Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





НЕГІЗГІ ЖАРЫҚ ШАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ 10 страница



мұндағы S – бөлменің ауданы, м2, А және В – бөлме қабырғаларының ұзыңдығы және ені, м; Һе - есептік биіктік, м.

Анықталынған мәліметтерді (12.10) формулаға қойып шамның қажетті жарық ағының есептейді. Есептік мән бойынша каталогтан жарық ағынының мәні жақын келетін үлгі қалыптық қуатты жарық көзін таңдап алады. Жарық ағынының кестелік және  есептік мәндерінің арасындағы айырмашылық +20 ... -10 процент шегіндеболуы керек.

Есептеу төртібі:

1. Әдістің пайдалануға болатындығын анықтайды.

2. Жарық көзінің типі және жарықтандырғыштардың типі таңдап алынады, олар бөлмеде орналастырып сандарын анықтайды.

3. Нормаланған жарықталыну деңгейін анықтайды.

4. Қабырғалар мен төбенің шағылыстыру коэффициенттерін анықтайды.

5. Бөлменің индексін анықтайды.

6. Анықтамалық кесте бойынша жарық ағынын пайдалану коэффициентін анықтайды.

7. Қор және минимал жарықталыну коэффициенттерін анықтайды.

8. (12.10) формула бойынша жарық көзінің қажетті жарық ағынын анықтайды.

9. Каталогтан жарық ағынының мәні жақын келетін жарық көзін таңдап алады.

10. Формула бойынша жарықтандыратын қондырғы жарықтандырғыштарының, жалпы қуатын анықтайды.[kgl]

 

[gl]12.8 МЕНШІКТІ ҚУАТ ӘДІСІ[:]

 

Меншікті қуат әдісі - жарық ағының пайдалану коэффициенті әдісінің жеңілдетілген түрі. Жарықтандыратын қоңдырғының меншікті қуаты жарықтандырғыштардың орнатылған куатының жарықтандырылатын бөлменің ауданына бөліндісі болады Рменорн/S. Жарықтандырудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етуге қажетті меншікті қуат мәні шамдардың типі мен қуатына, жарықтандырғыштардың типіне, жарықтандырылатын бөлменің сипаттамасына және қор коэффициентіне байланысты болады. Осы себепкершарттардың меншікті қуат мәніне әсер етуін талдау негізінде әр түрлі жарық көздерімен жабдықталған үлгіқалыптық жарықтандырғыштарға Рмен мәндерінің кестелері құрастырылған. Кестелерде меншікті қуат мәндері нормаланған жарықталыну деңгейіне, жарықталынатын беттің ауданына, жарықтандырғыштарды орнатудың есептік биіктігіне тәуелді берілген. Кестелердегі мәліметтер төбе, қабырғалар және жұмыс беті шағылыстыру коэффициенттерінің ең ықтимал мәндерімен бірге үйлесте және қор коэффициентінің белгілі мәнінде келтірілген. Жарықтандырғыштар аралығындағы салыстырмалы қашықтық L/Һе оптимал мәнге жақын алынған. Кестелерді құрастыруда қоректендіру кернеуі 220 В деп қабылданылған.

Кернеу және қор коэффициенті кестеде қабылданылған мәндерден өзгеше болса меншікті қуат мәні пропорционал қайта есептеумен анықталады.

Люминесценттік және ДРЛ типті шамдарға құрастырылған кестелерде меншікті қуат мәндері жоғарыда келтірілген себепкершарттарға тәуелді, тек жарықталыну деңгейі 100 лк болатын жағдайларға берілген.

Жарықталыну деңгейі басқаша болғанда қажетті меншікті қуат мәнін пропорционал қайта есептеумен анықтайды. Кестелер бөлменің ұзындыға мен енінің қатынасы А:В≤2,5 болатын жағдайларға құрастырылған. Ұзын бөлмелерге меншікті қуат мәніауданы 2В2 тең болатын шартты ауданға есептелінеді.

