Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кросс-бағам - бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.



Кросс-бағам - бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды «спот» және «форвард» деп бөледі.

«Спот» бағам – мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаның айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

«Форвардтық» бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады

Конверсиондық тәуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.

Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.

Аударым тәуекелі - валюта бағамының кұлдырауына шетел валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын кайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнынын өзгеру кауіпі.

Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.

Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.