Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





НЕГІЗГІ ЖАРЫҚ ШАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ 9 страница



 

12.3 ЖАРЫҚ КӨЗДЕРІН ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШТАРДЫ ТАҢДАП АЛУ

 

Жарық көзі мен жарықтандырғыштың типін дұрыс тандал алу жобаланылатың қондырғының техникалық және экономикалық тиімділігін, сенімділігін және бұзылмай ұзақ уақыт жұмыс істейтіндігін белгілейді.

Жарық көзінің типі бөлменің өзгешелігі мен биіктігіне, нормаланған жарыкталынуға, жарықтандырудың жүйесі мен түріне, архитектуралық шешімдерге және т.б. себепкершарттарға байланысты таңдап алынады. Бөлмедегі нормаланған жарықталыну 50 лк-тен жоғары болғанда люминесценттік шамдар, ал ол мәннен төмен болғанда қыздыру шамдарың пайдалану ұсынылады. Әкімшілік, қоғамдық, өндірістік және басқа ғимараттарда, қосымша бөлмелерден басқаларында, жалпы жарықтандыруға люминесценттік шамдарды пайдалану дұрыс деп саналады. Негізгі өндірістік мақсатқа арналған ауыл шаруашьшық үйжайларында (мал тұратын бөлмелер, профилакториялар, мал азығын дайындайтын цехтар және т.б.) жалпы жарықтандыруға "Салалық нормалар" бойынша люминесценттік шамдарды пайдалану ұсынылады. Егер люминесценттік шамдарды пайдалануға техникалық мүмкіншілік болмаса немесе архитектуралық шешімдері талап етсе, бұл жағдайларда қыздыру шамдары қолданылады.

Жылытылмайтын үйжайларда люминесцентік шамдар пайдаланылмайды. Жалпы люминесценттік шамдарды мына жағдайларда пайдалану ұсынылады:

а) түстің түрін айырып тану қажет болатын жұмыстар орындалатын бөлмелерде;

б) ұзақ уақыт көз тігу қажет болатын жұмыстар орындалатын бөлмелерде;

в) табиғи жарық түспейтін бөлмелерде, егер олардың ішінде адамдар ұзақ уақыт болатын болса;

г) мал қораларында, егер олар мал мен құска жағымды әсер етсе және өнімділікті жоғарылатса.

Үйжайдың биіктігі 4 м және одан жоғары болганда ДРЛ, ДРИ типті шамдарды пайдалану дұрыс келеді, кәсіпорындарының территориясын сыртқы жарықтандыруға да осы шамдарды пайдалану ұсынылады.

Жарықтандыратың қондырғыларды жобалауда қондырғының сенімділігі, тиімділігі және үнемділігі жарықтандырғыштыш типіне байланысты болады. Сондықтан жарыктандырғышты таңдап алу оның жарық-техникалық сипаттамасына, қоршап тұрған ортаның ерекшелігіне, кондырғының тиімділігіне орай орындалады.

Әдеттегі жағдайлы орталы (кұрғақ, жылытылатың) үйжайларда қорғалмаған жарықтандырғыштардың барлық типтерін пайдалануға болады. Ылғалды және дымқыл үйжайларда да қорғалмаған жарықтандырғыштарды қолдануға болады, бірақ бұл жағдайда патронның тұрқы ылғалға төзімді материалдан міндетті түрде дайындалған болуы керек.

Ерекше дымқыл және химиялық активті орталы жағдайларда жарықтандырғыштың құрастырылымдық элементтері және пайдаланылған электр сымның изоляциясы қоршап тұрған ортаның әрекетіне қарсы тұра алатындай болуы керек (УПД, НСП, ПВЛМ типті жарықтандырғыштар). Өрт қаупі бар үйжайларда өрт қауіптілігінің дәрежесіне байланысты әр түрлі орындалған жарықтандырғыштарды пайдалануға болады. Қопарылыс қаупі бар үйжайларда пайдаланылатын жарықтандырғыштардың, құрастырылымына өте қатаң талаптар қойылады (ВЗГ, В4А, РВЛ типті жарықтандырғыштар).

Жарықтандырғыштардың жарық таратуы жарықтандырғыштарды берілген жағдайларда пайдалану тиімділігін анықтайтын олардың негізгі сипаттамасы. Ол жарықтандырғыштардың жарық күштері қисықтарының кластарымен және типтерімен сипатталады.

Қабырғаларының және төбесінің шағылысу коэффициенті төмен келетін үйжайларды жарықтандыруға тура бағытты жарықты (П) жарықтандырғыштарды, ал қабырғалары мен төбесінің шағылысу коэффициенттері жоғары болатын үйжайларда негізінде тура бағытты жарықты (Н) жарықтандырғыштарды пайдалану орынды келеді.