Меншікті қуат мәнін таңдап алудан бұрын жарық көздері мен жарықтандырғыштардың типін таңдап алады, оларды бөлмеде орналастырады, сандарын анықтайды, нормаланған жарықталыну деңгейін, төбе, қабырғалар және жұмыс беті шағылыстыру коэффициенттерін, қор коэффицентін және минимал жарықталыну коэффицентін анықтайды. Сөйтіп, негізгі шешімдер қабылданылады. Содан соң тиісті кестеден қажетті меншікті қуат Рмен мәнін таңдап алады. Ршмен·S/N формула бойынша жарық көзінің (қыздыру және ДРЛ шамдарының) бірлік қуатын анықтайды. Үлгіқалыптық қатардан қуаты жақын мәнді шамды таңдап алады. Люминесценттік шамдарды пайдаланғаңда да алдымен жоғарыда келтірілген негізгі шешімдер қабылданылады. Содан соң тиісті кестеден таңдап алынған қуатты шамдарға меншікті қуат мәні анықталады. Жарықтандыратын қондырғының орнатылған қуатын Рмен·S бір жарықтандырғыштың қуатына Рж бөлумен Рмен·S/Рж жарықтандырғыштардың қажетті санын анықтайды. Жарықтандырғыштар қатарларын құрастырады.

Меншікті қуат мәні - жарықтандыратын қондырғының маңызды энергетикалық көрсеткіші. Ол қабылданылған шешімдердің үнемділігін бағалауға пайдаланылады. Меншікті қуат мәні жарықтандыруға қажетті жүктемені шамамен есепке алуға, мысалы энергия көзінің қуатың таңдап алуда, сондай-ақ негізгі есептеу әдістерінің біреуі бойынша орындалған жарық-техникалық есептеу нәтижелерін бағалауға мүмкіншілік береді.

 

12.9 ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ШАМДАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРАТЫН ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ

 

Нақтылы жағдайларға байланысты люминесценттік жарықтандыруды есептеуге нүктелік, жарық ағының пайдалану коэффициенті, меншікті қуат әдістерінің біреуін пайдалануға болады. Нүктелік жарық көзі деп қабылдауға болатын жеке жарықтандырғаштармен орындалған люминесценттік жарықтандыруды осы әдістермен есептеу тиісті анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілген.

Егер бір қатардағы жарықтандырғыштар арасындағы қашықтық есептік биіктіктің жартысынан кем болса немесе орнатылу биіктігінің жартысы жарық көзінің ұзындығынан кем болса, люминесценттік шамдарды жарықтандырғыштар жарықтанатын сызықтар деп саналады (12.3 сурет).

Люминесценттік    шамдарлы    жарықтандырғыштардың көпшілігіне сызықтық изолюкстердің анықтамалық қисықтары тұрғызылған. Осы себептен жарықтанатын сызықтан бақылау нүктеде жасалынатын жарықталынуды есептеу айтарлықтай жетілдірілген.

Жарықтанатын сызықтың сипаттамалары белгілі болғаңда нүктедегі жарықталыну деңгейі мыңа үш параметрге байланысты болады: Һе, L және Р (12.3 сурет).

12.3 сурет – Бақылау нүтеде жарықтанатын сыықтар жасайтын жарықталынуды есептеуге

 

Сызықтық изолюкстер графигі тік бұрышты координаталар жүйесінде тұрғызылады. Осьтер бойынша биіктіктің бірлігіне келтірілген L1=L/Һе және Р1=Р/һе шамалар салынады. Жарықтанатын сызық жарықталынатын жазықтықтан 1 м биіктікте орналасқан, ал ұзындығы 1 м сызықтың жарық ағыны - келтірілген жарық ағыны - F1=1000 лм/м деп қабылданылады. Сызықтық изолюкстер графигі жарықтанатын сызықтың шетіне қарсы орналасқан нүктедегі салыстырмалы жарықталынуды анықтауға мүмкіншілік береді. Салыстырмалы жарықталынуды Һе, L және Р параметрлерінің әр түрлі тіркестерінде анықтауға болады.

