|
|||
Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.Мемлекеттік тәуекелдер – бұл белгілі бір мемлекеттегі инвестициямен байланысты және барлық кәсіпорындарға бірдей болатын инфляциялық, әлеуметтік тұрақсыздық және тағы да басқа тәуекелдер. Мемлекеттік тәуекелдер қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістердің өзара ұштасуымен сипатталатын көпфакторлық құбылыс. Егер дамыған мемлекеттерде мемлекеттік тәуекелдерінің деңгейі аз мөлшерде өзгеріп отыратын болса, ал дамушы мемлекеттердің мемлекеттік тәуекелдеріне едәуір қысқа мерзімді еркіндік тиесілі. Тәуекелдерді қаржыландырудың әртүрлі жолдары бар. Ең алдымен бұл қауіпсіздікті жетілдіретін іс шаралар үшін шығын, зияндарды компенсациялайтын келешек шығындар, сақтандыру сыйлықтарын төлеу үшін шығындарды қамтамасыз ететін кәсіпорын бюджеті. Одан кейін бұл өзін өзі сақтандырушы резервтік фондтар, олар ертерек кәсіпорынның өз қаражатынан құралған. Төтенше жағдай кезіндегі шығындарды жабу үшін кредиттер, банктерді инвестициялық ресурстары тартылуы мүмкін. Сондай ақ төтенше жағдайларға байланысты құралған арнайы бюджеттік және бюджеттік емес фондтардан мемлекеттік көмек көрсетілуі мүмкін. Тәуекелді басқару іс-шараларының қаржыландырудың қайнар көздері таңдап алынған әдіске байланысты жіктеледі. • өнім құнының құрамында ескерілетін құралдар; • кәсіпорынның өз құралдары, соның ішінде түсімнен құралатын жарғылық фонд резервтер; • сыртқы қайнар көздер – несиелер, дотациялар, заимдар; • сақтандыру қорлары; • өзін-өзі сақтандыру қорлары. Нақты бір жағдайларға байланысты тәуекелді қаржыландыру үшін қорларды тарту үшін әртүрлі түрлері бар. Мәселен, сақтандыру сыйақыларын төлеу кәсіпорын табысынан немесе өз құнына байланысты заңмен белгіленген төлемдер арқылы төленуі мүмкін. Банкті құру себебі әртүрлі қызмет көрсету, соның ішінде валюта – несие операциясын жүзеге асыру болды. Банктің сауда қызметі сауда және жобаны қаржыландыру, жеке тұлғаларға несие карточкасымен және шетелдік валютасымен сауда операциясын қызметін ұсыну. Банктің негізгі бағыты салым қабылдау және шетел валюта немесе теңге түрінде несие беру. Банк, сондай-ақ Қазақстанның валюта биржасында және құнды қағаздар нарығында негізгі рөл атқарады. Банктің мақсаты банк қызметімен валютамен қаржыландыру жөнінде алдыңғы орындарға шығу. Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды. Банктік тәжірибеде қолданылатын валюталық тәуекелдің түрлері: − айырбас бағамының өзгеру тәуекелі − конверсионды операциялар тәуекелі − трансляциялық тәуекелдер − форфейтинг тәуекелі Айырбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің акша бірлігіне катысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының кұны ұлттық валютамен бейнеленеді. Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел кұны валютамен бейнеленеді. Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары =117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге - 0,008 АҚШ доллары.
|
|||
|