Жұмыс орындары қалай болса солай орналасқан кейбір өндірістік    үйжайларда шашыраңқы жарықты (Р) жарықтандырғыштар пайдалануы мүмкін. Шағылысқан жарықты (0) және негізінде шағылысқан жарықты (В) жарықтандырғаштар өндірістік үйжайларда қолданылмайды. Үйжайдың биіктігі жоғары ал индексі кіші болғанда шоғырланған (К) немесе созыңқы (Г) типті қисықты (жарық күшінің кисығы) жарықтаңдырғыштарды пайдалану ұсынылады. Үйжайдың биіктігі төмен, ал индексі көп болғанда косинустық (Д) немесе жартылай жалпақ (Л) типті қисықты жарықтандырғыштар қолданылады.

 

12.4 ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШТАРДЫ БӨЛМЕДЕ ОРНАЛАСТЫРУ

 

Жарықталынудың жарықталынатың бетте таратылуы жарықтандырғыштар жарық күші кисығаның сипатымен және олар аралығындағы салыстырмалы қашықтықпен анықталады. Жарықтандырғыштар аралығындағы L қашықтықтың олардың жұмыс беті үстінде іліну Һ биіктігіне L/һ қатынасы жарықтандырғыштар аралығындағы λ салыстырмалы қашықтық деп аталады. Жарық күші кисығының әр типіне келетін жарықтандырғыштар аралығындағы ең пайдалы салыстырмалы кашықтық болады. Осы қашықтық жарықтанлынудың жұмыс бетінде бір қалыпты таратылуын қамтамасыз етеді. Жалпы бір қалыпты жарықтандыруда жарықтандырғыштарды квадраттың бұрыштарына және ромбының бұрыштарына (шахматтық) орналастыру жиі пайдаланылады (12.1 сурет).

 

12.1 сурет - Жалпы бір қалыпты жарықтандыруда жарықтандырғыштарды

орналастыру варианттары:

а-квадраттық бұрыштарына; б-ромбының бұрыштарына.

     

Жарықтандырғыштарды әрқашанда квадраттың бұрышында орналастыруға нақтылы жағдайларда мүмкіншілік болмауы мүмкін. Сондықтан жарықтандырғыштарды төртбұрыштың бұрыштарында орналастыруға тура келеді. Осы жағдайда оның үлкен Lа қабырғасының кіші Lв қабырғасына қатынасы 1,5 аспағанда дұрыс болады, яғни Lа : Lв < 1,5.

12.1 кестеде жарықтандырғыштардың ең кең таралған типтеріне оптимал салыстырмалы қашықтықтар берілген.

 

12.1 кесте - Оптимал салыстырмалы қашықтықтар

Жарық тарату сипаты

Жарықтандырғаштар аралығындағы салыстырмалы қашықтық

люминесценттік шамдар қыздыру шамдары
Шоғырланған  (К) 0,6 0,6
Созыңқы          (Г) 0,9 1,0
Косинустық     (Д) 1,4 1,6
Бірқалыпты     (М) 2,0 2,6
Жартылай жалпақ (Л) 1,6 1,8

 

Жарықтандырғыштардың көрші қатарларының аралығындағы мүмкін қашықтық қатардағы жарықтандырғыштар аралығындағы қашықтықтан айтарлықтай кіші болса жарықтандырғыштарды шахматтық тәртіппен орналастырады.

Бөлме қабырғасы маңында жұмыс беті болса, қабырғадан жарықтандырғыштардың шеткі қатарына дейінгі қашықтық ℓ=(0,25...0,3)L болып қабылданылады. Басқа жағдайларда ол қашықтық ℓ=(0,3...0,5)L болады.

Ені 4...8 м-ден аспайтын сыртқы өтпелі жолдар мен жерлерді жарықтандыруда жарықтандырғыштарды әдетте олардың бір жағының; бойымен бір қатар орналастырады.[kgl]

 

[gl]12.5 ЖАРЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР[:]

 

Жарықтандыратын қондырғыны есептеу мақсаты - көрудің белгіленген жағдайын қамтамасыз етуге қажетті жарық көздерінің қуатын анықтау.

Жарық - техникалық есептеуді бастау үшін алдымен жарықтандыратын қондырғының мына параметрлерін таңдап алу керек: нормаланған жарықталыну деңгейінің жарықтандырудың жүйесі мен түрлерін, жарық көзін, жарықтандырғыштардың типін және олардың бөлмеде орналастырылуын.

