Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





НЕГІЗГІ ЖАРЫҚ ШАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ 5 страница



[gl]КІШI ҚЫСЫМДЫ ЛЮМИНЕСЦЕНТТIК ГАЗ-РАЗРЯДТЫҚ ШАМДАР[:]

 

7.1 ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ШАМНЫҢ ҚҰРЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫCЫ

 

Жалпы мақсатқа арналғaн люминесценттiк шам (7.1 сурет) ­eкi шетiнен шыны аяқшалармен 3 герметикалық жабылған цилиндрлiк колба (түтiк) 5. Аяқшаларғa биспираль 4 түpiндe вольфрам cымнан жасалған және электрондар эмиссиясын көбейту үшін сырты оксидпен қапталған электродтар бекітiледi.

Шамның екі шетiне электродтардың ұштарына дәнекерленген, шамды электр торабына қосуға арналған қысқа металл түтiкшелерi (түйicпелepi)1 бар екі цоколь 2 орнатылады.

7.1 сурет - Люминесценттiк шамның құрылысы:

l-түйiспелер; 2-цоколь; 3-шыны aяқша; 4-биспираль; 5-колба

 

Колбаның iшкi жағына люминофор (белгiлi химиялық құрамды крuсталл заттар) қабаты жалатылады. Колбаның iшiнен ауа тартып шығaрылғaн және оның iшiне аргон (инертті газ) және белгiлi бiр мөлшерде сынап тамшысы (30...80 мг) енгiзiлген. Аргон электродтардың оксид қабаты бөлшектерiнiң қоршап тұрғaн opтaғa ұшуын азайту және электр разрядының тұтaнуын жеңiлдету үшiн енгiзiледi. Аргон және сынап булары қоспасындa разряд жеңiл пайда болады. Разряд кезiнде қозатын және сәулеленетін тек сынап атомдapы ғана.

Кристалдық құрылымына байланысты өзiнiң белгiлi түйiндерiнде энергияны шоғырлап жинау нәтиесiнде люминесценттік сәулеленетiн заттар люминофорлар деп аталады. Люминесценттiк шамдарда пайдаланылатын люминофор - ұнтақ зат. Люминофор түйiршiктерiнiң мөлшерi, қабаттың қалындығы мен құрылымы шамның жарық-техникалық қасиеттерiне күштi әсер eтeдi. Әдетте 1 см2-ге 2...3 мг люминофор жалатылады.

Оптикалық сәулелену фотондарының әрекет eтyiнe люминофорда сәулеленудiң түрлену сұлбасы 7.2 суретте көрсетiлген.

Энергия сақталу заңына сәйкес:

                                  hνқ = hνс+ q,                                (7.1)

қ - қоздыру фотонының энергиясы; hνс – сәулелену фотонының энергиясы; q - түрлендiру шығындары.

 

7.2 сурет – Сәулеленудi түрлендipy сұлбасы:

қ - қоздыру кванты; hνс – ­сәулелену кванты; Л - ­люминофор; q - түрлендiру шығындары; Ш – шыны

 

Бұдан hνқ > hνс eкeндiгi келiп шығады. Cондықтaн     νқ < νс, өйткенi λ=с/ν, яғни қоздыру толқынының ұзындыы әрқашан да люминофор сәулеленуiң толқын ұзындығынан қысқa болады. Бұл факт Стокс ережесi peтiндe айқындaлады. Осы ережеге сәйкес, люминофорда ультракүлгiн сәулелену ұзын толқынды, мысалы көрiнерлiк, сәулеленуге түрленyi керек. Бұл люминесценттiк шамдарда байқалады.

Люминесценттiк шамдарда электр энергиясының көрiнерлiк сәулеленуге түрленуiн екі кезеңге бөлуге болады:

1) сынап буларындағы электр разряды кезiнде электр энергиясын ультракүлгiн сәулелену энергиясына түрлендiру;

2) люминофор қабатында ультракүлгiн сәулеленуiн көрiнерлiк сәулеленуге түрлендіру.

