Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Тақырып  Қазақстан республикасының әкімшілік құқығының негіздері.



Тақырып  Қазақстан республикасының әкімшілік құқығының негіздері.

1. Әкімшілік құқық пәні, әдістері және жүйесі.

2. Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы және түрлері, оларды жүзеге асыру.

3.  Әкімшілік құқықтың қағидалары.

4. Әкімшілік құқық субьектілері. Заңды тұлға түсінігі және негізгі ерекшеліктері.

5.  Заңды тұлғалардың түрлері және нысандары. Мемлекеттік кәсіпорын.

 

Әдебиеттер

  1. Е. Баянов. Әкімшілік құқық. Оқулық. – Алматы , 2007
  2. А. Таранов. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы. – Алматы , 2003

 

Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі. Атқару билік саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігі. Қазақстан Республикасы Үкіметі.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары. Мемлекеттік қызмет туралы құқықтану актілерінің жүйесі.

 

  Әкімшілік құқық Қазақстан құқығы жүйесінің дербес бір саласы ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар, негізінен әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылатын мемлекеттік басқару аясында қалыптасады.

Әкімшілік құқық – құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Соның ішінде:

  1. Атқарушы биліктің міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктері тікелей жүзеге асырылатын қатынастар.
  2. Заң шығарушы және сот биліктері субъектілері, сондай-ақ прокуратура органдары қызметінің процесінде пайда болатын ішкі ұйымдастырушылық сипаты бар қатынастар.
  3. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне мемлекеттік-биліктік сипаты бар өкілеттіктер берілген болса, онда олардың атқарушы органдарының қатысуымен пайда болатын қатынастар.
  4. Қолданылып жүрген заңнамаларда тікелей қаралған жағдайларда қоғамдық бірлестіктердің және өзге мемлекеттік емес құрылымдардың қатысуымен болатын қатынастар.

  Әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарды, олардың арналымы мен реттеудің мақсаттарына байланысты екі топқа бөлуге болады.

  Ішкі (ішкі ұйымдастырушылық немесе ішкі жүйелік) басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасалған кезде пайда болады.

Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқаратын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады.

Әкімшілік құқық ҚР құқық жүйесінің саласы ретінде құқықтық нормалардың үлкен көлемді жиынтығы, олардың мақсаты басқарушылық қоғамдық қатынастардыреттеу болып табылады. Бұл қатынастар әр түрлі және әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі көлемі болуына байланысты, оларды белгілі бір шамада жүйелеуге болады, соның нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды бірыңғай кешендер бойынша топтастыру жүзеге асырылады.

   Басқарушылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясындағы олардың қатысушыларының тиісті мінез-құлқының шекарасын айқындайтын әкімшілік-құқықтық нормалардың көмегімен жүзеге асырылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалар, сонымен, мемлекет тағайындайтын мінез-құлықтың ережелері болып табылады, олардың мақсаты атқарушы билік механизмінің қызметі аясында (мемлекеттік басқару аясында) пайда болатын, өзгертілетін және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттеу.

Сондықтан, бұл құқықтық нормаларда тиісті мінез-құлықтың белгілі бір түрі не міндеттеледі, не нормалармен қаралған жағдайларды сақтағанда оған ерік беріледі (рұқсат етіледі),немесе, ақыр соңында, белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тиым салынады.

   Әлбетте, әкімшілік-құқықтық нормалар кез-келген құқықтық нормаға тән болатын қасиеттер көрініс табады. Соған сәйкес олар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын, сондай-ақ құқықтарды бұзған және міндеттерді орындамаған жағдайда олардың жауапкершілігін белгілейді.

Әкімшілік-құқық нормалары тек азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарының реттелетін басқарушылық қатынастар аясындағы құқықтары ғана емес, сонымен қатар атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тиым салуды да, сондай-ақ олардың қатынастың екінші тарабының құқықтарын елемеген үшін жауапкершілігін де қамтитын, заңдық кепілдіктерін де бекітеді.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың өздерінің реттеушілік бағыттылығына және заңдық мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Құқықтық нормаларға тән, оларда қаралған заңдық биліктік нұсқамалардың мақсаттарына сәйкес екі түрге бөлінеді. Олар материалдық және процессуалдық нормалар. Материалдық әкімшілік-құқықтық нормалар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттерінің, құқықтарының кешенін, сондай-ақ жауапкершілігін, яғни шындығында олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін бекітеді.