Жарықталыну деңгейі анықталатын нүкте жарықтанатын сызықтың шетіне қарсы жатпаған жағдайда былай істелінеді.

Егер бақылау нүктесі жарықтанатын сызықтың шегінде 12.4, а суретте көрсетілгендей орналасса, сызықты шартты L1 және L2 екі бөлікке бөледі. Нүкте екі бөліктің де шеттеріне қарсы орналасқан болады. Нүктегедегі жарықталыну деңгейі сызықтың әрбір бөлігі жасайтын жарықталыну мәндерінің қосындысына тең. Сызық бөліктерінің жарықталыну мәндері сызықтық изолюкстер графигі бойынша анықталады.

12.4 сурет – Жарықтанатын сызықтардың шеттеріне қарсы жатпайтын нүктелердегі жарықталынуды анықтауға

 

Егер бақылау нүкте жарықтанатын сызықтан шет жақта орналасса (12.4, б сурет), жарықтанатын сызықты нүкте оның шетіне қарсы орналасқанша шартты жалғайды. Содан кейін сызықтың толық ұзындығын L+L0 және шартты қосылған бөлігінің ұзындығын L0 анықтайды. Сызықтық изолюкстер графигі бойынша толық ұзындыққа және шартты ұзындыққа сәйкес келетін шартты жарықталыну мәндері табылады. Бақылау нүктедегі салыстырмалы жарықталыну деңгейі нүктеде толық сызықпен және шартты сызықпен жасалынатын жарықталыну мәндерінің айырымы ретінде анықталады.

Жарықтанатын сызықтың қажетті жарық ағынының сызықтық тығыздығы, яғни сызықтың 1м ұзындығына келтірілген мәні мына формула бойынша анықталады:

                                                  (12.11)

Бақылау нүктеде нормаланған жарықталыну деңгейін қамтамасыз етуге қажетті жарықтанатын сызықтың толық жарық ағыны F= F1· L тең болады.

Жарықтанатын сызықтағы жарықтандырғаштардың саны

                             ,                                 (12.12)

мұндағы Fш -таңдап алынған типті шамның жарық ағыны, лм; n1- бір жарықтандырғыштағы шамдар саны.

Қатардағы барлық жарықтандырғыштардың ұзындығын қатардың өз ұзындығымен салыстырып қатарды құрастырады. Егер бір жарықтандырғыштың ұзындығы ℓ болса, барлық жарықтандырғыштардың толық ұзындығы N·ℓ болады.

Егер N·ℓ =L болса, жарықтандырғыштарды үзіліссіз қатарға орналастырады. Егер N·ℓ < L болса, жарықтандырғыштарды қатарда бір-біріне кіші ара қашықтықпен орналастырады.

Егер жарықтандырғыштардың жалпы ұзындыгы N·ℓ > L болса, мынадай варианттар болуы мүмкін:

а) бірлік қуаты үлкен болатын шамдарды пайдалану;

б) жарықтандырғыштардың қатарын көбейту;

в) шамдар саны көп жарықтандырғыштарды пайдалану.

Жарықтанатың сызықты жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісімен де есептеуге болады. Бұл жолы (12.10) формуланы пайдаланады. Оған бөлмедегі жарықтандырғыштар санының орнына жарықтандыратын қондырғыда белгіленген жарықтандырғыштар қатарының санын қояды және бір қатардағы шамдардың қосынды жарық ағынын анықтайды.

Жарықтандырғыштар мен шамдардың типтері таңдап алыңғандықтан және бір шамның жарық ағыны белгілі болғандықтан (12.12) формула бойынша бір қатардағы жарықтандырғыштардың санын анықтайды. Бір қатардағы жарықтандырғыштардың жалпы ұзыңдығын бөлменің ұзындығымен салыстырады. Жарықтанатың қатарларды құрастыру жоғарыда берілген әдістермен орындалады.[kgl]



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.