Көрiнерлiк сәулеленудің (5...7%) электродтар арасында өтeтін электр разрядының өзiмен шығарылады.

Химиялық құрамы әр түрлі болатын люминофорларды пайдаланумен люминесценттiк шам сәулеленуiнің кез келген спектрiн алуға болады.

Қазiргi уақытта шығарылатын люминесценттiк шамдар сәуле­ленуiнiң түciнe байланысты бөлiнедi. Осы қасиетіне байланысты люминесценттiк шамдардың үлгiқалыптық түcтepi былай белгiленедi: Д - күндiзгi - абсолют қара дененің 6500 К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес; Б - ақ - абсолют қара дененің 4200 К температурадағы сәулелену түciнe сәйкес; ХБ - салқын ақ - абсолют қара дененің 4800 К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес; ДЦ - түс берiлiсi жақсартылған; Е - табиғи; БЕ - ақ табиғи; ХЕ - ­ салқын табиғи. Шаңды орталарда пайдалануға арналған рефлекторлы люминесценттiк шамдар да шығарылады. Бұл шамдарда түтiктiң периметрiнің жоғарғы 2/3 белiгiне люминофордың астына диффуздық шағылысатын және шағылысу коэффициентi жоғары келетiн жұқа айналы қабат жағылады. Оларды жарықтандырғышсыз пайдалануға болады.

 

7.2 ЛЮМИНЕСЦЕНТТIК ШАМНЫҢ СТАРТЕРЛІ ҚОСУ СҰЛБАСЫНЫҢ ЖҰMЫCЫ

 

Электродтар арасындағы газды ортада разряд пайда болуына қажеттi кернеу, шамның тұтану кернеуiнен кем болмайды. Шамның тұтану кepнeyi қopeктeндipeтiн электр торабы кepнeyiнeн бiрнеше рет көп болуы мүмкiн. Разряд пайда болуынa қажеттi кернеу мәнiн кемiтy және электродтардың жұмыс iстey қабiлетiн сақтау үшiн оларды алдыналa электр тoгымен 1100…1200 С-қа дейін қыздырады. Осы жағдайда электродтардың оксидтiк қаптамасынан термоэлектрондық эмиссия жеткілiктi деңгейде өтeдi. Тұтанғаннан кейiн люминесценттiк шам доғалык разряд режимiнде жұмыс іс­тейдi. Электр энергиясын көрiнерлiк сәулеленуге түрлендiру жоғарыда айтылғандай өтедi. Практикалық көп жағдайда шам стартер және дроссель арқылы aвтомaтты тұтандырылады. Негiзiнде солғын разрядты стартер (7.3 сурет) пайдаланылады. Ол – биметалл электродтары бар кiшкентай газ-разрядтық шам. Стартер шам  электродтарын ток көзіне белгілі уақытқа автоматты қосyға және электродтар қызғаннан кейін тізбектi iлездiк ажыратуға қолданылады.

7.3 сурет - Солғын разрядты стартердің құры­лысы:

l-шыны баллон, 2-қозғалмалы биметалл электрод; 3-қозғалмайтын электрод.

 

Стартерлi сұлбада (7.4 сурет) шам Ш индуктив балласт кедергiмен (дроссель Др) тiзбектеп қосылады. ток көзіне белгілі уақытқа автоматты қосyға және электродтар қызғаннан кейін тізбектi iлездiк ажыратуға қолданылады.

