Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ықтық қатынастардың теориялық негіздері.



    Құқық функциялары: жалпы әлеуметтік (мәдени-тарихи, тәрбиелік, әлеуметтік бақылау, информациялық бағыттық), жеке заңдық (реттейтін, қорғайтын, динамикалық, статикалық).

Құқықтың қайнар көздері: негізгі және туынды болып бөлінеді. 

Құқық нормасы - бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан коғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.

Заң нормасы - құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайда, бұл «құқық» және «құқық нормасы» түсініктерінің біріекенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері:

1) жалпыға міндеттілігі - ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

2) формальды анықталғандыгы - ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;

3) мемлекетпен байланысы - оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат - ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүм-кін емес.

3. Құқық нормаларыньщ түрлері.Заң нормаларының түрлері:1) реттеуші және құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым

салушы және міндеттеуші; 3) императивтік және диспозитивтік.

Реттеуші норма - бұл субъектінің субъективтік қүқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу және әрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.

Құқыққорғаушы норма-бұл субъектіге мемлекеггік мәжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.

Құқық беруші норма - бұл субъектіге белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

Тыйым салушы норма - бүл субъектіге белгілі бір әрекеттердіі жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

Міндеттеуші норма - бүл субъектііе белгілі бір мазмұндағы, әрекеттерді жасау ішндетін жүктейтін норма йді. Императивтік норма - бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын және құқық субъектілерінің қалауларынан тәуелсіз түрде әрекетететін норма.

Диспозитивтік норма - бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

4. Құқық нормаларының қүрылымы.Құқыктық норманыңқұрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция және санкция.

Гипотеза - бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция - бұл кұқықтар мен міндеттердін өзін көрсету; санкция — бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды керсету.

Бұл үлгінің создік кестесі мынадай: «егер... , онда... , бұлай болмаған жағдайда...». Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруга болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бүлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.

5. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақаты-насы.Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдаремес, көп жагдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы - бұл гипотезадан, диспозициядан жэне санкциядан құралғанжүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы-бұлқүқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекетгің ерікбілдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болыптабылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама кұқық нормасыныңлогикалық қүрылымының үш элементін де нормативтік актінің бірбабына енгізуі мүмкін.бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.

Керсету тәсілдері бойынша куқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тәсіл - құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

ә) сілтемелі тәсіл - нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тәсіл - нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды

 

 

Құқықтық қатынастардың теориялық негіздері.

  1. Құқықтық қатынастардың ұғымы.
  2. Құқықтық қатынастардың пайда болу шарттары.
  3. Заң маңызы бар фактілер, белгілері, топтастырылуы.
  4. Құқықтық қатынастардың субъектілері.
  5. Құқықтық қатынастар субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттері.
  6. Құқықтық қатынастың объектілері.

Әдебиеттер:

  1. Е. Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. – Алматы, 2002.
  2. Табанов С.А. Салыстырмалы құқықтану негіздері. Алматы. 2003.
  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. Алматы, 2006.

«Құқықтық қатынас» категориясы құқықтың жаппы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтык қатынас - бұл қатысушылары субьективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық катынас.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;

ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;

б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;

в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;

г) бұл мемлекетпен қоргалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.

Құқықтық қатынастардың түрлері. Қүқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1)  салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқыктық және т.б. болып бөлінеді;

2)  сипаты бойынша - материалдық (қаржылық, еңбек және т.б) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік және т.б.) құқықтық қатынастар;

3)  құқықтың функциялары бойынша- реттеуші және қорғаушы құқықтық катынастар; реттеуші құкықтық катынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы кұқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;

4) қатысушыларының құрамына қарай - жай және күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтык қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);

5) субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай - абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық катынастарда тек бір жақ қана субъективтік құқықты иеленуші анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;

6) жалпы және нақты құкықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, накты кұқыктық катынастар заңды фактілердің әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің нәтижесінде пайда болады.

 Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғышарттары.Алғышартар - бұл құқықтық қатынастарды туындататын жағдайлар, факторлар. Құқықтық қатынастардьң пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:

1. Материалдық (жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне әсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада - бұл белгілі бір қоғамдық катынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т.б. жағдайлардың жүйесі.

Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқықсубъектілік және шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады. Аталған алғышарттарсыз құқықтық қатынастың туындауы мүмкін емес.

   Құқықтық қатынастар – бұл құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарты әлеуметтік және құқықтық болып табылады. Әлеуметтік алғы шарт – қоғамда пайда болатын нақтылы қатынастар мен байланыстар және құқықтың тұжырымдалып бекітілуін объективті талап етілуі. Ал, құқықтық алғы шарт дегеніміз, бұл жағдайдың жиынтығы, онсыз құқықтық қатынастар пайда болмайды.

   Құқықтық қатынастар – бұл белгілі бір құбылыстың әрбір құрылымдық элементтеріне мінездеме беруге көңіл аударуды талап етуші өте күрделі құқықтық ұғым. Ол өзіндік нақтылы 4 ішкі құрылымдардан тұрады: құқықтық қатынастардың субъектілері, субъективтік құқықтардын, құқықтық міндеттерден, құқық қатынастардың объектілерінен.

Құқықтық қатынастардың субъектілері дегеніміз – тиісті субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге иелі құқықтық қатынастарға қатысушылар. Осыған сәйкес қатынастардың екі негізгі субъектілер түрлері бар:

1). жеке тұлға – құқық қатынастарының жеке, дара қатысушылары, яғни адамдар. Жеке тұлға болып ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) ұғынылады. Құқық қатынастарының субъектілері белгілі бір заңдық қасиеттерге ие бола алады, ондайды құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік дейді. Құқық қабілеттілік – бұл мемлекет таныған құқық нормаларында көзделген құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Жеке адамның құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып қайтыс болған соң тоқтатылады.

Азаматтардың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұны мынада: оның ҚР шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктеуге, мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыру, республика аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға, республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға, заң құжаттарында тиым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға, дербес немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлға құру, өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына , интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға, басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігінен әрекет қабілеттілінігің өзгешелігі ол белгілі бір жасқа жеткенде ғана туындайды. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, олардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі.

Құқық саласында жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің басталу мәселесі әр түрлі шешілген. Сондықтан Қазақстан азаматтық заңдарында мынадай түрлері бөлінген: толық (18жастан), жартылай (14 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары жасайды), 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушысының және қорғаншыларының келісімімен жасайды.

2). Ұжымдық субъектілер (заңды тұлға) – адамдардың әр түрлі бірлестігі.Оған жататындар: мемлекеттік емес ұйымдар (жекешеленген фирмалар, коммерциялық банкілер, қоғамдық бірлестіктер, шаруашылық серіктестік және т.б.); мемлекеттік мекеме, кәсіпорын және ұйымдар; мемлекет (халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде). Заңды тұлға дегеніміз меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

  Ұйымдар құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне мемлекеттік тіркеуден өткен кезден, немесе осы ұйымның Жарғысы мен Ережесі бекітілгеннен бастап ие болады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарылып алынған, оның қолдану мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.

    Ұжымдық субъектілердің мынадай жағдайларда құқықтық қатынастарға құқық субъектісі ретінде қатыса алады: 1. билік өкілеттілігін іс жүзіне асыруға, 2. қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік-саяси өміріне қатысуға, 3. шаруашылық және мүліктік қызметін жүзеге асыруға байланысты.

   Адамдар мен ұйымдар құқық қатынастарына қатысу үшін заңда танылған және белгіленген ретте белгілі бір қасиетке ие болуы тиіс. Осындай қасиеттердің жиынтығы келіп адамның немесе ұйымның құқық субъектілігін құрайды. Құқық субъектілік дегеніміз, құқық субъектісі болу қабілеттілігі. Жеке адамның құқық субъектілігінің құрамына құқық қабілеттілігі, әрекет қабілеттілігі және деликтоқабілеттілігі (яғни құқықбұзушылық жасағаны үшін адамның құқықтық жауапкершілікті мойындау қабілеттілігі) кіреді.