  Әкімшілік құқықтың процессуалдық нормалары басқарушылық қатынастардың оларға материалдық құқық нормаларымен бекітілген міндеттер мен құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.

  Әкімшілік-құқықтық нормаларды топтастырудың келесі түрі оларды нақты заңдық мазмұны бойынша топтастыру: а) міндеттейтін, яғни, осы нормамен қаралған белгілі бір іс-әрекеттерді міндетті түрде жасауға заңдық биліктік нұсқама бар нормалар, б) тиым салатын, яғни осы нормамен қаралған белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға тиым салатын заңдық биліктік нүұсқама бар нормалар, в) уәкілеттік беретін, немесе ерік беретін, яғни нормаларда қаралған шарттар бойынша өз қалауы бойынша іс-әрекет жасау мүмкіндігі қаралған нұсқамалар, г) ынталандыратын (көтермелейтін), яғни бұл сияқты нормаларда басқарушылық қатынастардың қатысушыларына олардың тиістімінез-құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық немесе моральдық ықпал жасаудың тиісті құралдары бекітіледі, д) ұсынылатын нормалар, олардың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларына тиісті міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді түрі ұсынылады.

  Әкімшілік-құқықтық нормалар кімдерге арналғандығы бойынша төмендегідей топтастырылады:

  1. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін.
  2. Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметін.
  3. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын.
  4. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет атқаруының негіздерін.
  5. Әр түрлі коммерциялық, оның ішінде жеке меншіктік құрылымдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің кейбір жақтарын.
  6. Қоғамдық бірлестіктердің әкімшілік құқықтық мәртебесін регламенттейтін нормаларды бөлуге болады.

Әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру оларды қаралған мінез-құлық ережелерін басқарушылық қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында нақты пайдалану болып табылады.     

   Әкімшілік құқықтың субъектілері жеке-дара және ұжымдық болулары мүмкін.

   Қазақстанның азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар жеке-дара субъектілер болып табылады. Олардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді де жатқызуға болады. Ұжымдық субъектілерге әр түрлі мемлекеттік (атқарушы билік органдары, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен олардың бірлестіктері, дербес құзырет берілген атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелері) және мемлекеттік емес (қоғамдық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің атқарушы органдары, коммерциялық құрылымдар) ұйымдар жатады. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет – әкімшілік-құқық субъектілігі. Әкімшілік-құқық субъектілігі құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттілік және әкімшілік әрекет қабілеттілік. Атқарушы органдардың әкімшілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. ҚР өзін де, оның жергілікті әкімшілік- аумақтарын да әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде қарауға болады. Олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға тікелей қатыспайды. Әкімшілік әрекет қабілеттілік олардың өкілі болып табылатын атқарушы билік органдарына тиісілі. Мысалы, қатынастардың субъектілері, республика немесе облыс емес, олардың әкімшілігі болып табылады.

Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат-міндеті мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі жөнінен әр түрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызмет атқарады.

Ұйым-деп өзінің органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар (бірнеше адамнан бірнеше мыңдарға дейін) қызметкерлер ұжымы түсініледі.

Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болады.

  Ұйымдар өзінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив) және коммерциялық емес (мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік т.б.) болып табылады.   

  Қызметтің түрі бойынша түрлері: кәсіпорындар, мекемелер, азаматтық қоғамдық бірлестіктер т.б. ұйымдар ажыратылады.

   Меншік түрлері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

   Кәсіпорын мынадай ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылуы мүмкін: шаруашылықсеріктестік, акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, өндірістік кәсіпорын т.б. Кәсіпорын – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект.

  Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтай құжаты оның жарғысы болып табылады, оны кәсіпорынның құрылтайшысы бекітеді. Мемлекеттік емес кәсіпорындар өз қызметін жарғының немесе құрылтай шарты мен жарғысының не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Кәсіпорын әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.

 

    

      

 

     

    

 

 

      

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері.       

1. Азаматтық құқық түсінігі. Азаматтық құқықты реттеу пәні, әдісі.

2. Азаматтық-құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

3. Азаматтар азаматтық құқықтың субьектісі ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі. Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің түсінігі және түрлері.

4. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтың субьектісі ретінде, олардың түрлері.

5. Мәмілелер және азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуының өзге де негіздері. Мәміле нысаны.

6. Азаматтық құқықтарды қорғау және жүзеге асыру. Азаматтық құқықтағы мерзімдер.