Есептеу нәтижесінде жарықтандырғыштардың қажетті жарық ағының анықтайды. Жарық ағынының мәні бойынша қажетті типті үлгіқалыптық шамның қуатын анықтайды. Іс жүзінде жарық ағыны есептік мәннен өзгеше болатын шамды таңдап алуға тура келеді. Таңдап алған шамның жарық ағыны есептік мәннен -10 %-ке немесе +20 %-ке өзгеше болмауы керек.

Кейбір жағдайларда жарықтандырғыштардың орналасуы және қуаты белгілі болғанда жұмыс бетіндегі жарықталыну деңгейін анықтау қажет болады, яғни тексермелік есептеу орындау керек.

Қазіргі уақытта жарық-техникалық есептеу айтарлықтай бірыңғайландырылған және көптеген анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілген. Олар есептеуді недәуір жеңілдетеді.

Жарық-техникалық есептеуде шамдардың куатын анықтау үшін екі негізгі әдістер пайдаланылады: жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісі және нүктелік әдіс. Кейбір қарапайым жағдайларда меншікті қуат әдісін немесе тікелей нормативтер кестесін пайдаланады.

 

12.6 НҮКТЕЛІК ӘДІС

 

Нүктелік әдіс қалай болса солай орналасқан жазықтықта жарықтандырғаштар әр түрлі тәртіппен орнатылғанда жазықтықтың кез келген нүктесінде белгіленген жарықталыну деңгейін жасауға қажетті шамдардың жарық ағының анықтауға мүмкіншілік береді.

Әдіс жалпы жергіліктелінген жарықтандыруды, жергілікті жарықтандыруды, жазық емес (көлбеу, тік және т.б.) жұмыс беттерінің жарықталыну деңгейін және сыртқы жарықтандыруды есептеуге пайдаланылады. Әдісті тікелей және тексермелік есептеулерге де пайдалануға болады.

Әдісте жарықтандыратың қондырғының қажетті жарық ағыны мына шарт бойынша анықталады: жарықталынатын беттің кез келген нүктесінде жарықталынудың мәні мен нормаланған деңгейден кемболмауы керек. Жарықтандырғыштардың орналасуы көрсетілген бөлменің планында жарықталыну деңгейі аз болуы мүмкін бақылау нүктелер белгіленеді. Осы нүктелердің әркайсысына жарықталыну мәні есептелінеді.

Жарықтандырғыштардың жарық ағыны белгісіз болғандықтан жарықталынудың дәл мәнін емес, оның шартты мәнін есептейді, ягни осы нүктелерде жарық ағыны 1000 лм болатын шартты шамдары бар жарықтандырғыштармен жасалынатың жарықталыну деңгейі анықталады. Жарықталыну деңгейі ең кіші болатын нүкте есептік нүкте ретіңде қабылданылады. Одан арғы есептеудің мақсаты - есептік нүктелердегі жарықталыну мәні нормаланған деңгейден кем болмауға қажетті жарықтандырғыштардың ағының анықтау.

Егер нүкте бірнеше жарықтандырғыштармен жарықталынса, оның жарықталыну деңгейі әрбір жарықтаңдырғаш жасаған жарықталынулар мәндерінің қосындысымен анықталады. Жарықтандырғыштардың жарық күшінің анықтамалық қисықтары жарық ағыны 1000 лм болатын шартты шамға түрғызылады. Осы қисықтар көмегімен анықталған жарықталыну шартты жарықталыну деп аталады.

12.2 сурет – Нүктелік әдіспен жарықталыну деңгейін есептеуге

 

Бақылау нүктедегі жарықталыну деңгейін есептегенде тек осы нүктеге жақын орналасқан жарықтандырғыштарды есепке алады. Бірақ бақылау нүктеде жарықталыну деңгейін жасауға одан қашықтықта орналасқан жарықтандырғыштарда қатысу мүмкін. Бақылау нүктеден кашықтықта орналасқан жарықтандырғыштардың әрекеті қосымша жарықталыну коэффициенті μ арқылы есепке алынады. Әдетте μ =1,05...1,2 қабылдайды.

Пайдалану кезінде жарық көздерінің жарық ағыны азаяды, жарықтандырғыштар шаң болып қалады және қоршаған орта әрекетінен жарықтандырғаштардың шағылыстыратын қасиеттері төмендейді. Осы себептерден жарықтандырғыштардың жарық ағыны айтарлықтай азаяды, сондықтан жұмыс бетінің жарықталыну деңгейі төмендейді. Жоғарыда келтірілген себепкершарттардың әсерін азайту үшін жарық көздерінің жарық ағынын анықтауға арналған формулаға қор коэффициенті Кқ енгізіледі.