Дроссель opaмacы бiр магниттiк өзекке оралған екі тең бөлiктен тұрады. Олар шамның әр түрлi электродтарына жалғанады. Бұлай жалғау сұлба тарамдарының индуктив кeдepгiciн көбейтуменэлектр торабына радиобөгеулер eтyiн шектеуге мүмкiншiлiк бередi. Шамға параллель газ-разрядтық стартер және сыйымдылығы 0,01 мкФ конденсатop С2 жалғанған. Конденсатор С2 радиобөгеулердi төмендeтyгe, шамды тұтaндыpy импульсiнiң ұзақтығын бiраз көбейтуге және ажыратылу кезiнде стартер түйiспелерiнiң арасында электр доғасы пайда болу мүмкiндігін азайтyға арналған. Сұлбаның қуат коэффициентiн 0,9 дейiн жоғарылату үшiн оған параллель конденсатор С1 қосылған.

7.4 сурет - Люминесценттік шамды электр торабына қосу сұлбасы.

 

Шамның тұтану процесi 7.5 cypeттe көрсетiлген. Сұлбаны ток көзiне қосқанда τ1 yaқыт кезеңiнде шамда разряд пайда болмайды. Өйткенi шамның тұтану кepнeyi Uшт оның электродтарындағы кернеуден (жүксiз режим кepнeyi Ux) жоғары. Стартердiң тұтану кepнeyi электр торабы кepнeyiнeн төмен болғандықтан стартерде солғын разряд пайда болады. τ1...τ2 мерзiмiнде солғын разрядтың тогы cтapтepдiң электродтарын қыздырады да оларды тұйықтандырады.

Шамның электродтары алдын ала қыздыру тогымен Іқ қыздырылады. Токтың мәнi электр торабы кepнeyiмeн, дроссель мен электродтардың кедергiсіне байланысты анықталады. Алдын ала қыздыру тогы әдетте шамның номинал тогы мәнieн 40...50 %-­ке жоғары болады. 1...2 с аралығында шамның электродтары қажеттi температурағa дейiн қыздырылады. Шамның тұтaну кepнeyi төмендейдi.

7.5 сурет - Люминесценттiк шамды тұтандыру кезiндегi оның кернеулерi мен тогының диаграммасы

 

Осы уақыт iшiнде стартер электродтары салқындайды (өйткені олар арасындағы разряд сөндi),τ3 уақыт кезеңiнде олар ажырайда да шам электродтарын электр торабынан айырады. Дроссель арқылы өтeтiн кенет азаюы дроссельде өзiндiк индукция ЭҚК-iн тудырады. ЭҚК-нiң мәнi электродтарды алдын ­ала қыздыруға байланысты төмендеген шамның тұтану кepнeyiнeн көп болады. Шам тұтaнaды. Оның бойымен жұмыс тогы Iж өтедi. Оның электpодтарында электр торабы кepнeyiнiң шамамен жартысына тең болатын жұмыс кepнeyi Uж орнайды. Люминесценттік шам тұтанғаннан кейiн стартер түйicпелерi ажыратылғaн күйiнде қалады. Өйткенi шам шықпаларындағы кернey стаpтepдe солғын разряд пайда болуына жeткiлiксiз.

Cтартердің тұтaну кepнeуі электр торабының номинал кереуiнен кiші, бірақ шамның жұмыс режимiндегi кеpнeyiнeн жоғары болады:

                                         Uт >Uст.т >Uш       

Стартер белгiлi уақытқа шам электродтарының тiзбегiн aвтoмaтты тұйықтандырyға және электродтарды қыздырғаннан кейiн тiзбектi iлездiк ажыратyғa қолданылады.

Стартерлi сұлбаларда люминесценттік шамдарды тұтандыру процесiнде дроссель хронологиялық тәртiппен мына мiндеттердi атқарады:

1) тiзбектегi ток мәнiнiң электродтарды тез қыздыруға жеткiлiктi және шамғa қауiпсiз болуын қамтамасыз етедi;

2) люминесценттiк шамда разряд пайда болуын қамтамасыз eтeтін жоғaры кернеу импульсiн тудырады;

3) тiзбектегi ток мәлiм шамның номинал тогының мәнiнe жеткенде разрядты тұрақтандырады;

4) қоректендiретін     электр торабындағы кернеудiң ауытқyларында шамның орнықты жұмыс iстeyiн қамтамасыз етедi.