7. Меншік құқығының түсінігі. Меншік иесінің өкілеттіліктері.Меншік құқығының пайда болуының және тоқтатылуының негізгі тәсілдері. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша меншік нысандары. Мемлекеттік меншіктің түрлік сипаттамасы. Жеке меншіктің түсінігі және түрлері.

8. Өзге де заттық құқықтың түсінігі және жалпы түрлік сипаттамасы. Ортақ меншіктің түсінігі және түрлері.

9. Азаматтардың мүлкіне мұрагерліктің жалпы ережелері, өсиет бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқықтың негізгі ережелері.

10. Міндеттеменің түсінігі және түрлері. Міндеттемелік құқық жүйесі. Міндеттемелік қатынастардың тараптары және өзге де қатысушылары.

11. Шарт міндеттеменің пайда болу негізі ретінде . Шарттың түрлері, үлгілері.

 

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі: Жалпы бөлім. 27 желтоқсан 1994 ж., Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде.  

2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқулық. Алматы, 2001.

    Азаматтық құқық ҚР құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. 

  ҚР азаматтық құқығы тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

  Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктер мен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен т.б.) байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас), мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі. Бір сөзбен айтқанда мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Мүліктік қатынас адамдар арасындағы қатынас болғандықтан ол мүліктік емес қатынастармен біте қайнасып, ұштасып жатады.

ҚР азаматтық заңдары мүліктік емес қатынастардың екі түрін, атап айтқанда, мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 1-тармағы) мен мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы) реттейді. Мүліктік емес жеке қатынастың бірінші тобына мүліктік қатынаспен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастар жатады (авторлық, өнертабыс т.б.). Мүліктік емес қатынастан келіп мәселен, шығарманың авторы үшін мүліктік қатынастың мүліктілігі пайда болады. Сондықтан мүліктік қатынасқа байланысты мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.

   Мүлік қатынасына байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастардың екінші түріне мүліктік қатынасқа қарағанда өзге фактілерге орай және басқа субъектілер арасында да туындайды. Ол жеке адамдар мен ұйымдарға ғана тән әрі олардан ажырамайтын игілік болып табылады, сондай-ақ онда мүлік мазмұны болмайды, ақшамен де бағалауға болмайды.

Мүліктік емес жеке қатынастар ҚР Конституциясымен реттеледі. Конституцияның ІІ бөлімі адам мен азаматтың ажырамайтын құқықтарына арналған.

Құқықтық қатынастарды сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарда қатынастың субъектісі деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері: жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік-аумақтық бөліністер және мемлекет болып табылады.

  Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп ҚР азаматтарын, басқа мемлекеттің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз.

  Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады, яғни азаматтың заңмен бекітілген құқықтарға ие болып, белгілі бір міндеттерді атқара алу қабілеттілігі. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін пайда болып, өздерінің қызметін тоқтатқанда жойылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі болып табылады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіру қажет. Сондықтан да азаматтың әрекет қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді.

Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезденжеке кәсіпкерліктің субъектілеріболып табылады. Түрлері: өзіндік, бірлескен кәсіпкерлік.Өзіндік кәсіпкерліктібір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін езге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.

  Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлгадеп танылады. Түрлері:өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.

  Коммерциялық ұйымдарболып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорыннысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды түлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат.

  Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына, оралымды басқару құқығына негізделген /қазыналық/ кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар бойынша, соның ішінде, кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Заңды түлға қүрмайтын жеке адамдар және де қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік дегеніміз - меншік түрлеріне карамастан, азаматтар мен заңды тұлгалардың, тауарларга (жұмысқа қызметке) сұранымды канагаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуга багытталган, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.

ҚР мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып табылмағанмен азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді.

Мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөліністерінің құқық қабілеттіктері өздерінің алдында тұрған міндеттермен тығыз байланысты. Оның құқық қабілеттілігінің әмбебап болуы да сондықтан дер едік, яғни ол жеке мүдде емес, қоғамдық мүддеге негізделетінін есте ұстаған жөн.

Азаматтық айналымда мемлекет атынан ҚР мемлекеттік басқару және билік органдары өзінің құзыреті шегінде әрекет ету құқығына ие болады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі деп аталады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұймды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық және құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.                    

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады.

Мәмілелер біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін. Заңдарға немесе тараптардың келісімне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты мәміле деп есептеледі. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәміле) келісілген ерік білдіру қажет.