Коэффициенттің мәні жарық көзінің типіне, қоршаған ортаның жағдайларына, жарықтандырғыштарды бір жыл ішінде тазарту жиілігіне байланысты келеді.

  Жарықталынудың шын мәнін анықтау үшін шартты жарықталыну мәнін қабылданылған шам жарық ағынының шартты 1000 лм жарық ағынынан өзгешелігін ескеретін коэффициентке көбейту керек болады. Сонымен қатар жарықтандырғыштың мәлім бағыттағы жарық күші мен шам жарық ағынының арасында пропорционалдық бар деп жорамалданады. Соңда бақылау жарықталынудың шың мәнін былай анықтауға болар еді:

                               

  Бірақ қосымша жарықталыну және кор коэффициенттерін есепке алу керек.

12. 2 кесте - Қор коэффициентінің мәндері

Объектінің сипаттамасы

Қор коэффициенті

Жарықтан-

дырғыштарды тазарту жиілігі

Қыздыру шамдары пайдалаңылғанда Люминесценттік шамдар пайдаланылғанда
Шаң, түтін немесе күйе көп бөлінетін үйжайлар (диірмен және т.б.) 1,7 2,0 Бір айда 4 рет
Шаң, түтін немесе күйе орташа бөлінетін үйжайлар (ағаш өңдейтін шеберханалар және т.б.) 1,5 1,8 Бір айда 3 рет
Шаң, түтін немесе күйе аз бөлінетін үйжайлар (қоғамдық-тұрмыстық үйжалар және т.б.) 1,3 1,5 Бір айда 2 рет
Жарықтандырғаштармен сыртқы жарықтандыру 1,3 1,5 Бір жылда 3 рет

 

Осы жағдайларды ескергенде, жұмыс бетінің кез келген нүктесіндегі жарқталыну деңгейін ЕА тексермелік есептеуде мына формула қолданылады:                                                 

                                                                      (12.4)

ал тікелей есептеуде шамның қажетті жарық ағыны Ғш анықталады және (12.4) формула мына түрге түрлендіріледі:

                                                                   (12.5)

мұндағы Fш - шамның жарық ағыны, лм; Ен- нормаланған жарықталыну деңгейі, лк; μ- қосымша жарықталыну коэффициенті; Кқ,- қор коэффициенті; ∑е - бақылау нүктеге жақын орналасқан жарық ағыны 1000 лм болатын шартты шамдары бар жарықтандырғышпен жасалынған жалпы шарттық жарықталыну:

                                           

Әрбір жақын жарықтандырғыштармен жасалыңған шарттық жарықталынуды     анықтау үшін бөлме планында жарықтандырғыштарды орналастырады, жарықталыну деңгейі ең кіші болатын бақылау нүктені белгілейді және бөлме планында жақын орналасқан жарықтандырығыштардан бақылау нүктеге дейінгі қашықтықтарды анықтайды. 12.2 суретте келтірілген жағдайға d1, d2 және d3 қашықтықтар анықталады.  тангенстері бойынша жарық сәулесінің әрбір жарықтандырғыштан А есептік нүктеге α1, α2, α3 түсу бұрыштарының және сол бұрыштарға сәйкес Соs3α1 , Соs3α2 , Соs3α3 мәндерін анықтайды.

Бақылау нүктеде әрбір жарықтандырғышпен жасалынған шарттық жарықталынуды мына формуларлар бойынша есептейді:

         ; ; , (12.6)

мұндағы Іα1, Іα2, Іα3 - жарықтандырылатын бағытындағы жарықтандырғыштың жарық күші, кд; Һе - есептік биіктік, м.

                                         Һе= Н - Һс - Һж.б.                           (12.7)

мұңдағы Н - бөлме биіктігі, м; Һе - жарықтандырғыштың салбырама биіктігі, м (ілмелі жарықтандырғыштарға - Һе=0,3...0,5 м); Һж.б. - жұмыс бетінің биіктігі, м.

Шартты жарықталыну мәнін жарықтандырғыштардың әрбір типіне тұрғызылған кеңістіктік изолюкстер қисыктарын пайдаланумен де анықтауға болады.

(12.4) формула бойынша бақылау нүктеде анықталған жарықталыну мәнінің нормаланған жарықталыну деңгейінен айырмашылығы +20 ...-10 проценттен көп болмауы керек.