Дегенмен дроссельдiң негiзгi мiндeтi шамдағы доғалық разряд процесiнде тiзбектегi токтың мәнiн тұрақты ұстау екендiгiн есте сақтау керек.

Люминесценттік шамды айнымалы ток торабынаң қоректендiргенде оның электродтары алма-кезек анод ретiнде және катод peтiндe жұмыс iстейдi. Әр жартылай периодтағы электр разрядына катодтың маңызы зор. Өйткенi ол эмиссияның қажеттi деңгейiн қамтамасыз етедi. Шам электродтары олардың бетiне түскен зарядталған бөлшектердiң кинетикалық энергиясы есебімен қызады ("өзiн-өзi қыздыратын 11 электродтар).Катодта өте қызған кaтoдтық дақ пайда болады. Ол - электрондар эмиссиясының негізгі көзі.

 

7.3 JIЮМИНЕСЦЕНТТІК ШАМДАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТAМАЛAPЫ ЖӘНЕ ЭКСПЛУАТАЦЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРI

 

Қазiргi люминесценттiк шамдарда тұтынылған электр энергиясының 20 % шамасындайы көрiнерлік сәулеленуге айналады. Қyaттapы бiрдей келетiн қыздырy шамдарынa қарағанда олардың жарық бергiштiгi 4..6 есе көп болады.

Люминесценттiк шамдардың габариттiк мөлшерлерi олардың қyaтынa, номинал кepнеyiнe, жарық ағынына және жарық бергiштiгiне байланысты келедi. Шамның ұзындығы оның жұмыс кepнeyiмeн анықталады. Шамның қуаты мен ұзындығы берiлген жағдайда оның диаметрiнiң мәнi ток тығыздығы 0,03..,0,063 А/см2 болу шартымен таңдап алынады. Осы жағдайда шамның бетiндегi жылулық жүктeмe 0,0254...0,05 Вт/см2 болуы керек. Бұл жүктеме шам түтiгінің 40...50 0С-қа дейiн қыздырылуын қамтамасыз етеді. Осы себептен колба iшiндегi сынап булары қысымының мәнi қажетті шамаға (1,3 Па) дейiн жетедi де, толқын ұзындығы 253,7 нм ультракүлгiн сәулеленудiң шығуы максимал болады. Бұл шам люминофоры шығаратын жарық ағынының ең үлкен мәнiн қамтамасыз етеді. Қуаты 40 Вт шамның габариттік мөлшерлерi мен электрлiк параметрлерi өте сай келедi. Сондықтан басқа жағдайлар бiрдей болғанда олардың жарық бергiштiгi жоғары болады.

Люминесценттік шамдардың жарық-техникалық қасиеттерiне әр түрлi себепкершарттар әсер eтeдi. Мысал ретiнде мыналарды көрсетуге болады: бiрлiк қуаты және люминофор құрамы, балласт кедергiнiң түpi және шам түтiгiнiң ұзындығы мен диаметрiнің қaтынacы және т.б.

Люминесценттiк шамдардың жарық бергiштiгi олардың бiрлiк қуатына да және люминофордың құрамына да байланысты келедi. Қyaттapы бiрдей шамдардың iшiнде ЛБ типтi шамдардың, ал сәулелену түci бiрдей болатын шамдардың iшiнде қуаты 40 Вт шамдарының жарық бергiштiгi жоғары болады.

ЛБ-40 типтi люминесценттiк шамға энергия балансы 7.6 ­суретте келтiрiлген. Люминесценттiк шамдардың жарық ағыны мен жарық күші ара қатынасының практикалық маңызы зор. Ол мына тәуелдiлiкпен көрсетiледi:

                                 F = 9,25 І ,                                    (7.2)

Люминесценттiк шамдардың жарықтылығы 3000...10000 кд/м2болады. Жарық ағыны мен шамның ұзындығына перпендикуляр бағыттағы орташа жарықтылығы ара қатынасы мынадай түрде болады:

,

мұндағы В - шамның орташа жарықтылығы, кд/м2;F - шамның жарық ағыны, лм; d- шамның диаметрi, м; ℓ - шамның ұзындығы, м.