   Құқықтық қатынастардың объектілері- бұл құқықтық қатынастар субъектілерінің кұқықтары мен мІндеттері бағытталған жэне осыған байланысты олар заңды байланысқа түсетін категория. Аталган категорияны түсінуде екі бағытты бөліп карастырады:

- олардың біріншісіне сәйкес, құқықтық катынастың объектісі болып тек субъектілердің әрекеттері табылады;

- екінші көзқарасты көптеген ғалымдар жақтайды, оған сәйкес, объектілердің түрлері ете көп, олар:

1) материалдық игіліктер (заттар, құндылықтар, мүлік жэне т.б.);

2) материалдық емес игіліктер (өмір, денсаулык, кадір-қасиет,абырой)

3) рухани шығармашылық өнімдері (әдебиет, өнер, музыка, ғылым туындылары жэне т.б.);

3) құқықтық қатынастар қатысушыларының әрекеттерінің нәтижелері (мысалы, тасымалдау шартының, мердігерлік шартының нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастар);

4) бағалы қағаздар мен қүжаттар (ақша, акциялар, диплом және т.б.)..

      Субъективтік құқықтар және заңды міндеттер.Егер қоғамдық қатынастар құкықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқықтар мен міндеттер субъективтік мазмүны болып табылады. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынастар қатысушыларыныц арасындағы заңды байланыстар жүзеге асырылады.

Субъективтік құқық - бұл субъектінің ез мүдделеріп қанататтандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін журіс-тұрыс шамасы.

Заңды міндет-бұл заңды қажет жүріс-тұрыс шамасы Міндет - бұл субъективтік кұқықтың жүзеге асырылуының кепілі.

Субъективтік құқық пен заңды міндеттің арасындағы айырмашылықтар:

олар субъективтік кұқық тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға бағытталса, заңды міндет бөтен мүдделерді (мысалы, мемлекеггің, басқа тұлғалардың) қанағаттандыруға бағытталган;

егер субъективтік құқық заңды мүмкін жүріс-тұрыс шамасы болып табылса, заңды міндет қажетті жүріс-тұрыс шамасы болып табылады

Заңды фактілер- бұл белгілі бір құқықтық салдардың туын-дауына негіз болып табылатын нақты өмірлік жағдайлар. Заңды фактілер кұкықтық қатынастардың пайда болуыиың алғышарт-тары болып табылады.

Заңды фактілерді әр түрлі негіздер бойынша түрлерге бөлуге болады:

1. Туындайтын салдардың сипаты бойынша:

- құқықтудырушы (мысалы, жоғары оқу орнына түсу);

- құқықөзгертуші (мысалы, күндізгі оқу бөлімінен сыртқы бөлімге ауысу);

- құқықтоқтатушы (мысалы, жогары оқу орнын аяқтау).

2. Құкықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысына қарай:

- оқиғалар - бұл субъектілердің еркіне тәуелсіз жағдайлар, мысалы, табиғат апаты, өлім  және т.б

- әрекеттер - бұл құкықтық қатынастар субъектілерінің еркімен байланысты жағдайлар. Әрекеттер, өз кезегінде, құқыққа сай және құқыққа қайшы болып бөлінеді.

Көп жағдайда құқықтық қатынастардың пайда болуы үшін бір заңды факт жеткіліксіз болып, олардың жиынтығы-заңды құрам қажет болатын жағдайлар туындайды. Мысалы, кәрілігіне байланысты зейнетақы алу үшін зейнеткерлік жасына жету, белгілі бір еңбек өтілінің болу, зейнетақыны тағайындау туралы шешімінің болуы тиіс. Заңды құрамдардың екі түрі болады: а) оның барлық элементтері көрсетіліп, заңмен нақты анықталған болуы мүмкін (мысалы, зейнетақыны тағайындау мәселесі); ә) ол жалпы белгілермен сиатталуы мүмкін (мысалы, некені бұзудың негіздері).

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.