалық тәуекел – компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады.Тәуекел, бәсекелестік күрестің ұқсас тауар өндіруші жағынан да, сонымен қатар басқа өнім шығарушылар жағынан да өзгеруіне, және де тұтынушылардың белгілі бір тауар маркасын ұстанымының өзгеруіне де байланысты пайда болуы мүмкін. Әсер етудің тағы да басқа қайнар көздері болуы мүмкін, мысалы айырбастау курсының өзгеруіне қатысты үкіметтің реакциясы немесе валютаның құнсыздануынан пайда болған инфляцияның нәтижесінде жалақының өсуін тоқтату.

Жасырын және (немесе) трансляциялық тәуекелдер – шетелдік еншілес компаниялар өзіндік тәуекелдіктерге душар болған кезде де пайда болуы мүмкін. Мәселен, Британдық компанияның Америкадағы филиалы өнімін Австралияға экспорттайды. Америкалық еншілес компания үшін Австралиялық доллар курсының өзгеруінен жоғалтулар тәуекелдіктері бар, осыған орай ол Австралиялық доллар курсының АҚШ доллар курсына қатысты жағымсыз өзгеруіне байланысты шығынға ұшырауы мүмкін. Осындай шығындар филиалдың пайда алуына кедергі жасайды. Бұдан жанама операциялық тәуекелдік туындайды. Себебі, еншілес компаниядан түскен түсімдер қысқарады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.