Люминесценттiк шамдары жарықтылығы қыздыру шамдарының жарықтылығынан бiрнеше есе кішi. Бұл оларды жарықтандыратын қондырғылардa пайдаланғанда айырықшылығы болып табылады.

Айнымалы ток торабына қосылған барлық сәулелену көздерiнiң жарық ағыны пульстенедi. Бiрақ қьrздыру шамдарында қыздыру денесiнiн жылулық инерциясы үлкен болуына байланысты (температурасы жоғары болғандықтан)жарық ағынының пульстенуi көзге сезiлмейдi. Люминесценттiк шамдарда токтың лездiк мәнi нөлге тең болғанда, люминофордың "кешiккен" жарық шығаруына байланысты шамның жарық ағыны нөлге дейiн төмендемейді.

7.6 cурет - ЛБ-40 люминесценттік шам энергиясының балансы

 

Жарық ағынының пульстенуі пульстену коэффициентімен бағаланады:

                                                                  (7.3)

Жарық ағынының пульстену тереңдігі балласт кедергінің түріне де байланысты. Өйткені ток үзілісінің ұзақтығы және оның ілездік мәндері қисығының пішіні газ – разрядтық шамға тізбектеп қосылған балласт кедергінің түрімен анықталады. Жарық ағынының пульстенуі адамдардың көзіне зиянды әсер етеді, жұмысқа қабілеттілікті төмендетеді. Әсіресе, жарық ағынының периодикалық пульстенуінен пайда болатын стробоскопиялық эффект зиянды келеді. Осы эффектінің әсерінен айналып немесе тербеліп тұрған дененің айналу немесе тербеліс жиілігі жарық ағынының пульстену жиілігіне тең немесе еселі болса, ол дене көзге қозғалмайтындай болып көрінеді, зақымдану қауыптілігін тудырады. Осы себептен козғалмалы бөлшектері бар механизмдер мен машиналар орнатылған өндірістік үйжайларда арнайы сұлбамен қосылатын екі немесе үш люминесценттік шамдары бар қондырғылар қолданылады. Олардың жиынтық жарық ағынынын пульстенуі аз.

Мемлекеттік үлгіқалып бойынша люминесценттік шамдардың орташа қызмет ету мерзімі 12000÷15000 сағат болады. Осы мерзімнің соңында шам жарық ағынының орташа мәні өзінің номинал мәнінің 60%-нан кем болмауы керек. 100 сағат жұмыс істегеннен кейінгі жарық ағыны номинал ағын деп саналады. Люминесценттік шамдардың қызмет ету мерзімі тұтандыру тәсіліне және жиілігіне, балласт кедергінің түріне байланысты келеді. Өйткені әрбір тұтандыруда электродтардың оксид қаптамасы шығьңданады (әсіресе электродтарды алдын ала қыздырмай шамдарды тұтандырғанда).

7.7 сурет – Люминесценттік шамның негізгі сипаттамаларының қоректендіру кернеуі мәніне тәуелділігі

 

Қоректендіретін электр торабы кернеуі ауытқуының люминесценттік шам жұмысының көрсеткіштеріне әсері балласт кедергінің түріне, оның мәніне және шамды электр торабына қосу сұлбасына байланысты келеді. 7.7 суретте люминесценттік шам куатының, тогының, жарық ағынының және кернеуінің сұлбаға берілген кернеуге тәуелділіктері көрсетілген.