Мәмілеге мынадай белгілер тән: тұлғаның ерік білдіруі, рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет, қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған, мәміле әрқашанда құқықтық салдар туғызады.

Мәміленің түрлері:

  1. Біржақты және екі немесе көпжақты (шарттар);
  2. ақылы және ақысыз;
  3. нақты және консенсуалды;
  4. казуалды және абстрактылы;
  5. шартпен жасалған;
  6. биржалық.

Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі - өсиет қалдыру. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден тұрады. Шарт жасасу үшін екі тараптың не одан да көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет.

Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беру керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. Ал, тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.

Консенсуалды мәмілелер – келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақтылы мәмілені жүзеге асыру үшін келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.

Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірінші жағдайда мәміленің жарамдылығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық).

  Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдер (биржалық мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасалады.

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдірудің сәйкестігі, мәміленің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеу тиіс.

Мәміленің нысаны: мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

  Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің ) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз.

  Өкілеттік өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир) әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Өкілдің субъектілерінің құрамы үш адамнан тұрады - өкілдік беруші, өкіл және үшінші жақтан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері өкілдік беруші бола алады.

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді. Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды.

Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі.

Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.

Заң жағынан қарағанда сенімхат беру – біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті, сондықтан да өкілдің келісімі талап етілмейді. Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді.

Өкілдік беруші қайсыбір құқық өкілеттігін тапсырарда оның мерзімін шектеп, белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат.

Талаптың ескіруі – адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімі дегеніміз – бұл заңда белгіленген мерзім яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету құқығы жойылады, басқаша айтқанда, құқықты еріксіз жүзеге асыру мүмкіндігі жойылады.

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану, оған билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.

Міндеттемелік құқық.Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар.Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады. Шартзат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады. “Екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнату, өзгерту және тоқтату туралы келісімі шарт болып танылады” деп айтылған. Сонымен, шарт - оның тараптарының арасындағы дербес еркінің актісі, бірнеше құжатпен бекітілген болса да, өзара келісімі болып табылады. Шарттың атқаратын қызметi, мақсаты - құқықтар мен міндеттердi орнату, өзгерту немесе тоқтату. Бір тараптың ғана ықтияры (іс-әрекеті) жеткілікті болатын мәмілелер (шарттар) бір жақты болып табылады. Бұл жағдайда басқа тараптың оған деген ықтияры болмайды. Мәселен, өсиетхат жазу, сенімхат, чек беру, мұрадан бас тарту және басқалары бір жақты шарт (мәміле) болып табылады. Бір жақты мәмілені (мысалы, өсиетхат) көбіне-көп бір ғана тұлға жасайды, дегенмен бір жақты мәмілелердің қайсыбірін, мәселен, ортақ сенімхат беруді, жұрт алдында награда беруге уағда етуді, меншік иелерінің (жалға берушінің) мүлік жалдау шартынан бас тартуын және тағы осындайларды бір тарап ретінде әрекет ететін екі немесе одан да көп тұлғалар бірлесе отырып жасауға хақылы. Бір немесе бірнеше нақтылы тұлғаларға жасалған шарт жасасу туралы ұсыныс, егер ол мүмкіндігінше айқын болса және ұсыныс жасаған тұлғаның ол қабылданған жағдайда (акцепт)өзін тәуелдімін деп есептейтін ниетін білдірсе, офертадеп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі талаптары немесе оларды айқындау тәртібі көрсетілген болса, ол жеткілікті түрде айқындалған ұсыныс болып табылады. Шартта тараптардың форс-мажордыңболуы салдарынан міндеттемелерден босатылу жайы алдын ала қарастырылуы қажет. Мұндай жағдайларға әдетте: өрт, су тасқыны, жер сілкіністері, індет, әскери қимылдар, блокадалар, көтерілістер, үкімет шаралары және т. б. жатады. Бірақ, бұл орайда болатыны алдын ала білуге болатын немесе белгілі төтенше жағдайларды форс-мажорға жатқызуға болмайтынын ескеру керек. Азаматтық шарттардың негізгі түрлері: 1. Мүлікті меншікке берудегі міңдеттемелер: - сатып алу-сату шарты (бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісім-шарт жасау, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату); - айырбас шарты. 2. Мүлікті уақытша пайдалануға берудегі міндеттемелер: мүлікті жалдау /аренда/; лизинг; кәсіпорын



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.