Тікелей есептеуде (12.5) формуламен анықталған Fш жарық ағыны мәні бойынша анықтамалық әдебиеттен Рш үлгіқалыптық қуатты шам таңдап алады. Содан кейін мына формуланың көмегімен бөлменің жарықтандыратын қондырғаларының жалпы қуатын анықтайды:

                                         Рж.қ.=Рш· N , Вт                          (12.8)    

мұндағы N - бөлмедегі шамдар саны.

 

12.7 ЖАРЫҚ АҒЫНЫН ПАЙДАЛАНУ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ ӘДІСІ

 

Бұл әдіс жабық үйжайлардың жазық жұмыс беттерін жалпы бір қалыпты жарықтандыруды есептеуге пайдаланылады. Әдісті жергіліктелінген, сыртқы және жергілікті жарықтандыруды, сондай-ақ көлбеу жазықтықтарды жарықтандыруды есептеуге пайдалануға болмайды.

Әдіс мына белгілі қарапайым қатынасқа негізделінеді:

,

мұндағы Е - орташа жарықталыну, лк; F - жарықталынатын бетке түсетін жарық ағыны, лм; S - жарықталынатын беттің ауданы, м2.

Әр түрлі шығындарға байланысты жарықталынатың бетке жететін жарық ағыны жарықтандыратың қондырғы шамдарының жалпы жарық ағынынан  айтарлықтай кем болады. Қабырғаларының, төбесінің және жұмыс бетінің шағылыстыру коэффициенттері белгілі бөлмеде саңы және типі белгілі жарықтандырғыштар бір қалыпты орңаласқанда жарық ағынын пайдалану коэффициенті былай анықталады:

                                 ,                                      (12.9)

мұндағы Fе.б - есептің бетке жететін жарық ағыны, лм; Fж.қ- жарықтандыратын қондырғы жарық көздерінің жалпы жарық ағыны, лм.

Жарық ағынын пайдалану коэффициенті жарықтандырғыштын п.ә.к.- не тура пропорционал және мына себепкершарттарға тәуелді келеді:

а) қабырғалардың, төбенің және жұмыс бетінің түсіне;

б) жарықтандырғыштың жарық тарату сипатына; жарық тарату кисығы енсіз болған сайын коэффициент U жоғарылайды;

в) есептіқ биіктікке; биіктік азайған сайын коэффициент U өседі;

г) бөлменің ауданына; аудан үлкейген сайын коэффициент U жоғарылайды;

д) бөлменің пішініне; бөлменің пішіні квадратқа жақындаған сайын коэффициент U өседі.

Қор коэффициентін ескергенде жарықталынудың орташа мәні мына өрнек бойынша анықталуы мүмкін:

                                                                           

мұндағы F - бір жарықтандырғыш жарық көздерінің жарық ағыны, лм; N -жарықтандырғыштар саны; U - жарық ағынын пайдалану коэффициенті; S -жарықталынатын бөлменің ауданы, м2; Кқ – қор коэффициенті.

 Әдетте есептеуді орташа жарықталыну мәнімен емес минимал жарықталыну коэффициентін есепке алумен минимал нормаланған жарықталыну деңгейі бойынша орындайды:

                                      

Жарықтандырғыштарды бір-бірінен ең пайдалы ара қашықтыққа жақын қашықтықта орналастырғанда Z=1,1...1,2 деп қабылданылады. Жарық ағынын пайдалану коэффициенті әдісінің негізгі формуласы:

                                                         (12.10)

 

12.3 - Қабырғалар мен төбенің шағылыстыру коэффициенттері

Шағылыстыратын беттің сипаты Шағылыстыру коэффициенті, %
Төбесі ақталған, қабырғалары ақталған, терезелері ақ перделермен жабылған
Қабырғалары ақталған, тезелері перделермен жабылған; дымқыл үйжайда төбе ақталған; таза бетон және ашық түсті ағаш төбе
Лас үйжайларда бетон төбе; ағаш төбе, терезелері бар бетон қабырғалар; ашық түрлі-түсті кағазбен желімделген кабырғалар
Көп көлемде қара түсті шандар болатын үй-жайлардағы қабырғалар мен төбелер; перделерсіз, тұтас шынымен қапталған; сылақталмаған қызыл кірпіш; қара түрлі-түсті қағазбен желімделген қабырғалар

 

Жарық ағынын пайдалану коэффициентінің мәні жоғарыда келтірілген себепкершарттарға байланысты анықтамалық кестелер бойынша таңдап алынады. Анықтамалық кестеде бөлме пішінінің әсері бөлме индексі арқылы есепке алынады. Ол көрсеткіш мына өрнек бойынша анықталады:

                                             ,                             



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.