 Электр торабы кернеуінің жоғарылауы да, сондай - ақ төмендеуі де люминесценттік шамның қызмет ету мерзімін қыскартады. Өйткені екі жағдайда да электродтар оксид қаптамасы бөлшектерін тозаңдату өседі: кернеу жоғарылағаңда - электродтардың өте қызуынан, ал кернеу төмендегенде - шамды тұтандыру үшін стартердің жиі-жиі іске косылуынан болады.

 Қоректендіретін электр торабы кернеуі жоғарылағанда люминесценттік шамдардың жарық бергіштігі төмендейді, ал кернеу төмендегенде - жоғарылайды. Бұл - люминесценттік шамдардың қыздыру шамдарынан ерекшелігі. Қоректендіру кернеуінің темендеуі люминесценттік шамның тұтануын айтарлыктай нашарлатады.

Жалпы мақсатқа арналған люминесценттік шамдар температурасы +15 0С-тан +40 0С-қа дейін болатын ортада жұмыс істеуге есептелінген. Ортаның температурасы +10 0С-тан төмен болса шамның сенімді тұтануын қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер (шамды сыртқы ортадан оқшаулау, арнайы сұлбалар пайдалану және т.б.) қолдану керек.

Қоршаған ортаның ылғалдылығы шамның тұтану кернеуіне әер етеді. Ауаның ылғалдылығы 75÷80% болғанда шамды тұтандыру үшін ең үлкен кернеу керек болады.

Люминесценттік шамдардың қыздыру шамдарына қарағанда мынадай артықшылықтары бар:

1) сәулеленуінің спектрлік құрамының қолайлылығы;

2) жарық бергіштігінің айтарлықтай жоғарылылығы (куаты бірдей шамдарға 4÷6 есе);

3) жарықтылығаның едәуір аздығы;

4) қызмет ету мерзімінің көптігі.

Люминесценттік шамдардың қыздыру шамдарымен салыстырғанда мынадай кемшіліктерін айтуға болады:

1) қосымша қымбат бағалы жүргізу-реттеу аппаратын қажет қылатын электр торабына қосу сұлбасының күрделілігі;

2) жұмыс істеу көрсеткіштерінің қоршаған орта жағдайларына
байланыстылығы;

3) жарық ағынының пульстенуінен стробоскопиялық құбылыстың болуы;

4) бірлік қуатының кішілігі;

5) жұмыс сенімділігінің төменділігі.[kgl]

[gl]ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ШАМДАРҒА АРНАЛҒАН ЖҮРГІЗУ-РЕТТЕУ            

                                                АППАРАТТАРЫ[:]

Люминесценттік шамның тұтануын, кернеу берілген шекте ауытқығанда оның әдеттегідей режимде жұмыс істеуін, шам тұтанғанда және жұмыс істеп тұрғанда пайда болатын радиобөгеулерді басуды қамтамасыз етуге арналған элементтер жиынтығы жүргізу-реттеу аппараты (ЖРА) деп аталады.

ЖРА-на мынадай талаптар қойылады: сенімділігі жоғары болуы, өзіңе аз энергия тұтынуы, құны мен пайдалану шығындарының аз болуы, қауіпсіздігі және қызмет ету мерзімінің ұзақ болуы.

 Кейбір ЖРА "шам - ЖРА" жинағының қуат коэффициентің қажетті деңгейге дейін жоғарылатуға қамтамасыз етеді. Олар өтемделген ЖРА-ы деп аталады. Индуктив немесе индуқтив-сиымдылық балласт элементтер пайдаланылатын ЖРА қуат коэффициентінің қажетті мәнін қамтамасыз етпейді. Олар өтемделінбеген ЖРА деп аталады. ЖРА-ы люминесценттік шамдарды тұтандыру тәсілдеріне байланысты мынадай кластарға бөлінеді: электродтарды алдын-ала қыздырумен импульстік тұтандыратын ЖРА, электродтарды тұрақты қыздырумен ыстықтай тұтандыратын ЖРА, салқыңдай (ілездік)тұтандыратын ЖРА.

 

8.1 ЭЛЕКТРОДТАРДЫ АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУМЕН ИМПУЛЬСТІК ТҰТАНДЫРАТЫН ЖҮРГІЗУ-РЕТТЕУ АППАРАТТАРЫ

 

Электродтарды алдын ала қыздырумен импульстік тұтандыратын ЖРА люминесценттік шамдарды стартер арқылы қосуға арналған. Мұндай ЖРА-ның құрылысы мен жұмысы бұрын қаралды. Екі люминесценттік шамды "тарамдалған фазалы" сұлба бойынша электр торабына қосуға арналған ЖРА (8.1 сурет) олардың жиынтық жарық ағынының пульстенуін төмендетуге және құрылғының қуат коэффициентін жоғарылатуға пайдаланылады. Ш1 шам индуктив балластпен (Др1), ал Ш2 шам құрамалы балластпен (С2 + Др2) қосылғандықтан, Ш1 шамның тогы торап кернеуінен 60 бұрышқа кешігеді, ал Ш2 шамның тогы кернеуден 60 бұрышқа озады.

8.1 сурет – «Тарамдалған фазалы» сұлба бойнша люминесценттік шамдарды қосу сұлбасы

    

Токтардың ығысуынан шамдардың жарық ағындары бір-бірінен 120 бұрышқа ығысады. Бұл шамдардың жиынтық жарық ағынының пульстенуінің төмендеуін қамтамасыз етеді (8.2 сурет).

8.2 сурет - «Тарамдалған фазалы» сұлба бойнша қосылған шамдар жарық ағынының пульстенуі

 

Бір шамның тогы торап кернеуінен озғандықтан, ол екінші шамның тогы торап кернеуінен кешіккендіктен құрылғының қуат коэффициенті бірге жуық (8.3 сурет).

8.3 сурет -«Тарамдалған фазалы» сұлбада токтардың векторлық диаграммасы

 

Кернеудің номинал мәнінен ауытқуында осьндай сұлба бойынша қосылған шамдардың жиынтық жарық ағынының тұрактылығы бір шамдық ЖРА-мен салыстырғанда жоғары. Бір шамдық ЖРА-мен салыстырғаңда екі шамдық ЖРА-ы пайдаланғанда құрылғының габариттік мөлшері кіші, массасы аз, үнемділігі жоғары болады.

127 В кернеуге есептелген қуаты 20 Вт және одан кіші болатын шамдарды кернеуі 220 В электр торабынан қоректендіру қажет болғак жағдайда люминесценттік шамдарды тізбектен қосуға арналған ЖРА пайдаланылады (8.4 сурет). Ш1 және Ш2 шамдардың қуаттары тең болуы керек. Дроссельді Ш1 және Ш2 шамдардың қуаттары қосындысы бойынша тандап алады және оның "ортаншы" - электродтарды қыздыратын қосымша орамасы Wқос болуы керек.

Стартерді электр торабының номинал кернеуіне байланысты таңдап алады.

Сұлбаның негізгі кемшілігі - ЖРА-да қуат шығының жоғарылататың дроссельдің қосымша орамасының болуы.

8.4 сурет – Люминесценттік шамдарды тізбектеп қосу сұлбасы

 

Бір шам жұмыстан шықса екінші шамда жұмыс істемейді. Стартер люминесценттік шамды электр торабына қосатын сұлбаның ең сенімсіз элементі болып саналады. Өйткені оның электрлік параметрлері тұрақсыз, қызмет ету мерзімі аз және ол мерзім іске қосылу санына тәуелді келеді.

Стартердің осы кемшіліктері шамның қызмет ету мерзімің қысқартады, ЖРА-ның асқын қызуына және оның жұмыстан шығуына әкеледі.

Шала өткізгіш элементтердің вольт – амперлік сипаттамаларының ерекшеліктері оларды солғын разряд стартерлерінің орнына пайдалануға мүмкіндік береді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.